Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ұлттық белгіге айналған мәдениет элементтері

Орындаған: Сағынаева А.М.

Тексерген:Ерназаров Ж.Т.

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
2.Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп, мал өсіріп
, күнін көріп жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық
топқа жіктеліп , қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде ХҮ
ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды . Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға
болды . Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір
орталыққа бірігіп , егеменді ел болу тілегін іске асырды . Соның арқасында
оларға этникалық жер аумағын бүтіндеп , ежелгі қазақ жерінің алғашқы
шекараларын белгілеуге мүмкіндік туды . Мемлекет ретінде қазақ халқының
шаруашылығымен бірге мәдениеті де қарқындап дами түсті. Қазақ тілі мен
жазба мәдениеті , ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендері , көркем өнері ,
әдет-ғұрып , салт-дәстүрі , материалдық мәдениеті, халықтың ғылыми даналығы
жайында сөз болады . Көшпелі өмір салтын тіршіліктің тірегі еткен дала
ұрпақтарының рухани игілігінің қазақ хандығының тұсында қалай дамып ,
қандай қасиеттерге ие болғаны жөнінде осы жұмысымда келтіріледі .
Этнос мәселесі этностық сана-сезім туралы сұрақ тудыруға мәжбүр етеді
. Л.Н.Гумилев этнос деген ұғымды адамдар коллективі деп түсіндірген
. Бұл коллектив өзіндік ішкі құрылымы мен өзгеше мінез-құлқы бар таптан
тұрады . Табиғи ортаны және өндірістік қызметті , материалдық және рухани
мәдениетті біріктіретін тап – адамдар табы . Әлеуметтік құрылымсыз , мәдени
салт-дәстүр дәрежесі мен техникасыз этностың тіршілік етуі мүмкін емес .
Осындай жағдайлардың әсерін Гумилев өте жақсы зерттеп кеткен .
Өзін-өзі танып білген , өзін қоғамның бір мүшесімін деген адам
моральдық жағынан да , құқылық қасиеттері жағынан да , отбасында да ,
мемлекетте де рефлексті өзгереді . Мұның барлығы рухани мәдениет арқылы
жүзеге асады . Адамгершілік субстанция , Гумилев ойы бойынша халықтың рухы
. Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген көшпенділер өздерінің отбасылық
тармақтарының жойылуына әсер етті . Рулық даму формасы (қазақ , қырғыз ,
өзбек ) қандық-туыстық байланыстар әрдайым рухани байланыспен толықтырылып
отырады . Ежелгі Азия бүгінге дейін көптеген ғимараттардың шығу мәдениетін
жұмбақ етіп келеді . ХІ –ХІІІ ғасырларда көшпенділерде жазу да , сызу да
болған . Әрине , басқа институттарда этникалық дамуға , халықтық сананың
дамуына үлкен үлес қосқаны рас . Қазақтың тарихы тамырымен тереңге кетеді .
Ол әлеуметтік және мәдени- тарихи жақтарымен де қайталанбас . Қазақтар
Еуразия кеңістігінде тіршілік етіп , өз құрамына көптеген тарихи-этникалық
, классикалық әлемді де енгізді . Қазақтардың ұлттық мәдениетінде ежелгі
көшпенділік цивилизациясының белгілері бар . Бұл мәдениет ұлттық сана-
сезімнің дамуына әсер етті . Қазақтардың ҮІІ ғасырдың басында ислам дінін
қабылдағаны белгілі . Бірақ бұл мұсылманшылдық басқалардан өзгеше .
Ш.Уәлиханов қазақтарда екідінділік бар дегенді айтқан . Барлық
заттардың жаны бар , сондықтан оның жанын ауыртпау керек . Ырымшыл қазақ
деген сөзде барлығы да айтылып тұр . Қазақтар табиғатқа ешқашан қарсы
шықпаған . Бұл өмірде адам кім ? деген сұраққа лайық . Ұлттық сананың
толық бейнесін ұлттық мәдениеттен көруге болады . Дәл осында сананың
көздеген мақсаты , ұмтылысы анық көрінеді . Мәдениеттің түрі , деңгейі ,
құндылықтары ұлттық санамен өлшенеді . Этностық мәдениет дәстүрлерден
туындайды , ал ұлттық мәдениет – сананың ядросы болып табылады . Өйткені ол
әлеуметтік – психологиялық құбылыс . Ол ұлттық психологиясыз өмір сүрмейді
, әлеуметтік – этникалық жағынан да анықталмайды . Сондықтан ұлттық сана-
сезімнің пайда болып , дамуында үлкен рольді рухани құндылық атқарады .
Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі ,
құрамдас бөлігі , маңызды саласы . Сондықтан оны игеру , өз алдына ғылым
ретінде танып , оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы
, қасиетті борышы , тұрмыс тіршілігінің таусылмас бөлігі .

ІІ. Негізгі бөлім
1. Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
Өзіндік тарих , мәдениет ұлттық сана-сезімнің қалыптасуының негізгі
факторы болып табылады . Әрбір ұлттың өзіндік тарихы болатыны белгілі .
Этностардың жеке дара дамуы , өзіне тән тіршілік етуі , яғни тұрмысы , діні
, өмірге деген көзқарастарының бәрі ұлттық сананың әртүрлі жолдармен
дамығанын көрсетеді . Осылайша бір этностың басқа этностан айырмашылықтары
пайда болады . Осы уақытқа дейін ұлттық сананың , әлеуметтік өмірдегі
атқаратын рөлі ескерілмей келді . Ал қазіргі кездегі ұлттық сана дегеніміз
– этноәлеуметтік , этнолингвистикалық белгілер . Соңғы жылдары ғалымдардың
, зерттеушілердің көздеп отырған мақсаттардың бірі – этностар мәселесі .
Егер бұл мәселе шешімін тапса , онда ұлттық көріністерді немесе
құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік береді . Бұл дегеніміз , белгілі бір
территорияны мекендейтін , өзіне тән мінез-құлқы , әдет-ғұрпы бар
басқалардан ерекшеленетін өзіндік ұлт .
Рухани құндылықтарда эмоцианалдық көңіл – күй , сезім сананың дамуына әсер
етеді . Көптеген мәдениеттанушы ғалымдар өз ұлтының тарихына сүйеніп , оның
болашақтағы ұлттық құндылықтарын ашып , халықтың адамгершілік сезімдерін
оятты . Ұлттық сана консепциясы руханилықты , ұлттық танымды, территория ,
тіл , тарих пен мәдениетке деген қатынастарды жиған . Ұлттық мәдениет пен
ұлттық сана тығыз байланысты . Өзіндік сана мәдениетті ұлттық белгісі
ретінде оған өз тарапынан әсер етеді . Ұлттық мәдениет сананың пайда
болуының қайнар көзі . Ұлттық сана - сезім өз бастауын дәстүрден , өнерден
және діннен , ары кетсе әлеуметтік-саяси мәселелер мен саяси-мемлекеттік
анықтамалар , халықтық идеялардан алады . Әлеуметтік анализ контекстінде
табиғаттың да санаға қатысы бар делінген , өйткені адам арқылы табиғат
сырлары ашылады . Кез келген ұлттың сана-сезімі олардың тұрмысымен ,
тілімен , мәдениетімен байланысты . Халықтың маңызды әлемдерінің бірі –
ұлттық сана-сезім құндылықтары . Оның негізінен әлеуметтік , саяси , рухани
құндылықтар шығады . Ұлттық қызығушылық мәдениет сфереасына жатады , бірақ
оның қайнар көздері жиі ауысып отырады . Ұлттық санада тұрмыс пен жеке
қызығушылық та болады . Әрбір ұлттың ерекшелігі оның тарихи тағдырында .
Басқа да жүйе сияқты ұлттық сана – сезімге де қорғаушы күш керек ,
ол әлеуметтік-психологиялық немесе барьер, шекара түрінде болады . Бұл
функция мәдени сананың жойылуына жол бермейді . Соңғы кездері әлеуметтік
ортада , ғылымда , көркем әдебиетте болсын ұлттық мәдениет пен санаға қарсы
шығу жиі байқалады . Бұл халықтар арасындағы алауыздыққа жиі әкеліп соғуда
. Бұлай кемсіту тек халықтар мәдениетіне ғана емес , адамның ішкі жан-
дүниесіне , мәдениетіне тікелей әсер етеді . Кез келген мемлекет өз ұлттық
мәдениетін сақтап қалуы үшін күресуде , біздің де басты мақсатымыз ата-
бабаларымыздың қалдырған әдет-ғұрпын , салт-дәстүрін , рухани мәдениетін
сақтап қалу .

2.Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін ,
оқиғаларын , халқының басынан өткен жағдайларын көркем сөздің әртүрлі
жанрында баяндап бере білген . Оның маңызды салаларының бірі – батырлар
жыры . Қазақтан шыққан қорқу , сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың
жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты
дастандар халқымызды өте көп және олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті
болып келеді . Мұхтар Әуезов : Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық
дәлелдер батырлар өлеңінде бар . Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа
соққандай барған жерін қырып келіп , жойып келіп үнемі жолы болып отырды .
Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады . Қазақ батырларындағы негізгі
мақсат : алдымен ұлтшыл болу , одан әрі діншіл болу – дейді .
М. Әуезов атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып , шеңбер
бұзған еңселі ерлердің басты қаиеті еліне жетіне деген сүйіспеншілік,
отаншылдық . Бұл қасиеттер Едіге , Алпамыс , Ертарғын , Қобыланды , Қамбар
, Ер Қосай , Төрехан , Ер Сайын , Телағыс , Шора сияқты ежелгі қазақ
даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен
батырлардың бәріне тән .
Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі – ғашықтық
дастандары . Қозы Көрпеш – Баян сұлу , Қыз Жібек , Айман – Шолпан
сияқты лирикалық ғашықтық жырлар , әйел бейнесін жырлайтын , әйел
болғанда Құртқа , Гүлбаршын , Қаракөз , Қарлыға , Назым , Ақжүніс , Қарашаш
секілді бірі ақылмен , бірі көркімен , енді бірі өжеттік ерлігімен ел
есінде өшпес із қалдырған әйелдерді жыр ететін дастандар қазақ жерінде
толып жатыр . Сондай-ақ қазақ арасына шығыс әдебиетінен келген ғашықтық,
эпикалық батырлық сипаттағы әңгіме , өлең , поэма , дастан , қиссалар ,
мәселен Сал – сал , Зарқұм , Сейбаттал , Сейфүмәлүк,
Бозжігіт сияқты шығармалардың қазақ қиссалары деген атпен әйгілі болған
Бақтиярдың қырық бұтағы , Тотынама , Қырық уәзір т.б. секілді
бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылығымен , ақындығының
жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз кездеспейтінін айту
керек .
Халық өмірінің әр түрлі жақтарын – қоғам болмысын,халықтың арман-
аңсарын , талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері , қиял-ғажайып
ертегілер , тұрмыс-тіршілікке , хайуанаттарға байланысты ертегілер ,
күлдіргі әңгімелер болып бөлінеді . Олардың кейбіреулері тәңірі , мұсылман
діндерінің наным-сенімдерімен ұштасып солардың тікелей әсерімен өмірге
келген . Қазақ арасына көп тараған Құламерген , Алтын сақа ,
Қарамерген , Аламан мен Жоламан , Тазша т.б. ертегілерде олардың
басты тұлға-кейіпкерлері ақылды , өнегелі , үлгілі , күші бойына симайтын
балуан , аса сезімтал , алыстан білетін көреген көсем , сөзге тапқыр шешен
болып келеді . Әдетте хайуанаттар туралы ертегілерде үй малдары , жылқы ,
түйе , қой , ешкі – адамның айнымас адал досы , ал қасқыр , жолбарыс , аю
, түлкі , жылан – адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі .
Ауыз әдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір
саласы тұрмыс – салт жырлары . Оның өзі бірнеше арнадан тұрады . Олар қара
өлең , қайым өлең , туған ел туралы өлең ,төрт түлік мал туралы өлең , ата
өлең , тойбастар , бесік жыры , жар-жар , беташар , қоштасу , сыңсыма ,
жоқтау , жарапазан , бәдік – бақсы сарыны , шариғат өлең болып жіктеледі .
Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын , тарихын зерртеп ,
олардың қалай пайда болғаны , қандай жағдайда , қалай айтылатыны жөнінде
терең де толымды пікірлер айтқан . Ал қайым өлең – қыз бен жігіттің бір-
бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады . Бұлардың қай түрі де той ,
думан , салтанатты жиын , орыстарда айтылады . Осындай күні бұрын , алдын-
ала дайындалып өлең шығару машығын жетілдірген қыз-бозбала шай өлең ,
жер-су өлең , ет өлең , қоштасу өлеңі т.б. суырып салып айта
беретін болған .
Тұрмыс салт жырларының ертеден келе жатқан түрлеріне аңшылыққа ,
малға хайуанаттарға , егіншілік – диқаншылыққа байланысты шығып тараған
өлеңдерді жатқызуға болады . Балалар жасөспірімдер өлеңдері де халық
даналығының құнарлы бір саласы . Олар ертеде бала өсіріп бала тәрбиелеудің
мықты құралы болған .
Халықтың ауыз әдебиетінің қойнауынан шыққан мәдениетке қатысты айтыс
жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады
. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшандық , ұшқырлық , ұтымдылық ,
шеберлік көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
Мәдениет морфологиясы туралы
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
Көшпелілер мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Көшпенділер мәдениетінің ерекшеліктері
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Пәндер