Есік қорғанында жерленген адам



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



Реферат
Тақырыбы:
Алтын адам

Тексерген:
Орындаған:

Орал 2013

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. К.Ақышевтің қазба жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. "Есік" қорғанында жерленген адам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Кіріспе

Алтын адам -- Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 - 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанат нақышында жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темірқанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Алтын адам - Алтын және бағалы металдар мемлекеттік музейінің бірегей, құнды жәдігері.

1. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам

Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр. үйіндінің астынан археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.
"Есік" қорғанындағы бейіт, сірә, былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры қазылған. Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын жасаған. Оның конструкциясы барынша қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді камера қабырғаларын құрайтындай етіп көлденең орналастырған. Бөренелер бұрыштарында өзара байланыстырылмаған, ал линиялары тиіп тұр, камераның көлденең және ұзына бойғы қабырғаларының бөренелі дөңбек ұштары бұрыштарында біріне-бірі кигізілген, бұл үйіндіден сақтаған. Тастың үсті бөренелермен көлденең жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған жақсы өңделген он тақтайдан жасалған еденде көмілген адамның түрлі заттары жатты. .
Сірә, өлген адамға арналған еденнің учаскесіне ұсақ алтын белгілермен кестеленген маталық төсеніш жайылған. Оған бар рәсімдерімен жарқыраған парадтық киімімен, толық қару-жарағымен марқұм болған адам арқасынан, басын батысқа қаратып жатқызылған.
Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш байланған. . Иықтан асынған былғары белбеудің қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс басының кедір-бұдырлы бейнесі әшекейлеген.. Сол жағындағы белдігінде темір ақинақ ілінген, оның ағаш қыны желіп келе жатқан бұлан мен жылқы түрінде орындалған екі алтын табақша тігілген терімен қапталған. . Оның әшекейлерінің арасында екі цилиндрлік қаңылтыр белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген қасқырдың бедерлі бейнесі бар айқаспалы белдіктерге арналған оқ сауыт.
Сол қолының шынтағында алтын ұшты символикалық жебе, одан жоғары - сабы кең алтын лентамен оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы мен қызыл бояуы бар сәндік жібек дорба жатыр.
Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар қойылған. Рәсімдік ыдыстар құрамына жазуы бар күміс шыны және бір шетте тұрған алтын жалатқан қола табақ кіреді. . Онда жыртқыш құстардың тұмсығы мен тұяғы түрінде орындалған бірнеше алтын табақшалар жатты.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп сақталған. Саз және ағаш ыдыстар бөлек тұр. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыстар орналастырылған, оның сыртында - екі қатарда - екі табақ, алдыңғы қатарда - табақшалар мен ожау, . Басқа қабырғада бір қатарға бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген, олардың алдында табақшалар, солардың арасында сондай-ақ бірге - екі күміс кесе мен қасық бар. . Қола кесе жерленген адамның басында, сыртта тұр. Камераның шығыс қабырғасындағы еден учаскесі заттардан бос. Бесшатыр қорғандарындағыдай сияқты камераға ену шығыс жақтан болғанға ұқсайды. .

2. К.Ақышевтің қазба жұмыстары

Ол 1969-70 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышұлы Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғғ.жатады.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде барлық республика көлемінде Археологиялық карта жасап, онда материалдық құндылықтың 5 мыңға жуық ескерткіштері есептеліп, сипатталады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.
Одан жинақталған материалдарды талдай келе, К.Ақышев сақтардың таза көшпенді емес, олардың қыстайтын орны мен жылы баспаналары болғандығына көзі жетеді және осы тұжырымға нық тоқтайды. Сол жылдардың өзінде-ақ ол тағы бір ғылыми ізденістің бағытын - сақ өнерінің шығу тегін зерттеуді көздейді және ежелде Жетісуда дербес металлургия ошағының және қола құю өндірісінің дамығандығын дәлелдейді.
Бұл бағыт Есік қорғанынан Алтын адамды тапқанда да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САҚ ӨНЕРІ
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті туралы
Қазақ тайпалары
Алтын Адам. Есік қорғаны
Алтын Адам
Алтын адамның монументалды кескіндемесінің маңызы
Есік қорғанының Алтын адамы
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Берел қорғаны
Қарапайым скифтердің қорғандары
Пәндер