Жәңгір ханның өмірбаяны


№1 Жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: Жәңір хан
Орындаған: 8а сынып оқушысы,
Жексенов А. А.
Тексерген: Бақтығалиева А. Т.
2014-2015 оқу жылы
Жоспар
- Жәңгір ханның өмірбаяны
- Жәгір ханның ағартушылық қызметі
- Қорытынды
1. Жәңгір ханның өмірбаяны
Жәңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - Жиһангер.
1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. 1823 жылдан бастап билік хан тағының заңды мұрагері Жәңгірдің қолына көшеді. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бір қатар әрекеттерге баруға мәжібүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. Жәңгір ханның жүргізген саясатының ақыры И. Тайманов пен М. Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатыны жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастайды. Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті. Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі - ахун (қажы) енгізілді. Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды. Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 1938 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған.
Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы, орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М. Бабажанов, М. Бекмұхамедов, К. Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып, 1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.
Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.
Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.
1845 жылы Жәңгір хан кенеттен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ол Бөкей ордасының үшінші және ең соңғы ханы болды. Одан кейін хандық билік мұрагерге берілмей қалды. Басқарудың жаңа құрылымы - Уақытша кеңес Ресей империясының Бөкей ордасын басқару құралы болды.
2. Жәңгір ханның ағартушылық қызметі
Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім? 1845 ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті. [1]
Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да генерал-губернаторлар жақсы біледі. Сол үшін де Жәңгір атақ-абыройдан кенде қалған жоқ. Хан тағына отығызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді. Салтанатқа қатысқан зиялы қазақтарды сый-құрметтен құралақан қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етті. Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты. Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.
Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақтамағандығын анықтайды. Жәңгір, халқын сатпады, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады.
1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетінде, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бір:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Жәңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық мәдениетін дамытатын әрі толықтыратын жаңа білім жүйесі «Еуропалық үлгідегі жаңа мектептер мен орта және жоғарғы оқу орындары» деп түсінді. Оны Жәңгір ханның осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман етіп, білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге болады. Жәңгір хан алғашқы болып Қазақстанда оның ішінде «Ішкі Бөкей Ордасында ұлттық білім жүйесін » қалыптастырумен айналысқан. [3]
Жәңгір ханның ағартушылық саясаты Ресей империясының саяси билігінің ықпалы арқылы жасалған жоқ. Дегенмен жаңа Еуропалық білім жүйесі Ресей арқылы келгені, бұл тарихи шындық. Осы білім жүйесін дамытуды Жәңгір хан Ресей империясы көмегімен жүзеге асырды. Бірақ, Ресей империясы отарлау саясатын жүргізгенімен жаңа Еуропалық білім жүйесін жалпы Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында қалыптастыруға арналған арнайы ағартушылық саясаты болған жоқ.
Сондықтан тек Жәңгір ханның өтініштерімен ғана отарлаушы Ресей империясы білім саласына өзінің көмегін жасап отырған. Жәңгір ханның өтініштерінен кейін Ресей қазақ балаларының оқу-тәрбие алуына мән берген. Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекетінің арқасында. Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында тұңғыш рет ұлттық білім мен тәрбиенің негізі қалыптасып, одан әрі өркендеген. Ресейдін қазақстандағы ағарту ісіне мән беруіне елін дамыту үшін оқу тәрбие керек екенін түсінген Жәңгір хан мен балаларының болашағы үшін оқу мен білімнін қажет екендігін сезген қазақ ата-аналары түрткі болды. Сондықтан Ресейдің оқу орындарында оқуға деген тілектерін жүзеге асыру үшін Жәңгір хан басшылығымен жасалған Бөкей Ордасы қазақтарының өтініштерін Ресей империясы еріксізден қанағаттандыруына тура келді. Қазақ балаларына орысша және орыстық рухта тәрбие беру, христиандық дінге шоқындыру Ресейдің басты саясаты болған. Мұндай мәліметтерді мұрағаттық материалдар дәлелдейді.
Мұрағат деректері бойынша христиан дінінің миссионерлері (дін таратушылар) қазақ балаларын шоқындыру саясатын жүргізген. Қазақ балаларын шоқындырудан құтқару үшін Жәңгір хан бастапқы оқу-тәрбиені ислам мәдениеті негізінде беру үшін мұсылман мектептері мен медреселерін ашты. Мұндағы Жәңгірдің ойы қазақ балаларының бойында ұлттық және ислам мәдениеті арқылы ұлттық рухты дамытуды қолға алу болды. Жалпы қазақ халқының бойына көптеген ғасырлар бұрын ислам мәдениеті қалыптасқанын айта кеткен жөн. Жәңгір хан тұсында ислам діні мемлекеттік дін мәртебесін алғаны тарихи деректерден белгілі. [4]
Ең басты айта кеткім келетіні:ұлттық мәдениет пен имандылықтан ұлттық рух, патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ бойына қалыптасуы, жан тәні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тәрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да, бастапқыда қалыптасқан ұлттық тәрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жәңгір хан жақсы түсінген еді.
Сондықтан ұлттық мәдениет пен ислам мәдениеті арқылы ұлттық идеологияны соған негіздеп, Қазақстанда алғаш рет ұлттық білім жүйесін құруды ойластырды. Осы саясатын іске асыру үшін Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш рет«Жәңгір білім реформасын» жасап, оны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл ұлттық білім реформасы бойынша Қазақстанда алғаш ет ұлттық педагогиканың негізі қаланып, дами бастады. Мұндағы басты шараның бірі - Жәңгір ханның Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында Еуропалық үлгідегі тұңғыш ұлттық мектепті ашуы. Ол алғашқы ұлттық мектеп 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада (ставкада) ашылған болатын. Оның мұсылман мектептері мен медреслерден үлкен айырмашылығы сол, бірінші қазақ-орыс мектебі болды. Бұл алғашқы ұлттық мектептің тікелей ықпалымен XIX ғасырдың алпысыншы жылдары Батыс Қазақстанның басқа да жерлерінде білім ордалары ұйымдастырыла бастады. Олар жаңа Қазан мен Қамыш - Самарда, хан ставкасынан (Ордадан) 12 шақырымда Нарында, Тал мен Тоғында ашылды. Ордаға ұлттық мектептердің ықпалымен 1860 жылы Түркістан өлкесіндегі №1 орта ( Қазалыда), Перовскіде №2 орта алғашқы ұлттық мектептер құрылды. Бұл мектептерде 455 қазақ балалары оқып 221 оқушысы басқа да халықтың өқілдері болды . Қырқыншы жылдардың ортасында Ордада орыс-қазақ мектебінде 25 оқушы оқыды. Сөйтіп, алғашқы мектепте Жәңгір ханның білім жүйесінің іргетасы қаланды. Оқу жылы қазан айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталатын. Жыл сайын 6 желтоқсанда оқушылардың ата-аналары шақырылып, олар ханның басшылығымен жүретін емтихандарда оқушылардың алған білімінің нәтижелерін бағалауға қатыстырылатын. Бұдан біз хан ставкасындағы (Ордасындағы) білім беру ісі тікелей Жәңгір ханның басшылығымен жүргізілгенін көреміз. Оған қоса мектепте өткізілетін әр түрлі шараларға міндетті түрде хан қатысатын еді. Мектептегі сабақтардың жүргізілуін, оқушылардың білімін бақылау істерін, емтихандарды, оқу бағдарламаларын, оқу жоспаларын хан қадағалап отырған. [5]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz