Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Реферат
Тақырыбы:
«Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, шарттары»
Тексерген:
Орындаған:
Орал 2013
Жоспары:
Кіріспе
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дене тәрбиесі - валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф. Рабле, М. Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В. Н. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К. Д. Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П. Ф. Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.
1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі әрбір шұғылданушыны дене жаттығуларын орындауға қызықтыру болып табылады. Мұнда оқытушының біліктілігіне, қабілеттілігіне және тәжірибелілігіне, оқу орнының материалдық-техникалық және оқу-спорттық базасына, санитарлық-гигиеналық жағдайына, сабақ өтілетін орынның спорт құрал-жабдықтарымен және спорт қондырғыларымен жарақтандырылуына көп дәрежеде байланысты.
Оқу тобының ұжымын ереже бойынша бірдей жастағы шұғылданушылар құрайды. Оқытып, үйрету барысында әрбір шұғылданушының спецификалық ерекшеліктері ескеріледі, спорттық құрал-жабдығынсыз және спорт қондырғыларынсыз да орындалуы мүмкін әртүрлі жаттығулар, әдістер мен әрекеттер меңгеріледі. Студенттердің даярлық деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оқытып, үйрету құралдары мен әдістері де әртүрлі және күрделірек болады.
Оқытып, үйретудің арнайы бағытын анықтайтын қозғаушы күштер оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және сипатымен өзара тығыз байланыста. Әрбір оқытушының барынша маңызды міндеті-студенттердің дене тәрбиесінде бұл қозғаушы күштердің барлығы жан-жақты талдануы және есепке алынуы мүмкін.
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
-денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
-қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
-қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
-әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген режиммен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну, т. б. ) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық жаттығулар - осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшнрде жаттықандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.
3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі жан - жақты тәрбие берудің маңызды компоненті болуымен бірге өз процесінде ақыл - ойлық адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін комплексті түрде жүзеге асырады.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т. б. ) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әреке ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.
Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік - білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларғы, оқу құралдарын, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz