Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
2.1.Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Ақпараттық қоғамның оқушы өмірінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.3. Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесіменсипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. Ақпараттық қоғам ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: ағартылған қоғам (К. Флекснер), қатер қоғамы (У. Бек), посткапиталистік қоғам (П. Друккер), ашық қоғам (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және ақпараттандырылған әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен ақпараттық қоғам тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым).

Негізгі бөлім
2.1.Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері
Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген Келе жатқан постиндустриялды қоғам атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа интеллектуалды техниканы құрастыру. Экономиканың жаңа сипаттарын зерттей отырып Белл мынадай қорытындыға келген: қоғамда дамудың индустриялды кезеңінен постиндустриялды кезеңге өтуі байқалады, осы уақытта экономикада өндірістік сектордың емес, қызмет көрсету секорының басымдылығы байқалады. Постиндустриялды қоғам теориясы кейіннен З. Бзежинский, Дж. Гэлбрейт, Э. Тоффлер және т.б. дамытылады. 90-жылдары постиндустриялды қоғам концепциясын көптеген зерттеушілер ақпараттық қоғам ұғымымен байланыстырады, ал кейде осы ұғымдар синонимдер ретінде де пайдаланыла береді.
Осы концепцияны қарастыра отырып, әрқашанда екі аса маңызды жайтты ұмыстпаған жөн: біріншіден, Белл қоғамның жаңа түрінің пайда болуын болжаған, ол әзір тұрған постиндустриялды қоғамды зерттемеген, ал екіншіден, постиндустриялды қоғам концепциясы экономикасы дамыған елдерді сипаттайды - АҚШ, Бастыс Еуропа елдері және Жапония, ал егер қатаңырақ үңілсек тек АҚШ-ты қарастырған.
Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - телекомпьютерэнергетика жасалуда (Дж. Пелтон)."Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялықдетерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.
Ақпараттық қоғамның пайда болуы алфавит пен баспа машинасын ойлап шығаруды тудырған өзгерістермен салыстырмалы адамзат қоғамының іргелі өзгеруі болып табылады. Мұндай серпінді даму жағдайында адамзат өмірінің барлық мәнісіне әсер етуге қабілетті жаңа мәдениет пайда болады. Ақпарат пен білім, оларды теңдей алмасу үшін мүмкіндіктер туғызған жағдайда ғана көптеген проблемаларды шешуге себепші болады. Бұл өзгерістердің мағынасы оның білім алмасу және таратуға, әлеуметтік-экономикалық тәртіпке, бизнес және саясатты жүргізу тәжірибесіне, саяси шешімдердің сипатына, ақпараттық құралдарды қолдануға, білім және денсаулық сақтаумен байланысты тәртіпке, бос уақытты өткізу және ойын-сауық сипатына әсер ету тұрғысынан бағалануы мүмкін. Мұның барлығы жаңа ақпараттық сауаттылықты иелену қажеттілігін жорамалдайды. Жаңа жағдайдың белгісі ақпараттың жиналу және таратылу жылдамдығы болып табылады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) пайда болуы және дамуымен мүмкін болды.
Ресми статистикалық мәліметтер орын алған өзгерістердің нәтижелерін дәйекті түсіну үшін керек. Ақпараттық қоғамды қоғамдағы, іскер сектордағы үрдістер туралы статистикалық мәліметтерді қолдану арқылы бағалау үнемі қайта қарау және жетілдіру саласы болып табылады. Сондықтан берілген әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің мақсаты ақпараттық қоғам статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелерді анықтау болып табылады.

2.2. Ақпараттық қоғамның оқушы өмірінде алатын орны
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең - ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпарат-тық-коммуникациялық технологиялардың оқытушы қызметінің барлық салаларына кіріктіріліп, табиғи ортаға айналып отыр. Біз қазіргі уақытта әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады.
Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда тиімді көмекші құрал ретінде қолданылады.
Компьютерлік желілер көмегімен құжат-тамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толық-қанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт - азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдаған Жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды - білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтарға және әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.
Ақпараттық-коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты -- оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы -- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Білім беруде ақпараттандыру процесі оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

2.3. Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын Активті экран болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ақпараттық база
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Ғылыми-техникалық революция мен ақпараттық қоғам жағдайындағы адам мен қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастыру
Ақпараттық қоғам және ақпараттық қоғамдағы технологиялар
Өзінің Бақылау революциясы
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Пәндер