Алашорда мүшелігіне Орал облысынан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Орал облысының 1916-1917 жылдардағы саяси әлеуметтік тұрмыс жағдайына шолу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Орал облысының 1916-1917 ж.ж. саяси жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Өлкенің әлеуметтік-тұрмыстық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Кіріспе
Зерттеудің деңгейі: 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі деп малы тартып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығына да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Орыс селолары малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүдде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз қалды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген зиян едеуір болды. Бұл облыстың қазақ халқы тұратын, мал саны 6 миллионнан астам болған төрт уезінде оның кемуі 30% деп анықталады.
Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-күйі, олардың күш-көлігімен қамтамасыз етілуіне байланысты еді, Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село менауылдашаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне өкеп сокты. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның өзі мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала -- шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
Зерттеудің өзектілігі: Революция жылдарында Орал және Торғай облыстары қазақтарының атынан 44 адам қол қойған петиция, депутат Б.Қаратаевтың күрес қимылдары белгілі. Облыста осы кезеңде және одан кейін де солшыл саяси күштер белсенді жұмыс жүргізді.
Бұларға қарсы осы жылдары қара жүздіктер қызметі жандандырылды, үкімет айналасында ұлтшыл ұйымдар қолдау тапты.
Көпшіліктің стихиялы бас көтеруі ақсүйектердің кейбір бөлігін алаңдатты. 1916 жылдың 25 шілдесінде Бөкей Ордасынан Петерборға 25 июнь жарлығының күшін тоқтату жөніндегі өтінішпен құрамында Ғабдолла Мұқашев, Жүмағали Қарашев, Батырқайыр Ниязов, Ишанғали Меңдіханов бар делегаңия аттанды. Қазақ жұрты босқа қанға бөкпес үшін ұлттық интеллигенция көтерілісшілерге бағытталған соққыны барынша тежеуге күш салды. Осындай мақсатпен 1916 ж. 3 қарашадан бастап Орал орталық қайырымдылық комитеті жұмыс істеді, оның болыстық комитеттері, Темірде ерекше бөлімі құрылды.
Орал облысының уездеріндегі жағдай бұдан гөрі қолайырақ болды. Темір уезінде кеңес үкіметі 1917 жылдың қарашасында, Гурьев, Ілбішін уездерінде 1918 жылдың ақпанында орнатылды.
1918 жылы 18 - 24 наурызда Орал қаласында жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары Кеңестерінің облыстық съезі болды. Съезд Орал әскери үкіметін және Алашорданың батыс бөлімі үкіметін тарату және олардың басшыларын тұтқындау, Қызыл гвардиядияға майдангер солдаттарды мобилизациялау жұмысын жүргізу туралы қаулы шығарды. Облыстық атқару комитеті сайланып, оған П.Дмитриев (төраға), Ә.Әйтиев (төрағаның орынбасары), М.Ипмағамбетов, П.Червяков, А.А. Алмазов, З.Половинкин және басқалар енді. Бірақ съезд шешімдерін орындауға мүмкіндік болмады.
Тақырыптың мақсат міндеттері:
1. Орал облысының 1916-1917 ж.ж. саяси жағдайына сипаттама беру;
2. Өлкенің әлеуметтік-тұрмыстық даму ерекшеліктерін анықтау.

