АҚШ - Қазақстан байланыстары жөнінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
АҚШ Қазақстан арасындағы саяси байланыстар және олардың кезеңдері

Орындаған: Өтеулиева М.А.

Орал, 2014ж.

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөліім
1. АҚШ-тың Қазақстан Республикасымен саяси байланысы
2. Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде - екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу - біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы - Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлемдік жетекші елдермен жүйелі қарым-қатынастарын жүргізуде. Көпвекторлы саясат пен жетекші державалардың қызығушылықтарын қолдау - Қазақстанның негізгі сыртқысаяси бағыты және Орталық Азиядағы аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жобасы болып табылады.
Сыртқы саясаттағы Қазақстанның аса мәртебелі бағыттардың бірі Америка Құрама Штаттарымен қатынастарының дамуы болып табылады. Ол келесідей обьективті себептермен түсіндіріледі:
Біріншіден, Америка - глобалды саяси және экономикалық үрдістерде айтарлықтай әсер етуші әлемдік үстемдік етуші держава.
Екіншіден, америкалық экономика әлемдегі аса мықта бәсекелес болып табылады. Америка Құрама Штаттарының экономикалық даму тәжірибесі Қазақстан Стратегиясында елу дамыған бәсекелестік құрай алатын мемлекеттердің қатарына кіру жайлы алға қойылған мақсаттарын есепке ала отырып,Қазақстан үшін қазіргі кездегі дамуында өте бағалы.
Үшіншіден, Американың демократиялық даму тәжірибесі, және де конституционалды құрылымы сондай-ақ бағалы.
Осыған байланысты Қазақстан қазіргі кезеңде АҚШ пен стратегиялық байланысын тәжірибелі түрде барлық екіжақты қатынастардың аумағында кеңейтуде. Оған бір дәлел, 2010 жылы Вашингтонда сәуірде өткен екі ел басшыларының кездесу барысындағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың бекітілген қарым-қатынастарын одан ары жалғастырып, екіжақты байланысты нығайту ниеттері.
Қазіргі әлемдегі қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып, Қазақстан мен АҚШ стратегиялық дамуын үш критерий бойынша бөліп қарастыруға болады. Осы үш критерий, жалпы екі мемлекеттің бір біріне деген қызығушылығының негізі. Ол: біріншіден, ядролық қарусыздандыру; екіншіден, ұлттық қауіпсіздік; үшіншіден, экономикалық тұрақтылық.
Глобалды және әлемдік деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі екіжақты алтсалысу, Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік бойынша екінші Саммитінде қосымша импульс алды.
Құрама Штаттарда біздің мемлекетіміздің қаруды таратпау шеңберіндегі халықаралық көшбасшылығымыз мойындалып отыр. Айта кететін жайт, екі мемлекеттің ядролық қарусыз әлем жайлы көзқарастары тұспа тұс сәйкес. Мәселен, Барак Обама: Қазақстан бар әлемге ядролық қарусыздандырудың үлгісі болды, - деп кесіп айтты. Оның барлығы Қазақстанның сонау тәуелсіздік алған жылдарынан бастау алып отырғаны барлығымызға белгілі. Жиырма жыл бұрын біздің мемлекетіміз ядролық қарудан бас тарту туралы шешім шығарды.
Қазақстан осы орайда басқа мемлекеттердің жұмылдыруына үлгі болған. Сондықтан да ядролық қарудан бас тарту аймағында еліміз жетекші рөлге ие. Осы орайда 26 наурызда обама Назарбаевқа тікелей алғысын білдірген. Оның айтуынша осы саммиттің барысындағы қорытындыға ие ең маңызды құжаттардың бірі, ядролық материалдарды жұмылдыруда, оның ішінде де, совет кезеңінен қалғандардан бастап. Осы самитте арнайы бағыттағы басқа бет алыстары да көзделді. Әсіресе, ол Қазақстанның аса құнарланған уран, плутоний өндіруі және де оның басқа мемлекеттерге ядролық материалдарды өз бетімен игеруін тоқтататын халықаралық ядролық банк құруындағы көмегінде де мемлекетіміздің жетекшілігі айтылып өтілді.

ІІ. Негізгі бөлім
1. АҚШ-тың Қазақстан Республикасымен саяси байланысы
АҚШ-тың Қазақстан Республикасымен байланыстарының қалыптасуымен оның даму стратегиясы бойынша Сыртқы Істер Министрі
Қ.Тоқаевтың көлемді монографиясы зерттеушілер үшін көптеген пікірлерді ұсынуда. Монографияның ІҮ-ші тарауында Қазақстандық сыртқы саясатты американдық бағыты мәселелеріне тоқталған. Ол АҚШ-тың әлемдік прцесстерге елеулі ықпал ету себептерін ашық жазған.
АҚШ-Қазақстан байланыстары жөнінде; Евразийское сообщество журналында көптеген мақалалар жарияланған. Л.Иватова, Н.С.Нуралиев, Д.Намазбаев, Д.Дәдебаев, Д.Досанов, К.Қөшім-Ноғай ізденушілер мен аспиранттар құнды зерттеулерін жүргізген. Бұл зерттеулер түрлі салаларды қамтиды. Мысалыға айтар болсақ Л.Иватовнаың зерттеулері Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық қауіпсіздік және ядролық қару-жарақтың таралуына шек қою мәселесіне басым көңіл бөлінген. Л.Иватова екі ел арасындағы оқу-ағарту саласындағы байланыстар жөнінде де зерттеулер жүргізген. Автор екі ел арасындағы оқу-ағарту саласы бойынша жасалған келісім құжаттарға негізделе отырып, АҚШ-тың әсіресе мұнай секторына қажет мамандарды даярлауда ат салысқаны жөнінде жазған.
Оның пайымдауынша Қазақстандағы Болашақ бағдарламасын кеңейтіп, тек магистр және докторант емес сонымен қатар түрлі салалар бойынша мамандарды дайындау қажет.
АҚШ-тың оқу-ағарту бағдарламаларының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері жөнінде К.Қөшім-Ноғай да зерттеулер жүргізген. Ол Қазақстанға қазіргі таңда аса маңызды мамандардың қажет екенін баса көрсетіп, жас мамандардың ұлттық рухын ұмытпау керектігі жөнінде де атап өткен. Қазіргі кезеңде АҚШ-тың түрлі ұйымдары оқу-ағарту саласына байланысты тендорлар немесе жарыстар өткізуде. Олар степендия тағайындап, елдегі ғылымыи ойларды шет аймақтарға кетуіне жол бермеуі қажет. Мұнай секторына байланысты екі ел арасында келісімдер жасалған болатын. Мұнайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген саясаттанушы Д.Намазбаев құнды деректерге негізделе отырып, АҚШ-тың Кавказбен Орталық Азиядағы айындары жөнінде жазған. Қазіргі таңда Каспий аймағы тек АҚШ-ты ғана емес сонымен қатар Қытай мен Ресейдің қызушылығын арттыруда. Сондықтанда бұл мәселе АҚШ-тың геосоаяси мақсаттарымен тікелей байланысты. Ақш Атырау мен Ақтау аймақтарында өз позицияларын мығымдастыру мақсатында мұнай секторына капитал енгізіп, ірі компаниялардың құрылуына серпінін тигізуде. Д.Намазбаев осы мәселелерге байланысты құнды материалдарды оқырмандарға ұсынуда.
АҚШ пен қатар ірі державалардың Қазақстандағы қызығушылықтары мен саясаттары жөнінде Б.К.Султанов, Л.М.Музафарова, А.Е.Абишев,
Л.Г.Ерекешова т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ал Қазақстанның сыртқы саясатына байланысты, оның ішінде АҚШ арасындағы байланыстары жөнінде Г.Б.Хан, Л.С.Суворов, Г.Б.Рахманова сынды авторлар зерттеу жұмыстарын жүргізген.
2. Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы

Орталық Азия аймағы XX ғасырдың басында ақ Ресей және Британдык, империялардың бәсеке орталығына айналған болатын. Бұл бәсеке екі ел арасында 1907жылы ағылшын - ресей келісмімен аяқталған.
Империялар ыкпалдастық аймақтарды бөліске салып, шекараларын белгіледі. Ресей империясы Орталық Азияда орналасса, Ұлыбритания Үндістанда әкімшілік басқару жүйесін құрған еді. Ауғаныстан екі империяны бөліп отырган буферлік мемлекетке айналды. Орталық азияның маңызды стратегиялмқ орталықта орналасқаны жөнінде XX ғасырдың басында геосаясат мәселелері бойынша маман Хэффорд Маккиндер континентальды орталык теорияны жасай отырып, атап өткен. 1919 жылы ол былай деген: Кімде кім Еуропаның шығыс аймағында ықпалын арттырса, ол континенттің орталығына әсер етеді, ал континентальды орталыққа иеленгендер Әлемдік аралдары бағындары Еуразия мен Африка. Әлемдік аралдары иелеиген мемлекет дүниежүзін бакылайды. Бұл теорияны қазіргі таңда АҚШ мықты ұстануда.
КСРО ыдырағыннан кейін Орталық Азия жаңа үлкен ойын аймағына айналды. Оған көптеген мемлекеттер қызығушылығын білдірді. Егерде XX басында Британия мен Ресей арасында бәсекеге тартылған болса, қазір бұл жерде Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Сауд Арабиясы, Еуропалык мемлекеттер бәсекеге тартылды. Бұл мемлекеттердің басты мақсаты табиғи ресустар мен мұнай секторына бакылау орнату болып табылады. Қазіргі аталмыш елдерден кайсысы өз ұстанымдарын арттыру жөнінде болжам жасау қиынға тұседі, алайда ХХІ ғасыр Қазақстанның басты ұстанымы тұрактылықтың сакталуы, өркендеу мен демократияны дамыту болып табылады. Бұл жөнінде дәстүрлі дипломатиялық корпустың жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Ол әр елдің тең құқықтық негізде өз орынын иеленуге және оны дамытуға құқылы деген . Сондыктан АҚШ-тың жаһандану саясатын жүргізуші ел ретінде, Орталык Азияда, әсіресе Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарын мына себептермеи аныктауға болады:
-Қазақстан егемендігін алды және сыртқы саясатын өз бетінше жүргізуде;
-Қазақстан АҚШ-тың басты геостратегиялық бәсеке мемлекеттердің қақ ортасында орналасқан. Ол бір жақтан Ресеймен шектесіп отырса, екінші жақтан ҚХР мен және Ислам әлемімен тікелей байланыста;
-Бұл аймақ табиғи және энергетикалық ресустарға бай;
-Дүниежүзілік саяси мәні бар Қазақстанның уран рудасы мен ядролық технологиялары бар.
Сол үшін АҚШ-тың сляси кызығушылықпен қатар экономикалык қызығушылығы да басым. Ал Орталык Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бәсеке балансын да түрлендіреді. АҚШ-қа жаңа саяси одақ құратын мемлекет қажет. Себебі Ресей өзінің ішкі саяси- экономикалық проблемаларына байланысты біркелкі әлсіреген, ал Қытай болса өз ұстанымдарын күшейтіргенімен көшбасшылық дәрежеге дейін жете қойған жоқ.
АҚШ Қазақстанда глобальды саясат жүргізгісі келеді. Ол әскери және экономикалық қуатқа ие болғандықтан жаһанды тораб қалыптастыру саясатын жүргізуде. Бір жақтан АКШ-та Қазақстан үшін манызды серіктес мемлекеттердің бірі. Себебі аумақтағы кауіпсіздікті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, халықаралық саяси және қаржы әлемде Қазақстан өз орнын иеленуде АҚШ-тың да колдауы маңызды болып келеді. Н.Ә.Назарбаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қазақстан Республикасының және НАТО
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының Кореямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуы
Франция экономикасы
Қазақстан мен Канаданың байланыстары
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Пәндер