Бір жасар балалардың денесінің дамуы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Пәні: Дене шынықтыру
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Бір жасар балалардың денесінің дамуы
Орындаған: 4аКДО тобының студенті Есимова А.И.
Тапсырылған күні ... ... ... ... ... ... . Тексерген:
Оқытушы: Калмурзина Ы.С.
Бағасы: ... ... ... ... (қолы)
Күні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Орал 2014 ж
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бір жастағы балалардың дене дамуы мен дене дайындығы
2. Баланың қозғалыс-тірек жүйесі
3. 1 жасар баланың дене дамуының морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері
3. Дене бітімі дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, -- десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, -- деген екен.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.

Балалардың дене қозғалыстары арқылы қимыл-қозғалыс шеберліктері қалыптасады, негізгі жан-жақты қасиеттері дамиды. Ғалымдардың дәлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - балалардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы-гигиеналық, дәрігерлік-қоғамдық көрсеткіш болып табылады. Ғылыми-зеттеулердің нәтижелері бойынша, баланың бойы орташа көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұрақты дәрігерлік бақылаудан өткізіп, ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады. Салмағы орта көрсеткіштерден артық болса оның ағзасында функционалдық өзгерістер, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысы нашар болуы мүмкін деп есептеледі. Осы жағдайларды сабақ кездерінде жүктемелер бергенде ескеру қажет.
Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалардың жүйке жүйелерінің қозу үрдісі тез болады, олар ашуланса көп уақыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық әсерлер көп пайда болатын кездерде, ондай балаларды көбірек тынықтыруға тырысуы керек. Салмақтары өте аз балаларға тыныс алу, демалу кеуде бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады.
Балалар денесінің даму көрсеткіштері олардың дене көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Денелері дұрыс дамыған балалардың көбінесе дене қуаты көрсеткіштері де жақсы болады.
Биологиялық белгілеріне байланысты мектепке дейінгі балалардың жастары мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Жаңа туған сәби - алғашқы 1 айға дейінгі уақыты.
2. Емшектегі сәби - 1 айдан 1 жасқа дейінгі уақыт.
3. Балбөбек немесе ясли жасы кезеңі - 1 жастан 4 жасқа дейінгі уақыт.
4. Мектепке дейінгі кезең - 4 жастан 7 жасқа дейінгі уақыт.
Балалардың ағзасы осы сәби және мектепке дейінгі кезеңде үнемі өсіп, дамуда болады. Ағзадағы клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Өсумен қатар ағзадағы даму үрдісі жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Ағзаның дамуы екі түрлі болады: дене дамуы және функциялық даму.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.
Дене дамуының көрсеткіштері: адамның бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т.с.с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері дене мүшелерінің атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жүректің жұмыс жасауы дамуын анықтау үшін қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, жүктеме бергеннен кейінгі қалпына келу уақытын өлшейді.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамдап, бірде баяулайды. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: баланың бойы қыста нашар, жазда тез, күндіз аз, түнде көбірек өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохондылығы дейді (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт).
Сәби және мектепке дейінгі жас кезеңінде бала ағзасы тез өседі, дамиды. Оның бойы, салмағы өте тез қарқында өсіп дами бастайды.
1-кесте. Сәби және мектепке дейінгі жастардағы балалардың дене салмағы мен бойларының өсуінің орташа көрсеткіштері (Ю.Ф. Замановскийдің деректері бойынша, 1989)
Жастары
Салмақтары, кг
Бойлары, см
Ұлдар
Қыздар
Ұлдар
Қыздар
1
10,0-11,5
9,1-10,8
73-79
72-77
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының, көлемінің бір-біріне арақатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады. 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктердің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды.
2. Баланың қозғалыс-тірек жүйесі
Кеңістікте қимылдап жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни қозғалыс-тірек аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (склет) - екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғаламалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б.) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды.
Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген, олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен, олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін. Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау, адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз ету.
Адамның қимыл-қозғалысына ет пен сүйектен басқа қозғалыс-тірек жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар бір жасқа таман біріге бастайды. Омыртқа аралығында буындардың шеміршектері қалың және серпінді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады. 1 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді. Омыртқааралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөздік, құймышақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып тұрады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаю), лордоз, кифоз т.б. өзгерістері пайда болады. Лордоз ( лат. Лордоз - алға қисаю, иілу), кифоз (лат. Кифоз - артқа қарай иілу, қисаю). Мысалы, өте жылдам 8-12 м сек жылдамдықпен қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымданады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды.
Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіру, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, мешел ауруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табан жағдайында баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап, аяқ тез шаршайды. Жалаңаяқ жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары, дене жаттығулары жалпақ табандылықтың алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.
Бала туғаннан үш жасқа дейінгі жас кезінде баланың жүйке-бұлшық ет аппаратының аздап қозуы мен лабильділігі байқалады, бұлшық еттері әлі әлсіз болады. Бұлшық еттердің қызметі, негізгі қасиеті - жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы бұлшық ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Бұлшық еттердің өсіп, жетілуі әр түрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ етері дамып, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектену мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды.
Баланың қимыл, қозғалысы. Жаңа туған нәресте денесінің аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ ол дұрыс үйлеспеген еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдар баланың 2-3 айлығында көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру және қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп, орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші белгі жүйесінің дамуы қозғалысты реттейтін жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдар қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Қозғалыстың дамуы қозғалыс-тірек жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Баланың дамуына қимыл, қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимылына, ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысы адамның қозғалыс белсенділігі деп аталады. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене тәрбиесі жаттығулары, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі әр түрлі қозғалыстар, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор.
3. 1 жасар баланың дене дамуының
морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері
мектепке дейінгі балалардың жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 2-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
2-кесте - Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі
Жасы
Жүрегінің соғу жиілігі, ретминут
Қанның систоликалық
көлемі, мл
Жаңа туған
120-168
2,5
1-2 ай
132-171
-
6 ай
120-150
-
1 жас
103-150
10,0
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа.
3. Дене бітімі дамуын зерттеу және бағалау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz