Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Облыстық білім беру басқармасы

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру»

Пәні: «Тіл дамыту»

Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу»

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3 ж КДО топ студенті

Кусаналиева У. К.

Тапсырылған күні:

Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А. Б.

Бағасы: қолы:

Орал, 2016

Жоспары

Кіріспе

1. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі

2 Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем әдебиетпен

таныстырудың барысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Кіріспе

Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп, 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды іске асыруда [1] . Балабақшада білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның кешелекте білім алуы нәтижелі болады. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы-бастауышқа дейінгі білім беру) баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр. Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:

- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады [2] . Осы орайда, мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін жүзеге асырар саяси-әлеуметтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын түбегейлі жақсарту мақсатында Б. Баймұратқызы мен М. Сәтімбекованың басшылығымен қазақ балабақшаларына арналған ұлттық төл «Балбөбек» бағдарламасы дайындалған және осы жүйеде тәлім-тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарлама ең алдымен баланың дене және эмоционалдық саулығын нығайту, дара ерекшелігін дамыту, өз бетімен білім алудың жолдарын игеру үшін жағдай туғызуға бағытталған. «Балбөбек» бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне орай көркем шығармалар шамамен іріктеліп, ұсынылды. Балалардың жасына лайықты көркем шығармаларды оқып беру, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетіп айтқызу, мақал - мәтел оқу, жұмбақ жасыру жүйелері қарастырылған.

Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде бұл шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне айтқызады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамытады. Көркем шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса тіл дамытуға берілген білімдермен іске асырылады, ал, жұмбақ шешу мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн, мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейді.

.

1. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кенейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс. Әрбір бөбектің күнделікті іс - әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата - анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме - ертегілер, мақал - мәтелдер баланың әдет -дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата - анаға, айналасындағы үлкен - кішіге, ата - әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділікке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата - баба мұрасынан бізге жеткен тілек бата, өнеге - өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн. Психологтардың дәлелдеуінше балалар, оқиғаның басталу, даму процесіне, оның себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер міңездерінің әр түрлі іс -әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қортынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.

Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерің, оның себептерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды көркемде түсінікті түрде сурттеп беретін шығарма баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулиды. Оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастырады. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Бар жақсысын баласынан аямаған халқымыз баланы сылаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңдіре білген. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа, ізеттілікке, жомартыққа, әсемдік, сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді. Халық даналағы: санамақтар, мақал - мәтелдер, жанылтпаштар, жұмбақтар, баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелердің қай - қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізеді. Тіліне үйіріліп, еріксіз еліктіреді. Өткені, ауыз әдибиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігі, арман - мүддесінен туындаған.

Педагог - жазушы Ы. Алтынсариннің қаламынан туындаған қысқа әңгімелер, мысалдарының мектепке дейінгі тәрбиеде маңызы зор. 3 - 4 жасқа дейінгі балалар суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы балаларға оқиға сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Ересектер, мектепалды даярлық топтағы балаларға көлімдірек ертегі, әңгімені кітаптан оқып беріп, оқылған шығарманы 30 - 35 минут бойына тыныш тыңдай білуге, әңгімелеп беруге үйреткен дұрыс. Көркем әдебиетті шығарма мазмұнына, оқиғаның желісіне қарай кейде жатқа айтып, кейде кітаптан оқып, түсіндіріп отыру қажет. Бұлай түрлендіру баланы мұқият тыңдай білуге үйретеді.

2 Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем әдебиетпен

таныстырудың барысы

Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне айтқызады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамытады [3] .

Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды ауызша сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін меңгеру, байқағыштық ойлау қабілеттері мен дүниетанымын дамыту, оларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеуде тәрбиешілердің атқарар жауапкершілігі зор екені мәлім. Яғни, сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің орны ерекше.

Тәрбиеші көркемсөз оқушы - ол тыңдау­шысын толғандырып, балаларды өзімен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін тәрбиеші өзінің орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер ететін болады. Сөй­тіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттерімен, өзіндік сапасымен қайта жанданады. Көркем шығармаларды әңгімелеп берудің оқып беруден айырмасы әңгімеші мәтінді сөзбе-сөз емес, еркін айтып береді. Тәрбиеші өзі беріле әңгімелесе балалар да үн шығармастан тыңдайды.

Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген. Мысалы: Жаңылтпаш. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.

Жаңылтпаштарды халық бала психоло­гиясы мен тілінде мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысы мен «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Сондықтан, жаңылтпаштар да, көбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған:

Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,

Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай? - деп оқылады.

Жұмбақ. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Отбасында балаларға жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып, олардың тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда жеңіп шыққан балаларды мадақтап отыру - бұрыннан қалыптасқан дәстүр болатын. Балалар бақшасында «қызықты кеш», «өнерпаздар мен білгіштер жарысы» сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген тәрбиеші, жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін қызықты өткізеді. Әрине, жұмбақ айтуды көбінесе тәрбиешінің өзі бастайды да, бұрыннан үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады. Жұмбақты көп білген балдырғанға «білімпаз» деген атақ беріледі.

Мақал мен мәтел: Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер - мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор.

Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттігі туралы айтылады. Мысалы: «Әке - тірегің, ана - жүрегің» деген мақалдың мәні, мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сұрақ-жауап тәсілін қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап, ұғымын байытады. Мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра түседі, балдырғандарға ана, әке туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады.

Ертегі: Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері (төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер - қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады («Күн астындағы Күнекей қыз», «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», т. б. ) олардың ерліктері мен еңбектері, адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтылады. Күлдіргі ертегілер, негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешеннің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай, зұлым хан, қаныпезер уәзір, қуақы құл, еріксіз қыз, еңіреп туған ер-азамат болып келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.

Отбасында, ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның ертектерін тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу т. б. тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, бұлдіршіндер мен балдырғандар, өрендер ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі айтып беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, бағын қайтармай, оларға ертегі айтып беруді үлкендер (әжелер, аталар, әкелер, аналар) борышым деп түсінуге міндетті. Халық ертегісі балалардың барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған жерден ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді. Халық ертегілері ішінде балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшелігі
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz