Эмперикалық әдістер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Психологиядағы эмперикалық әдістер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.


Жоспары

Кіріспе . . . 3

1. Психологияның зерттеу әдістері . . . 4

2. Эмперикалық әдістер . . . 7

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 11


Кіріспе

Психология - психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б. ) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды - сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады. Психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннің зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырмыз.

Психологиялық білімдердің іздеріне тән ерекшеліктері. Психология жануар мен адамдардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы мен пайда болуы туралы ғылым ретінде. Психика тіршілік иелерін объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Психикалық бейнелеу объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары. Жалпы психология антикалық кезеңнен бастау алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыптасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды. Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне - бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

1. Психологияның зерттеу әдістері

Ғылым - алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер - ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология - жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды ашады, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрленіп отырады.

Қазіргі ғылыми зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Бұлай бөлінуі жағдайға байланысты. Өзіндік әдіс модельдеу ерекшеленіп бөлінеді. Сондай- ақ теориялық және эмпирикалық әдістер интерпритациялау яғни іс нәтижесін талдау әдісімен ерекшеленеді.

Теориялық зерттеулер жүргізуде оқымыстылар тек шындықты жағдаймен жұмыс істемей сонымен бірге ойлау репризентациясы ақыл ой формасындағы негіздерге сүйенеді. Кеңістіктік динамикалық модельдер құрылым табиғи түрде сипаттау тағы басқа, яғни теориялық жұмыс : ақыл мен аяқталады: Эмперикалық зерттеу негізінен теориялық құрылымның дұрыстығын зерттеу тексеру мақсатында құрылады. Оқымыстылар объектілерге әсер етеді бірақ олардың белгісі символдық немесе кеңістіктік образдар анология емес яғни құрылымдық ықпалдық деңгейлерін анықтауға бағытталады. Эмпирикалық зерттеудің мәліметтері іс нәтижесін талдауда өңделеді. Экспериментатор теоретиктер тәрізді кестемен, графиктермен, формулалармен жұмыс істейді. Бірақ, өзара әсер көбінесе “жоспардың сыртқы әсерімен” - схемалар салумен, жасаумен компютердің көмегімен есептелініп шығарылады.

Теориялық зерттеуде “ойлау эксперименті”- зерттеудің идеяландырған объектісі (нақты ақыл- ой бейнесі) әр түрлі жағдайлар ұсынады және логикалық тұрғыда талдануы мүмкін.

Модельдеу әдісі теоретикалық әдістермен ерекшеленіп отырады. Жалпылау обстрактыланған білім эмпирикалық зерттеу, модельдік зерттеу барысында анологиялық әдістер пайдаланылып ақыл- ой тұжырымы “бөлшектен бөлшекке” экспериментатор индукция әдісінің көмегімен жұмыс істейді.

Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым, ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:

  1. Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын, әр түрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.
  2. Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу оған енбейді.
  3. Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын - қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
  4. Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар психологиялық зерттеудің арнайы үрдісі болып табылады.

Психология, кез - келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.

1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс ( жас ерекшелік, іс - әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру ) ; лонгитюдтік әдіс ( бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу ), кешендік әдіс ( зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатысады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді ) .

2. Эмперикалық әдістер. Оған бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық) ; психодиагностикалық әдістер (тесттер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат) ; іс - әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық ( статистикалық ) және сапалық ( материалдарды топтарға бөлу, талдау ) .

4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.

Зерттеудің екі негізгі түрі арқылы психика дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуге болады: көлденең және бойлық ( лонгитюдтік ) . Екеуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді. Р. Готтштальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті.

Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік әдістің ерекшеліктері көбірек:

  • лонгитюдтік зерттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
  • ол екі кезең арасындағы дамудың әзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
  • тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.

Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т. б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, даму үрдісінің динамикасы, оның үздіксіздігі жайлы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді, ал осылайша алынған көптеген даму заңдылықтары жуық шамада ғана болады.

Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез - құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен бала психологиясында кең таралған. Бұл әдіс “ салыстырмалы генетикалық ” деген атаққа ие болып, В. А. Вагнердің, Л. С. Выготскийдің психологиялық ілімдерінен ерекше орын алады. Выготский жоғары психикалық функциялардың тарихын зерттей отырып, салаыстырмалы генетикалық әдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология (әсіресе, тіл мен ойлауды зерттегнде) мәселелерін шешуде қолданды.

2. Эмперикалық әдістер

Эмпирикалық әдістер - бақылаумен өзіңдік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер : психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

Белгілі бір жоспар бойынша әдейі ниетпен, жүйелі түрде және мақсатқа бағытталған адамның психикалық ерекшеліктерін қарым-қатынас және іс-әрекет үстінде зерттеу үшін қолданылады. Алдымен гипотеза (болжам) белгілеу керек және оны тексеру керек. Бақылау табиғи жағдайда зерттелушінің әрекетін сыттай байқау қажет. Оны зерттелуші байқамағаны жөн. Бұл әдіс нақтылы мақсатты алға қоюды талап етеді. Зерттелетін проблема анықталады. Алынған деректер хатталады және аспаптар қолданылады. Суретке, киноға түсіріледі, дыбыс аппаратына жазылады. Бақылау әдісінің зертейтін проблемалары: оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу, оқушының сабаққа дайындалу процесін зерттеу, ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін ашу т. б.

Зерттеу үстінде алынған деректерге ғылыми талдау жасалады. Олардың табиғаты түсіндіріледі.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін - өзі бақылау немесе интроспекция және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін - өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеледі. Бұл психиканы өз - өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принциптің зерттеу әдістерінде қолданылуымен байланысты болды.

Өзін - өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін - өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүргізілгені жөн.

Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатындығы. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.

Бірінші негізгі талап - нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқаруы керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.

Психологияның негізгі әдістерінің бірі - эксперимент болып табылады. Ол психологияда таяуда қолданыла бастады. Экспериментті қолдану нәтижесінде психологияның дербес жеке ғылым екендігі мойындалды. Эксперимент ілкі кезде түйсіктерді және оның заңдылықтарын, атап айтқанда сезімталдық табалдырығын, адаптацияны, сезім органдарының өзара әрәкеттесуін тағы басқаларын зерттеуге арналды. Бұны XIX ғ. Орта кезінде М. Вебер мен Г. Фехнер жүргізді. Олар “Элементы психофизики” (1860 ж. ) кітабын шығарды.

Эксперименталды психологияның пайда болуының бастауы психометрия болды. Психометрияның негізгі пәні - психикалық процестердің, атап айтқанда түйсіктің, қабылдаудың, қарапайым ассоциялардың, т. б. өту жылдамдығын өлшеу.

Эксперимент - себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

  1. Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
  2. Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
  3. Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
  4. Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Экспериментті ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады:

I - зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:

a) зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,

ә) зерттеудің пәні мен объектісін анықтау,

б) зерттеудің міндеттері мен жорамалдарын анықтау.

Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: 1) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін; 2) зерттеу объектісін; 3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін; 4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.

II - зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айнымалысы ретінде көрсетуі керек. Экспериментте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.

Эксперимент жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы тудыратын фактор тәуелді айнымалы деп аталады.

Эксперимент жобасы мыналарды сипаттайды: 1) эксперимент бағдарламасын құруы; 2) эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық жобасы.

III - эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушының реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.

IV - аналитикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

Психологиядағы өмірбаян әдістері жеке тұлғалық өмір жолын зерттеудің әр түрлі тәсілдерін танытады. Жеке тұлғаның дәл өмір жолында оның мінез- құлқын болжау үшін қажетті әлеуметтік психологиялық қасиеттердің бар құрамасы жинақты түрде айқындалады. А. А Анастази жеке тұлғаның мінез- құлқын тест өткізу арқылы алдын ала болжаудан гөрі оның туғаннан бастап отыз жасқа дейін өмірінің барлық жағдайларымен сақ түйек жақтары жазылған, яғни өмірінің кенңістілік сұрыпталуы бар, екжей тегжей өмірбаянына суйене отырып дәлірек болжауға болады деп жазады. Ғылыми психологияда өмірбаяндық әдіс 20ғ басында қолдана бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым педагогикалық зерттеу
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Гормоникалық талдаудың гормоникалық талдау іс-тәжірибелік әдістері
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Оқыту әдістерінің классификациясы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық дүниетанымын жетілдірудің шарттары. АВТОРЕФЕРАТ
Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық талдау
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz