Ежелгі христиан мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Мәдениеттану. Ежелгі христиан мәдениеті

Тексерген:
Орындаған:

Орал - 2013 жыл
Жоспары

1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
2. Христиан дінінің шығу тарихынан
3. Христиан діні
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Адамзат тарихындағы алғашқы алтын ғасыр туралы поэмасы шумер елінің
топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазып,
дүниежүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда
ғалымдар Месопотамия – архивтер отаны деп тегінен атамағынын көреміз.
Шумерліктер ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері
жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы
шумерліктер еді.
Қос өзеннің байырғы тұрғындары-шумерлердің діни наным-сенімдері де,
мифологиясы да жанжақты дамыған. Өз құдайларын діңгір-тәңір деп атаған
шумерлер әлемнің жаралуының басын Ан - Ки деп білген. Аны – аспан, Киі
– жер демек, көк иесіне Ан деген ,ал жер иесіне Ки деген атақ берген.
Мәдениеттің үнді-буддизм типі. Жер шарында қасиетті де құдіретті
мәдениеттердің бірі Үнді мемлекетінде қалыптасып үнді-будда мәседниеті.
Үнді елі әдеби ескерткіштерге де өте бай болып келеді. Ежелгі Үндістанның
аса құнды әдеби мұрасы – б.з.б. үшінші ғасырдың аяғында жазылған атақты
Махабхарата және Рамаяна поэмалары. Эпикалық Рамаяна поэмасы Раманың
ерліктеріне арналған. Бұл поэмалар – үнді халықтарының салт - дәстүрлерінің
қалыптасуына эстетикалық және адамгершілік идеаларының жоғары көтерілуіне
және бүкіл үнді мәдениетінің өркендеп дамуына ықпал етті.
Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа халықтар сияқты табиғат
күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің
жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала
отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Б.з.б. бір
мыңжылдықтың ортасында Қытай елінде кейіннен философиялық жүйеге үш басты
идеологиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі, және
Үндістанда пайда болып, кейінен Қытайға кеңінен тараған – буддизм. Бұл
ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны ерекше, осы заманға дейін
қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.
Қос өзен (Ежелгі Месопотамия) мәдениеті. ХІХ ғ. Соңғы ширегінде Тигр
және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге шумер
өркениеті деген жаңа мәдениет белгілі болды. Қос өзеннің ең көне мәдениеті
Шумер - Аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И.
Грозныйдың шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон
мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады.
Алтайдағы Түрік қағанаты кезеңінен қалған тарихи мәдени скерткіштердің
бірі - Орхан жазбалары. Ескерткіштр - тіл жағынан түркі тайпаларының бәріне
қатысты жазба мұралар. Зерттеушілердің анықтауы бойынша ескерткіштерді
тілдік айырма әртүрлі аймақтан табылғандығына сәл де болса айырым
белгілеріне қарай 3 топқа бөлініп келеді:
1. Енисей жазу ескерткіштері
2. Талас жазу ескерткіштері
3. Орхон жазу ескерткіштері
Қазақ халқының мәдениеті – ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір
сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті
мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жаңа заманға сай дамып қалыптасқан
түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық
және рухани мәдениеттің сипатты белгілеріде орнықты. Бұл қалыптасқан
мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған
мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі
түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан
алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық
мәдение мұралары ұрпақта-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет
куәліктері екені анық.
2. Христиан дінінің шығу тарихынан

Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон
басқыншылығынан және жат елдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін
бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси
тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз
Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді.
Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға
белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері
Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне
айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен
айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына
шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған
кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді.
Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет
ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым
салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең
таралады. Бұл яхудилердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі яхудилер)
мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді.
Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы
күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті
дәстүрлермен, киелі діни орындармен санас­паған жатжерліктер билігіне деген
наразы­лық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған
енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің
дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешік­пей құтқарушының, мессияның
(машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның яхуди халқын құтқарып,
“яхуди патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі
діни ілімдері сияқты Рим діні де ашжалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды,
Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын
нығайтуға мүмкіндік бермей­ді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан
діні шығады.
Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін
айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін
оятады. Құдай алдында бар­ық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер
тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай
қудаланады. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады.
Жер асты шіркеулері салынады. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін
уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде
билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы 4- 6 ғасырларда
қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 –
390), Григорий Нисский (335 – 394), Василий Кессарийский (330 – 397)
маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы
жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да
тоқталмайды. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға
бөлінуіне алып келеді. 5 ғасырдың ортасында ортодокстық Христиан дінімен
келіс­пейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері
жіктеледі.
Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін
қорғауға талпынады. Сөйтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Ресей мәдениеті
Орыс мәдениеті
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Түркілердің ежелгі сенімдері
Орыс Православие шіркеуі православие институты ретінде
Христиан мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Ресей мәдениеті жайында
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Пәндер