Негізгі бөлім
1. Орал облысының 1916-1917 ж.ж. саяси жағдай
20 ғ-дың басында Орал облысына патша өкіметінің аграрлық саясаты қарқынды жүргізілді. Мәселен, 1906-16 ж. қоныс аударушылар үшін қазақтардан көлемі 87929 десятина болатын 136 жер учаскесі тартып алынып, оған 54513 қарашекпен қоныстандырылды. Осы жылдары өр түрлі мекемелердің қызмет ауқымы ұлғая түсті. Оралда 1908 жылы өзара несие қоғамы құрылды, ал 1913 жылы казак-орыс серіктестігінің -- 40, қоныс аударушылардың 19 шағын несие мекемелері жұмыс істеді. 1912 жылдан бастап қазақтар қоныс аударушылардың - 9, казактардың 2 қаржы мекемесіне қатысты. 1914 ж. әрбір 1000 адамның 14-інің жинақ кассаларында өз салымы болды. 1914 ж. тұтанған бірінші дүниежүзіліксоғыс Жайық өңірі халқын әбден күйзелтті. Мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жаппай реквизициялау, алым-салықтың өсуі, инфляция облыс тұрғындарының наразылығын туғызды. 1914- 15 жылдары казак-орыстар иелігіндегі жерлерде егіс көлемі 14%-ке кеміді, ал қазақтардың бағымындағы мал саны 1913-17 ж. 2206 мыңнан 397 мың басқа дейін құлдырады. Казак-орыстарды майданға мобилизациялау, қазақтарды тыл жұмысына алу елкеде өкіметке қарсы халықтық толқуларды ершітті. Орал облысы бойынша 50 мыңнан астам адам ескер қатарына шақырылуға тиіс еді. Отаршылдық езгі мен әлеуметтік әділетсіздіктің күшеюі, жерді тартып алу, алым-салықтың кебеюі, ұлт араздығын қоздыру, орыстандыру саясаты, империалистік соғыс күйзелткен қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы - 1916 жылғы ке- терілістің тұтануының басты себептері болды. Өзінің сипаты жағынан бұл отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс еді.
Революция жылдарында Орал және Торғай облыстары қазақтарының атынан 44 адам қол қойған петиция, депутат Б.Қаратаевтың күрес қимылдары белгілі. Облыста осы кезеңде және одан кейін де солшыл саяси күштер белсенді жұмыс жүргізді. (Мәселен, 1907-08 ж. оқушылар ұйымы, Орал газеті мен оның белсенді мүшелері Хұсайын және Хадиша Ямашевтердің іс- қимылдары). Бұларға қарсы осы жылдары қара жүздіктер қызметі жандандырылды, үкімет айналасында ұлтшыл ұйымдар қолдау тапты.
Көтеріліс шілденің 4-і күні Ілбішін уезінде 1000-ға жуық сойылмен, мылтықпен қаруланған қазақтар телеграф байланысын үзбекші жене қоныс аударушылардың мекендерін талқандамақшы болған кезден басталды. Темір уезіндегі Преображенский кенті талқандалып, мал мен қүны 3000 сомға жуық дүние-мүлік тәркіленді. Тамыз айында көтеріліс шілер Орал уезі Шілік болысын шапты. Оларды Шомақ Қүсмағамбетов, Ықсан Терекбаев, Құдайберген Байменов бастады. 1916 жылдың жазында наразылық Шыңғырлау болысына жайылды, 5-ауылдың қазақтары өскерге шақырушылардың тізімін беруді талап етті. Толқу Бөкей Ордасын түгел қамтыды.
Көпшіліктің стихиялы бас көтеруі ақсүйектердің кейбір бөлігін алаңдатты. 1916 жылдың 25 шілдесінде Бөкей Ордасынан Петерборға 25 июнь жарлығының күшін тоқтату жөніндегі өтінішпен құрамында Ғабдолла Мұқашев, Жүмағали Қарашев, Батырқайыр Ниязов, Ишанғали Меңдіханов бар делегаңия аттанды. Қазақ жұрты босқа қанға бөкпес үшін ұлттық интеллигенция көтерілісшілерге бағытталған соққыны барынша тежеуге күш салды. Осындай мақсатпен 1916 ж. 3 қарашадан бастап Орал орталық қайырымдылық комитеті жұмыс істеді, оның болыстық комитеттері, Темірде ерекше бөлімі құрылды. Комитеттің араласуымен 1013 пар іш киім, 445 жылы бешпет, 50 шалбар, 16990 сом қаражат жиналды. Сондай-ақ интеллигенция өкілдері, мәселен, Бөкей Ордасынан Шафқат Бекмұхамедов тыл жұмысына алынған жігіттерге жөрдемдесу үшін майдан шебіне аттанды. Орал облысындағы көтерілістің шектеулі аймақтарға таралғанына қарамастан оны басып-жаншу үшін Орал қосалқы жүздіктерінің 5 взводы мен 2 казак-орыс командасы жіберілді. Патша өкіметі тіптен дін өкілдерін де жазалады. Мәселен, молла Бажиғали Мөулембердиев тұтқынға алынды. Халықтың толқуларын Орал социал-демократтар мүшелері А .Ізбасаров, С. Меңдешев және басқалар басқарды.
1917 ж. көктемде (13 наурызда) Оралда патшаның тақтан тайғанын тойлаған қала жұртшылығының демонстрациясы болды. Осы күндері патша өкіметінің құлауын қүптаған қүттықтаулар Орал қаласына Темірден, Калмыковтан, Доссордан, Жылойдан, Сахарнов, Ілбішін, Сламихин станицаларынан, Жымпиты, Елек, Покровск болыстарынан, Ойыл, Қаратөбе, Қызылқоға және басқа қазақ болыстарынан келіп түсті. Уақытша үкімет ең алдымен 1916 ж. көтерілісшілерге қарсы репрессияны тоқтату (1917 ж. 6 наурыз) және жігіттерді тыл жұмысынан қайтару туралы (1917 ж. 5 мамыр) жарлық шығарды. 1917 жыдцың жазында барлық елдегі сияқты Батыс Қазақстан өлкесінде де қос өкімет орнады. Қазақ және орыс кедейлерінің наразылығы облыстың оңтүстігіне кең жайылды, олар қоныс аударушылар қорының, Орал казак-орыстар мен қазақ байларының жерлерін тартып алды. Уақытша үкімет қызметінің қарама-қай- шылығы Орал облыстық комиссарының телеграммасынан көрінеді, онда ол ел ішіндегі бей-берекет әрекеттерді басу үшін 3-4 казак-орыс жүздігін жіберуді талап етеді.
1917 жылдың саяси оқиғаларына ұлттық интеллигенция белсене араласты. 10 наурызда облыс қазақтарының өкілдері өз комитетін (тәрағасы Ғ.Әлібеков) құрып, Орал азаматтық комитетіне Ә.Көсепғалиев, Ғ.Әлібеков пен Б.Қаратаевты делегат етіп жіберді. 19-20 сөуірде 800 адам қатысқан облыс қазақтарының съезі болып өтті. Оны өткі зуге А.Қалменов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Әлібеков, Х.Ахметшин, И.Арғыншиев белсене араласты. Съезде 20 адамнан тұратын комитет сайланды, қоныс аударушылардың көшіп келуін тоқтату, ауыр алым-салықтарды жою, көші-қон еркіндігі, сауда-саттықты ұлғайту мәселелері шешілді. Сондай-ақ дін ұстану еркіндігі, баспасөз бен сез бостандығы, қазақтар арасында оқу-білім тарату меселелері де қойылды.
Съезд өкілдері 1917 ж. 21-28 шілдеде Орынбор қаласында болып өткен 1-жалпықазақ съезі жұмысына белсене араласты, оған Халел Досмұхамедов терағалық етті. Қазақстанның автономиясы туралы мөселе кетерілген съезд шешімдері тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, қазақ милициясьш құру , басқаруды земствоға өткізіп беру, ескі сот жүйесін жою, діни мекемелерді қайта құру , әйел теңдігі жене т.б. қамтыды. Съезд Құрылтай жиналысына әр өлкеден үсынылған депутаттарды анықтады. Оған Орал облысынан Х.Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Н.Ипмағанбетов, С. Қаратілеуов, Ғ.Әлібеков, Ғ.Бердиев, Г.Есенғұлов жене Бекей Ордасынан Б.Қүлманов, У.Танашев, Б.Ниязов сайланды. Сондай-ақ Шураи Ислам ұйымына мүшелікке Орал облысынан Ж.Досмұхамедов, Бөкей Ордасынан У.Танашев жіберілетін болып келісілді. Қазақ интеллигенциясының күшімен Алаш партиясы құрылды. 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында 2-жалпықазақ съезі болып өтті. Қазіргі Қазақстанның барлық аумағында Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің басқаруымен Алаш ұлттық автономиясын құру жөнінде шешім қабылдаған бұл съезге де облыстағы қазақ интеллигенциясының өкілдері белсене қатысты. Алашорда мүшелігіне Орал облысынан X.Досмұхамедов, ал Бөкей Ордасынан У.Танашев енді.

2. Өлкенің әлеуметтік-тұрмыстық даму ерекшеліктері
1916 жылғы кетеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі деп малы тартып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығына да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Орыс селолары малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүдде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз қалды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген зиян едеуір болды. Бұл облыстың қазақ халқы тұратын, мал саны 6 миллионнан астам болған төрт уезінде оның кемуі 30% деп анықталады.
Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-күйі, олардың күш-көлігімен қамтамасыз етілуіне байланысты еді, Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село менауылдашаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне өкеп сокты. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның өзі мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала -- шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
Реквизициялар бірлігі ру билеушілері мен ірі мал иелеріне соқпай, халықтың кедей және орташа топтарына ауыр салмақ болып түсті, сол арқылы кедей-орташа қожалықтардың қайыршылану үрдісін едәуір тездетті, қазақ шаруаларының тақыр кедей болып қалуы күшейді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Бұл кеніштерден 1914 жылы -- 246 пұт, ал 1916 жылы -- 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғары, қатынас жолдарының қашык, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды және алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті. Түсті металдарға деген қажеттердің өсуі және олардың бағасының күрт артуы соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917 жылы 25,3 есе өсті. Ресейде тендесі болмаған Екібастұз қорғасын-мырыш зауыты зор қорғаныс маңызына ие болды, 1916жылдан жұмыс істей бастады, бірақ оның құрылысы соғыстың аяғына дейін толық аяқталмады. 1917 жылдың қаңтарына дейін зауытта 13 пұт мырыш балқытылды. Қырғыз коғамы Екібастұз зауытының мырышымен соғыс кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін жұмыс істеген Қыштым зауыттарын, сондай-ақ өскери ведомствоның Ижорь, Обухов зауыттарын жабдықтап отырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамы мен Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамы өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты -- Спасск зауытында өндірілді. Жер қойнауын жыртқыштыкпен пайдалану Спасск мыс кені акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыгу фаб-рикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт концентрат өндірді.
Спасск кәсіпорындарының отын базасы Қарағанды кен орындары болды. Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз көмір кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше пароходствоны, Оралдағы Богословск және Қыштым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.
Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында шетелдік ірі магааттар Қазақстанның мұнай өнеркәсібінеде еніп алды. 1912жылдан 1917жылға дейін Доссорда 11 мұнай бұрқағы жұмыс істеді. 1914 жылы Орал-Жем ауданы Ресейде мұнай өндіру жөнінен үшінші орын алды. 1914 жылы мұнай өндіру рекордтық мөлшерге жетті, онда кәсіпшіліктер елде өндірілетін бүкіл мұнайдың 3%-ын берді, 1915 жылдан мұнай өндіру құлдырай бастайды. Бұған кәсіпкерлердің барынша пайда табуға тырысып, жаңамұнай аландарын дайындау жөніндегі барлау жұмыстарына салғырттық танытуы себеп болды.
Патша үкіметінің буржуазияны әскери-өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыруға неғұрлым кең көмек көрсетуге тарту мақсатымен Ресей буржуазиясына жеңілдік жасауынатура келді. Бұл әрекеттердің нәтижесі әскери-өнеркәсіп комитеттерін (ӘӨК) ұйымдастыру болды, олар армияны азык-түлікпен және қару-жарақпен жабдықтау ісіндегі буржуазия мен патша өкіметінің органдары ретінде құрылды.
Қазақстанда ӘӨК ұйымдастыру өр түрлі мерзімдерде жүргізілді. Мұны Қазақстанның негізгі әкімшілік аудандарында өнеркәсіп дамуының әр түрлі деңгейімен, бұған отаршылдық өкімшілік басшыларының әр түрлі көзқарасымен, буржуазиялық өнеркәсіптік топтардың ұйымдасқандық және топтасқандық деңгейімен түсіндіруге болады.
Омбы облыстық әскери-өнеркәсіп комитетінің отырысында Семей және Петропавл әскери-өнеркәсіп комитеттерін ұйымдастыру және оның құрылымы бекітілді.
1915 жылғы 4 қазанда Ташкентте Қалалық Дума залында Түркістан генерал-губернаторлығы әскери-өнеркәсіп комитеттері өкілдерінің отырысы болды. Съезге сол кезде ұйымдастырылған жергілікті әскери-өнеркәсіп комитеттерінің 59 өкілі, соның ішінде Перовск және Верный әскери-өнеркәсіп комитеттерінен 1 өкілден қатысты.
1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери өнеркәсіп комитеті құрылды.
1915 жылдың аяғына карай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп комитеті) құрылды.
Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5 -- 7 бөлім болды.
Әскери-өнеркесіп комитеттерінің әлеуметтік базасын кеңейту үшін олардың құрамында жұмыс топтары құрыла бастады. Қазақстан буржуазиясы да әскери-өнеркәсіп комитеттерінің жанынан жұмыс топтарын құруды тездетуге ұмтылды. Бұл жұмысты бәрінен бұрын Омбы кәсіпкерлері мен саудагерлері өрістетті.
Бірақ ӘӨК қызметі патша үкіметінің үміттерін ақтамады. 1916 жылы 280 миллион сом сомасында белгіленген әскери тапсырыстардың 10%-ынан аспайтын мөлшері ғана мерзімінде орындалды. Алайда майданда жеңіске жету үшін экономиканы, әсіресе әскери экономиканы жоспарлы реттеу қажет болатын, бірақ бұл міндетке Ресейдің жас буржуазиясының шамасы келмейтін болып шықты. Соның, сондай-ақ басқа да себептердің салдарынан шаруашылық апаты жақындап қалды.
Өндеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждарына, ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары тауарларың өндіру өсті, бұл кезенде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3%-ын өндеді. Шынына келгенде, былғары, тері және ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркөсіп орталықтары -- Пермь, Вятка, Рига қалаларына онім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті.
Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндірерін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс жылдары ішінде фабрика 894,4 мың шаршыметр шұғадайындады.
Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды. Бірақ өндеуші өнеркәсіптің көпшіл іс бөлігінің қуаты аз, өндіріс техникасы қарапайым болатын, Мұнда ірі өнеркәсіп орындарын салуға үкімет те, ірі өнеркәсіпшілерде мүдделі болмады.
Соғыс жылдарында мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы техникалық өңдеу одан әрі қысқарып, егіншілік өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп біршама тез өсті. Ақмола және Семей облыстарында ұн-жарма өнеркәсібінің едәуір ірі кәсіпорындары пайда болды. Қазақстанда ұн-жарма өнеркәсібі дүниежүзілік соғыс жылдарында саны жағынан көбейіп, оның өнімділігі едәуір артты. Сібір мен Қазақстан соғыс жылдарында армия мен империяның халқына астықты және астық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілер болды.
Қала өнеркөсібінің жалпы енім көлемі 5271809 сомды құрады. Бұл соманың дені жалпы өнімнің 91,4%-ін беретін бес бу диірмені (3750 мың сом) мен шарап зауытына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнбатыс Алашорда қайраткерлері
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Қоғам қайраткерлері
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Жанша Досмұхамедов
Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы
Жаһанша Досмұхамедов
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Кадет партиясының мүшесі
Пәндер