Нирвана мокшаның өзгерген түрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Ежелгі Үнді философиясы
Пайдаланған әдебиеттер

1. Ежелгі Үнді философиясы
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты, 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі - оның әлеуметтік ұйымдастыруында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна, я болмаса каста дейді.
Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:
Брахмандар (ақтар); айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен, діни қызметкерлер, ел басқарушылар.
Кшатрилер (қызылдар); айналысатын істері - жауынгерлік істер.
Вайшьилер (сарылар); еңбек ететін адамдар, негізінен, егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.
Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи алғы үш каста - б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі (aborigine - латын сөзі, басынан бастап).
Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді.
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:
Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;
Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады.
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға-эскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер кэсібі, саудагерлік тисе, шудраларға- қара жүмыс ғана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мэдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б. д. д. 1500ж) жиынтықталған. Ведалар 4 бөлімнен түрады: 1) самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы; 2) брахман- самхитті түсіндіретін эр түрлі мифологиялық эңгімелер,, ритуалдар т. б; 3) араньякта-(орман кітабы) брахманға тэн ритуалдардың орнына қүдайларды іштей сыйлап қүрметтеу, олар туралы ойланып - толғану сияқты көзқарас; 4) Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дэстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік- Брахман жатыр. Ал одан заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі-қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі-жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жэне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі-жалқы. Кейбір жағдайларда брахмандармен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман- тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Амен тек бастама ғана емес, ол- саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман жэне атманмен қатар тұрған үғымдаодың бірі-пуруша жэне "мен". Пуруша - ол әлем, адам түріндегі элем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, "мен әлемді жаратамын",-деп: аспан суын, сэуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" Брахманмен, Атманмен тең деп түсінген де ғана, адам өзін қүдаймен, бүкіл элеммен теңмін деп, түсінеді. Ал "мен" - бір бөлек, брахман, атман-бір бөлек деп түсінетін болсақ ол-білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей қүрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты-тірі кезінде атман-брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, қү-марлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап- арбаусыз ой кешіп, атманды үсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, элемдік қүрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білімді алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты эр-түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар,санкхья т.б.
а) Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет.
Жайналықтар элемді тіршілігі бар жэне тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) элем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (ақаша) уақыт (кала), орта жэне қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі эр- түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек ғана сезіне алса, қүстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түсіну тэн. Жалпы алғанда, тіршілік мэңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизмдегі әдептілік қағидалар
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Буддизм туралы мағлұматтар
Буддизм философиясы
Ежелгі Шығыс философиясы
Көне үнді философиясының ерекшелгі
Антика философиясы негізгі ұғымдары
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Пәндер