Диалектиканың негізгі категориялары
Орал гуманитарлық техникалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Диалектиканың негізгі категориялары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Жоспары
1. Диалектика теориясының мәселелері
2. Диалектиканың негізгі заңдары
1. Диалектика теориясының мәселелері
Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: "Даму дегеніміз не?", "Ол неліктен болады", "Даму қалай іске асып отырады", "Даму қайда бағытталған" сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит "от", "әлемдік өрт", "космос" ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz