Балдырған сатысының мүшелерінің ұраны


“Болашақ”
ерікті оқушылар ұйымының ережесі.
“Болашақ” ерікті оқушылар ұйымының ережесі.
Жастардың білім, білік, дағд
ыларын қоғамдық іске бейімдейтін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, қоғамдық ұйымдардың бірі - “Болашақ” балалар ерікті ұйымы. Бұл ұйым ережесін Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясының этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі лабораториясы қызметкерлері даярлаған.
“Болашақ”атты ерікті оқушылар ұйымы мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі, өсиетті, бизнесті сүйетін, жан-жақты жетілген, іскер азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым.
Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді.
Ұйымның басты міндеті - оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді қайраткер етіп шығару. Сөйтіп оқушы жастардың шығармашылық іс-әрекеттерін жеке бастыњ қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге саяси көзқарастарын қалыптастырып, өмірге белсенді түрде араласуға, Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді. Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп, демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады. Сөйтіп бүгінгі оқушы жастардан келешек бизнесмендердің, өндіріс басшыларының, халық депутаттарының әскери және саяси қоғам қайраткерлерінің шығуына мүмкіндік туғызады.
“Болашақ” оқушылар мүшелерінің міндеттер мен құқығы
“Болашақ” оқушылар ұйымына ерікті түрде мүше болам деп тілек білдіруші ұйымның жарғысын мойындайтын және оны мүлтіксіз орындайтын, егемен еліміздің дамуына өз үлесін қосуға даяр, тәртіпті және сабақты толық үлгеретін 6 жаспен 17 аралығындағы 1-11 сынып оқушылары өз еркімен мүше бола алады.
Ұйымға мүшелікке қабылдау жыл ішінде 2 рет өтеді. 1-ші Қазақстан Республикасының құрылған күні - 25 қазан, 2-ші жыл басы - 22 наурыз.
Ұйым мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (туын, ән ұранын, ел таңбасын) құрметтеу және оны қорғауды міндетім деп санауы;
- Ұлттық тарих пен өнерді, сондай-ақ әлемдік өркениеттік мәндениетті, ғылым білімді жан-жақты оқып меңгеруге және оны күнделікті өмірде қолдана білуге дағдылануы, компьютерлік техниканы меңгеруі;
- Мемлекеттік қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас тілін (орыс тілін) оқып үйреніп меңгеруі;
- Нарықтық қатынас талабына байланысты бір шетел тілін оқып үйренуі;
- Спортпен күнделікті шұғылданып, темекі, анаша тарту, дөрекілік мінез көрсету сияқты жат қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір сүру үшін күресе білуі;
- Отанның, туған жердің байлығы мен табиғатын сақтауға, тарихи ескерткіштерді қорғауға және оны байытуға белсенді ат салысып үлес қосуы;
- Жеке басы мәдениеттілігін, әдептілік пен кішіпейілдікті сақтауы, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздарын, үлкендерді құрметтеуі, қоғамды ізгілендіру үрдісіне өз үлесін қосуы;
- Оқуда, қоғамдық істе, еңбекті үлгілі көрсетуі, қоғам мүлкін сақтауы, тәртіпті, өнегелі болуы:
- Болашақ мамандықты игеруге, бизнеспен айналысуға, күнделікті тұрмыста үнемшілдік заңдылығын сақтауға бейімделу;
- Жергілікті жердің өнер қайраткерлерімен (әнші, күйші, сазгер, ақын, журналист, жазушы, ұста, зергер, өнер шеберлері т. б. ) соғыс және еңбек ардагерлермен, спорт шеберлермен кездесіп, туған елдің, өнер мен еңбектің өткені, бүгінгі және болашақ жайында әңгімелесіп, тарихын жинауы және оны жақсы білуі;
- өз халқын және туысқан халықтарды құрметтеу, олардың тарихын, өнерін, салт-дәстүрін үйренуі;
- қарттар, кемтар, ауру адамдарды қамқорлыққа алып, өз көмегін көрсету, сондай-ақ өзінен жасы кіші іні, қарындас, сіңілілеріне қамқорлық жасауы.
Ұйым мүшелерінің құқығы:
- “Болашақ” оқушылар ұйымына әр оқушының мүше болу, я болмауы өз еркінде. Егер ұйымның жұмысы оқушының талап-талғамын толық қанағаттандырмаса, онда мүшеліктен кез-келген уақытта бас тартуға ерікті.
- Оқушы “Болашақ” оқушылар ұйымының бірінші сатысына мүше болмаған жағдайда екінші сатысына бірден мүше бола алады.
- Ұйымның басқару ісіне белсене қатынасуға, оның басқару органдарын сайлауға және сайлануға ерікті.
- Ұйымның жиындарына қатынасып, өз пікірін білдіруге және ұйым мүшелерінің көпшілігі мақұлдап қабылданған шешімдерді іске асыруға ерікті.
- Өзінің тілек-пікірін, ұсыныстарын ұйымның басқару органдарына ауызша немесе жазбаша хабарлауға ерікті.
- Ұйым мүшелері өзі сүйген спорттың немесе көркемөнер түрлерінің шығармашылық бағыттарына қатынасып, өз бойындағы таланты мен іскерлік қабілетін көрсете алады;
- Оқушы сабақты толық үлгеретін болса және өзі қаласа шығармашылық бағыттың 2-3 түріне қатысуға ерікті.
“Болашақ” оқушылар бастауыш ұйымының ұйымдастыру тәртібі:
“Болашақ” атты ерікті ұйымның құрылымы 3 сатыдан тұрады.
1-саты: 1-4 сынып оқушыларын қамтитын “Балдырған” атты саты. Оған 6-9 жас аралығындағы оқушылар;
2-саты: 5-9 сынып оқушыларын қамтитын “Ұлан” атты саты. Оған 10-15 жас аралығындағы оқушылар;
3-саты: 10-11 сынып оқушыларын қамтитын “Мұрагер” атты саты. Оған 16-17 жас аралығындағы оқушылар ене алады.
“Болашақ” оқушылар ұйымының арнайы туы және әнұраны болады. Оқушылар ұйымының жалауы - көк ту.
«Болашақ” оқушылар ұйымының әнұраны: “Менің Қазақстаным”. (Сөзі Ж. Нәжімеденовтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі)
Әр саты мүшелері тағатын төсбелгілері бар.
“Болашақ” оқушылар ұйымының “Балдырған”, “Ұлан”, “Мұрагер” атты сатыларын әр сыныптың белсенді, іскер оқушыларынан сайланған 5-7 адамнан тұратын комитет басқарады.
Ал, “Болашақ” оқушылар ұйымын ұйымдастыру жұмыстарын әр сынып оқушыларынан іріктеліп сайланған президиум басқарады. Президиум құрамы 9-15 адам аралығында болады.
Оған оқушылармен қоса мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тәлімгер сынып жетекшілері және ата-аналар комитетінің өкілдері енуі мүмкін.
“Болашақ”оқушылар ұйымына кіретін мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері мен қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, “Асыл мұра”, “Ерлік”, “Ізденіс”, “Достық”, “Ұшқын”, ” “Домбыра дастан”, “Бизнес”, “Ерлік”, “Сымбат”, ” “Өсиет”, “Ізгілік” шығармашылық бағыттары құрылады.
Әрбір бағыттарын басқаратын қоғамдық жұмысқа икемділігі бар, ұйымдастыру қабілеті жоғары 5-7 адамнан басқарма құрамы сайланады. Қай бағытты таңдап алуы ұйым мүшесінің еркінде. Сонымен қатар, әр бағыттың мазмұны аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Тәлімгерлердің, ұйымдастырушының және топ жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне байланысты іске асырылады.
“Балдырған” сатысының ережесі
Балдырған сатысы бастауыш мектеп оқушыларының басын біріктіретін қоғамдық ұйым. Ұйымдағы тәрбие жұмысы отбасымен, шығармашылық бірлестіктермен, дене шынықтыру, өнер үйірмелерімен және басқа да ұйымдармен бірлесе отырып іске асырылады.
“Балдырған” сатысыныњ мақсаты:
Бастауыш мектеп оқушыларының басын біріктіріп жүйелі және үздіксіз тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаға, ата-анасына, туған-туыстарына, достарына, ұстаздарына және басқа ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздан нәр алған саналы оқушыны тәрбиелеу.
“Балдырған” сатысының міндеттері
- Отанға, туған елге, тілге, ұлттық рәміздерге деген құрметті қалыптастыру.
- Ата-ананы құрметтейді, көмектеседі, сыйлайды.
- Қоршаған ортаны аялайды, күтеді, гүлдендіреді.
- Алдыңғы қатарлы оқушы болуға ұмтылады.
- Жасына сай білімді тиянақты меңгереді.
- Жас және дене ерекшеліктеріне сай еңбекпен айналысады, денесін шынықтырады, дамытады.
Аталған міндеттерді және 1-4 класс оқушыларына арналған ережелерді орындауға тырысатын оқушылар “Балдырған” сатысына мүше бола алады. “Балдырған” сатысына мүше болып кіру оқушының өз еркіне байланысты. Оқушыны “Балдырған” сатысына қабылдап алу комитет мүшелері, бастауыш класс мұғалімі, топ жетекшілері және “Балдырған” сатысының мүшелерінің бірлесе отырып шешкен шешіміне байланысты жүзеге асады.
“Балдырған” сатысының мүшелерінің ұраны:
“Шыншыл, әділ боламыз!”
Топта 5 оқуышыдан жоғары ұйымға кіруге тілек білдірсе, “Балдырған” сатысы құрылуға тиісті.
“Ұлан” сатысының ережесі
Ұлан сатысы 5-9 класс оқушыларының іс-әрекетін біріктіретін оқушылар ұйымы. Ұлан сатысының қызметі “Балдырған”, “Мұрагер” сатыларының қызметімен байланысты.
Ұлан сатысының мақсаты: ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты оқушы санасына сіңіре отырып, шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы білімді, тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыру.
„Ұлан” сатысы мүшелері міндеттері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz