Балалардың бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

«Баланы тәрбиелеу мен жан-жақты дамытудағы бейнелеу іс-әрекетінің дамуы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу әрекеттерін дамыту

2 Бейнелеу әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту

3 Бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруге арналған ойындар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.

Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

1. Балалардың бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.

Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36, 5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1, 2, 3] . Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды [4, 5, 6] .

Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен [7] . Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан - жақты дамуында маңыздылығы басым.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» [8] .

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ [9] . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

2 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр. Қабілеттілік пен шығармашылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. «Шығармашылық» ұғымының философиялық мазмұнына тоқталайық. Антикалық философияда шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл дәуірде шығармашылық - көркем шығармашылық тұрғысында қарастырылады, өнер иесі мен көркем өнер иесіне деген қызығушылық пен жеке басқа табынушылық пайда болады.

И. Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен субъективтілігіне тікелей қатысты адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық тұжырымдамаларының ішіндегі ең белгілісі - интуитизм бағытында берілген А. Бергсон тұжырымдамасы. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы) .

Экзистенциализм тұсында шығармашылықтың бастауы - еркіндік бастамасы ретінде ғана қарастырылады, тұлғаның әлеуметтік және табиғи әлем аясынан мақсатты түрде шығуы.

ХХ ғасырдағы прагматизм, инструментализм секілді философиялық бағыттарда шығармашылық берілген жағдайға сәйкес мақсатты шешу жолындағы ізденіс нәтижесі, өнер табу болып есептелінеді.

Шығармашылықтың қозғаушы күші - қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны - қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру - шығармашылықтың мақсаты.

Шығармашылықтың - тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі - жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С. С. Гольдендрихт пен Л. А. Пьянова атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту. Сонымен, шығармашылық - адамның әлеуметтік күші арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылатын жаңартушы және жалпы мәдени-тарихи өзіндік іс-әрекет.

Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі - бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс. Ғылымдағы гуманистік бағыт адамның шығармашыл табиғатына деген үміткер сенімімен және бірқатар детерминант: шығармашыл тұлғаға деген қоғамның өсіп келе жатқан сұранысы, жаңа ғылыми технологиялардың өсуі - креативтік саласындағы зерттеулерге жаңа қарқын берді. Дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту адамның шығармашыл дамуының моделін құрауда шығармашыл дарындылық психологиясының жаңа шектері, талант пен дарындылықты зерттеу мәселесіне бірқатар ғалымдардың қызығушылығын (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулле, К. Тейлор, Е. Торренс) оятты.

А. В. Морозов, Р. М. Голубчик т. б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:

- шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.

- шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.

- адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;

- шығармашылық нәтиже түрі сан алуан.

Шығармашылық дегеніміз - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

3. Бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруге арналған ойындар

Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдыменен заттардың шама жағынан қатынастарының, пішіндерінің, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын тапсырмаларды орындауға, заттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Сондықтан баланың қабылдауын дамыту үшін бақылау жасату, қарап көру, салыстыру, теңестіру, өзгерістерді байқауға бейімдеу т. б. әдістерді қолдануға болады. Ол сурет бойынша немесе табиғаттағы қалыпты жағдайдағы заттар, құбылыстар болуы мүмкін.

Сондай-ақ балалардың бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін, төмендегідей ойын жаттығулары мен қарапайым тапсырмаларды орындауға болады.

I. «Көкөністер».

Мақсаты: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу.

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әр балаға көкөніс суреті таратылады. Әрқайсысы өзіндегі бар көкөністің атын атайды. Тәрбиеші кез-келген көкөністің атын айтқан кезде сол көкөністің суретін ұстаған бала ортаға жүгіріп шығады. Ойыншы ұсталып қалмас үшін кез-келген көкөністің атын атауы қажет. Өзіндегі бар көкөністің атын естіген бала ортаға жүгіріп шығады.

Енді осы көкеністі ойынша суретін салады, кейін пластелинмен жасайды

II. «Жұмбақ суреттер».

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, зейінін, сөйлеу белсенділігін дамыту.

Балаларға заттық суреттерді таңдап алуды ұсыну. Өзі таңдаған суреттегі заттың атын қатысушыларға атамай жұмбақ түрінде жасырып сипаттап беруін сұрау. Қатысушылар жасырылған суреттің не зат екенін табуы шарт.

Екінші тапсырмасы: сол суреттегі затты мүсіндеу керек және мүсін жасауда бір элементін қалдырып қою. Оны басқа балалар анықтауы шарт.

III. Кескінделген заттардың жеткіліксіз бөліктерін толықтыр.

Жауап: Кескінделген заттардың жеткіліксіз бөліктерін бала анықтап қарайды да оны карандашпен немесе фломастермен толықтырып суретін салады.

IV. Тапсырма «Нүктелерден сурет шығар».

Нүктелерді қос. Кескінделген нәрселерді ата.

Жауап: Берілген суреттерді өздері үстінен сызып салып, оны бояйды.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде естің жедел дамиды. Баланы мектепке дайындауда есте сақтау қабілетін дамытудың маңызы зор. Олар көптеген ақпараттарды есте сақтай алады. Бала есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп меңгере бастайды. Баланың есте сақтау қабілетін анықтауға төмендегі тапсырмаларды орындауға болады.

V. Тапсырма «Екі бақа».

Екі бақаның ұқсастығы мен айырмашылығын ата.

Жауап: Бала суреттерді мұқият қарап олардың айырмашылығын, ұқсастығын ажыратуға зейінін аудартады. Олардың киімінің ерекшелігі, түр-түсі, қимыл-қозғалысы т. б. нақты көңіл бөлу ұсынылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларында коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz