Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалар бақшасында бейнелеу өнері оқу іс-әрекеті

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
1.1 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін қалыптастыру ... ... ... .6
1.2 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту кезеңдері мен алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту
әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3. Бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіруге арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында Балапан бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу;
ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, және құрастыру әрекеттерін дамытудың кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу болжамы:
Балабақшада баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттерін қалыптастырудың тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу базасы: Айгөлек балабақшасы
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
1.1 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін
қалыптастыру
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.
Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.
Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1,2,3]. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды [4,5,6].
Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мұғалім - мектептің жүрегі деген екен [7]. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан - жақты дамуында маңыздылығы басым.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді [8].
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман, - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ [9]. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Тарих көші жылжыған сайын - жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.

1-сурет. Мектепке дейінгі мекемеде "білім саласын"
ұйымдастыру түрлері

Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білігті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептеймін.
Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.
Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.
Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.
Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде ... поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған [10].
XIV ғасыр ойшылдары қабілеттілік, шығармашылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты шығармашылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігінде айтады. Ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен коғамға, адамдарға дұрыс карым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті [10].
Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әрекетін арнайы басқарып отыруды қажеттілігімен қоса, оның қабілеттілігін тану мақсатында арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолданды. Сократ шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде - сұрақ қоюды ұсынды. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті [10].
Ұлы ойшыл Плутарх жеке тұлғаны танып білуге, қабілеттілікті ашуға үлкен мән бере: Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздарының кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып кұртып тынады - деп атап көрсетеді [11].
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан - жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [12, 13, 14, 15].
Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.
Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.

1.2 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту
Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр. Қабілеттілік пен шығармашылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.Шығармашылық ұғымының философиялық мазмұнына тоқталайық. Антикалық философияда шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл дәуірде шығармашылық - көркем шығармашылық тұрғысында қарастырылады, өнер иесі мен көркем өнер иесіне деген қызығушылық пен жеке басқа табынушылық пайда болады.
И. Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен субъективтілігіне тікелей қатысты адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық тұжырымдамаларының ішіндегі ең белгілісі - интуитизм бағытында берілген А. Бергсон тұжырымдамасы. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы).
Экзистенциализм тұсында шығармашылықтың бастауы - еркіндік бастамасы ретінде ғана қарастырылады, тұлғаның әлеуметтік және табиғи әлем аясынан мақсатты түрде шығуы.
ХХ ғасырдағы прагматизм, инструментализм секілді философиялық бағыттарда шығармашылық берілген жағдайға сәйкес мақсатты шешу жолындағы ізденіс нәтижесі, өнер табу болып есептелінеді.
Шығармашылықтың қозғаушы күші - қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны - қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру - шығармашылықтың мақсаты.
Шығармашылықтың - тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі - жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С.С.Гольдендрихт пен Л.А.Пьянова атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту.Сонымен, шығармашылық - адамның әлеуметтік күші арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылатын жаңартушы және жалпы мәдени-тарихи өзіндік іс-әрекет.
Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі - бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс. Ғылымдағы гуманистік бағыт адамның шығармашыл табиғатына деген үміткер сенімімен және бірқатар детерминант: шығармашыл тұлғаға деген қоғамның өсіп келе жатқан сұранысы, жаңа ғылыми технологиялардың өсуі - креативтік саласындағы зерттеулерге жаңа қарқын берді. Дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту адамның шығармашыл дамуының моделін құрауда шығармашыл дарындылық психологиясының жаңа шектері, талант пен дарындылықты зерттеу мәселесіне бірқатар ғалымдардың қызығушылығын (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулле, К.Тейлор, Е.Торренс) оятты.
А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:
- шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.
- шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.
- адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;
- шығармашылық нәтиже түрі сан алуан.
Шығармашылық дегеніміз - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында шығармашылық туралы айтылған ойлары мен жасалған тұжырымдамалары талдай отырып: Шығармашылық-бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соңы жаңалыққа әкелетін адам әрекеті- деген тұжырымын жасайды. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы-тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.
Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалам Н.Роджерстің ойынша әр адам бала кезінен бастап сен мынаны дұрыс жасамадың, бұл қате, олай емес- деген сынау сөздерді көп естейді. Кейде тіпті жазада қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы шығармашылыққа қорқа қарау, олай менің ісім емес- деген сенімсіздік осыдан басталады екен.
Шығармашылық - бұл өте күрделі психологиялық прцесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы айтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз. Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді - деп қарастырып келдік.
Мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыс кезеңіндегі тиімді жағы: дүниені қиялына қиыстыра алады, белсенділік көрсетеді, жетелеп отыруға еріп отырады, үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді, сурет салуға құмар болып келеді.
Ал тиімсіз жағы: қиялы тұрақсыз, бір образды, сюжетті ұстап тұра алады, шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды, бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз, балаларды өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы, сөзді құбылтып, қолдануға шебер емес.
Міне, осы аталған жайттарды ескере отырып, әр сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырған дұрыс. Яғни бала әдемі, байыпты, мансатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана.
Бала шығармашылығын анықтау диагностикасы белгілері мен көрсеткіштерінің мәселесі әлі күнге дейін толық қарастырылып зерттелмегені белгілі болды. Дегенмен де бірнеше еңбектерде диагностика жүргізуді ақыл-ой мен қабілет сияқты көрсеткіштерді межеге алу керек деген пікірлер басты нысанаға қойылған (1-кесте).

1-кесте -Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде шығармашылыққа жетелеу

Факторлар
Құрамды бөліктер
Ерекшеліктерінің көрінісі
Ақыл-ой
Жалпы қабілетті
лік

- ерекше есте сақтау;
- ауызша түсіну және ойды нақты баяндау;
- сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор;
- есептеуіш қабілеттіліктер;
- ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы);
- қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру);
- жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ-синтез, индукция-дедукция);
- аса жоғары тұрақталған көзқарас;
- байқағыштық;
- когнетивті қабілеттілік.

Арнайы қабілетті
лік

- лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі);
- қисынды - математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау);
- кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау және көрермендерге ұсыну);
- музыкалық (орындау, шығару);
- жеке тұлғалық (өз сезімін басқару, ажырата білу, сараптама жасау, қажеттіліктерді көре білу, көңіл-күй, ұйымдастырушылық дағды);
Шығармашы
лық
Шығармашылық ойлау
- мәселені түсінушілік (олардың танылуы, табылуы);
- шапшаңдық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық);
- икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу);
- идеал эталондарды құру мүмкіндігі.

Шығарма
шылық қабілетті
ліктер
- елестету (фантазия);
- ассоциативті есте сақтау;
- жоспарлау;
- шешімдерді қабылдау;
- шешімдерді жүзеге асыру;
-зерттеушілік белсенділік;
- эмоционалды белсенділік;
- сезіну;
-аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы);
- өзін-өзі дамыту;
- түпнұсқалы шешімдерге жету.

Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.
Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо - физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрелік.
Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И.П.Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі - көркемдік және ойшылдық (ақыл - ой ) туралы жазған болатын.
Бірінші - көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші - ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.
Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.
Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм). Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда - сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.
Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.
Көру аппаратының кемістігі бар адам живописть саласында бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.
Бейнелеу іс-әрекеті процесінде заттардың формасын, олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, адам көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі.
Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды. Өкінішке орай бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ. Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырғы көтерілуіне жағдай жасау міндеті тұр.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытудың жағаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру талап етілуде. Қазіргі мақсат - жас ұрпақтан өркениетті қоғамның еріктің өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, ізгілік мінез-құлқы қалыптастан шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Үнемi тануға, бiлуге деген кұштарлықтың болуы адамның болмысының басты ерекшелiгi сол ұмтылысының арқасында ол өзiнің рухани жан - дүниесінің байытып, дами бередi.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту кезеңдері мен алғышарттары
Балалардың қабілеттерін анықтап, оларды дұрыс дамыту - аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі. Әрі ол балалардың жасын, психофизикалық дамуын, тәрбие жағдайларын және басқа факторларды ескере отырып шешілуге тиіс.
Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 - 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.
Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай - ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым - қатынас жасай білу - ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.
Кеңестік педагогика баланың дамуын жай сандық процесс ретінде емес, қоршаған дүниенің, ең алдымен тәрбиелеу мен үйретудің ықпалымен оның физикалық және психикалық ерекшеліктерінің сапалық өзгерісі ретінде алып қарайды.
Қабілеттіліктің дамуындағы бейнелеуге дейінгі кезең. Балалардың көркемдік қабілетінің дамуындағы бірінші кезең баланың қолына бейнелеу материалы - қағаз, қалам, саз, балшық кесегі, кубиктер, борлар және т.б. алғаш түскен сәттен басталады. Педогогикалық әдебиетте бұл кезең бейнелеуге дейінгі кезең деп аталады, өйткені бұл жерде әлі заттың бейнесі жоқ және тіпті әлденені бейнелеуге деген ой, құмарлық жоқ. Бұл кезең елеулі роль атқарады. Бала материалдардың қасиеттерімен танысып, бейнелеу формаларын жасау үшін қажетті алуан түрлі қол қимылдарын меңгереді.
Егер 5 - 6 жастағы және 2 - 3 жастағы балалардың қолына материал тұңғыш рет түскен болса, онда, әрине, ересек балаларда ой шапшаң туындайды, өйткені олардың қоршаған дүниені танып - білудегі тәжірибесі көбірек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Әр жас балабақшасында балаларды жапсыруға (аппликация) үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
Мектепалды даярлық балалардың бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Әр жас топ балабақшасында балаларды жапсыруға үйрету
Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер