Жәңгір ханның игілікті істері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Бтыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тарих және ӘГП кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
ХІХ ғасырдағы Бөкей Ордасы қазақтарының әлеуметтік-экономикалық салдарлары
Орындаған: Қармысова Ж.Б.
Тексерген: т.ғ. д., Шинтимирова Б.Г.
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
2.1. Бөкей Ордасындағы хандық билік, оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2.Бөкей Ордасындағы шаруашылық дамудағы
өзгерістер және тағылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болған жағдайда оның өткен дәуірдегі тарихын сол кезеңнің шындығына сай, идеология мен саяси қалыптырдан ада, тарих ғылымында бұрын сынаржақ баға беріліп келген мәселелерді мейлінше ашып көрсете отырып, ақиқат, ғылыми және қоғамдық саяси тұрғыдан саралаудың маңызы зор.(1) Сонымен бірге, күні бүгін әрбір саналы азаматтың ұлттық тарихымыздың бастау көзі - өлке тарихына, шежіре, салт-дәстүріне барынша мән беріп, және оны білуге деген құштарлығының артуы обьективті шындыққа айналды. Отандық тарих ғылымының алдында тұрған мәселенің бірі XIX ғасырдағы қазақ халқының саяси-қоғамдық, әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани өзгерістер ерекшіліктерін жан-жақты зерттеу. Міне осы тұрғыда 1801 жылы тарих сахнасына келіп, ерекше ұлттық ,территориялық құрылым ретінде Отандық тарихтың революцияға дейінгі кезеңінде үлкен орын алған Бөкей ордасының тарихы жаңаша қарап, саралауды қажет етеді. Империя құрамында пайда болған құрылым территориясында ханның нақты билігінің болуы, территорияның өте шағындығы , әрі өте қатаң сипат ала бастаған табиғи-климаттық жағдайдығы шаруашылықтың даму эволюциясы өзінше қызығушылық туғызады.
Бөкей Ордасындағы саяси-әлеуметтік өзгерістермен Жәңгір ханның тарихи қызметін жаңаша тарихи тұрғыдан, сонымен бірге ғылыми дәлелденген жолмен түсіндірудің маңызы зор.
Бүгінгі таңдағы тарихи біліміміздің негізгі тірегі: қазіргі жеріміз - қазақ жері десек, Қазақстанның барша тұрғыдағы заңды дамуының басты кепілі - оның территориясының тұтастығы. XIX ғасырдағы Бөкей ордасы осы заңды құбылыстарды бойына жинақтаумен тарихымыз үшін қажет. Қазақтың этникалық территориясын қалпына келтіріп, оны заңдастырып, сақтауда Бөкей ордасы ешқандай толассыз орын алады.
Зерттелу деңгейі. Бөкей Ордасы тарихының бай тарихнамасы оның құрылу себебінен басталады. Хандық Отандық тарихта тұнғыш рет империя "құрамында" пайда болып, дамығандықтан оның тарихын зерттеу әрқашанда құлшынысты, қызығушылықты туғызып келуі заңдылық. Бұл құбылыстың да белгілі бір ерекшеліктерімен айқындалатын, кезеңдерге бөлінетін тарихы бар.
XIX ғасырдың 80-90 жылдары Ішкі Орданың тарихын зерттеуде аса жемісті кезең болды. Аталмыш тақырыпқа байланысты Россияда көп мөлшерде ғылыми және публицистикалық еңбектер жарияланды. Сонымен бірге Бөкей Ордасының тарихы мен этнографиясына қатысты ірі ғылыми еңбектер шығарылды: яғни А.Н.Харузиннің екі томдық еңбегі және А.Е.Алекторовтың Ішкі Орда туралы көлемді еңбегі, И.С.Ивановтың Жәңгір хан туралы арнайы монографиясы,
Бөкей Ордасы. Нарын тарихы беттеріне үнілген қазақ ғалымы, белгілі заңгер С.Зиманов оның ғылыми еңбегі " Россия и Букеевское ханство" 1982 жылы жарық көріп, ерекше құндылыққа ие болды. Онда Бөкей хандығы , оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен хандықтың саяси құқықтық статусы Ресей мемлекетінің саясатымен байланысты қарастырылады.
Қазақстан Республикасы егеменді дамуындағы алғашқы он жылдықта Бөкей Ордасының тарихы мен мәдениетіне арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл Бөкей Ордасы тарихының, соның ішінде саяси экономикалық және шаруашылық дамуының біртұтас та жүйелі, әрі жаңа тұрғыдан тұжырымдаған еңбектердің бар екенін көрсетеді.
Тақырыптың мақсат-міндеттері:
- Орданың саяси тарихи, әлеуметтік - экономикалық құрылысы, рухани мәдениеттің дамуының маңызды мәселелерін қарастыру.
- XIX ғасырдағы Бөкей Ордасының рухани мәдениетінің тарихи дамуындағы прогресті құбылыстарға және әлеуметтік-экономикалық салдарлары туралы толық мағлұмат беру.
Негізгі бөлім
2.1. Бөкей Ордасындағы хандық билік , оның мәні.
Бөкей хандығы биліктің ұйымдастыру формасы бойынша монархия болды, жоғары билікке хан ие болды да мұрагерлікке қалдырылып отырды.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде Бөкей хандығы жоғары биліктің құрылымы мен құрылу механизмі бойынша қазақ жүздеріндегі хандық биліктің дәстүрлі формасынан айырмасы жоқ, алайда Бөкей хандығының саяси жүйесінде де бастапқыда өзгеріс болмауы, алғашқы 15 жылда дағдарысқа енбеуі, Бөкейдің бұқара мүддесіне сәйкес саясатты дұрыс таңдап, табанды жүргізуінен болған Ресейге отарлау саясатын жүзеге асыру үшін әрбір кезеңге, жағдайға сәйкес XIX ғасырдың алғашқы жартысында тірек жасайтын, сенім артатын топ ретінде хан сұлтандардың таңдалуы, орыс әскер күшіне сүйеніп қана хандықта сұлтандар билікті сақтап қалатын мүмкіндігін айқындады. Хандықтың құрылу барысында-ақ саяси жүйесінде пайда болған мұндай өз элементтер көлемі біртіндеп көбейіп, кейін шешуші ықпалға ие болып, нәтижесінде, хандықтың саяси жүйесі қарастырып отырған кезеңімізде даму эволюциясының бірнеше сатысынан өтіп үлгерді. Ішкі Ордадағы хандық биліктің даму тарихын 3 кезеңге бөліп қарауға болады. Оның алғашқы кезеңі 1801-15 жылдарды қамтиды, Бөкей хан қазақ халқының ортасында қалыптасқан дәстүрлі құқық бойынша басқарды. Ру бастарында хан тағайындаған старшиндер мен билер болды. Демек, бұл жылдарда қондырма мен әлеуметтік -экономикалық базистің даму бағытында, қатынастарында белгілі бір келісім, түсіністік, үйлесімділік сақталып, саяси жүйеде қайшылық болмады. ,
Екінші кезең 1816-25 жылдарды қамтып, хандықтың саяси жүйесіндегі дәстүрлі әкімшілік-басқару құрылым элементтердің әлсіздігі анық байқалып, империяның саяси талаптарына жауап бере алмаған саяси жүйеде шашыраңқылық, бассыздық күшейеді.
Екінші кезеңде-ақ хандықтың саяси жүйесінде орнықсыздықтың байқалып, күшеюі қазақ қоғамдағы әлеуметтік - саяси базаның әлсіздігінен туындаған. Нәтижесінде сыртқы күштің қолдауымен, әскери қорғаумен орныққан жоғары биліктің империяға тәуелсіздігі арта түсті.
Империя тарапынан саяси-әкімшілік жүйеге килігудің күшеюі 1815-21 жылдары Кіші Жүздің оңтүстік аумағында отаршылдыққа қарсы Арынғазы сұлтан бастаған ұлт-азаттық қозғалысты туғызып, Қаратайдың оны қолдауы Бөкей хандығындағы саяси жағдайды сотталатын болды, ал басқа барлық маңызды аз қылмыстар үшін хан соттайды деп бекітілді.
Шын мәнінде ханның сот билігі едәуір көң болды. Шекаралық билікке тиісті көп істерді хан өзі шешіп отырды. Ханның қызметі тікелей қадағаланбағандықтан, ол кейбір қылмыстардың маңызын төмендетіп, кейде тіпті шекаралық сот органдарына хабарламай қоюға мүмкіндігі болды.
Белгілі бір ретте хандық биліктің шекара билігімен ұштасуына біршама дәрежеде Жәңгірдің өзі ықпал етті. Ол дворяндық білім мен мәдениеттің жақтаушысы болды.
М.П. Вяткин : "Жәңгір Ордаға орыс помещигінің дағдылары мен талаптарын меңгеріп келді, -деп көрсетті. Патша чиновниктері оның шекаралық органдар саясатына қатынасына ризашылықты болды да өздерінің мәлімдемелері мен жазбаларында көбіне " көп жақтарынан өте жақсы адам" "қырғыздардың жақсы өмірін ойлайтын жан " деп атады.
XIX ғасырдың ІІ-ширегінен бастап, хан ісінде жаңа элементтер пайда болды. Ол артық қаржысының бір бөлігін шағын платиналар мен артезиан құдықтар салуға, құмдағы ағаштар мен тоғайларды сақтауға және шағын орман учаскелерін сақтауға ресейлік халқы заводтарынан асыл тұқымды жылқылар әкелу арқылы жергілікті жылқы тұқымдарын жақсартуға, қоғамдық ғимараттар құрылысына жұмсады.
Хандық билік және оның жанындағы аппарат құрылымы, хан айналасындағы сарай маңындағы адамдар құрамы және ордадағы жоғарғы биліктің белсенді әрекетінің мәні ең бастысы осы үш фактормен айқындалады.
Әрине, Орданы басқаруда Жәңгір бастапқыда негізінен хан фамилиясындағы ықпалды сұлтандардан тұратын өзіндік кабинет болды.
Алайда, ықпалды осы органның қалыптасуы мен мәні сұлтандар институты мен оның қоғамдық экономикалық және саяси өміріндегі салмағымен байланысты болды. Бөкей хандығында болған орыс оқымыстылары мен саяхатшылары: "сұлтандар мұнда халықты басқаруда басты орын алады, төлемдер мен жазалардан босатылған және кейбіреулеріне штаб және обер офицерлік шендер берілген" деп жазды (28; 114-115).
Бөкей хандығында сұлтандар 6 династияға бөлінді, олардың ішінде ең ықпалдысы және ірісі Нұралы хан династиясы болды.
Бөкей хандығында орныққан сұлтан тобы негізінен Кіші Жүзден Бөкей сұлтанмен бірге оның жақтастары ретінде келген. Олардың көбі жаңа хандықта билікке жетіп өз жағдайын түзетуді ойлады.
Мұнша көп сынды сұлтандарды пайдалы қызметке орналастыру шағын мүмкін емес еді. Бұл жерде Жәңгір өз тапқырлығын көрсетті. Барлық дерлік рулармен олардың бірлестіктерінің басына ол өзіне ең жақын туыс сұлтандарды қойды. Жәрмеңкелермен Россиямен шекаралас селениелерге хандық уәкілі, ерекше тапсырмалар бойынша чиновниктер сияқты пайдалы қызметтер тек қана сұлтандардан сайланды. Ру басында аға сұлтан тұрды. Сұлтан руынан таңбасы хандікі тәрізді болды. Әрбір сұлтан өз атынан мөр ұстауға құқық алды.
Қазақ хандары жанында әдетте сарайдағы бөлінген басқару аппараты болған жоқ, соған орай хандық биліктің жеке саласымен арнайы қойылған адамдар айналысатын салалық немесе функционалдық басқару болған жоқ. Хан айналасындағы оның отбасы және басқа фамилиялық тармақтардың жақын сұлтандар, ерікті қызметшілер-төлеңгіттер болды. Олар әртүрлі тапсырмаларды орындап, ханның жақын көмекшісі және қызметшісі болды. Олардың арасынан хандық сот шешімдерін таратушы және орындаушы шабармандар шықты.
Хан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz