Музыка тыңдау
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
1.Алғашқы қадам
2. Зерек бала
3. Біз мектепке барамыз
Орындаған: Ибрагимов С. КШМ 3
Әдіскерлер: Б.К.Мұқажанов
Орал, 2017ж.
Жоспары
Кіріспе
1.ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ БАҒДАРЛАМАСЫ
2. ЗЕРЕК БАЛА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ
(3 жастан 5 жасқа дейін) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
3. БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ (5 жастан 6 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАCЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді Жаңа адамды тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы -- бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай бағдарламалар бар. Олар: Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз. Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
Білім беру салаларының мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды. Ғылыми көзқарастар бойынша, ұсынылып отырған бағдарламаның жетекші психологиялық-педагогикалық бағыты - бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үдерісін құзіреттілік басқару қағидасына сүйене отырып жүргізу болып табылады.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың базалық мазмұнын орта білім берудің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, төмендегідей құзіреттіліктерді қалыптастыруды көздейді: денсаулық сақтау, тілдік-қатынастық, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік.
Бағдарлама балалардың жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау ұстанымын басшылыққа ала отырып, дамыта оқыту мақсатын көздейді және мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үдерістерін басқару механизмімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның гуманитарлық мақсатын көздейтіндігін, ашықтығын, мектепке дейінгі оқытудың полимәдени ұстанымын басшылыққа ала отырып жасалғандығын көрсетеді.
1. ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.
Міндеттері:
1. Есту қабілеттерін дамыту, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдап түсіну, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білу.
2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.
3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.
Мазмұны:
1 жас -- 1 жас 6 ай
Есту қабілеттерін, музыканы тыңдай білуді дамыту. Балаларды сергек және байыпты әндерді, сәйкес қимылдармен сүйемелдей отырып, тыңдауға үйрету; дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі қайталанатын әуендерді айтуға үйрету.
Балаларды фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда (триола, металлофон, ксилофон, ауызсырнай) орындалатын әуендерді тыңдауға үйрету.
Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.
Педагогтің артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.
1 жас 6 ай -- 2 жас
Әннің әуені мен сөздерін тыңдауға, оларды тануға үйрету.
Көңілді және байыпты сипаттағы әндер мен пьесаларды қолдана отырып, музыкалық шығармаға сәйкес эмоционалдық жай-күй туғызу; музыкалық дыбыстауды ажырата білуді, музыка тыңдауда шоғырлануын арттыра отырып, есту қабілеттерін дамыту.
Домбыра - сыбызғы, барабан - баян музыкалық аспаптарын дыбысталуы арқылы ажырата білуге мүмкіндіктер туғызу.
Балаларды фортепианода, металлофонда, триолада орындалған ұлттық әуендерді тыңдауға үйрету; ересек адамның орындауындағы әндерді тыңдау, қайталап айту, кім туралы айтылғанын сұрау, ересектермен қосылып айту.
Музыкамен жүру, жүгіру, жалаушамен жүру; ересектердің әніне қосылып дабылды соғу; жоғарғы және төменгі дыбыстауды тыңдау, ойын әрекеттерін көрсете білу, тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын (аяқтарымен топылдату, алақандарын шапалақтау, бір қолмен бұлғау, қазақтың және басқа да халықтардың музыкасының ырғағына сәйкес қолмен би қимылдарын) орындау.
Заттармен қарапайым қимылдарды орындауға үйрету: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлату.
Ойындарға белсенді араласу, жыл соңында 1-2 таныс билерді дербес орындай білуі тиіс.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- әндердің әуені мен сөзін тыңдауды, оларды тануды;
- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;
- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;
- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;
- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;
- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;
- ойындарға белсенді араласуды;
- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.
Музыкаға қызығушылықтарын және оның бейнелі мазмұнын ажырату қабілеттіліктерін дамыту
Музыка тыңдау. Музыка тыңдауға қызығушылық тудыру. Балаларды түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдауға үйрету. Музыкалық шығармаларды шын көңілімен, алаңдамай тыңдауға, әнді, музыкалық пьесаны аяғына дейін тыңдауға, оларды есіне сақтап, тануға үйрету. Әнде не жайлы айтылғанын түсіну. Қоңыраудың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты ажыратуға үйрету. Әр түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдауды ұйымдастыру, бұл әуендерді тануға үйрету. Домбыра мен сырнайдың, сыбызғы мен дабылдың дыбыстарын ажырату.
Бірінші жарты жылдықта балалар әнді 2-4 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Екінші жарты жылдықта 4-5 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Үзіліссіз орындалатын музыканың ұзақтығы жыл басында 50 секундты, екінші жарты жылдықта 1-1,5 минутты құрайды.
Жыл бойында 10-12 пьеса, 3-4 ән тыңдау және музыка сүйемелдеуімен 2-3 әңгіме айту ұсынылады.
Ән айту. Ән айтуға қызығушылықтарын тәрбиелеу. Тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, ән сөздері мен жеке буындарды айтуға үйрету. Аспаптардың шығаратын дыбысына және әннің сазына келтіріп, ересектерге қосылып ән айту. Қысылмай, өз дауысымен ән айтуға, бірге бастап, бірге аяқтауға, басталуы мен аяқталуын тыңдауға үйрету. Әнді жеке және топпен айтуға көмектесу; әннің сөзін есіне сақтау.
Жыл бойында 10-12 ән ұсынылады.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Музыка сипатына (марш - би) сай қимылдауға үйрету. Екі бөлімді пьесадағы қимылдардың, дыбысталу күшінің (қатты - баяу) өзгеруін, оның басталу мен аяқталуын сезіну.
Музыкалық сүйемелдеумен биде және ойындарда қол ұстасып, жұптасып, қарапайым би қозғалыстарын орындау: шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу, әнді сахналауда (Құс ұшып барады, Мысықтар ұйқыда және т.б.) қимылдардың жеке элементтерін қолданып жүру және жүгіру. Күрделі емес қимылдар бірізділігін естерінде сақтау.
Сылдырауық, сылдырмақпен бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, заттармен қимыл жасауға үйрету. Би билеуде шеңбер құруға, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруге, әннің мәтіні бойынша түрлі қимылдар орындауға үйрету.
Жыл бойында айналып, жұптасып немесе еркін сапқа тұратын 10-ға жуық би ұсынылады. Әнмен немесе музыкалық аспаптармен сүйемелденетін ойындарға емін-еркін қатысу (Қуаласпақ, Жасырынбақ, Соқыр теке).
Жыл бойына 7-ге жуық сипаты бойынша түрлі жаттығулар (атрибуттармен және атрибуттарсыз) ұсынылады.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- түрлі сипаттағы ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьеса сияқты музыкалық шығармаларды тыңдауды;
- музыкалық аспаптар домбыра, сылдырауық, сылдырмақтарды;
- әннің не жайлы екенін;
- әндегі сөздерді тәрбиешімен бірге айтуды;
- музыка сипатына сай қимыл жасауды, қимылды музыкамен бастауды;
- би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, қолдың басын айналдыруды орындай білуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тақырыптары
1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Шығармашылық білім беру саласы
Музыкалық репертуар
Әуендер: Құлыншақ әні Ө. Байділдаевтікі, Бипыл халық әні және т.б.
Әндер: Тәй-тәй әні Т. Әдбіқадырованыкі, Тұсау кесу халық әні, Пойыз әні К. Қуатбаевтікі, Әтеш әні Б. Дәлденбаевтікі, Ойыншықтар әні И. Нүсіпбаевтікі, Анашым Ө. Байділдаевтікі, Төлдер Б. Ғизатовтікі, Кел балақай әні Сылдырмақ әні А. Тоқсанбаевтікі, К. Қуатбековтікі, Аламойнақ әні Б. Байкенжеевтікі, Ерке күн-ау, ерке күн әні Шілдебаевтікі, Құс және оның балапандары әні Е. Тиличееванікі, Әлди-әлди қазақтың халық әні және т.б.
Ойын жаттығулары, ойындар: Қуырмаш, Топ-топ әні К. Қуатбаевтікі, Біз ойнаймыз, ойнаймыз әні Б. Құрманғалиевтікі, Аяғым-ай, аяғым әні Ж. Тұрсынбаевтікі, Добым менің сөзі Ж. Смановтікі, т.б.
Билер: Топ-топ, Бөбектер биі әні К. Қуатбаевтікі, Біз ойнаймыз, ойнаймыз әні Б. Құрманғалиевтікі, Бала, бала, баламыз Б. Қадірбекованікі, Сылдырмақтар әні М. Раухвергердікі, Еркем-ай қазақ халық әні, Епті аяқтар әні Б. Дәлденбаевтікі, Серіппе әні Ә. Бестібаевтікі, Ойыншықтар И. Нүсіпбаевтікі және т.б.
ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Музыкалық репертуар
Тыңдау: Қ. Ыдырысовтың сөзіне жазылған А. Нұрымұлының Топ-топ әні, Т. Сопиеваның сөзіне жазылған С. Оспанованың Сәби әні, Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған Таң әні, В. Моцарт Қоңыраулар үні, Л. Хамиди Маршы, Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған Алғашқы вальсі, сөзі мен әуені А.Әубәкірованың Менің мысығым әні, М. Оразбаеваның халық әуеніне жазылған Әлди әні. Ұшақ, Құлыншақ, Саңырауқұлақ әні М. Раухвергердікі, Машина әні К. Қуатбаевтікі, Тәтті бала әні Г. Сопиеваныкі, Қыс әні В. Карасеваныкі, Балдырған әні Ж. Меймандосовтікі, Ақ тайлақ, Бәйге әні Б. Құсайыновтікі, Ана әлдиі әні А. Меңжанова, Анашым, Құлыншақ әні Ө. Байділдаевтікі, Келді мамыр, Құлыншақ әні Б. Дәлденбаевтікі, Ойыншықтар әні И. Нүсіпбаевтікі, Қамажай қазақтың халық әні, өңдеген К. Қуатбаев.
Ән айту және әнге қосылу: музыкалық репертуарлар: Бердияровтың сөзіне жазылған Сұр қоян әні, Б. Жүсіпәлиевтің әуеніне жазылған Ойна сәби әні, Л. Абельянның әуеніне О. Ақынбековтың сөзіне жазылған Доп әні, Т. Вилкорейскийдің әуеніне жазылған Б. Жақыпованың Менің ойыншықтарым әні, Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған Күннің көзі қыздырады әні, Л. Фасхутдинованың Жаз әні, Балящеваның сөзіне жазылған Күзгі ән, М. Еремееваның Етік әні, Е. Шаломонованың Шырша туралы әні, А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған Күзгі жапырақтар биі әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған Бақалар әні әні, қазақтың ұлттық әні Айгөлек, М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні Алма әні, И. Нүсіпбаеваның әуеніне жазылған Ж. Смақовтың Қызыл ту әні және К. Қуатбаевтың Поезд, Топ-топ әні.
Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары шапалақ ұру. Аяқ қимылдары Топ-топ. Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.
Ырғақтық қозғалыстарға арналған музыкалық репертуарлар: К. Козырев пен Е. Өтетілеуовтың Бота мен бұзау әні, Б. Дәлденбаеваның Қызық мысық әні. Степаненконың әуеніне жазылған Айнал, Вилькорейскийдің әуеніне жазылған Достас, Г. Вихареваның Күнді мен саламын және Біздің аяғымыз не істей алады? әндері, Л. Антюфееваның Жаңбыр әуені, Р. Шуманның Көбелек әуен, А. Петрованың Қуыршақтарға арналған әлди әні, әні мен сөзі А. Меңжанованың Не қайда? әні, Н. Әлімқұлов пен А. Матменнің Ойыншықтар әні, А. Нұрымұлы мен У. Есдәулетованың Топ-топ қуыршақ әні, Пойыз әні К. Қуатбаевтікі, Серуендеп, би билейміз әні Э. Раухвергердікі, Біз ойнаймыз, ойнаймыз әні Б. Құрманғалиевтікі.
Жаттығулар мен музыкалық ойындар: Жасырынбақ, орыс халық әні Зығыр, ойынның авторы Т. Бабаджан; Сылдырмақтар М. Раухвергердің музыкасы, ойынның авторы Т. Бабаджан; Көңілді жасырынбақ В. Петрованың музыкасы, ойынның авторы Н. Кругляк және В. Петрова; Қояндар орыс халық әні, Көжек өңдеген М. Красева, Көжегім өңдеген Н. Римский-Корсаков, Т. Бабаджанның ойыны, Көңілді қаздар орыс халық әні, ойынның авторы Н. Комиссарова мен В. Петрова; Марш Э. Царлованың музыкасы, Бубен, сылдырмақ украин халық әуені; Жүреміз-жүгіреміз, Епті қолдар Е. Тиличееваның музыкасы, Шарлар И. Кишконың музыкасы, Барабаншылар В. Ребикованың музыкасы, Қуыршақтар ұйықтайды және билейді Я. Степанованың музыкасы.
Би билеу. Бөбектер биі әні К. Қуатбаевтікі, Полька әні Ә. Бестібаевтікі, Жайдарман қазақтың халық әні - өңдеген К. Қуатбаев, Аяғым-ай, аяғым әні Ж. Тұрсынбаевтікі, Арша Б. Қыдырбекованікі, Серіппе әні Ә. Бестібаевтікі, Бипыл қазақтың халық әні.
Мерекелік ойын-сауықтар мен ермектер: Күз сыйы, Жаңа жылдық шыршаның кереметтері, Анамызға гүл сыйлаймыз, Жазғы ермектер.

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.
Міндеттері:
- қарапайым табиғи дауыспен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz