Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
1. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы
2. Тұрмыс-салт жырлары мен әдет-ғұрып жырлары
3. Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
4. Абай жолы эпопеясындағы салт-дәстүр қатары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы.
Абай не нәрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазды. Әр нәрсенің сырын, қасиетін терең сезініп жазған соң, сөздің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. (А. Байтұрсынов. "Қазақтың бас ақыны".)
Құдайға шүкір, қазақ ауыз әдебиетінде ұлттық салт - дәстүр жырлары аса ауқымды. Тұтас бір әлем деуге болады. Сөз жоқ, ұлтты ұлт етіп қалыптастыруда салт - дәстүрлер аса зор ықпал етті. Бұдан да нақтылап айтар болсақ, халық салт - дәстүрді дүниеге алып келді, ал салт - дәстүр ұлтты қалыптастырды. Өйткені салт - дәстүрсіз ешқандай ұлт қалыптаспайды. Ғасырлар бойы халқымыз туындатқан салт - дәстүр жырлары да осы ниетте алғаусыз қызмет еткен.
Тақырыптың мақсат-міндеті: Абай шығармаларындағы салт-дәстүрді дәріптеу. Егемендікке қол жеткізген таңда жоғала жаздаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, жас ұрпаққа жеткізе білу.
* Отау көтеру дәстүрлері : Той, Қалың мал, Киіт, Өлі- тірі
* Тәрбие дәстүрлері: Шілдехана, Сүйіндір, Ат қою, Бауырына салу
* Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: Ауызбастырық, Ат міңгізіп, шапан жабу
* Еңбек дәстүрлері: Асар, Көген той, Қолкесер, Аңшылық
* Наурыз дәстүрлері: Қыдыр ата, Әз, Наурыз бата
* Ислам тағылымдары: Айт, Құрбан шалу, Намаз
* Қаза ғұрыптары: Жаңаза, Көңіл айту, Естірту
Егер біз өзімізді толыққанды ұлтпыз дейтін болсақ, ең алдымен тілге, сондай - ақ салт - дәстүрге, сонын ішінде салт - дәстүр жырларына да қарыздармыз.
Айта кеткен жөн, ауыз әдебиетіндегі салт - дәстүр, әдет - ғұрып жырлары бір ізге түскен, ғылыми зерттеулер сұрыптауынан өткен, рухани айналымға толықтай енген деуге болады. Сондай - ақ олардың бала бақшалар мен мектеп бағдарламаларында, соншалықты жоғары деңгейде болмаса да, насихатталуы біршама жаман емес. Тек оны тереңдете беру керек...
Жазба ақындардың да бұл тақырыпқа қалам тартқандары аз емес. Олардың салт - дәстүр жырлары бұл тақырыпты танымдық, тағылымдық жағынан ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік, қоғамдық, философиялық мәні мен мағынасын, астарын ашып көрсетуге ден қояды. Бірақ осы уақытқа дейін жазба поэзиямыздағы осы бір ауқымды тақырып арнайы әңгіме арқауына айналмай, біртұтас жүйеге түспей - ақ келеді. Айтылса да, там - тұмдап, жанама, қосалқы түрде ғана айтылады.
Міне, осы олқылықтың орнын толтыру үшін аз болса да сеп бола ма деген оймен ғылыми жоба тақырыбын Абай шығармаларындағы салт-дәстүрлер деп алдым. Онда қазақ ақындары дүниеге келтірген салт - дәстүр жырларының озық үлгілерін қамтыдым.. Ол, әрине, ұлы Абайдан басталу керек.
Зерттеу болжамым: егер де мемлекеттік емес тілде сөйлейтін жас жеткіншектерге осы қарастырған мәселерімді жетерліктей түсіндіріп, одан мәнді бір қорытынды шықса, онда ертеңгі Қазақстанның алға қадам басуы бірден-бір көмекші болар деген ойдамын.
Ғылыми жобаның құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. (Ж.Ысмағұлов.) Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі. Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. Дүние де өзі,мал да өзі.
Абай "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" деген өлеңінде адамның туғанынан өлгенге дейінгі өмірінің бәрі өлеңмен жалғасатынын, ұлттык салт-дәстүр атаулының (шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, өлікті жөнелту, т. б.) өлеңсіз өтпейтінін айта келіп:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығын бәрі өлеңмен
Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең... --
Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы - тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы - шындықтың шарықтау белгісі. Адам баласының алға басуы, ой, сана-сезімінің өсуі, қоғамның экономикалық, тіршілік жағдайларына байланысты рухани мәдениеті - жан дүниенің табиғаты қаншалықты әсем болса, үлгісі де соншалықты жүйелі болып келетінінің көрінісі емес пе?! Өз жанын пида етсе де, Отанымызды қарсылас қатыгез жау қолынан қабырғасын қайыстырып қорғауға барлық жан-тәнімен ат салысқан батыр бабалардың, он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлердің, "айтылған сөзі атылған оқпен тең" халық көкейіндегісін ашып айтар зерек те әділ би-шешендердің, терең ойлы, жүйрік шешімді, жылы жүректі жарқын мінезді, мейірімді жүзінен от шашқан, жалынға толы көз жанарынан өмірге көз қарасы мен дүниетанымы байқалатын, "келген адамға кет демейтін" қонақжай халықтың қолынан өтіп, ісімен дәлелдеген, көзімен көрініп, жүрегімен сезілген асыл да қымбат қазына келешек жас ұрпаққа өнеге-үлгі екенін жүректің суықтығын жылытып сезінген неткен ғанибет десеңізші! Оның қазақтың әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, күллі этнографиялық құндылықтарының біо парасы іспетті болғаны Жағда Бабалықұлы сынды көрген-білгенін ақылға тоқып, соларды өмір бойына насихаттап, дәріптеген абыз қарияның соңында қалған асыл мұрасы - өте көлемді дүние екенінен байқаймыз. Баяғы бағзы замандағы жан-дүниесі бай, көрген-түйгені мол, өткен өмірінде елге еңбек еткен даналар, тарихы тереңде жатқан еліміздің бұл күндері ұмыт бола бастаған әдеп-тәрбиесі және болашағы жайындағы мақсат-мұратын пайымдап қағаз бетіне түсірді. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын руханияттың бастау бұлағы деуге мол негіз бар.

2. Тұрмыс-салт жырлары мен әдет-ғұрып жырлары
Ауыз әдебиетінен кең орын алатын адам өмірінің үш кезеңінің, дүние парағын жаңадан ашып, қолына қалам алып өмірдің белестерін алғаш жаза бастаған кезінің, бас қосып үй болған, кейбіреуге шаттық әкелсе, енді біреулерге шерлі мұң сыйлаған отау құруының, асарын асап, жасарын жасаған, осы дүниеде сүрер ғұмыры аяғына тақап қалған жанның дүниеден өту кезеңінің әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты, әр елдің өзіне тән дәстүрі болатынына ешкімнің де таласы жоқ. Сол себепті еліміздің біртуар тұлғасы А. Байтұрсыновтың ғылымға енгізуімен дүниеге келген әдет-ғұрып фольклоры ұлы Абай ақынның рухани әрі түбіне үңіліп байқасаңыз ой мазмұнына толы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойынына кірер денең, - деген өлеңнің аз да болса әдет-ғұрыптың бір ұйытқысы болған үзіндісінде көтерілген мәселе тұрмыс жырлары қазанның құлағы болса, адам өмірі - қазанның өзі екенінің бүкпесіз дәлелі. Ғасырлар бойғы тәрбие-тағылыммен, тіл және дінімізбен, көңілге қонымды өткір тілімізбен, әр ғұмыр жолында ұрпақтан келесі өренге жалғасқан өшпес мұра, әрі қайталанбас шежіремен өрнектеліп өрілген халықтың жоғары рухына толы әдет-ғұрып жырлары бар халық текті де теңдессіз болып саналады. Ендеше, М. Әуезовтің "Қазақ халқының эпосы" атты еңбектер жинағындағы: "Жалпы мағынасы, тұрақты образдар жүйесі, ортақ қайғылы сарыны, ой-түйіні орайлас болғанымен, "тұрмыс-салт жырларының" әр саласының, әр өлеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады" деп қосылған пікір оның мазмұн тереңдігі көркемдік ерекшелігіне сай екенін білдіреді.
Еліміздің әдет-ғұрып жырларымен егіз болып айырылмай жүретін, халықтың аса қадірлеп, барынша бейнелеп отыратын, қазақтың күн көрісінің, шаруашылығының негізгі саласы болған, сонау ескі заман елесі суреттелген, адамның тылсым табиғат сырын түсінбеген кезінде, сауса - сүт, сойса - ет, кисе - киім, мінсе - көлік тәрізді халықтың ғұмыр кешу мүмкіншілігінің негізіне айналған төрт-түлік малдың әрқайсысының өз иесі, мәселен,, жуастық пен момындықтың символы болған қой малының:
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы -
Қойлар бассын үйіңді!..
Қоймай бассын үйіңді! - дегендей Шопан ата тәрізді, ер қанаты және жеті қазынаның бірі - жылқының:
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі...
Қамбар ата баласы -
Жылқы бассын үйіңді! - демекші Қамбар ата сияқты, күллі әлемді ақпен қамтыған сиыр төрт-түлігінің:
Зеңгі баба баласы -
Сыймай бассын үйіңді! - деген тұрмыс-салт жырларының бір парасында айтылғандай зеңгі баба секілді, күй талғамайтын, төзімділік қасиетімен бүкіл елді бас идірген түйе төренің Ойсылқара деген атасы болатыны бізге мәлім. Қай тұсынан алып қарамасақ та, ұшан-теңіз, сан қырлы, бір сырлы мәнге толған Л. Н. Гумилевтің "Көне түркілер" баспасындағы: "...Түркілердің ұлан-ғайыр жерлерге ие болуы олардың қисапсыз көп мал өсіруіне мүмкіндік туғызған. Малдың өнімінен түрлі тағамдар даярлап, терісі мен жүнінен киім-кешек жасаған. Көрші елдерге жылқы, қой малдарын, сүт, ет тағамдарын, аң терілерін сататын" деген пікір, бір жағанан, баяғы кездегі адамдардың өмірі мал атаулысымен тығыз байланысты болғаны, екіншіден, сауду-саттық кәсібімен айналысқан екендігі - осы ойымның айғағы.
Төрт-түлік мал өмір сүру үшін маңызды болып қана қоймай, сонымен бірге мейірімділік пен сүйіспеншілікте де алатын орыны ерекше. Кішіге әрқашан ізет көрсетіп жүретін, көпті көрген қарт жандар өмір өткелінен, жолынан өтетін ойы әлі алдында жүрген, үлкенге құрмет көрсететін жастарды немесе жүрегі аққудай пәк, риясыз, күнәсіз періштедей сәбилерді төрт-түліктің төлдеріне сыпайылық мағынасында теңеумен өзінің оған деген жақсы көру сезімін білдіруі - қазақ халқының бұрыннан келе жатқан баланы еркелетудің дәстүрлік жолы екенін ескерсек, "қоңыр қозым", "лағым", "ботақаным", "құлыншағым" және сол тәріздес мал төлдерін атайтын сөздерде алып бір тылсым күш пен мағыналы сыр жатқаны айдан анық.
Дүниеде сан - алуан оқиғалар ғасырлар шеруінен өтіп, өзгерістерге ұшырағанымен, кейбір саусақпен санарлық нәрселер, соның ішінде, шаруашылықтың шығар көзінің қолданысы еш уақытта жойылмайтындықтан және "қой өсірсең өнімі көл-көсір" болатын, "тоқтышақтың терісі тоғыз қабат торқадан артық" болатын тәрізді әрқайсысының ерекшеліктеріне сипаттама бере алатынстөрт-түліктер бұрынғы ықылым заманда қанша керекті болса, бүгінгі таңда да сонша маңызы зор болғандықтан, оның негізінде пайда болған өлең-жырлар бір айдың емес, тіпті, бір жылдың емес, талай-талай ғасырлар жемісі екенін ескеру қиыншылық етпейді. Олай болса, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай" түйінін Сұлтанғали Садырбаев сынды ауызымен айтылған әрбір сөзі балдай болған ақын-жазушыларымыздың: "Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі - мал шаруашылығы болған" деген ойынан аңғаруға болады.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінен шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын және еліміздің әрбір азаматының рухани жан-дүниесінің негізінде туындайтын, әрқашан жақсылығы мен жамандығы, ащысы мен тұщысы егіздес жүретін өміріне қажетті үгіт-насихат алатын, болашағының қандай жағдай болмасын қол жеткізуге ұмтылатын алға қойған арман-мақсатының тірегі болған салт-дәстүрі адамның патриотизмдік сезімін білдіріп, оны іспен дәлелдеуіне мүмкіндік етеді. Қазақ еліндегі "мен - қазақпын" деп айта алатын ұлтжанды жанның осы белгісінен оның ішкі дүниесінің қыр-сырын, тарихи бітім-болмысын бұлақтың мөлдірінен, сүттің ақтығанан, айдың жарықтығынан анық аңғара аламыз.
Күйеу киімі (салт). Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба? деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын күйеу атымен күл тасы дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты.
Қынаменде (дәстүр). Қынаменде, жар жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы қынаменде деп аталады. Шығыс халықтарында қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.

3. Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Әдебиет-өмір оқулығы. Онда бүкіл дүние тынысы бар: сұлулық та, сүреңсіздік те, қаталдық та, қайрымдылық та, елдік те, махаббат достық, адамгершілік- бәрі-бәрі бар.
Қазақ әдебиеті- халқымыздың тарихы. Шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы. Әдебиет халқымыздың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құралы.
Соғыс кезеңі мен онан кейіндегі жылдардағы әдебиеттегі таланттар тарихы мен тағдырына қарап отырсақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгермей кеткен. Туған халқына мәңгіліқ мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі - Мұхтар Әуезов. Абай жолы - Әуезовтың бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып үлгі етіп кетті. Оның суреткер ретіндегі бақыты да осында.
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырындағы асқар белі - Абай болса, ХХ ғасырындағы заңғар биігі - Мұхтар Әуезов болады. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.
Кез - келген ғылыми жұмысты жазатын адам, сол жұмысты жазбас бұрын, оның өзектілігін анықтап алу шарт. Олар төмендегідей:
Абай жолы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясы ұшан - теңіз өмір ағымын, сан алуан оғиғаларды қамтып, тағдыры қилы-қилы көптеген кейіпкерлерді бейнелеген, қазақ тарихының шындығын терең ашып көрсететін кесек көркем туынды. Абай жолы - қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұны-мағынасы, көркемдік бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма. 30-шы жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде ақынның ұлылығын, қалдырған мұрасының аса құндылығын тани білген Мұхтар Әуезов болды. Ол Л.Соболевпен бірігіп жазған Абай трагедиясын 1939 жылы Мәскеуге бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий де жазды. Абай трагедиясында ақын өмірінің соңғы кезеңі бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қалың ортасынан шыққан қамқоршы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ М.Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазған Татьянаның қырдағы әні атты үзінді романның таратуы ретінде жоспарланған болатын. Жазушы өз шығармасында Абайдың ұлы Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастайды. Бұл автодың ойынша романның негізгі идеясын айқындайтын өзекті тақырыптардың бірі болатын. Кейін баспа сөзде жарияланған осы Татьянаның қырдағы әнін оқушылар жылы қабылдады. Алғашқыда автор романға Телғара деген ат бермекші болған. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын Абай, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын Абай жолы романын жазды. Төрт томдық Абай жолы роман эпопеясы жарық көргеннен соң, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға М.Әуезовтың мол дайындығы бар еді. Бұл жазушының дүние танымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шындалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүгін бір тарихи дәуірді, бір халқымыздың ұлттық өмір-салтын, көптеген оқиғаларды,сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозасында зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындғында терең бойлап, тарихи шындықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
Ізгілік ұғымын дамытудағы ғалымдар көзқарастарының рөлі
Абай дана Абай дара
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Пәндер