Буддизм және джайнизм


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Орал гуманитарлық техникалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Буддизм және джайнизм»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Жоспары

1. Буддизм мен джайнизм ағымы

Әдебиеттер


1. Буддизм мен джайнизм ағымы

Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы - Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде -аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі - сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі - ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу - азап, қартаю - азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу - азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу- азап, көздеген мақсатыңа жете алмау - азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы - сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.

Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».

Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия менКомбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.

Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі - махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы - хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.

Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жқмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бұрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.

Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды. Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниета- нымы ретінде қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм менджайнизмнің күштемеу принциптеріне ерекше көңіл бөлінуінің арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына айналған егін шаруашылығының қоғамдағы рөлі төмендеді, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмірде төменгі сатыдан орын алды. Сөйтіп, селолық қауымдар ешбір діни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылықсыз буддизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бірақ, олар будда дінінің көптеген діни-адамгершілік қағидаларын өз бойларында сақтап қалды.

Индуизм - бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде - Брахманға, Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осылардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.

Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп- қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.

Шива - қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында - бас сүйектер. Шива - өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан басты айырмашылығы - олардың Жер бетіндегі тіршіліктің қайнаған ортасында болуы және оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып жою мен өлім құдайы.

Үнді-будда дініндегі бүл дүниеге көзқарастар қарама-қайшылықтарға толы болып келеді. Будда дінінде ғана емес, тіпті сансаралардың өзінде де өмірдің қайғы-қасіретке, жамандық пен жауыздыққа және тағы да басқа келеңсіз көріністерге толы екендігі жан-жақты сипатталады. Үнді-будда дініндегі адамдар төрт этикалық нормаларды негізге алуы қажет. Олар: дхарма, артха, кама және мокша.

Дхарма - будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз-міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.

Артха - адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттердің нормалары болып табылады.

Кама - адамның көңіл-күйінің талаптарын қанағаттандыру құндылықтарын анықтайды, солардың жолдарын белгілейді.

Мокша - торығып-түңілуден, жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы ілім.

Дхарманың құндылығы - шындық пен ахимасқа шын берілгендікке тығыз байланысты. Ол зорлық-зомбылыққа мүлде қарсы. Сонымен бірге ашу мен жек көрушілік сезімдерді ауыздықтау, өзін-өзі ұстай білу, пайдакүнемдік пен зұлымдық мақсаттардың болмауы - дхарманың басты қағидалары. Адамдардың бұл өмірдегі табиғи іс-әрекеттері қандай болу керек деген сұраққа дхарма былай деп жауап берді: «Жауыздыққа жауыздықпен жауап берме, әрқашанда әділетті істердің жаршысы бол. Әлсіздер сенің өктемдігіңді ешқашан да кешірмейді, сондықтан да мұндай әділетсіз қылықтарға жол берме. Адам өмірде өз жолын таба білуі қажет».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі
Ертедегі Шығыс философиясы
Грек философиясының негізгі сұрағы
Ежелгі үнді философиясы
Философияның тарихи типтері жайында
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі
Ежелгі Шығыс философиясы
Будда философиясы
Экофилді және экофобты діндердегі экологиялық мәселелер
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz