Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалар ұжымындағы көшбасшылықты дамыту

Орындаған: 4с ВО тобының студенті Орынбасарова М.І.
Жетекші: Даулетова В.А.

Орал - 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
1.1 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.Балалар ұжымындағы көшбасшылықты дамыту жолдары
2.1 Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...14
2.2 Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе
Балалар ұжымы жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу, әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оның жеке тұлғаға деген ықпалы ұжымның мақсаттары мен міндеттері ұжым мүшелері тарапынан қандай деңгейде сезіледі, сонымен қатар ұжымдық мақсаттар мен міндеттер жеке ретінде қандай деңгейде сезіледі. Жеке тұлғалық және әлеуметтіктің біртілі ұжымдық пайдалы қызмет барысында туындап ұжымда толық көрініс алады.
Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына қызмет етуге деген дайындық.
Мектеп ұжымында ұжымдылықты қалыптастыру алуан түрлі құралармен іске асырады: оқу барысында серіктестіктерді, өзара көмекті ұйымдастыру, ортақ еңбек, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мәдени көпшілік шараларда, спорт мероприятияларында оқушылар жұмысын ұйымдастыру, т.с.с
Сонымен оқу тәрбие ұжымы ол арнайы ұйымдасқан топ, оның мүшелері ортақ мақсаттарды, құндылықтарды үшін ортақ екендігін сезеді.
Біздің әлемде бүгін жеткіліксіз сөздің толық мағынасында көшбасшы. Ол, жеке кәсіби болуы немесе әлеуметтік, немесе одан да көп түпнұсқасы немесе шығармашылық нәрсе, біз барлық жерде басқарушылар қажет. Көшбасшы үлкен түнде сол Броды бірдей болуы мүмкін емес Шам, компас және картадан жоқ орман. Көшбасшылық әкелуі қабілеті ғана емес, басқа, сонымен қатар, өз өмірлерін бақылай білу. Біз өмір сүруге болады, , тәжірибе басқа адамдардың қалаулары, қажеттіліктері мен армандары енгізуге, біреуді келесі өз құрбан. Біз даму деңгейін қол жеткізуге болады, кім өзіне өзгелерді орнатыңыз. Біз олардың қабілетін көп жоғалтады әрбір өз өмірінің қадам, біздің дербес билігін анықтау және Көшбасшылық, олар болуы тиіс біздің қолымызда, бірақ қолында емес, Айналамыздағы адамдар, мәдениет және қоғам.
Тіпті кәсіпқойлар арасында, теориялық және практика, әлі күнге дейін тақырыбында басшыларының ағымдағы дебат болып табылады туған немесе көшбасшы бола . Иә, олардың кейбіреулері бізге сендіру мүмкін бұл біреу сөзсіз туғаннан бастап кейбір кезектен тыс бар болады басқалары сенімдіміз, ал оған көшбасшы құрайды ерекшелігі білім дұрыс тіркесімін анықтау жататын, оқыту және Сіз жасау және құра алады тәжірибе жетекшісі.
Көшбасшылық - бұл мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас [2].
Ұжым әлеуметтік арнайы ұйымдастырылған оқушылар бірлестігі ретінде бір уақытта пайда болмайды. Ұжымды қалыптастыру арнайыкезеңдерден және сатылардан өтіп бірақ ұйымдасады.
Алған рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрдеанықтап неіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған.
Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден, кез келген ұжым тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамыту.
Соңғы жылдары ұжым деп жоғары ыңтымақтастық деңгейі, интегративті қызмет, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды (Я. Л. Коломинский, А. В. Петровский, Л.И.Уманский).
Топтың аса негізгі және маңызды қасиеті оның әлеуметтік психологиялық жетілгендік деңгейі. Сол сияқты жетілгендіктің жоғары деңгейі топты жаңа әлеуметтік құрылым ретіндегі ұжымдық топқа айналдырады. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: балалар ұжымының дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуын зерттеу және ұжым арасындағы көшбасшылықты дамыту.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Балалар ұжымының теориялық аспектілерін зерттеу;
- Балалар ұжымы жөнінде түсінікке сипаттама беру;
- Ұжымдағы көшбасшылықты дамыту әдістерін анықтау;
- Балалар ұжымының даму кезеңдерінің қалыптасуын анықтау;
- Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығын зерттеу;
- Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролін анықтау;
- Оқушылар ұжымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін келтіру.
Зерттеу объектісі: оқушылар ұжымы
Зерттеу пәні: оқушылардың ұжымы қалыптасуы кезінде туындайтын педагогикалық құбылыстар, байланыстар, заңдылықтар.
Зерттеу әдістері: ғылымилылық, талдау, жүйелеу, қорытындылау.
Зерттеу болжамы: оқушылардың ұжымын қалыптастыру күрделі педагогикалық процесс, оны терең зерттеп,танып білу арқылы ғана оқыту және тәрбиелеу жұмысының басты мақсаттары іске асырылып, жан жақты дамыған және әлеуметтік ортада қызмет ете алатын жеке тұлға қалыптасады.

1.Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
1.1 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері
Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский,
С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым -- басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:
-- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
-- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;
-- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
-- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык, өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы -- өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.
А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын Ұстаздық дастанда келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Yenжым дамуының негізгі зандылығы -- перспективалык бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.
Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы -- параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық -- тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.
Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған құрама сынып оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.
Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.
Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.

1.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік. Дилатиканың қарама-қайшьшықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.
Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Ильенков). Қарама-кайшьшық оқушы (адам) жүйесінде пайда больш адам-адам жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектлерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесіңде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялык әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Казіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құңдылықтармен алмасу мүмкіңдіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объекгілері тұрғысындғы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекет-тердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет -- әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъекг позицияларьш қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы окушылардың біріккен іс-әрекеті.

2.Балалар ұжымындағы көшбасшылықты дамыту жолдары
2.1 Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі
Ұжым деген ұғымның өзі тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі. Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1.Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат: кез келген топта.трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкісет заңдарына, конститутцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
2.Жалпы бірліктегі іс-әрекет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамадар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшклейтін белгі- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3.Жалпы таңдалған басқарушы орган: ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады.Өйткені оның құрамындағы адамдар ауысып отырады. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруға міндетті. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу қажет.
Тәрбиенің басты міндеті - балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенің идеялық-саяси құралы, адамгершілік, еңбек эстетикалық және басқа жақтары балалар коллективі болып табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу. Күрделі де көпқырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы -- деген көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ балалар коллективіндегі тәрбиелеу процесіндегі қарым-қатынастарды бейнелейді. Осы қарым-қатынастар қалай қалып алып келе жатқанына, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің жоспарлануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен бағалануын сипаттайды.
Форма ұғымы -- заттың, процестің, құбылыстың ұйымдасу әдісі мен тіршілік әдісін білдіреді (философиялық экциклопедия). Тәрбиені ұйымдастыру формасы -- тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесіи ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында тәрбиенің ұйымдастыру формалары ұғымы қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін мегзейді.
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына байланысты (тәрбие процесіне бүкіл класс, оқушылардың шағын топтары мен немесе жеке оқушылар қатыстырыла ма) тәрбие формаларының жіктелуі беріледі. Соны есепке алудан мынадай формалардың беті ашылады: жаппай немесе бұқаралық топтық немесе үйірмелік және жеке-дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие процесіндегі қарым-қатынастары, олардың
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынандай топтарға бөлінеді: сөздік, (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, линейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар конференңиялары, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т.с.с); практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиадалар, олимпиадалар мен конкурстар, пионер және комсомол әрекеттері ауқымындағы жұмыстар, қызыл ізшілдердің іс-әрекеті, техникалық творчество, жас натуралистер үйірмелері, сондай-ақ сенбіліктер, т.с.с); көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік мүйістер, бөлмелер, мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, кітап көрмелері мен жаңа кітаптар жаймалары, тақырыптық стенділер, т. б.) Мұндай жіктеу ең алдымен тәрбиелік шараларды бір рет өткізуді мегзейді (саяси хабарлар, әңгімелер, экскурсиялар, жорықтар т. с. с). Рас, практикалық және кернекі формалардың кейбіреулері белгілі бір бағытта ұзақ уақыт тәрбиелік жұмыс өткізуді көздейді. (Мысалы, қызыл ізшілдердің қызметі, тимуршылар жұмысы, мектеп музейлері).
Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық және көрнекілік формалар тығыз астасып жатады ғой. Мысалға, саяси хабарларды, оқырмандар конференцияларың өткізу практикалық істермен байланысты. Саяси хабарлар, конференциялар барысында әр түрлі көрнекілік құралдар пайдаланылатыны да аз емес (портреттер, карталар, схемалар, диапозитивтерді, кинофильмдерді керсету т.с.с). Істің мәні қандай формалардың басым екендігінде, негізгі, жетекші болатындығында.
Жоғарыда келтірілген жіктеулер, әрине, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының бүкіл молшылығын қамти алмайды. Соңғы кезде жаңа ұйымдастыру формалары шықты: әр түрлі көркемөнер клубтары, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеттері, мектептегі көркемөнерпаздар театрлары мен киностудиялары, Лениндік оқулар, лениншілдер үш ұрпағының слеттері, теориялық конференциялар өткізіледі, жас дзержинскийшілер отрядтары, ма-каренколық отрядтар, комсомолдық постылар, пионерлік патрульдер, еңбек звенолары, штабтар т. б. ұйымдастырылады.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзатгық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеу-меттік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қаты-нас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін кұрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы - тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрвкеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
+ мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс мәні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп ататуы мүмкін.
+ әлеуметтік процесс мәні - тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттерді арнайы түрі.
+ тұлға қалыптастыру мәні - бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.
+ арнайы ұйымдастырығған тәрбиелік жүйе мәні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-әрекет процесінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
+ тәрбиелеушімен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері мәні-тәрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие процесінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбие-ленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан. тәрбиелеушінің басты міңдеті - оқушыны көргенін, оқығанын кайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық - іс-әрекеттік атауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық - іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі-ортақтасу (общение):
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие-көзделген мақсатқа жеткізуші
тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырудың белгілі бір формасын қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап -- оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
Комплексті түрде жүргізу -- тәрбие қызметін ұйымдастырудың бұқаралық, топтық және жеке-дара формаларының ақылға сай, педагогикалық жағынан ойластырылған үйлесімділігін талап етеді. Бұқаралық жұмыс нәтижелерінің топтық және жеке-дара сабақ, процесінде нығайтыла түсуінің, ал бұл сабақтардың әр түрлі бағыттағы бұқаралық түрткі болуының маңызы зор. Мәселен, белгілі бір проблема бойынша бір немесе бірқатар кітаптарды жеке-дара оқу диспутпен немесе оқырмандар конференциясымен аяқталуы мүмкін. Ұйымдастыра білген жағдайда олар идеялық-саяси, адамгершіліктік және эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы ретінде қызмет ете алады.
Тәрбиенің жалпы әдістері және олардың жіктелуі. Әдіс дегеніміз -- алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, әдісі. Тәрбиелеу әдістері -- тәрбиелік міндеттерге қол жетуі үшін тәрбиешілермен тәрбиеленушілер коллективтерінің бірлескен өзара байланысты қызмет ету жолдары мен әдістері.
Тәрбиеленушілер тәрбие процесіне немкетті қарап, одан тыс қалмайды. Олар қалай болғанда да тәрбиелік ықпалды сезінеді, сөйтіп субъект ролін ғана емес, тәрбие субъектісінің де ролін атқарады. Тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тәрбиеленушілер оған қатысушыларға айналады. Олар алған хабарларын белсене қорытады, тәрбие жайындағы білімдерін бұрын алған білімдерімен, жеке басының тәжірибесімен және басқа адамдардың мінез-құлық тәжірибесімен салыстырады. Егер тәрбиелеу әдісі сәтті таңдалып алынса және білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап іс-әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге себепші болады. Олардың санасы дамиды, сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез-құлық әдеттері қалыптасады.
Кейде тәрбие әдістері ересек адамдар (педагогтар, ата-аналар) балаларға тәрбиелік ықпал ету үшін пайдаланатын құрал ретінде ғана қарастырылады. Бұл, сөзсіз, дұрыс емес. Тәрбиеленушілердің өздерінің жауап әрекетін, оқушылар коллективінің жеке адамға әеерін де ескерудің маңызы үлкен. Педагогтар қызметі әдісінің оқушылар коллективі іс-әрекетінің әдісіне айналуына ұмтылу қажет.
Сөйтіп, тәрбие әдісі -- мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдасқан тәрбие процесінде жеке адамның мақсатты бағытта қалыптасуын жүзеге асыратын күрделі комплекс. Әр әдіс құрал ретінде көрініс береді, тәрбиеші соның көмегімен санаға, сезім мен мінез-құлыққа әсер жасайды, әр түрлі іе-әрекет ұйымдастырады. Ол оқушылардың іс-әрекетіне басшылық етуді қамтамасыз етеді, оларды өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді, жеке адамның дамуына түрткі болады.
Тәрбие әдісі және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру формасы ұғымдарының өте жақын ұғымдар екендігін есте тұтқан жөн. Философиялық энциклопедияда әдіс зерттелетін объектінің қозғалыс заңдылықтарынан туындайтын болмысты практикалық және теориялық жағынан игеру формасы ретінде ашылып көрсетілетіні тегін емес.
Екінші тарауда тәрбие процесіне, бір жағынан, тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ұйымдастырылған және нысаналы ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезең сатылары
Көшбасшылық ұғымының мәні: көп өлшемділік, анықтама
Басты өзгеріс - мұғалімдердің және басшының, оқушылардың оқуы мен үлгеріміне жауапкершілікпен қарауы
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
БІЛІМ БЕРУ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA КӨШБACШЫЛЫҚ ҚACИЕТТЕРДІ ҚAЛЫПТACТЫРУ ТҰЛҒAНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Ұжым және тұлға
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы
Пәндер