Акварель бояуымен жұмыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Акварель жұмысының техникасы мен түрлері
Пәні: Бейнелеу өнері
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3ж КДО топ студенті
Кусаналиева У.К.
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Маденова Т.У.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Жоспары

Кіріспе
1. Акварель бояуымен жұмыс
2.Жұмыстың жүргізілу тәртібі
3.Акварельдік кескіндеменің техникасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу .
Акварельмен жұмыс істеуге балалар мектепке дейінгі кезеңде-ақ қызығады.. Ал, мектепте төменгі класс балаларының бейнелеу өнері сабағында жұмыс істейтін негізгі құралдарының бірі акварель (суға еритін) және гуашь бояулары. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымнан бастап-ақ баланы акварель бояуымен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру керек.

1. Акварель бояуымен жұмыс
Акварельмен жұмысты бастамас бұрын балалармен әңгіме жүргізу керек болады. Онда бояумен жұмыс істеу ережелері мен қажетті құралдар туралы айтылады. Яғни: бояу, су (егер класта су жүйесі болмаса, суды әкеліп қоюды ұйымдастыру керек), балаларда су құйып алу үшін шағын ыдыстары, ұшты және жұмыр басты қыл қаламы (кисточка), бояуларды араластырып түсін табуға пайдалану үшін бір парақ ақ қағазы, қыл қаламды қоятын тұғыры (подставка), арнайы сурет дәптері.
Қылқаламмен жұмыс істегенде қатты баспай, оның ұшымен ғана жұмыс істеуді үйрету керек. Егер қылқаламды оның қылы жапырылғанша бастырып бояйтын болса, бояу жан-жаққа шашырап, суреттің әдемі болмайтынын айту керек. Қыл қаламды алдымен сулап алып, оны бояу бетіне жағады.бояу езу үшін кішкене қақпашаларды пайдаланған қолайлы.
Қақпашаға езілген бояуды солдан оңға қарай қағаз бетіне жүргізеді. Осылай жағылған бояуды қыл қаламның көмегімен төмен қарай бірте-бірте жаға беру керек.сонда бояу тегіс жағылады. Бұл жұмысты орындау кезінде сурет дәптері біршама көлбеу ұсталады. Езілген бояу біткенде ғана қайта тағайындау керек. Баланың қасында құрғақ шүберек болғаны абзал. Егер түсті қоюлату керек болса, жағылған бояукепкен соң оның үстінен екінше рет жақса, жұмыс таза, көркем болып шығады. Ал бояу бірден қою жағылса, бояу кепкен кезде,лас, әрі ала-құла болып қалады. Бұл жұмыстың сапасын төмендетеді. Акварель бояуымен жұмыс істегенде түсті таба білу - үлкен жетістік. Затқа қарап, оның түсін табу, түстердің арақатынасын (өзгеруін) келтіру - күрделі жұмыс.
Барлық түсті негізінен екіге бөлуге болады: хроматикалық (қызыл, сары,көк т.б.) және ахроматикалық (ақ, қара, сұр). Бірінші түске ашық бояулар, ал екіншісіне түстер меннегізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын қосымша түстер жатады. Бұл үш түсті өз ара араластыру арқылы қызғылт, сия және жасыл түстер шығарып алуға да болады.Осы алты түс арқылы Күн сәулесінен спектрі белгіленеді.
Жұмыс істегенде бояуды қағаз бетіне құрғақ кезінде жағудан дымқылдай бояудың тиімді екенін ескертіп үйрету керек. Яғни бояуды пайдаланбас бұрын қағазды таза сумен қыл қалам арқылы таза сумен қыл қалам арқылы түгелдей дымқылдап авлады да, бояумен жұмысты сонан соң бастаған жөн. бұл әдіспен жұмыс істеу жеңіл, себебі дымқыл қағазға акварель бояуы тез жұғады. Боямен жұмыс жүогізгенде сабақты тиімді ұйымдастыруды ойлау керек. Балалардың әрқайсысында бояудың, қыл қалам басқа да қажетті құралдың түгел болуын талап ету керек. Жұмыс үстінде ақшыл сұр немесе боз, көгілдір сияқты түстер қажет болады. Оны дайындау үшін мынадай жаттыға жұмысын жүргізген жөн. Бірінші шаршы анық боялған, екінші шаршы онан көмескілеу, ал үшінші шаршы өте сұйық етіп боялған. Балалар мұнан қара, көк, сұр түстерге су араластырып, олардың түсін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акварель жұмыстарының техникасы мен түстері
Акварель бояуларының түрлері
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Гуашь бояуы
Шығармаларын анималистік жанрға арнаған суретшілер
Пейзаждық сурет салу
Көмірмен сурет салу
Бейнелеу өнерінде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері
Слайм ойыншығының зияны
Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Пәндер