Сұрақтарға жауап беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Диологпен сөйлеуді дамытудың әдісі
Пәні: Тіл дамыту
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3б КДО топ студенті
А.Е.Қаражанова
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А.Б.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Жоспары
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету
2. Балаларды диалогтық сөйлеуге үйрету
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән.
Әдістеменің басты міндеті ғылыми педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу. Сондай-ақ бұл курстың тағы бір міндеті балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесі де басқа ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірінің бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруден күресі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің, алысудың құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Яғни сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шыңдығы". Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин "Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес" - деп көрсетеді. Сондықтанда "Білім беру Заңының" 5 бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бақшада бала әрбір тіл дамыту оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздердің мағынасын толық түсінетіндей, ол сөздерді тәуелдеп, жіктеп, септеп айта білетіндей қарама-қарсы мағыналы, мағыналас, теңеу сөздер арқылы түсіндіретіндей дәрежеде жеткізілуі қажет. Бұл аталған бағдарламалық талаптар балабақшада әр топта өткізілетін тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен одан тыс кездегі ойын, еңбек жұмыстары арқылы іске асырылады. Тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде тәрбиешінің тағы бір ескеретін жағдайы әр топтағы балалардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорларын молайту болып табылады.
Ал баланың сөздік қорының дамуы оның қоршаған ортадан алған әсерімен тығыз байланысты. Олай болса, баланың тілін дамытуда адамдардың еңбек процесін, табиғат құбылыстарын бақылату және белгілі бір объектілерде топсаяхатқа апаруда басты роль атқарады.

1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету
Кез келген адамзат баласынөзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компоненттерін - сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Әңгіме сөйлемдерден тұрады, ал сөйлем сөздерден құралады. Өзден әдемелеп шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол зат топырақ болса оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Ал, сөзден құрастырылып көркем әңгіме шығару үшін жұмасалатын зат - сөздер. Дыбыстан құралып сөз жасалған, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, өзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен.
Дыбыс жаман болса, дыбыстың немесе сөздердің байланысуы жақсы боламаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайды. Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының сөздерді дұрыс қолданыла білуінде. Үй салушының қиялы бай болса, үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым сөйлеуші қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым айтылған ой пікірлі, әсерлі, әдемі болып шығады. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердіғ сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн. Содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Бірақ, Морфермаларды сөздер, сөздерден сөз тіркестерінен сөйлем жасаукезіндегі жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырауға байланысты кішкене балалар көп шатасады және сөйлем құрау кезінде қосымшаларды дұрыс жалғай алмайды немесе тіпті қосымша жалғамай-ақ құр морфемалардан сөйлем құрап шығарады. Ал осыны болдырмау үшін балаға тілдік белгілердің байланысуының нәтижесінде қолданылатын тілдік белгілердің әрқайсысы өзінің бастапқы мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болатындығын түсіндіре білу керек. Мысалы, балаға қой деген сөзді үйретсек, сол сөзден сөйлем құрастыруда бұл сөз басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін бұл түбір моафемаға қосымшалы, -ға, сияқты жұрнақтар жалғанатынын үйретеміз. Мысалы: Қогйға су бердім. Қой-ды қораға қамадым. Сонымен қатар, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер көп болғандықтан мектеп жасына дейінгі балалар сол сөздердің қайсысы қандай жағдайда айтылатынын білмейді, соның салдарынан сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстыра алмайды. Балаларда сөздің көп мағыналылығын түсіну тек байланысты текстермен жұмыс жүргізу кездерінде дамиды. Көп мағынаны түсіндіру үшін көпмағыналы сөздер кездесетін шағын мәтіндерді оқып сол мәтіндегі көпмағыналы сөздермен түсіндірме сөздігін өткізуге болады. Мысалы ара деген сөзді алсақ бұл сөздің кесуге арналған құралдың атауы екендігін, сонымен қатар жинайтын жәндіктің атын білдіретінін және тағы да екі заттың ортасындағы орынды ара деп айтатындығын жекелеп, мысалдар келтіре отырып, түсіндірген жөн.

2. Балаларды диалогтық сөйлеуге үйрету
Байланыстыра сөйлеудің екі типі, яғни екі түрі бар. Оладың бірі - диалог, ал екіншісі - монолог. Бұларды диалогтық сөйлеу және монологтық сөйлеу деп те атайды.
Диалог - екі не оданда көп адамның сөйлесу барысында туындайтын әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі әрекетке түрткі болуға шақыру. Міне, осы себепті де байланыстыра сөйлеуге үйретуде әңгімелесу әдісі көп қолданылады. Диалог сұрау мен баяндау, баяндау мен мәжбүрлеу барысында түзіледі.
Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің мақсаты мен міндеті оларды дұрыс быдыстауға, сөздерден сөйлем құрастыра білуге, сөз тіркестері мен сөйлемдерді мағынасына сай дұрыс байланыстырып әңгіме айта білуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі кішкене балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретуді ерте жастан бастап қолға алған жөн. Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді деп дана халқымыз айтқандай әлі мектеп жасына толмаған балаларды есі толық жетілмеген, толыспаған деп салғырт қарамай, сол кезден бастап дұрыс, мағыналы, ең бастысы жүйелі сөйлеудің қаруымен жарақтандырған жөн болады. Ал, олардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жітілдіру тікелей ата-ана мен балабақша тәрбиесінің қолында. Ата-ана баламен көбінесе диалог түрінде сөйлеседі. Осылайша олардың сұрақ пен жауап арасын байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру тәрбиешінің жемісі.
Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бұл топтағы балалармен жүргізілетін диалог ойын оынату кезінде, арнайы жаттығулар жүргізу барысында сұрақ қою арқылы, заттардың атауын айтқызу арқылы жүзеге асады. Мысалы, тәрбиеші қандай да бір ойыншықты балалрға көрсетіп оның атауын сұрайды:
- Балалар мынау не?
Балалар жауап береді, егер ойыншық аң болса, онда тәрбиеші:
- Ол қайда өмір сүреді? - деп жетекші сұрақ қояды.
Мұнан соң ол аңның немен қоректенетінін сұралады. Міне, осылайша сұрақтар қою арқылы тәрбиеші бала тілінің дамуына, оның байланыстыра сөйлесу дағдысының жетілуіне өз үлесін тигізеді. Сонымен қатар, қай топтың балалары болмасын өзара, яғни бір-бірімен тілдеседі.
Тәрбиеші балалардың тілдесуіне көп көңіл бөлуі керек. Себебі, балалардың өзара тілдесуі олардың байланыстыра сөйлеу дағдысының дамуында ерекше орын алады. Олардың ойын барысында, тамақтану кезінде тілдесуін тәрбиеші бақылап отырып, тілдесу барысындағы қателіктеріне түзету енгізіп отыруы керек.
Байланыстыра сөйлеу кезіндегі әр топқа байланысты өздерінің талаптары болады соған байланысты үйретеміз І-ші сәбилер тобында 2 жасқа келгенде балалар толығымен заттардың қасиеттерін және заттардың не үшін керек екенін біле бастайды. Осы кезеңде оларда қарым-қатынастың сөздер пайда бола бастайды. Біртіндеп 2-3 сөздерден айтады. 2 жастың соңында балардың сөздік қоры дамысада оларда грамматикалық қателіктер кездесіп тұрады. Және тағы бұл топта балалар тәрбиесінің қарапайым сұрақтарына жауап беру керек. Олардың тақырыбы картина жайлы және керуенде көргендері жайлы болады. Мысалы: картинада Ана мен қызы бар сурет. Балалар соған қарап әңгіме құрастырады. Серуен кезінде олар тоғай көрсе, онда олар ата-аналарына мен бүгін торғай көрдім деп әңгіме айтып береді. Балалар жылдық аяғына дейін мыналарды игеру қажет: 1.Асықпай және түсінікті сөйлеу білу керек. 2.Тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап қайтара білу керек. 3. 3-4 сөзден өзінің көргені жайлы әңгімелеп беру керек.
Бұл топта қиындықтар кездеседі, тәрбиеші сол қиындықтардан өтіп, өсіп келе жетқан сәбиге өз білімін беріп оны толығымен, мына айтылған әңгімелерді толығымен үйрету керек. Балаларға 2-3 сөздерден құралған әңгімесін мән мағынасы болу керек екенін және балалар соны түсініп айту керек екенін тәрбиеші өзі қадағалап отырады.
ІІ сәбилер тобына 3 жасқа толғанда балаларда сөзді түсіну активті сөйлеу тез дамиды. Ойлау жағы түсіну толық қалыптасады. Диалогты яғни бір бірімен сөздік қарым-қатынасты пайдалана бастайды. Сетуациялық әңгіселер айтып, мәтінге, мимика, қолдана бастады. Тәрбиені балаларға заттар картина көрсету арқылы оларға сұрақ қойып, жауабын талап етеді. Бала тәрбиешінің қойған сұрағын толық естіп,соған анығымен жауап беру керек. Тәрбиеші балаларға 3-4 сөйлемнен құралған тақырыбы өзінің соңынан қайталауға үйретеді және сол ойыншық жайлы болуы тиіс. Жылдың аяғына дейін балалар мыналарды игеруі, яғни білуі керек, ол тәрбиешіге байланысты болады: 1.Сұрақтарға жауап беру. 2.Тәрбиешінің соңынан белгілі бір тақырып жайлы қайталап отыру.
Тәрбиеші ертегі немесе әңгіме оқу барысында балалар оның айтқанын анық және толық қайталап отыру керек. Балалар сетуациялық тақырыпта әңгіме айту барысында байланыстыра мөйлеу мәнеріне үйренеді.
Естияр тобында балалардың 4-5 жастағы кезінде олар сетуациялық әңгімелерден, мәтіндік әңгіме көшеді. Бұл жастағы балаларға ертегі немесе әңгімені әңгімелеп айтуға үйрету керек. Айтылатын әңгіме балаларға таныс болуы керек. Балаларға заттық немесе сюжеттік картина жайлы өз ойларынан шағын әңгімелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
МДҰ әдістемелік кабинет
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Жалпы фармакология
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлерін саралау
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Пәндер