Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Дифференциалды психологиядағы жетекшілік мәселесі

Орындаған: Психология мамандығының 2 курс студенті Бақтыгереева Аяжан
Тексерген: аға оқытушы, магистр Қадыржанова Ж.Е.

Орал, 2014ж.

Жоспары

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Басқару психологиясы
2. Дифференциалды психологиядағы жетекшілік мәселесі
Қорытынды
Пайдалған әдебиеттер

І. Кіріспе
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі. Оның тамыры Дарвинизм идеясында жатыр. Ол ХІХ ғ атақты Ф.Гальтонның зерттеулерінің негізінде психологияға енді. Экспериментальды психологиялқ әдістерді қолдана отырып, жеке өзгешеліктерге назар аударды. Дифференциалды психологияның негізін қалаушы В. Штернболып табылады. Ол 1900 ж. психологтар тек қана жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қана қоймай сонымен қатар, индивидуалды өзгешелікті көрсете алады. Дифференциалды психологияның қалыптасуына үлес қосқандардың қатарына А.Бине мен В.Анриды жатқызуға болады. 1986 жылы Индивидуальная психология атты тақырыпқа жазылған баяндама арқылы олар психология облысындағы жаңа пән - индивидуалды өзгешелікті ашты. Дифференциалды психология практика сұраныстарының әсерінен, алғашқыда медицина мен педагогиканың, кейіннен индустрия дамуы кезінде қалыптаса түсті.
Басшының басқару стилі көптеген жағдайда, ұжымның даму динамикасын және жетістігін анықтайды. Басқару стиліне жұмысшылардың мотивациясы, олардың еңбекке қатынасы, өзара қатынасы және тағы басқа көптеген жағдайларға байланысты. Сондықтан, бұл бағыттың басқарудағы мәнділігі зор және біздің пікіріміз бойынша зерттелуі өте қажетті.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, дарындылық, талант, данышпандық. Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділікпен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Басқару психологиясы
Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары. Басқару психологиясы саласындағы мамандардың ұйымдағы өзекті психологиялық мәселелері туралы пікірлері бірлікті құрайды. Олардың қатарына мыналар кіреді: барлық деңгейдегі басшылардың кәсіби біліктігін көтеру, яғни, басқару стилін, тұлғааралық қатынастарды, шешім қабылдауды, стратегиялық жоспарды, стрессті жеңуді жетілдіру; басқару персоналын даярлау және қайта даярлау әдістерінің тиімділігін арттыру; ұйымның адамзаттық құндылықтарын іздеу және жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық ахуалды бағалау және жетілдіру, персоналды ұйымның ортақ мақсатына жұмылдыру; Басқару психологиясының пәні туралы пікірлер әртүрлі. Психологтар Е.Е. Вендров және Л.И. Уманский басқару психологиясы пәнінің келесі аспектілерін ұсынды: ұжым және топтардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері; басшының іс-әрекет психологиясы; басшының жеке тұлға психологиясы; басқарушы кадрларды таңдаудың психологиялық мәселелері; басқарушы қадрларды даярлау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері [1]. Психологтар В.Ф. Рубахин және А.В.Филипов басқару психолгиясының пәніне мыналарды жатқызады: басқарушы іс-әрекетінің қызметтік-құрылымдық талдауы; басқарушы ұжымдардың әлеуметтік-психологиялық талдау; басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара қатынастық психологиялық мәселелері; Ұйымдағы қызметкерлерге қарым-қатынас жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймай, сонымен бірге төменнен жоғары көтерілуші қарым-қатынаста болады. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан олардың ортасындағы қарым-қатынас айналымы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін керек. Басқарушылық нәтижелігінің феномені - ертерек түсіндіру әрекеті - басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал, өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ басқадай айналымдарды ескермеген. Ұжымның тиімді жұмыс атқаруы белгілі көлемде ұжымды басқару стиліне байланысты. Әр басшы басқару іс-әрекетінде қызметтік міндеттерді өзіне тән стильде орындайды.
Басқару психологиясында стиль дегеніміз - басшыға тән басқару қызметін тиімді орындау мақсатында бағыныштыларға ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Яғни стиль тікелей басшының жеке тұлғасымен байланысты және оның жекелік қасиеттеріне байланысты көрінеді. Өкінішке орай, тәжірибеде басқару стиліне ерекше мән берілмейді. Соңғы кездері зерттеушілердің басқару стилін бағалаулары өзгеріске ұшырады. Егер либералды және авторитарлы стильдер жақында ғана теріс сипатталып, ал демократиялық стиль ең жағымды болып есептелсе, қазіргі кезеңде ұжымға көп табыс алып келетін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін басқару стилі тиімді деп саналады. Ең бастысы, басшының жеке ерекшеліктеріне, кәсіби белсенділігінің психологиялық субъективті ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді [2]. Басқару стилінің тиімділігін ең алғаш Курт Левин зерттеді. К.Левин зерттеуі бойынша, авторитарлы басқару демократиялық стильге қарағанда жұмысты ауқымды көлемде орындайды. Бірақ авторитарлы басқаруда төменгі мотивация, топ бірігушілігінің, топтық ойлаудың болмауы және агрессивтілік байқалды. Лайкерт өз зерттеулерінің негізінде, басқару стилі міндетті түрде жұмысқа немесе адамға бағдарланатынын көрсеткен. Осы екі саланы бірдей және жоғарғы деңгейде бірде-бір басшы көрсете алмаған. Сонымен қатар, нәтиже көрсеткіші бойынша, адамға бағытталған басқару стилі барлық жағдайда еңбек тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді [3]. Фидлердің моделі теорияның ары қарай дамуына үлкен үлес қосты. Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген. Фидлердің пікірінше, адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стильдері басшы үшін бірқалыпты жағымды жағдайларда тиімді болып табылады. Мұндай жағдайларда, басшының бағыныштыларының толық бірігушілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті билігі жоқ. Адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стилі басшының ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді [4]. Пол Херси және Кен Бланшар лидерліктің жағдайлық моделін құрды және оны өмірлік цикл теориясы деп атады. Бұл теория бойынша, ең тиімді лидерлік стильдері орындаушылардың кемелденуіне байланысты. Пол Херси және Кер Бланшардың өмірлік циклының моделі басқарудың бейімделгіш, иілгіш стилін ұсынды. Бірақ сын бойынша, бұл модельде стильдің бөлінуі қысқартылған және іс жүзінде басшылардың модель бойынша әрекет етуі қиынға соғатыны дәлелденген. Қазіргі заманда ең тиімді стиль бейімделуші немесе Арджирис атағандай, шындыққа бағдарланған стиль болып табылады.

2. Дифференциалды психологиядағы жетекшілік мәселесі
Адамда белгілі бір бейімділіктің болуы онда сол немесе басқа қабілеттіліктің дамитынын білдірмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, музыкалық шығармашылықты дамыту үшін елеулі алғы шарты нәзік есту қабілет болып табылады. Алайда шеткі (есту) және орталық жүйке аппаратының құрылғысы музыкалық қабілеттілікті дамытудың алғы шарты болып табылады. Музыкалық естуге байланысты адамзат қоғамында пайда болуы мүмкін музыкалық қабілеттілік байланысты мамандық және кәсіпте ми құрылғысы алдын ала қарастырылмайды. Адам өзі үшін қызметтің қандай саласын таңдау және оның бейімділігін дамыту үшін оған қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны қарастырылмаған. Демек, адамның бейімділіктері қандай дәрежеде дамуы оның дербес ерекшелегінің жағдайына байланысты болады.
Олай болса, бейімділіктің дамуы - бұл қоғамның даму ерекшелігі мен тәрбиелеу шарттарына байланысты әлеуемттік шарттастырылған үрдіс. Бейімділіктер егер қоғамда қандай да бір мамандықтарға қажеттілік туындаса, соның ішінде, нақтылы қайда жіңкішке музыкалық есту қажет болған жағдайда дамиды және өзгередң. Бейімділікті дамытудың екінші елеулі факторы тәрбиелеу ерекшелігі болып табылады.
Спецификалық емес бейімдеулер. Адамда бейімділіктің белгілі бір түрініңі болуы оның негізінде қолайлы жағдайда қандайда бір нақтылы қабілет міндетті дамуы тиіс дегенді білдірмейді. Сол бір бейімділіктің негізінде ұсынылатын әрекеттің, талаптың сипатына қарай әр түрлі қабілеттілік дамуы мүмкін. Солай, ырғақты жақсы сезетін және жақсы естуі басым адам, музыкалық орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыкалық сыншы, педагог, сазгер және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар бейімділік болашақ қабілеттің сипатына әсерсіз деп тануға болмайды. Есту анализаторының өзгешелігі аталмыш анализатордың ерекше даму деңгейін талап ететін қабілеттерде айтылады. Біз осыдан әлеуметтік елеулі дәрежелі қабілеттілік адамның нақтылы әрекет барысында қалыптасады деген тұжырым жасаймыз. Қабілет даму үшін жағдайдың бар және жоқ болуына байланысты, олар потенциалды және актуалды болуы мүмкін.
Потенциалды қабілет нақтылы әрекет түрінде іске асырылмайтын, бірақ тиесілі әлеуемттік жағдайды өзгерткенде актуализациялауға қабілетті болуымен түсіндіріледі. Қағида бойынша, актуалды қабілетке тура сол сәтте нақтылы әрекет түрінде іске асырылуға қажеттілер жатады. Потенциалды және актуалды қабілеттер адамның қабілетін дамытатын әлеуемттік жағдайлар сипатаның жанама көрсетіші ретінде бой көрсетеді. Дәл сол әлеуметтік жағдай сипаттары потенциалды қабілеттің дамуына мүмкіндік туғызады немесе кедергі келтіреді, олардың актуалдыға айналуын қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етпейді.
Сіз көріп отырғандай, қабілетпен қандай да бір әрекеттің табысты орындалуына қатысты сондай дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Сондықтан қабілет тұлғалықтың негізгі қасиеті ретінде қарастырылады. Алайда, ешбір жекелеген қабілет іс-әрекеттің нәтижелі орындалуын өзі ғана қамтамасыз ете алмайды. Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі орындалуы әрқашан бірқатар қабілетке қатысты болады. Жақсы жазушы болу үшін ол қаншалықты жетілген болса да, бір ғана байқампаздығы жеткіліксіз. Жазушы үшін бірінші дәрежелі мәнділік байқампаздық, кескінді есте сақтау, ойлаудың бірқатар түрлері, жазба тілмен байланысты қабілет, назарды шоғырландыратын қабілет және басқа да қабілеттердің болуы.
Екінші жағынан, кез келген нақты қабілеттің құрылымына іс-әрекеттің сан алуан түрлері мен арнайы қасиеттерінің талаптарына жауап беретін, іс-әрекеттің тек қана бір түрін табыспен қамтамасыз ететін әмбебап және жалпы қасиеттер жатады. Мысалы, математикалық қабілетті зерттей отырып, В.А.Крутецкий математикалық әрекетті табысты орындау үшін қажетті деп мыналарды белгіледі:
- пәнге белсенді, оң қатынасы, онымен шұғылдануға икемділігі, құмартып әуестенуде дамудың жоғары деңгейіне өтуі;
- мінездің кейбір белгілері, ең әуелі еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, дербестік, мақсаттылык, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі психологиялық диагностиканың теориялық негізі
Дифференциалды психологияның пәнаралық байланыстары, жалпы ғылыми зерттеу әдістері
Интеллект дамуы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Психодиагностика туралы
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психологиялық-педагогикалық тесттің сенімділігі мен валидтілігі
Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Пәндер