ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ
Двигатель деп энергияның кез - келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады.Олай болса двигательдер қолданылатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.
Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердіңғ негізгісі - ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.
Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады.Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады.Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады.Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық эергия түрінде беріледі.Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де, оны айналмалы қозғалысқа келтіреді.Бірақ роторлы дигательдер әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі таңдағы автоморбильдерде онша қолдау таба алған жоқ.
Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.Олай болса осы оқулықта сондай двигательдердің құрылыстарыьмен ждұмыс принциптері келтіріледі.

2.1 Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұыс принциптері
Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (2.1 - сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері - кейінді қозғалып тұрады.Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет - ретімен қарастырылады.
Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады.Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалғанг жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз
(2.1 а - сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.
Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (2.1.б - сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылғанг газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.

2.1.-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы двигательдің жұмыс схемасы:
а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.
Поршень жоғары жеткен кезде (2.1.в - сурет) қысылыптұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.
Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ
Автомобильдердің жалпы құрылысы
Қоректендіру аспаптары және узелдерін жөндеу
Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы
Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
«Дизель сорғысының қалған режимді реттеуші»
Бағалау
Жылу двигательдердің пайдасы және зияны
Қозғалтқыштың сипаттамалары
Пәндер