Интеллект дамуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
«Педагогика және психология»
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Дифференциалды психологиядағы қабілет пен интеллект»
Орындаған: «Психология» мамандығының 2 курс студенті Ғабдолла Г. О.
Тексерген: аға оқытушы, магистр Қадыржанова Ж. Е.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Интеллект дамуы
2. Дифференциалды психологиядағы қабілет
Қорытынды
Пайдалған әдебиеттер
Кіріспе
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі. Оның тамыры Дарвинизм идеясында жатыр. Ол ХІХ ғ атақты Ф. Гальтонның зерттеулерінің негізінде психологияға енді. Экспериментальды психологиялқ әдістерді қолдана отырып, жеке өзгешеліктерге назар аударды. Дифференциалды психологияның негізін қалаушы В. Штернболып табылады. Ол 1900 ж. психологтар тек қана жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қана қоймай сонымен қатар, индивидуалды өзгешелікті көрсете алады. Дифференциалды психологияның қалыптасуына үлес қосқандардың қатарына А. Бине мен В. Анриды жатқызуға болады. 1986 жылы «Индивидуальная психология» атты тақырыпқа жазылған баяндама арқылы олар психология облысындағы жаңа пән - индивидуалды өзгешелікті ашты. Дифференциалды психология практика сұраныстарының әсерінен, алғашқыда медицина мен педагогиканың, кейіннен индустрия дамуы кезінде қалыптаса түсті.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, дарындылық, талант, данышпандық. Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділікпен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі.
Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жай қосындысы деп қарамай, оларды белгілі бір жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдай көбінесе интеллектке қатысты. Интеллект (латын тілінде «intellectus» - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны, ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады. Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллект туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше көңіл аудару керек. Интеллект термині адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Бұл жағдайда абстракты символдарды дұрыстығының тексеруде маңызды рөл атқарады. Жаңа жағдайларға қалай бейімделуді бұрынғы пайдаланған тәжірбиені осылай пайдаланып интеллект арқылы жол табуға болады, жағдайды үйренуге деген қабілет туындайды. Интеллектің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды. Адам үшін интеллектің маңызы қоршаған орта мен заттарды танып білуде ғана емес, оларды ары қарай шығармашылық түрде дамытуда. Қазіргі ғылымда адам интеллектісі туралы көп біледі және зерттеліп те келеді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуынан яғни, белгілі бір әрекеттің үздіксіз айналысуына тәуелді. Кез-келген адамда кездесетін жалпы қабілеттермен: ойлау, сөйлеу, оқу, жазумен қатар арнайы қабілеттер де болады. Интеллектінің қазіргі ғылымда бәрін тереңдетіп әлі де толық зерттеп бітпеген. Оған адам интеллектісінің тереңдігі, оның шексіздігінің әлемді тануға деген қабілетте жасырын іскерлігі себеп.
1. Интеллект дамуы
Интеллект жалпы қабілеттіліктерді бағалауға бағытталған психодиагностиканың типі. Интеллектің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Дарынды, ақылды адамдардың көпшілігінің есі өте жақсы болады. Кейде данышпан адамдардың есі нашар (Дарвин), ал кейде кемақыл адамдарда механикалық есі жақсы болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттілігі интеллект дамуына әсер етеді. Білім көлемі интеллекттің ең маңызды құраушысы болып саналады. Білім неғұрлым жоғары болса, интеллект деңгейі соғұрлым жоғары болады. Бар білімді жағдайға қарай қисынды түрде пайдаланудың маңызы зор. Бірақ адамның байымдау мен қорытынды шығару қабілеті ойлау деп аталады. Сондықтан, интеллектің алдыңғы себептері ес пен назар болғандықтан оның ойлаумен тікелей байланысы бар. Белгілі бір жағдайға байланысты білімді пайдалану арқылы өткір анализ және синтез арқылы байымдау мен қорытынды шығару жоғарғы түрдегі интеллекттің қасиеті деп санауға болады. Интеллект пен ойлаудың байланысы соншалық тығыз болғандықтан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ психологы М. Мұқанов өзінің «Ақыл - ой өрісі» деген кітабында былай жазған: «Философия энциклопедиясында интеллект деген сөзге бұл термин оймен бір мағынада қолданылады деп анықтама берілген. Бірақ бұл анықтама бізді қанағаттандырмайды. Совет психологы Б. Г. Ананьев (1907-1972) соңғы еңбектерінде интеллектті ой қабілетіне тән нәрсе деп санайды. Бұл дұрыс пікір. Осы пікірді басшылыққа алып, біз ақылды немесе интеллектті ой процесінің жемісі екенін дәлелдемекшіміз. Ойлау үстінде адам бір ниеттен екінші ниетке ауысып отырады. Бұл процессуалдық құбылыс». Интеллектің өзін басқа когнитивті процестерден бөлек алып қарау мүмкін емес. Ол басқа құрылымдармен қатар тұрған құрылымдарға жатпайды. Интеллект бұл теңдіктің белгілі бір пішіні, қабылдау базасында әдет және қарапайым сенсомоторлық механизмдерден құрылған барлық құрылымдарды тартады. Ойлау операцияларының (анализ, синтез, жалпылау, абстракция) ерекшеліктеріне байланысты интеллект деңгейі туралы айтуға болады. Ойлау мен интеллекттің тығыз байланысына қарамастан, медицина психологиясы мен психиатрия тәжірибесінде бұлар жеке түсінік ретінде қаралады. Мұның дұрыстығын және мақсатқа лайықтығын тәжірибенің өзі көрсетті. Мысалы, кейбір психикалық патологияда ойлау үрдісі бұзылмағанда ес пен назардың зақымдануынан білу мүмкіншілігі төмендейді. Керісінше жоғары интеллекті адамда ойлау үрдісінің зақымдануы (жабысқақ, сандырақ, қалыптан тыс ойлар) мүмкін. Осы айтылғанға байланысты патопсихологияда интеллектті жеке қарау заңды және қажет.
Балаларға жасаған зерттеу процесінде клиникалық әңгімелесу әдісін ойлап тапқан швейцариялық атақты психолог, логик, философ әрі генетикалық психологияның негізін салушылардың бірі Жан Пиаже (1896-1980) болды. Содан соң бірнеше кезеңдерден тұратын балалардың баяу дамитын процесін, яғни когнитивтік тұжырымдамасын шығарды. Пиаже интеллектің дамуы психикалық дамудың ең негізгі діңгегі деп ойлайды. Ол бұл тұжырымдаманың принциптері әртүрлі тарихи дәуірлерде ойлау эволюциясын және әрқилы білім салаларын түсінудің кілті деп санады. Осы жағдайды ескере отырып, өзі кейіннен атағандай генетикалық эпистемологияны зерттеудің жаңаша бағытын ойлап тапты. Автордың өткен ғасырдың екінші жартысында ұсынған идеялары мен теориялары қазірге дейін өз құнын жойған жоқ және бүгінгі күннің мамандары тарапынан тәжірибелік зертханалық және өндірістік зерттеулердің ең өнімдісі болып бағаланады.
2. Дифференциалды психологиядағы қабілет
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.
Қабілет - адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл - Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтарыда сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі -зеректілігімен, екіншілері - байқағыштығымен, үшіншілері -материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі. Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан, бүларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мүғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалімнің осындай жұмыстарының бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру. Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең-жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән-күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.
Адамда белгілі бір бейімділіктің болуы онда сол немесе басқа қабілеттіліктің дамитынын білдірмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, музыкалық шығармашылықты дамыту үшін елеулі алғы шарты нәзік есту қабілет болып табылады. Алайда шеткі (есту) және орталық жүйке аппаратының құрылғысы музыкалық қабілеттілікті дамытудың алғы шарты болып табылады. Музыкалық естуге байланысты адамзат қоғамында пайда болуы мүмкін музыкалық қабілеттілік байланысты мамандық және кәсіпте ми құрылғысы алдын ала қарастырылмайды. Адам өзі үшін қызметтің қандай саласын таңдау және оның бейімділігін дамыту үшін оған қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны қарастырылмаған. Демек, адамның бейімділіктері қандай дәрежеде дамуы оның дербес ерекшелегінің жағдайына байланысты болады.
Қабілет құрылымында компененттерді екі топқа бөлуге болатынын атап өту жөн. бірі жетекшілік жағдаймен шұғылданса, келесісі көмекші болып табылады. Суретшілік қабілет құрылымында жетекші қасиет көруші анализатордың жоғары табиғи сезімталдығы- сызық, пропорция, формалар, сәуле мен көлеңке, колорит, ырғақты сезу, және де суретші қолының сенсомоторлық қасиеті, жоғары дамыған есте сақтау және т. б. болады. Көмекші қасиеттерге көркемдік елестету, эмоционалды көңіл күй, салытын суретіне эмоционалды қатысы және т. б. жатқызуға болады.
Қабілеттің жетекші және көмекші әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін бірлікті жасайды. Алайда қабілет құрылымы - бұл өте икемді құрылыс. Жетекші және көмекші қасиеттерін сәйкестігі әр түрлі адамдарда нақты қабілеттіліктері бірдей емес. Адамда қандай қасиеттің жетекші болатына байланысты әрекетті орындауға қажетті көмекші қасиеттердің қалыптасуына өтеді. Сонымен қоса, тіпті, қандай қызметтің шеңберінде де адамдар аталмыш әрекетті біркелкі табысты орындауға мүмкіндік беретін, кемшіліктердің орнын толтыратын әр түрлі қасиеттің сәйкестігін игере алады.
Қабілеттің болмауы қандай да әрекеттің орындалуына жоқ қабілеттіліктің орнын толықтыратын механизмдері болғандықтан адамның жарамсыздығын білдірмейтінін атап өткен дұрыс. Әрекетпен үнемі шұғылдану кімнің оған қабілеті бар тек сол ғана емес, кімде жоқ оларда бола береді. Егер адам бұл әрекетпен шұғылдануды жалғастыруға мәжбүрлі болса, ол онда өзінің тұлғалылығының күшті жақтарына сүйене отырып, жете түсіне отырып немесе жете түсінбей-ақ қабілеттің кемшіліктерін толықтыратын болады. В. И. Ильиннің пікірі бойынша орнын толықтыру меңгерген білім немесе іскерлігі арқылы, немесе әрекеттің дербес-тұрпаттылық стилінің қалыптасуы арқылы, немесе неғұрлым дамыған қабілеттіліктің басқасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бір қасиетті басқалармен кеңінен толықтыру мүмкіндігі қандай да қабілеттің салыстырмалы әлсіздігіне әкеп соғады, бұл қабілеттілікпен анағұрлым тығыз байланысты әрекеттің жетістікті орындалу мүмкіндігін мүлдем жоққа шығармайды. Жеткіліксіз қабілет сол адамның жоғары дамыған басқалармен кең көлемде орнын толықтыру болуы мүмкін. Тура осы сан түрлі салалардағы адамның жетістікті әрекетінің мүмкіндігін қамтамасыз етуі ықтимал.
Қабілеттің білінуі әрқашан қатаң дербес және көбіне сирек ұшырасады. Сондықтан адамдардың дарындылығын қиюластыру, тіптен бірдей әрекетпен шұғылданатын нақтылы көрсеткіштер жиынтығын ұсыну мүмкін емес. Әр түрлі психодиагностикалық әдістің көмегімен қандай да қабілеттіліктің болуын қалыптастыруға және олардың дамуының салыстырмалы деңгейін анықтауға болады. Неге салыстырмалы? Себебі, қандай да қабілеттің даму деңгейін немесе абсолюттік бастамасын ешкім де білмейді. Әдетте, зерттелінетін қандай да бір таңдаудың біршама нәтижесімен оның нәтижесін салыстыру жолымен нақты адам үшін байымдылық шығарылады. Қабілетті бағалаудағы мұндай тәсілдеме сандық әдістерді қолданғанда негізделінеді.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz