Тоған шаруашылығы


Балықтардың көбеюі және дамуы
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Тоған шаруашылығы
2. 1 Балық шаруашылығы құрылысы үшін учаске таңдау
2. 2 Жылы су және салқын су шаруашылықтарында балықты көбейту
2. 3 Толық жүйелі тоған шаруашылығындағы
өндірістік процесстер
2. 4 Тоғандарды тыңайту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Елбасы Н. А. Назарбаев әр уақытта халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел экономикасының қарқынды дамуына баса назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, балық шаруашылығының ел экономикасының дамуына, халықты жоғары сапалы, құнды әрі сіңімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосатын үлесі жоғары.
Еліміздегі өзендер мен көлдердің суын ауыл шаруашылығында пайдалану балықтардың өсуіне кері әсер етіп, жас балық етіне сұранысты қанағаттандыра алмауы тоған балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығын арттыра түсті. Бұл шаруашылықтың артықшылығы олар елді-мекендерге, әсіресе үлкен қалаларға жақын орналасқандықтан тұрғындарды жаңа ауланған балық етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және оларды елді-мекендерге жеткізу теңіздер мен өзен-көл, мұхиттардан ауланған балықтарды тасымалдауға қарағанда бірнеше есе арзанға түседі. Сонымен қатар тоғандардан ауланған балықтардың сапасы жоғары келеді.
Тоған балық шаруашылығына өнімдерін арттыруда оларға жұмсалатын шығындарды төмендету арқылы бұл шаруашылықтың өнімінің құнын арзандатуда, оның сапасын жақсартуда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе.
Қазіргі кезде тоған балық шаруашылығында қолданылып жүрген өндірістік шығындар есебі мен оларды ішкі бақылау жүйесі осындай ұйымдарды басқарудың қазіргі талаптарына сай келмейді. Өндірістік шығындардың аналитикалық есебі, артық шығындардың пайда болу көздерін уақытылы анықтау мен оларды төмендету жолдары өз дәрежесінде қарастырылмаған. Тоған балық шаруашылығында үстеме шығындары есебі де жұмыс түрлері бойынша емес, бүкіл шаруашылық бойынша жүргізіледі. Бұл жеке тоғандар жұмысының нәтижесін дәл анықтауға мүмкіндік бермей, жекелеген жұмыс түрлерінің өзіндік құнын шынайы есептеуді қиындатады. Сондай - ақ, балық питомниктеріндегі шабақ өсіру шығындарының есебі бұрын соңды қаралмаған.
Соңғы уақытта республикада теңіз бен өзен-көлдердегі балықтардың азаюы себепті тоған балық шаруашылығын дамытудың маңызының артуына байланысты осы шаруашылықтардың бүкіл өндірістік ресурстарын тиімді басқару үшін ішкі бақылау жүйесін тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы зор. Осыған қарамастан, ішкі бақылау жүйесіне қазіргі уақытта шаруашылық әкімшілігі мен қызметкерлері тарапынан тиісті көңіл бөлінбей отыр, ал ішкі аудит әдістемесі жоқтың қасы.
Тоғандағы балықты өсіруге кететін шығындарды үнемдеудің бір жолы - өндірістік шығын есебі мен оны бақылауды оңтайлы ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан да тоған балық шаруашылығында өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін тоған өнімінің өзіндік құнының қалыптасуы және есептеу тәртібін зерттеу, ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру, өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың есебі мен ішкі аудитін одан әрі жетілдіру, жеке балық питомниктеріндегі шабақ өсіруге байланысты шығындар есебін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.
ІІ. Негізгі бөлім
Тоған шаруашылығы
Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т. б. ) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады. [2]
Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1, 7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел тасымалдауының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.
Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің - Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер) . Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.
Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру - марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіре Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді.
Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ұсақ көлдер мен өзендерді есепке алмағанның өзінде судың алып жатқан ауданы шамамен 394, 3 млн. шаршы километр деп есептелінеді. Осы судың 361 миллион шаршы километрге жуығын мұхиттар алып жатыр.
Теңіз бен мухит суларында көптеген балықтар мен судағы ірі хайуанаттар тіршілік етеді, олардың көпшілігі адам үшін пайдалы азық ретінде қолданылады, сонымен қатар зиянды да түрлері көп.
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең кеңінен тарағаны балықтар, кейінгі деректер бойынша балықтар түрінің саны 2-ға жуық деп есептелінеді. Балықтар түрі өте көп, сан алуан. Олар мухит, теңіз, өзен, бұлақ, су қоймалары үңгірлерінде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында тіршілік етеді.
Біздің республикамызда жалпы көлемі 7 млн гектардан астам үлкенді- кішілі көлдер көп.
Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т. б. ) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады. [2]
Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1, 7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел экспортының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.
Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің - Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер) . Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.
Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру - марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіреді.
Балықты табиғи жолмен көбейту, өсіру биотехнологиясы
Балық шаруашылығында әртүрлі шаруашылықтарда жүргізіледі. Көлде балық өсіруімен жылу электр станцияларында, аквариумда әсіресе шаруашылықтар. Тоған-қолдан жасалған су көзі. Балық табиғи жолмен тоғандарда көбейтеді. Балықты көбейту кең тараған. Тоған балықтарының көбеюіне жағдай жасалған барлық балық өсіретін шаруашылықтарда олар көп. Балық шаруашылығында тоғандарды қолдау мақсатына байланысты 6 топқа бөледі.
1) бас тоған-тұндырушы, жылытқыш.
2) өндіріс тоғандар-балық өсіру үшін балық уылдырық шашатын тоған, құртшабақ өсіретін тоған, шабақ өсіретін тоған.
3) қыстама тоған
4) жайылымдық - көлемі үлкен 100гектар
5) аталық, аналық ұсталатын тоған санитарлық тоғандар.
6) қосалқы тоған(қосарлы тоған)
Өзен суының біршама жылы болуына жылыту қызметін атқарады. Оның асты таза болу керек.
Тоған қоршау-қосалқы ауланған балықтарды ұстайтын тоған. Балық өсірген шаруашылықтарда гидротехникалық суды реттейтін жұмыс жасайды. Оған қоршау платина жатады.
Тоған шаруашылықтарында өнім өндіру-тоған шаруашылығында балық өсіру үрдісі.
1) аталық, аналық ұйымдарды құру.
2) шабақтары тауарлық балық өсіру
Тоғандарда көбінесе тұқылар өсіріледі. Толық балық шаруашылықтарын тиімді сапалы балықтардың ұйымдастыруын құруға толық қанды түріне тұқымдастық түріне байланысты орындардың басатын шабақтар оларды ұстаудың өсірудің де қатысы бар. Аталық пен аналық балықтардың үйірлерінің негізінен арнайы іріктеп алынған балықтар және 1-2жылдық балықтар құрайды. Аталықтар мен аналық балықтар үнемі жыныстық жетілген олар алмастырып отырады.
Тұқы балықтардың өнімдерін алу үшін 5-6 балықтар пайда болады.
Аталық балықтар жыныс жағынан ерте жүргізіледі.
20ж 25%, балық жанарып отырады үйірлері орнын жас балық толтырып отырады. Тұрқы балықтарда тоғандарда тығыздығын 150-200 аталық ұсталады. Салмақ қосуды да қадағалап отырады.
Тасымалдау: Құрт шабақтарды аулағанда торының үлкендігі 1-1, 5 мм капронмен сүзіп алады. Аулап болған соң белгілі бір көлемде ыдысқа қанша май шабақ сиатынын қарап, санап сөйтіп ыдысқа сонша мөлшерде салып санай береді. 5 сағаттық жолға тасымалданғанда арнайы полиэтилендік пакеттер пайдаланылады. Арнайы пакеттерде оттегі 6-12 болу керек. Ұзақ жолға тасымалдаса аз мөлшерде салады, жақын жерге тасымалданса көбірек салады. 24 сағаттық жерге тасымалдағанда 1 полиэтилен пакетке 15 мың шабақ сияды. Судың температурасы 16 градус болу керек.
2. 1 Балық шаруашылығы құрылысы үшін учаске таңдау
Балық өсіру - балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру - өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т. б. ) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т. б. ) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т. б. ) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т. б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т. б. ) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т. б. ) бар.
Ихтиофауна. Биологиялық өнімнің басым көпшілігі су қоймаларында қалыптасады, ал өзендер балық қорын молықтыруда біршама роль атқарады. Бұл орайда Жоғарғы-Ертіс алабы бөлектенген су тоғандарының қосындысы емес, біртұтас, макроэкожүйені құрайды. Сондықтан алаптың жекелеген бөліктерінде биоценоздардың байланыстығы туралы, олардың арасындағы генофондтық алмасу мүмкіндігі туралы мәселе өте маңызды болып саналады. Кестеде бірқатар су тоғандарындағы ихтиофаунаның құрамы көрсетілген, бұл орайда өзендерде биоәртүрліліктің көбірек екені байқалады. Өзендердегі ихтиоценоздардың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді, акклиматизанттар мұнда су қоймасындағыларға қарағанда аборигендерден басымдылығы артық.
Қазіргі кезде балық қорын қорғау және пайдалану оңтайлы емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6, 0-9, 0 мың тонна балық, Шүлбіде - 100-360 тонна, Алакөл көлінде - 200 тонна, Ертіс өзенінде - 5-15 тонна, облыстың көлдерінде - 10-15 тонна балық ауланады.
Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су тоғандары бойынша 2005 жылғы балық аулау 9098, 895 тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген ҚР 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында 2007-2009 жылдардағы кезеңге қойылған негізгі міндеттердің бірі “ . . . табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа да бейімделген шаруашылықтардың разрядына және олардың пайдалануға қосу режимін ауыстыру, сондай-ақ тауарлы балық шаруашылығын құру және дамыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу (тоғандық, алаптық, тұйықталған жүйелерде және басқалары) . . . ”.
Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында өткен кезеңдегі республикадағы балық шаруашылығының жай-күйіне ретроспективалық талдау жасалады, дәлірек айтсақ, тауарлы балық шаруашылығы туралы мәселе қозғалды “ . . . өткен жүз жылдықтың 90 жылдары табысты дамыған . . . Бейімделген су тоғандарында бір, екі, үш жастағы тауарлы балық өсірілген. 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін тауарлы балық өндіру 0, 6 мың тоннадан 9, 8 мың тоннаға дейін өсті немесе 14, 2 есеге дейін артты. Тауарлы балықты осылайша өсірудің қарқыны бұрынғы Одақтың бір де бір республикасында болған жоқ . . . ”. 1985-1991 жылдары Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-көлді балық шаруашылықтарын құру бойынша жұмыстар бейімделген су тоғандарында жүргізілді, оларға облыстың 18-20 көлі мен шағын су тоғандары пайдаланылды (Сібе, Балықтыкөл, Мариновка, Олемба, Совхозное, Шыбындыкөл және басқа да көлдер, Каменка, Шар, Тайынты су тоғандары) . Табанбалықтың осы жылғысы, көкшұбар балық (рипус) личинка кезінде жіберілген. Нәтижесінде көпшілік су тоғандарында өздігінен ұдайы өндірілетін үйірлер қалыптастырылды (Шалқар, Ақ Мектеп көлдеріндегі рипус; Балықтыкөл, Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай су қоймалары мен көлдеріндегі табанбалық), не болмаса ұдайы өнбейтін шағын үйірлерге (Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай көлдеріндегі ақ амур мен дөңмаңдай балық) айналды. 1990 жылдың басында балықтандыру мен енгізілген балықтарды азықтандыру бойынша жұмыстар тоқтағаннан кейін көптеген су тоғандарындағы балықтардың ауланудың және табиғи өлуінің барысында құнды түрлері жойылып кетті, ал табиғатқа бейімделген басқа дарақтар өсу қарқыны төмен рипус пен табанбалықтың аздаған жерлігікті үйірлеріне ауысты.
2. 2 Жылы су және салқын су шаруашылықтарында балықты көбейту
Жылу сүйгіш балықтардың тұқымдарын өсіру биотехнологиясы. Тұқы тұқымды олар жылы суларда көбейеді, өсіп-өнуге бейімделген. Дөң маңдай сазан табан балық. Балық поликультура және бір балықтын түріне емес бірнеше балық түріне өсіреді. Тұқы тұқымдас оларды қолдан көбейетінін білеміз олардан құртшабақтар алынады. Осы құртшабақты өсіру биотехнологиясы бар латоктарда өсіру арнайы тоғандарда тоғандық, заводтық әдістермен өсіре береді. Инкубациядан шыққан құрттар арнайы әйнек пластинкаларға ауыстырылады. Бұл астаудан белгілі деңгейде суды ұстап тұратын қондырғылар бар. Олардың көлемі 1, 6м 320мың шабақ өсіруге болады. Шабақ қаншаға дейін өсірілгені есептелінеді. 26-30 градуста болады 7-8мг болу керек. Су ауыстырылып отырады, әртүрлі қажетке байланысты 10-20мг дейін өсірілуі мүмкін. Судағы оттегі мөлшерін есептеп отырады. Олардың салмағы 7-8 мг жететін зоопарк, эквизо деген бар. Эквизолардың түріні астауларда құртшаабақтарды сүзіп санап шабақ өсіретін астауларда 25-27 градус, 26-28градуста өсірсе 20 мг жетеді. Шабақ өсіретін тоғандарға тасымалдайды.
Майшабақты өсіру биотехнологиясы-аумағы 1 гектарға дейін аумағы 100былай, сумен толады тез толады да 12 сағатта ол бітеді. Тоғандарды дайындағанда міндетті түрде тырмалайды көбіне бұндай тоғандарды 1 жаз пайдаланып, 1 жаз пайдаланбай отырады. Сүзгіден өткізеді су бүргесі күніне 5-6 шабақ кейде тіпті оларды жою үшін жоғарғы спирт шашады. Тыныс алатын дәрнәсілдер жабысып қалады. Жоғарғы майлы спирт бар, тыныс алуға кедергі жасайды 16-20гр болу керек. Ал тасымалданатын судын температурасы сәйкес келу керек. Бірден шығын болуы мүмкін. 1кг -1млн дара шабақ жіберуге болады. Судың температурасы 10градус та болу керек. Күн жылынған соң әр аймақта әр түрлі. Мұнда да оттегін қадағалап отырады. 50% дейін өнімі төмендейді. 2 мл болса 80%өнімі төмендейді. Зоопланктондардың мөлшері төмендеп отырады, оларға минералды тыңайтқыштар себеді. Майда шабақ тоғандарда 11-15кг болады, солтүстік аудандарда 25 күн оларды санап жібереді.
1жылдық шабақ балықты өсіретін тоғандарға жібереді. Бұл үлкен тоған бірнеше ондаған гектар жіберетін балық санына байланысты. Ең кіші 20-30 күн. Механикалық қалдықтардан сортан топырақтан кермек суды бейтараптайды. Органикалық тыңайтқыш көң себуге болады. 2000 шабақ 1 астау Капрон сүзгі арқылы размерлері бар. Қоқыстарды бақа, шаяндарды ұстап қалады. Тыңайтқыш себіп отырады. Тоғандарды тексеріп қарап отырады. Оларды арнайы тоғандарда өсіріп отырады 30-35% сақталады. Ірі шабақтарда тірі азықты олардың жіберілуі 80% оларды алдын ала жіберіп қояды. Судың толық зертханалық анамнезі жасалып отырады. Күкіртті сутегі мөлшері оттегін көп алып қояды, судағы оттегін көп алып қояды. Кейбір шаруашылықтарда күзде балықтарды сатып жібереді. Балықтың күйі денесінің ұлпалардың химиялық құрамы тексеріледі. Олардың салмағы 25-30гр-дай болады. Бұл салмаққа жетпесе қыстамай қалады 15гр болса 10гр өліп қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz