Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Орал гуманитарлы-техникалық колледж
Мектепке дейінгі педагогика пәнінен бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы
Орындаған: 4 г КДО тобының студенті Нуханова Г.И.
Тапсырылған күні __________________
Тексерген:
Оқытушы: Бексариева Ж.С.
Бағасы: ______________ (қолы)
Күні ______________
2014
Жоспары
Кіріспе
1. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене
тәрбиесінің ролі.
2. Гимнастика - дене тәрбиесінің негізгі құралы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.

Балалар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп балаларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:
- оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар);
- ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
- дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен жаттығуларды қосқандағы тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;
- балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
- спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
- күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
- спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
- каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
- отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана жатады.
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде Дене шынықтыру пәні бойынша жаттығудың түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың өзге түрлері тәрбиеленудің алғы шарттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы балалардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Балалардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің балаларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында балаларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты балалар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары балалармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы балаларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз балаларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz