Аударуманың теориялық мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Газет мәтінін аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУ СИПАТЫ

1. 1 Аударуманың теориялық мәселелері . . . 6

1. 2 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі . . . 11

2. газет мәтінін аударғанда кездесетін негізгі мәселелер

2. 1. Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері23

2. 2 Газеттік-публицистикалық аударма. . 26

2. 3 Аудару барабарлығы ұғымы және эквиваленттілік категориясының барабарлық категориядан айырмашылығы . . . 33

Қорытынды . . . 38

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 40


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып -құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тілінде жазылған шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.

Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.

Зерттеудің мақсаты аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау.

Зерттеудің міндеттері:

  • аударматану теориясының даму ерекшелігін зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
  • шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің, әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген зерттеушілер ретінде бағалау;
  • аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп талдау;
  • аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру;
  • аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Ағылшын тілінің рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы аудару теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.

Зерттеу дереккөздері. Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде В. Н. Комиссаровтың І. Кенесбаевтың, Ж. А. Жақыповтың, Г . Жұмайқызының, А. Семеновтың, А. В. Федоровтың, Н. К. Гарбовскийдің, Т. А Казакованың еңбектеріне сүйендік.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы аудару теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі жұмыста ұсынылған көзқарастар мен пікірлер аударматану пәнін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеу жұмысының құрылымы. зерттеу кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУ СИПАТЫ

1. 1 Аударуманың теориялық мәселелері

Қазақ тілінен өзге тілдерге, сонымен қатар шетел тілдерінен қазақ тіліне аударма жасаудың практикасы соңғы кезеңдерде барынша дамып келеді. Бұған қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдаят көп ықпал жасауда. Біздің еліміздегі тілдік жағдаят - қоғамдағы саяси, этнодемографиялық, әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің айқын бейнесі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарының бірі. Бірақ біздің елімізде қазақ тілін өркендету шектеулі қалпында емес. Тілді дамыту, оның қолданылу аясын кеңейту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік лингвистика, аударма, тілдерді оқыту іс-шараларымен тығыз байланысты.

Қазақстандағы әлем халықтары әдебиетінің танымал болуы XIX-XX ғ. ғ. кеңінен өрістеді. Абайдың орыстың классикалық әдебиетін, оның ішінде А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов аударған үлгілерінен басталады. Абай аудармасы арқылы Дж. Г. Байронның, В. И. Гетенің туындылары да қазақ оқырмандарына жетті. Ал әрідегі Ұлы Жібек жолы орта ғасырдағы ислам өркениеті арқылы араб-парсы, үнді фольклоры мен классикалық әдебиеті қазақ қауымына таныс болды. Сондықтан Шығыс пен батыстың сөз өнері мұраларымен біздің халқымыз ғасырлар бойы таныс болып келеді. XX ғ. екінші жартысынан бастап, шетел әдебиетінің классикалық үлгілерін тәржімалау айрықша қарқын алды және алыстағы ауылдардан бастап, қала тұрғындарына дейін шетел әдебиеті үлгілерінен қазақ және орыс тілдерінде кеңінен танысып үлгерді. Нақтылап айтқанда, ағылшын әдебиетіндегі В. Шекспирдің, неміс әдебиетіндегі В. И. Гетенің, Г. Гейненің, француз әдебиетіндегі Г. Мопассанның, АҚШ әдебиетіндегі Э. Хемингуэйдің, Д. Лондонның, М. Твеннің, үнді әдебиетіндегі Р. Тагордың және т. б. шығармаларымен аударма арқылы таныс болды [1] .

Бір тілден екінші тілге аударудың теориялық мәселелерін көтеріп берген ғалым - қазақ лингвистикасының негізін қалаушы атақты зерттеуші Қ. Жұбанов. Ол өзінің шағын мақаласында орыс тілінен қазақ тіліне аударудағы синтаксистік құрылымның ерекшеліктерін сөз етті [2] . Бұдан кейін Қазақстанда аудармаға қатысты пікірлер 1950 жылдардан бастап көбірек айтыла бастады. Өйткені осы кезеңде біздің елімізде аудармаға көбірек мән беріліп, көптеген әдебиеттер (көркем шығармалар) бір тілден екінші тілге аударылды. Елуінші жылдарда ең бірінші болып, аударманың тілдік-стильдік жағдайына тоқталған адам - М. Әуезов. Ғұлама жазушының пікірлерімен таныса отырып, біз М. Әуезовті Қ. Жұбановтан кейін аударманың лингвистикалық теориясының негізгі мәселелерін көрсетіп берген ғалым деп санаймыз. Өйткені оған дейін қазақ интеллигенциясы, жазушылар мен журналистер, ғалымдар бір тілден екінші тілге аудару ісі тек әдебиеттану ғылымының шаруасы деп жүрді, өйткені орыс ғалымдары да осылай деп есептеген болатын. Ал М. Әуезов болса, «аударманың бір беткей, сұрқай пішіндерін қарастыру» дұрыс емес, аударма ісін танып-білу үшін бір тілдегі түпнұсқаны екінші тілге аударғанда ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай берілді, аудармашы қолданған құрал-тәсілдер қандай (интонация, ырғақ, синонимдер, идиомалар, мақал-мәтелдер, афоризмдер) сияқтыларды жүйелі түрде талдау керектігін айтады [3, 6-7 бб. ] . Бұдан әрі М. Әуезов көрсеткен «ақын-жазушының өз ана тілінің ұлттық формасы мен түрін кәдеге жаратып, өз тарапынан «жаңа сөз туындыларын қосу, жаңа сөз байланыстарын жасап, бар сөздердің мағыналарын тереңдетуі, жаңартуы керек» деп айтқаны - аударманың лингвистикалық теориясының басталуы.

Осындай пікір жасауға ғалым-жазушының келуінің бірнеше себептері кейінгі ғылыми тұжырымдарда көрсетіледі. Мәселені анықтап беру үшін біз ғалым А. Алдашеваның тұжырымымен толық көрсетеміз:

«Тәржіманың толыққанды жазба үлгілерінің қалыптаса бастаған кезеңі - 1920-шы, 1930-шы жылдар; ал шын мәнінде алғашқы тәжірибелер қорытылып, кемістік-кетіктер жөнге түсіп, «көркем аударма да соны шығармалар сияқты, творчестволық еңбекті, шеберлікті талап ететін үлкен искусство» екенін мойындатқан тұс - 1950-60 арасы. Бұл кезең сондай-ақ қоғамдық-саяси, ресми мазмұндағы әдебиеттің, оқу-ағарту әдебиетінің жаппай тәржімалана бастаған кезі. Нақ осы кезден бастап орыс тілінен қазақ тіліне аударудың тәсілдері мен жолдары, тәржімалаудың тілдік-стильдік принциптері, аударманың нормасы тәрізді маңызды факторлардың ерекшеліктері қалыптаса, әрі біртұтас, бірізді жүйеде анық көріне бастады.

50 жылдардан бастап қазақ лингвистикасының нақты ғылыми-теориялық бағыттары бір арнаға түсе бастады: осы тұста қазақ алфавиті мен графикасы реттелді, лексикографиялық еңбектердің негізгі ұстанымдары (принциптері) анықталып, әр алуан типтегі сөздіктерді (екі тілді, терминологиялық, орфографиялық және т. б. ) шығару қолға алынды; қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық жүйесі мен құрылымы турасында кешенді зерттеулер жарияланды. Сөздің семантикалық өрісі, сөз құрылымының екі жақты сипаты ғылыми назарға ілінді. Қазақ көркем әдебиетінің тілі мен стилі, стилистика ғылымы, функционалдық стильдер жүйесі, сөз мәдениеті, әдеби норма мәселелері жайындағы алғашқы пікір-көзқарастардың айтыла бастаған тұсы да - осы мерзім. Әдебиеттану ғылымының жеке ғылыми аспектілерінің саралана, жетіле дами түсуінде де осы кезеңде елеулі ілгерілеулер болды. Жалпы алғанда, бұл кезең, яғни осы ғасырдың 50-90 жылдарының аралығы - әдебиет пен тілдің дамуындағы қоғамдық-ұлттық, әлеуметтік сипаттары жағынан айрықша дәуір» [4, 5-6 бб. ] .

М. Әуезов айтқан пікірден кейінгі жылдарда бір тілден екінші тілге аударудың тілдік жағдайына арналған, оның ішінде көркем әдебиеттің аударылуы зерделенген бірнеше жұмыстар болды, бірқатар жұмыстарда қазақ көркем әдебиетінің ағылшын, неміс, француз тілдеріне тәржімасы әңгіме болды (Ю. Сушков, Д. Алтайбаева, З. Жантикеева, Ә. Ипмағамбетов және т. б. ) . Бұл еңбектермен танысу барысында біз авторлардың тілдік фактілерді салыстырып, «жақсы-жаман», «дұрыс-дұрыс емес» деген қорытындылар жасағанын байқап, дей тұрсақ та осы авторлардың еңбектері арқылы қазақ аударматану ғылымына үлес қосылғандығын айта аламыз.

60-70 жылдарда да зерттеулер жүргізілді, бірақ оларда тәржіма ісі әдебиет, шығармашылыққа қатысты болды (С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев және т. б. ) . Дегеннің өзінде де бұл еңбектерде тілге қатысты мәселелер қолданылып отырды.

Лингвистикалық тұрғыдан келген жұмыс ретінде Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» деген зерттеуін атаймыз [5] . Бұл - 70-інші жылдарда орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармадағы фразеологиялық тілдік бірліктерді тілдік-стильдік тұрғыдан жүйелі етіп талдаған бірінші еңбек. Жұмыста орыс тіліндегі фразеологиялық единицалардың сөзбе-сөз, еркін, жуықтатып аударылған тұстары талданып, әдеби нормаға байланысты, қазақ әдеби тіліне ену жағдайлары толыққанды айтылады.

«Аударма әдебиет, - деп жазады С. Исаев, - қазақ тілінің ғылыми стилін қалыптастыруда белгілі бір рөль атқарғандығын атай кетуге болады . . . Расында да ғылымның жеке салаларындағы көптеген ұғымдар қазақ халқына осы әдебиеттер арқылы келіп, әдеби тілімізге көбінше соның негізінде сіңді» [6, 168 б. ]

- аударма әдебиет арқылы жаңа сөздерді көптеп жасауға; тілдегі синонимдердің мүмкіншілігін жан-жақты пайдалануға болады [2]

- «ғылым мен техникалық әдебиеттер стилі аударма әдебиеттер негізінде жеке стильдік тармақ болып қалыптасты» деген түйін де бар ;

- өткен ғасырларда өмір сүрген қазақ зияткерлерінің өкілдері аударманың басты қайнаркөз екендігін жақсы түсініп, әрі оның технологиясын шебер меңгергендіктен, аударма арқылы көптеген жаңа сөздер жасаған, мысалы, қазақ лингвистикасының негізін салушылардың бірі А. Байтұрсынұлы «әдебиетке, өнерге, тілге қатысты еуропалық, орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай, түгелдей қазақша балама тапқан» [ 8] ;

- аударма арқылы қазақ әдеби тіліндегі синонимдік қатарлардың номинация жасау, термин түзу ісінде рөлі аса жоғары екендігін дәлелдеген ғалым А. Төрениязова. Ол, мысалы, ақпарат, дерек, ақпар, мәлімет, мағлұмат, хабар, хабарлама дегендердің тәржіма арқылы мағыналық жағынан сараланғандығын көрсетеді.

Кейінгі жылдарда да аудармаға қатысты едәуір жұмыстар атқарылды. Контрастивті лингвистика және аударма, лингвистикалық универсалий және аударма мәселелері туралы теориялық тұжырымдар (Э. Сүлейменова), оқу бағдарламалары (Н. Шәймерденова), аударма ғылымына қатысты терминдердің сөздігі (А. Жұмабекова) шығарылды, ғылыми көпшілік мазмұнда, практикалық тұрғыдан көмек берерлік еңбектер бар.

1. 2 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі

Аударма - түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.

Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т. б. ) .

В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы - тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:

1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;

2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;

3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) .

П. И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі - бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу .

Лингвист З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма - бұл барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін. Аударманы, ұлттық мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады.

В. Г. Зусманның, З. Е. Рогановтың пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-қатынасы әсерлі болу үшін лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма - бұл лингвоэтникалық ретрансляция.

В. С. Виноградов, Г. И. Исина, М. Т. Сабитова, А. В. Федоров екі аспектіде қарастырылатын «аударма» терминіне өз назарларын аударады: біріншіден, бұл аудару жұмысының әр түрлі кезеңдерімен байланысты үдеріс және екіншіден, бұл аудармашының шығармашылық жұмысының нәтижесі - мәтін.

Аударманың теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың, сол сияқты В. С. Виноградовтың және А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік - аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады.

Л. К. Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай болу керек:

1) аударылған мәтін коммуникативті-функционалды жағынан берілген мәтінге барабар (эквивалентті) болу керек;

2) семантикалық құрылымы жағынан берілген мәтінге максималды түрде сәйкес болу керек (бірінші талапқа қарама-қарсы болмау керек) ;

3) берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.

Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне айналуы мүмкін .

Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады. Біздің ойымызша осы пікір дәлдікті, түсінікті талап етеді. Мәтін - бұл ауызша немесе жазбаша түрде болатын вербалды белгілердің (сөздердің) жүйелілігі. Яғни, ауызша, жазбаша мәтіндер адамның коммуникативтік үдерісінің нәтижесі.

Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби) . Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Коммуникация толық болу үшін, келесі жағдайларға назар аудару қажет:

1) сөйлеуші және адресат болу керек;

2) уақыт бірлігі;

3) орын бірлігі;

4) коммуниканттар және олардың қатынастары арасындағы бірлік.

Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді. Мысалы: коммуникативті байланыс автор мен оқырман арасында болады, ал қатынас серіктесі (партнері) мәтін болып табылады.

Аталмыш оқу құралында түпнұсқа мәтіннің лексикасын аудармамен салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды.

Жоғарыда айтылғандай, жазба мәтінді аудару кезінде, біздің жағдайымызда бұл «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы, түпнұсқа немесе берілген мәтін аударма мәтінмен ауыстырылды.

А. В. Федоровтың ойынша, осындай алмастыру кезінде, аудармашы негізгі екі жағдайды есте сақтауы керек:

1) жазба аударманың мақсаты - шетел тілін білмейтін оқырманды берілген мәтінмен жақынырақ таныстыру;

2) осы жағдайда аудару - ертерек бір тіл құралдары арқылы берілген мәтінді басқа бір тіл амалдары арқылы екінші бір тілге дәл және толық жеткізіп, аудару.

А. В. Федоровтың пікірінше, аударманың қайта жасаудан, мазмұндамадан және сол сияқты әр түрлі «бейімделулерден» (адаптациялардан) айырмашылығы дәлдікте және толықтықта.

Көптеген аудармашылардың пікірлерінше (Л. С. Бархударов, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер) жазбаша аударма тек қана екі тілді, түпнұсқа мен аударманы байланыстырмай, сонымен қатар әр түрлі мәдениеттерді, ұлттарды, тарихи дамудың әр түрлі дәуірлерін, өткен және бүгінгі күндерді байланыстырады.

Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден және т. с. с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған аудармашыға жатады.

А. Д. Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Кеңестік психологияның дамуы
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz