Бүкпелерді көшіру


Бүкпелерді көшіру
Модельдегі бүкпелер кез келген жерде орналасуы мүмкін (10. 2-сурет) .
Бүкпелерді көшірудің екі әдісі бар:
1-әдіс - графикалық. Доғалар мен тіліктер әдісімен жасалады. Бұл әдіс нақты, бірақ көп жұмысты қажет етеді.
2-әдіс - үлгі әдісі. Орындалуының қарапайымдылығымен бұл әдіс кең қолданылады.
Базалық негізінің негізгі бөліктерінің белгілі көшірме үлгісін қатты қағаздан қияды. Модельге сәйкес кеуденің шығыңқы нүктесі мен үлгі қиығындағы нүктелерін түзу сызықпен косып, бүкпенің жаңа орнын белгідейді. Бүкпенің жаңа орнының, сызығы бойынша үлгіні қияды. Бүкпенің қырларын теңестіріп, алғашқы бүкпені жабады. Мұндай жағдайда жаға бағытындағы бүкпе саласын құрастыратын тіліктің орнында, жаңа бүкпе қырлары ашылады. Қатты қағазға жазып өзгертілген үлгінің нұсқаларын сызады.
Бүкпелерді көшірудің міндетті шарттары:
- Жаңа бүкпенің төбесі шығыңқы орталығына бағытталуы қажет.
- Бүкпелер саласы өз қалпында қалуы керек.
Бүкпені бедерлі тігіске көшіру
Бедерлі сызық бүкпенін, ұшымен түйіскен жағдайда үлгіге модель бойынша бедерлі сызықтарды енгізеді. Үлгіні осы сызық бойымен қиып, алғашқы бүкпені жабады, сол кезде бүкпе саласы бедерлі сызыққа көшіріледі (10. 4, а-сурет) .
Егер бедерлі сызық бүкпенің аяғы арқылы жүрмесе, ондай жағдайда үлгіге бедерлі сызықты модель бойынша енгізеді.
Бедерлі сызықпен бүкпенің аяғындағы арақашықтын учаскесінде қысқа бүкпенің сызығын түсіреді.
Бедерлі сызык пен қысқа бүкпенің сызығы бойынша үлгіні кияды. Алғашқы бүкпе саласын жабады. Сол кезде бедер мен қысқа бүкпелер жандарының арасында бүкпе саласы ашылады.
Бүкпені иініштерге көшіру
Модельге сәйкес иініш сызығын үлгіге түсіреді. Сол сызық бойымен үлгіні кияды. Алғашқы бүкпенің саласын жапканда, иініш сызығында көшірілген бүкпенің саласы ашылады (10. 5-сурет) .
Бүкпені қиыққа көшіру
Бүкпені қиыққа көшіру үшін моделье сәйкес қиық сызығын үлгіге түсіреді.
Қиық сызығы бойынша үлгіні қияды. Қиықтан жоғары орналасқан бүкпе бөлігінің саласын жабады. Бұл кезде қиық жандарының арасында бүкпе саласы ашылады. Қиық сызығының астында орналасқан бөлшектің астыңғы бөлігін бүрмелерге жинайды немесе ұсақ қатармаларға салады (10. 6-сурет) .
Бүкпені қатарма және бүрмелерге көшіру
Бүкпені қатармамен немесе бүрмелермен ауыстыруға болады. Мұндай жағдайда барлық бүкпенің саласын қатармалардың арасына үлестіреді немесе бүрмелерге жинайды. Қатармалардың орналасуы мен олардың саны модельге байланысты анықталады, ал қатармалардың жандары бүкпенің ұшына қарайды (10. 7-сурет) .
Параллельдік және конустық кеңейту
Базалық негіздегі бөліктердің конустық кеңейтуін бөліктің бір анықталған учаскесіндегі енін көбейту қажет кезде жасайды. Бөлік учаскесінің дайын түріндегі үлкейтілген ені фалдаларды жасайды. Фалдалар киімнің барлық периметрі бойынша орналасуы немесе бөлек учаскелерде жіктелуі мүмкін.
Фалдалардың біркелкі орналасуын модельді талдау кезіндегі айқындалған жалпы қосымшаны алдыңғы және артқы бойларындағы бүйір, ортаңғы және бедерлі сызықтардың арасына таратады. Кеңейту мөлшерін конструкциялық сызықтық екі жағына теңбе-тең үлестіреді (10. 9-сурет) .
Мұндай кеңейту конструкциясын базалық негізі сызбасының көшірмесінде жасайды. Одан кейін киім бөліктерінің жаңа нұсқаларын бөлек қағазға түсіреді.
Киімдегі фалдалар шектелген учаскеде орналасатын болса, жұмысты үлгінің көмегімен жүргізеді. Модельдегі фалдалар учаскелерінің орнына сай, сызбаға ұзындық сызықтарды енгізеді.
Үлгіні ұзындық сызықтары бойынша қиып, желпуіш тәрізді ажыратқыш жылжытады.
Анықталғал конструкцияның сызбасын тексеру
Анықталған конструкцияның сызбалары тексерілуі керек. Жаңа модельдер бөліктерін техникалық модельдеу кезінде конструкцияға кателер жіберілуі мүмкін:
- қиықтар үзындыгы өзгереді;
- тіліктер сәйкестігі бұзылады;
- сызықтардың түйіндесуі жоғалады.
Конструкция сызбаларын тексергеннен кейін олардың негізінде модельдің негізгі және көмекші бөліктерінің үлгілерін аныктайды.
Қондырмалы жеңдерді модельдеу
Костюмнің қазіргі замандағы түрпішіні және стилі жеңнің түрпішіні мен иық сызығының арақатынасына байланысты сұлбасымен анықталады. Жең, тік, тар, шынтақтық бүкпелі, қаттамада көлемді, жентүбінде қатармалар және бүрмелермен жасалған, үште төрт бөлікті болуы мүмкін.
Шынтақтық бүкпесі бар тар жең сызбасын есептеу әдісімеи алуға болады, ал өте тар жең сызбасын тар жең сызбасын қолдана отырып, конструкциялық модельдеу әдісімен алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz