Тамақтану жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні: Өзін өзі тану
бойынша сабақты
жобалау ұстанымдары

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Денсаулықты қолдау факторлары

Орындаған: Едресова А.М. сырттай оқу бөлімінің 4 С б топ студенті
Тексерген: Матыбаева Ш.С.

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Денсаулықты қолдау факторлары
2. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар
3. Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Валеология ғылымының әдістері осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.
Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.
Валеология көптеген медициналық, биологиялық, фармаколо-гиялық, псдагогикалық, психологиялық ғылымдарға негізделген (интегративті ғылым) оны медицина ғылымының бір тарауы деп айту дұрыс емес.
Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева және тағы басқа авторлар валеология оқу-әдістемслік құралында былай деп жазады: Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты -- адам денсаулығы туралы болып қалыптасты.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді "бала-қоршаған орта" жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің әсері анықталған.
Балалардың денсаулық көрсеткіштері әсіресе ерте жастағы балаларддың, жанұя жағдайына байланысты. Толық емес жанұялардағы балалардың аурушаңдығы толық жанұяларға қарағанда сенімді түрде жоғары және оларда жиі ауыратын балалар саны да басым келеді. Мұндай айырмашылық жас өскен сайын тереңдей түседі. Некеге тұрмаған ата-аналардың балаларының денсаулығы нашарлау келеді, олар көбінесе айы-күні жетпей шала туады, аяқтануы, сөйлеуі уақытынан кешірек қалыптасады, осындай балалардың арасында жедел және созылмалы аурулардың жиірек болатынын байқауға болады. Үйлесімсіз тұратын жанұялардағы балалардың созылмалы ауруларының асқынулары жиі қайталанады және олар ауыр түрде, ұзақ жүретіндігі байқалады.

Негізгі бөлім
1. Денсаулықты қолдау факторлары
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы ұйымдастырылды.[1]
2. Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:
1) Мәдениеттің төмендігі
2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.
3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.
4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).
5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.
6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.
7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы. Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.
9. Ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.
10. Қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері.»
Функционалды тамақтану жайлы
Сүзбе өндіру әдістері
Минералды заттар.Tағам өнімдерінің гигиенасы туралы ақпарат
«Тамақтану гигенасы. Тамаққа қойылатын гигеналық талаптар. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақтың ұлттық тамаұтарының маңызы.»
Шығыс Қазақстан облысы
Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері туралы ақпарат
Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме
ЖШС «Жас-Қанат»кәсіпорында жүргізілу есебі
Пәндер