Табиғат әдістемесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлы-техникалық колледжі
Табиғат әдістемесі пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«Экскурсия және мақсаты, серуендер қарапайым ізденіс әрекеті. Табиғат әдістемесі»
Орындаған: Махметова С.
Тексерген: Есеева Р. К.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Серуен мен экскурсия және оның мақсаты
2. Табиғат туралы түсініктерін кеңейту әдістемесі
3. Қарапайым ізденіс әрекеті «Кроликке бақылау жасау»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Балабақшажа балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Отбасында, балабақшада экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; кіші жас балаларына қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады. Осы қарама- қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.
К. Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т. б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
1. Серуен мен экскурсия және оның мақсаты
Серуен мен экскурсия кезінде балалар жоғарыда айтылған түсініктерді айналасындағы заттарды тікелей көріп, бақылау, зерттеу негізінде меңгереді. Мұның зор танымдық тәрбиелік маңызы бар. Балалардың білімі нақтылы болып ұзақ есте қалады (білімнің нақтылығы, беріктігі), үмытылмайды; кеңістікті бағдарлай білуге, кеңістіктегі заттардың салыстырмалы орнын, қасиеттерін анықтай білуге дағдыланады; білім мен өмірдің байланысын түсінулеріне мүмкіндік туады.
Экскурсия мақсаты: ұжыммен бірге жүруге үйрету, заттарды бақылау, балаларды ұжымда еңбектенудің алғашқы дағдысын калыптастыру.
Тақырыбы: Орманға экскурсия
Экскурсия мақсаты:
Экскурсия барысы:
Экскурсия ашық, шуақты күні өткізіледі. Паркке таянғанда балаларды тоқтатып, қар жамылған парктің әдемілігіне олардың назарын аудару керек: «Ағаштарға, олардың бұтағындағы қардың қалай әсем жатқанына қараңдаршы. Бұтақтар арқылы аспанға қараңдаршы. Аспанның түсі қандай? Күн сәулесімен қардың қалай жарқырайтынын қараңдар».
Орманның жазғы көрінісін еске түсіру: «Сендер жазда ағаштардан не көрдіңдер?Ағаштардың жапырағы қайда кеткен?».
Бүршіктерге назар аудар.
Балаларды қарағайдың немесе шыршаның түбіне ерітіп келіп бұтақтардағы қарды сілку керек, одан соң: «Сендер шыршаның бұтағынан не көрдіңдер?»
Шыршаның тағы қайда өсетінін көрсетіңдер, -деп сұрайды.
Балаларға орман ішінде жүгіруді, қар бетінен ағаштардың жемістерінің, шыршаның бүрлерін іздестіруді және оларды жинауды ұсыну керек.
Балалармен бірге паркті аралап, құстардың үніне құлақ түру.
Тәрбиеші учаскедегі жемшашарға үнемі ұшып келіп жүретін құстарды атайды. Балалар оларды анықтап қарап, айыра білуді үйренеді.
2. Табиғат туралы түсініктерін кеңейту әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады.
3 . Қарапайым ізденіс әрекеті «Кроликке бақылау жасау»
Ересек топ балаларымен жүргізілетін сабақтың үлгі жоспары
Программалық материал. Қоянның сыртқы түрі, қимыл ерекшеліктері.
Жабдықтар. Кішкене кленка.
Топта жұмыс жүргізу үшін кроликті алып келеді.
Сабақтың барысы:
1. Балалар кроликтің үлкендігі қандай екенін көрсетеді оны мысықтың және иттің үлкендігімен салыстырады.
2. Кроликтің тұмсығы қандай? Көздері, құлақтары, құйрығы, аяғы қандай? - деген сұрақтарға жауап береді.
3. Алдыңғы және артқ аяқтарының ұзындық айырмашылығына көңіл аударады, хайуанның қозғалысын бақылайды, оның неліктен секіретін, жүрмеуі неліктен екенін түсіндіреді.
4. Кроликтің қорыққан кезде құлақтарын арқасында қарай жымқыратын, тыңдаған кезде оларды көтеріп алатын кейбір қылықтарын айтады.
5. Кроликті сипайды да, оның жүнінің қандай екенін анықтайды.
6. Тәрбиеші табиғат мүйсіндегі кезекшілерге кроликтің сәбіз, шөп немесе пішен сияқты бәрінен гөрі құштарлана жейтін тамағына бақылау жасауды ұсынады.
Бақылау барысында әр түрлі анализаторлар пайдаланады. Балалар қоянның сыртқы ерекшеліктерін, оның қылықтарын, қозғалысын көру арқылы қабылдайды; жануарды ұстай отырып, оның оның жүнінің сапасын анықтайды.
Сабақта тәрбиешінің зейінін салыстыруға бағытталған сұрақтары сияқты әдіс пайдаланылған (алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындық айырмасы) . «Қоян неге секіреді, неге ол жүрмейді?» - деп сұрақ қойып, тәрбиеші балаларды «Қоян секіреді, өйткені оның аяқтары алдыңғыларынан ұзын» деген қорытындыға келтереді.
Сабақтар балалардың табиғат бұрышындағыларды бұдан былай өз бетімен бақылауларымен байланыстырады. Олар кроликтің нені қызығып жейтінін анықтайды.
Жануарлар мен өсімдіктердің ортаға бейімделуін түсіндіргенде: «Жаулары байқап қалмауы үшін, балық судың түсіндей түске баялған», «Қоян көрінгісі келмегендіктен сұр болған», «Құстарда ұшу үшін қанаттар бар» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болмайды, кең таралған осындай қателерді тәрбиешелердің ескеріп отырғаны жөн. Мұндай түсінік биологияның организм мен ортаның бірлігі жөніндегі негізгі заңын ғылыми түсінуге қайшы келеді.
Сөйлемдер шамамен мынадай болып құрылуы тиіс. «Қоянның секіретін себебі, оның аяқтары алдыңғы аяқтарынынан ұзындығы», «Қоянның жазда сұр болатын себебі, мұндай бояу оны шөптің арасына жасырады да, ол көрінбейді. Бұл - оны жауларынан сақтап қалады», «Құстарда қанат бар, сондықтан олар ұша алады».
Экскурсиядағы бақылау. Экскурсияларда балалар тәрбиешінің басқаруымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бірі мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы білімін кеңейтеді, білуге құмарлығын артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуіне негіз болады.
Экскурсиядада зерттелетін заттар мен құбылыстардың саны көп болмауы тиіс (сәбилер тобы үшін - 1-2, естиярлар үшін - 2-3, ересектер үшін - 3-4) . Экскурсияда балаларды бақылауға ұйымдастыру әрқашанда оңай емес. Олардың тек кейбіреулері ғана тәрбиешіні тыңдап, қалғандары жан-жаққа қарап тұрады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz