Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ғылымдағы әдіснамалық мәдениет

Орындаған: Әметова А.Ә.
Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Ғылыми зерттеудің әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ...5
3. Ғылыми зерттеулердің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
Әдіснама -- ғылыми таным әдісі, ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория игертуге және озгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолданүда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқьшы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-кайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі завдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің - нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді.
Негізгі бөлім
1. Ғылыми зерттеудің әдіснамасы
Ғылыми зерттеудің әдіснамасы (ғылыми зерттеудің қолданылатын әдістері мен формасы, ғылыми зерттеулерге қойылатын ғылыми көзқарастардың салыстырмалы талдауы)
Зерттеулердің әдіснамалық базасын: қазіргі ғылымтанудың теориялық тұжырымдамасы; синергетикалық, аксиологиялық, акмеологиялық теориялар; ғылыми білімдердің кіріктірілу теориясы; мәдени-салғастырмалы зерттеулер теориясы және т.б. құрайды;
- әдіснамалық көзқарастар мен принциптер жиынтығы: жүйелі - қызметтік, құрылымдық - функционалдық, диалектика - логикалық, интегративті - тұтас, мәдениетаралық-коммуникативтік, этнопедагогикалық, этнолингводидактикалық, семантика-функционалдық және т.б. құрайды.
Зерттеудің негізгі әдістері зерттеудің өзіндік объектісімен байланысады:
- теориялық әдістер арасында ғылыми әдебиеттер талдауы, мета-анализ, әлеуметтік жүйелерді үлгілеу әдісі, социологиялық және педагогикалық өлшемдер әдісі, математикалық статистика мен деректерді өңдеу әдістері, жүйелеу және жинақтау және т.б. аса маңызды орын алады;
- эмпириялық әдістер ішінде сұрақ әдістері (сауалнама жүргізу, тестілеу, сұхбат алу, әңгімелесу), бақылаудың тікелей және тікелей емес,синкретті және дискретті, соның ішінде педагогикалық түрлері және т.б. басым болып табылады.
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің
негізгі бағыттары
Кеңестік педагогика өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу ізденістерін жүргізді.
Ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметінің басты қағидасы мұғалімдермен, мектептің практикалық жұмысымен тығыз байланыс болды. Жаңа педагогиканың теориялық қағидалары мен идеяларын насихаттауды байқау мақсатында үлгі-тәжірибе мектептері мен станцияларының жүйесі құрылды, олар ғылыми-педагогикалық қызметтің экпериментальдық базасы болды. 60-70 жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулер жүйесінде партияның "СССР педагогикалық ғылымдар академиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы" қаулысында (1969) айқындалып берілген бірнеше басты бағыттар көрсетіліп берілді.
Бұл жылдары әдіснамалық жалпытеориялық сипаттағы зерттеулер орындалды. (Ф.Ф.Королевтің және В.Е.Гмурманның ред.басқаруымен "Педагогиканың жалпы негіздері", М.А.Даниловтың, Н.И.Болдыревтің "Дидактика негіздері", А.И.Пискуновтің, Г.В.Воробьевтің ред.басқаруымен "Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы", Б.П.Есиповтың ред.басқаруымен "Педагогикалық зерттеулердің әдістері").
Ғылыми-техникалық және әлекметтік прогресс педагогика ғылымы дамуының негізі мен бағыттары анықталды, оның ұғымдық жүйесі реттелді.
Педагогиканың теориялық терең зерттеудің қажеттілігі олардың зерттелмегендігі көп жағдайда нақтылы теориялық-әдіснамалық зерттеулердің әлсіз әдіснамалық қаруланғандығына байланысты анықталады.
Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, түрлерін және тәсілдерін одан әрі жетілдірудің мәселелері педагогика ғылымында өзектілері.
Кеңес мектебінің тарихында оның дамуының әрбір кезеңі бағдарламалық-әдістемелік қайта құрумен органикалық ұштасады. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау мектепте білім берудің мазмұнын модернизациялаумен және оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдірумен бірлікте іске асты.
Дидактиканың жетістіктеріне негіздей отырып, ең алдымен дамыта оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, әдіскерлер 60-70 жж. мектеп бағдарламалары үшін оқу материалын іріктеу қағидасын талдады, оларды ғылыми-техникалық жетістіктермен және қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен сәйкестендіруге алып келді, ғылымдардың ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық арақатынасын орнатты, орта оқу орындарының әртүрлі типтерінде жалпы білімдік даярлықтың бірыңғай деңгейінің жалпы негіздерін анықтады.
Оқытудың мазмұны мен әдістері мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін жан-жақты тәжірибелік-экспериментальдық материал жинақталды. Дидактикалық-әдістемелік мәселелерді зерттеуге ерекше үлес қосқан М.Н.Скаткинді, И.Д.Зверевті, Ю.К.Бабанскийді, М.П.Кашинді, В.В.Краевскийді, И.Я.Лернерді, В.М.Монаховты, Б.Г.Разумовскийді, Г.И.Беленькийді, Н.М.Шанскийді және басқа ғаымдарды ерекше атауға болады.
60-70-жылдары негізделген әдістерін түсінуге және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектесетін ұйымдастыру-педагогикалық шаралар мен әрекеттер жүйесі белсенді талданылды (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин), оқытудың жаңа техникалық құралдарын кешенді қолданудың әдістемесі (С.Г.Шаповаленко) және оқыту әдістерінің тиімді ұштасуын таңдау (Ю.К.Бабанский).
Тәрбие саласында зерттеу жұмысын қорытындылай келіп, бұл жылдары оқытудың тәрбиелік қағидасы теориялық және практикалық жағынан дами түсті (В.М.Коротов); тәрбие әдістерін кешенді қолдану идеясы дами түсті (Б.Т.Лихачев, Г.Н.Филонов); тәрбие үрдісін тиімді басқару туралы қағида талданылды (Ю.К.Бабанский); педагогикалық ынталаландыру мен түрткілер теориясы мен әдістері (Л.Ю.Гордин, З.И.Равкин); адамгершілік тәрбиесінің әдістері одан әрі талданылды (Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, О.С.Богданова).
Еңбек тәрибесі және кәсіптік бағдар беру мәселелері өте терең талданылды. П.А.Атутовтың, С.Я.Батышевтің, К.А.Ивановичтің, М.Н.Скаткиннің, Д.А.Эпштейннің және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеушілер оқушылардың еңбегінің мазмұны мен ұйымдастыру проблемаларын шешудің ерекше тиімді жолдарын анықтады.
Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жас және педагогикалық психологияның проблемаларын зерттеуге тікелей тәуелді болып табылады.
60-жылдары мектептегі оқытудың тәсілдері мен оқушының дамуының арасындағы байланысы анықтады. Бұл зерттеулердің нәтижелері Л.В.Занковтың басшылығымен жүргізілді ІҮ сыныптан бастап, ғылым негіздерінбір жүйелі зерттеуге көшуді қамтамасыз ете отырып, тәжірибеге белсенді енгізілді.
Бұл жылдары оқыту мен тәрбиелеудің оздыру сипаты туралы идеяға ерекше мән берілді. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен оқушылардың білімді меңгеру мүмкіншіліктерін ашып көрсететін теориялық зерттеулер жүргізілді. "Бастауыш оқытудың психологиясы" атты монография (В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен) жарық көрді, В.В.Давыдовтың "Оқытудағы жинақтаудың түрлері" атты кітабы басылып шықты. Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, композитор Д.Б.Кобалевский мектепте музыкалық білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа әдістемесін анықтау мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың əдіснамасы
Әдіснамалық білім деңгейлері
Педагогиканың әдістері мен әдіснамалары
Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеулердің ұйымдастырудағы, мазмұны, принциптері мен технологиясы
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологиясының-ғылыми теориялық негіздері
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру логикасы
Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті
Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
Пәндер