Шарттың жалпы ережелері
Евразия академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шарттың мазмұны, нысаны түрлері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Шарттың жалпы ережелері
1. Шарт туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
1. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32
Кіріспе
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-
ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында
Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі деп нық
басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп
тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген
субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға
және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын
қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және
кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел
экономикасының негізі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды
дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын
қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және
саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды әр саланы қамтып,
азаматтардың күнделікті өмір сүруіне қажетті құқықтық жағдай туғызды. Соның
бірі ретінде Қазақстан Республикасында қолданып жүрген нормативтік құқықтық
актілердің қолданыс аясы бойынша көлемдігі азаматтық құқық болып табылады.
Еліміз нарықтық экономикаға өту саласында мемлекеттік шектік
монополистік ролінен негізгі өндірушіден елімізде шығарылған товарларды
жеткізушіге және бөлушіге және жеке бөлушіге экономикалық қатынастарды
жүргізу аясын кеңейтуге тыйым салудан бас тартты және азаматтық құқықтық
мүліктік қатынастарды реттеу аясының кең көлемде жүргізілуіне жол ашты.
Тақырыптың маңыздылығы. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында
белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы
болды, бұл қатынасты реттеуге шарттық құқық қолданылады. Шарттық құқықпен
нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа
тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда
қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін
көрсетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің
ерекшелігі, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың (нақты шартты
орындамағаны үшін жауаптылық) бұзылуының алдын алу және реттеу болып
табылады.
Жұмыстың міндеттері. Шарт заң талаптары және шарт талаптарына сәйкес ал
мұндай талаптар шартта болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтар ғана немесе басқа талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс.
Шарт бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне
әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін
орындауына ықпал етіледі.
Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті
дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген
міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда,
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне негізделеді.
Осы жұмыста әрекет eтyшi заңға талдау жасау әдісі арқылы
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық, әдістеріне
зерттеу жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсби тұрғыда әдістеме
жасауға талпыныс жасалады.
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым
Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда
белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп
танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен
міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық
міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына
негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес
мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол
себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты
мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы
және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер
қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және
өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды,
себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік
білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық
фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.
Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету
құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет
(борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады ол
ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық
мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы
қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай
серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес,
меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін
орналасуы бекерден бекер емес.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді
көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды
қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже
бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық
кодекстерінде кездеспейді.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас-
тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық
катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы,
бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену
және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал
олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып
табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында
болатын заттық абсолюттікке қарағанда) [49].
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында),
өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б.
туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның
пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.
Шарттан туындайтын міңдеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже
қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге
арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да керсетілген кейбір
түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
ҚР АК-ның 379-бабының 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес,
басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық
міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты
аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде
(лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Демек, шарттардың осы түрлері туралы
нормалар қолданылады. АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула
енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық
шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей
(міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан
немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туыңдамаса, онда АК-ның 22-
тарауының баптары яғни шарт ұғымы және оның ережелері қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай-шартының
мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген
ерекшеліктер туындайды, олар ҚР АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта
АК-ның 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
ҚР АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай
құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міңдеттемелер туралы
ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік
берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт
жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма ҚР АК-ның 8-бабының азаматтар мен занды
тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады
деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен
және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға
шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады.
Егер ҚР АК сүйенетін болсақ онда 380-баптың ережесі мүлде жаңа,
себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын
жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар
жасалыңды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық
актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішіңде Азаматтық кодексте
мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болуы мүмкін.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы жалпы ережелер АК-ның арнайы бабында (АК-
ның 399-бабы) жинақталғанын көреміз.
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса,
коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жар-лықтың
14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында
бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату
жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.
ҚР АК-ның 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның
иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен
немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында
қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады ҚР АК-ның 380-
баптың 2-тармағын қараңыз. АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көшпілігі
заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-
баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында,
сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік оргаңдар белгілей алады.
Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты
алуға болады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады" делінген.
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін
қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде
азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі
қызметін сақтап қала бермек. Өйткені бұл (шарт еркіндігі) әрбір азаматтың
өзіне тиесілі сбьективтік құқығы болып табылады.
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері
Шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер
жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген
болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен
туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез
келген ережені анықтауға құқылы.
ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік
және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса
(императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол
нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған
қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті.
Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша
міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе
АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік
иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да,
шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ
долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің
келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар
оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысал келтірейік, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше
әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе
міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі.
Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра
алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса,
онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Негізінен алғанда
олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар болып келеді. Ол шарт
еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай
алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға
құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда
диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қаңдай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар
да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Онда, іскерлік айналым дағдысы
бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа
алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашаңда дау
туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелерін қарастырып өтейік. Шарт дегеніміз екі
немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік
білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер
келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл —
шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың
барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада
келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді,
тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.
Ережелердің елеулі больп табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір
шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Олар брокер-диллер мен
оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің тапсырмасы
бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты
туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғаңдағы, құқықтары
мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен
кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің
есепшотына аударудың, соңдай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша
төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5
наурыздағы "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
туралы" Заңы);
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау
шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс
ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен
жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша
келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп
танығандағыдай салдарларға әкеледі АК-ның 157-бабын негізге алуға болады.
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға
болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған болмағандығы
шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың
осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-
жоғына қарамастан қолданылады[52].
Оған мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын
келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті
мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер,
бағалау, ставка және т.б.) қолданылады.
Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне
сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде
осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет
үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-
бабы).
Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және
ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда
қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа
тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының
нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты
мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы
беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп
тануға еш ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі
ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы
тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен
бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте,
өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет
бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен
де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында
көзделген Модельдік контрактыны алуға болады.
Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған,
онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын
пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады
және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер
ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана
қолданылады. Бұл ретте, ҚР АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар
заңнамаға қайшы келе алмайды, ал ҚР АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар
арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа
түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. ҚР АК 392-бабының 1-тармағына
сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен
сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні
түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және
мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін
болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле
отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда
шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара
қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың
мінез-құлықтары да назарға алынады.
Біз ҚР АК-ның 392-бабына сай түсініктемені азаматтық заңнама
нормаларына АК-ның 6-бабына сай түсініктеме беруден ажырата білуіміз керек.
Шарттың қаңдай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық
туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік
берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды,
тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай
жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде
барады[72].
Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда
олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады, бұл
жағдайда АК-ның 151-155-баптарын негізге аламыз. Заңнама бойынша шарттың
бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық
куәландырылуын тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің
нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі
бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін
бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден
бастап жасалды деп есептеледі оны ҚР АК 394-бабының 1-тармағынан көруге
болады.
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат,
телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады
АК-ның 152-бабында көрсетілген.
Егер заңға жүгінсек ҚР АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта
алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу,
қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік
әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі.
Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада
немесе офертада белгіленуі мүмкін.
Шарттардың түрлерінеде тоқталып талдау жасайық. Оларды атап өтетін
болсақ нақты және консенсуальдық шарттар, ақылы және ақысыз шарттар, бір
жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын
ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және
қосылу шарттары және өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен
үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар болып бөлінеді.
Азаматтық заңдарда шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде
жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген
топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету
сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер
топтастырулары да қолданылады.
Біз шарттардың заңнамада және заң әдебиетіңде қолданылатын негізгі
топтамаларына тоқталып мазмұнын толық ашып көрсетейік.
Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт
жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден
бастап жасалынған болып саналады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу
кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады,
(лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса
жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол
жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру,
ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында
атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем,
жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп
саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде
бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың
анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының
міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып
алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал
ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын
сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп
тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша
міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде
орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық
шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату
шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе
алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін
орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл
ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе
еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып
табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз
міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру
(бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара
міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау
жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында "considaration"
деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі
ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.
Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың
ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем
шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру,
сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса,
шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп
танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын
болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе
жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени,
білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы),
демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет,
әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық
формасына айналуда.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің
бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық,
екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта
тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді
(сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша
төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге
міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол
зат үшін ақша төлеуге міндетті) [55].
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар
(жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір
түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді
тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері болады.
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген
де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды
туындайды. Соңдықтан да, олардың мазмұныңда заңда көзделген әртүрлі
шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар
туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі
немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың
келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта
элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-
ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген
шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін
қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып
алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы
экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік
шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары
қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа
тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шартгың айрықша ережелерін алып, оның
басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және
қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан
туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді
сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-
ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы
шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын
беруте міңдеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй
контрактын) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда
нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелеңдіру
туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер
жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің
формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды
жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын
үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада
жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса
(мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып
қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады.
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ
басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға
тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай
болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала
шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық
мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше
жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін
жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің
заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір
тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету
құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама
Негіздерінде бекітілген (60-бап).
ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт
жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты
жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар
мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз
пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады[43].
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық
мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалыңды. Ниет туралы
хаттамадан аддын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет
туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретіңде қаралмасын деген тұжырымға
алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы
керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша
қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені
болмаса, басқадай құқықтық салдарға өкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына
байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың
біреуі үшін міңдетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін
жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы,
мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық
ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін
әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде
оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда,
көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету,
энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жөне т.б.)
Азаматтық кодексте көрсетілгендей 387-баптың мазмұнынан жария шарттың
белгілері туындайды:
1) оны коммерциялық ұйым жасайды;
2) коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет
көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
3) ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне
жүгінген өр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
4) коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа
реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге
құқылы емес.
Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан
өзіңде оңдай мүмкіңдік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және
т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Оған мысал, бөлшек сауда
дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының
витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.
Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт
жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады.
Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және
содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сатып
алатын тауарын алып кетуге дайыңдаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе
сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б. [49].
Қазақстан Республикасының Үкіметі, заң актілеріңде белгіленген
жағдайларда, жария құқықтардың кейбір түрлері жайында міндетті ережелер
шығаруға құқылы (типтік шарттар, ережелер және т.б.)
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарт
жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын
жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайыңдайды, екінші тарап ол
ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан
өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен
жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты
формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай
өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай
шартқа айналады.
Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы
ретіңде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың
басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды
атауға болады.
Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып
табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт
жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт
жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады.
Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса
онда ол жай шартқа айналады.
АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға
бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау
келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды
мүдделерін ескеру арқылы анықталады, ақылға қонымды принцип жайында АК-ның
8-бабын негізге алуға болады[56].
Жалпы қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа
жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша
міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп
белгіленген.
Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол — қосылған
жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа
қосылуы. Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігін білмеген болса
және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын
қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.
Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың
пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын
міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың — өзінің
қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына
қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың — үшінші
жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.
Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген
және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы
үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші
жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.
Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл — азаматтық құқықтың
дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын
жағдайлардың бірі.
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері
мыналар: жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы
өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге
және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның
689-бабы); үшішпі жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап); үшінші
жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).
Үшінші жақ өз құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін
тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ
ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие
беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз
шартты бұза немесе өзгерте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz