Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері


Орал гуманитарлық - техникалық колледж
«Жаратылыстану» кафедрасы
Тұлғалық даму мен оқу жетістіктерінің мониторингі және түзету әдістемесі пәнінен өздік жұмыс
Тақырыбы :
«Тұлға мен валеологиялық жұмыс»
Орындаған: 4СП топ студенті
Тексерген: Естұрсынова М. К.
Орал, 2013ж.
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Балаларға валеологиялық білім беру ерекшелігі . . . 5
2. Тұлғамен валеологиялық жұмыс . . . 7
3. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері . . . 9
Қорытынды . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14
Кіріспе
«Валеология» сөзі латын тілінен аударғанда «Vale» - «денсаулық» ал, «logos» - ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру жолында 1999 жылы 30 маусымдағы №905 қаулысы бойынша СӨС кешенді бағдарламасы бекітіліп, ҚР білім, мәдениет және Денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 28 қарашадағы №572 бұйрығы бойынша «Валеология - қалай ауырмауға болады» бағдарламасы республика мектептерінің оқу үрдісінде енгізілді.
Валеология ілімін 1960 жылдары профессор И. М. Брехман енгізсе де, оны жас ғалымдарға жатқызуға болмайды. Валеология негіздері ертеден қаланып, медицина ғылымының дамуына тікелей байланысты екенін көптеген медициналық әдебиеттерден байқаймыз.
Валеология бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, гиподинамияның алдын алу, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік туралы оқып біледі.
Адамзат өзінің даму тарихында денінің саулығына, адамның жасының ұзақтығына аса мән беріп келеді. Атап айтатын болсақ, ислам дінінде құнды тамақтану, намаз оқу, дәрет алу және жеке адамның тазалығы сияқты негізгі міндеттер осы валеология ілімінің аса бір құнды негіздері болып есептеледі. Осы қарапайым ережелерді ұстаған адамдар ұзақ жылдар өздерінің денсаулығын, ақыл-есін сақтап, ұзақ өмір сүргенін күнделікті өмірден көріп жүрміз.
Әбу Насыр Әль - Фараби (Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) (870-950) - Сырдария өзенінің бойында дүниеге келген, ойшыл, философ, дәрігер, географ. Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедия ғалымы. Ол анатомия мен физиологияны жақсы меңгеріп, медицина тек науқастарды емдейтін ілім емес, ол денсаулықты сақтайтын және алдын алатын ілім екенін атап өтті, яғни валеология ғылымының негіздерін қалады.
Валеология ғылымының мақсаты - адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Адамның басты байлығы - денсаулық. екендігін үйрету.
Валеология ғылымының міндеті - Адам денсаулығының қалай сақталуын білу. Денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.
Валеология - денсаулық туралы ғылым. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Негізгі бөлім
1. Балаларға валеологиялық білім беру ерекшелігі
Балалардың денсаулығын мықты, шымыр етіп өсіріп, құлқына жайдарылықты дарыту тек ата-аналардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар, әрбір мектепке дейінгі ұйымның да мәселесі болып отыр.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру тәрбиесіндегі негізгі мәселелесі - денсаулық күйін жақсарту мен физиологиялық даму, жұмысқа қабылеттілігін арттыру, даму үстіндегі жас ағзаның функционалды мүмкіндіктерін кеңейту мен қозғалыс, қимыл дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Дене шынықтыру тәрбиесі балалардың бойында салауатты өмір сүруге, күнделікті физикалық жаттығулар жасауға, спортқа деген қызығушылықты арттыра отырып, ойлау қабылетін дамытып, сол арқылы тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру.
Жалпы тәрбие берудегі алғашқы алты жасқа дейінгі дене шынықтыру тәрбиесінің маңыздылығын ерекше атап өту қажет. Себебі, мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың ойы мен бойында денсаулықтың, өмірліліктің, жан-жақты қимыл, қозғалыс дайындығы мен үйлесімді физиологиялық даму негіздері қаланады.
Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру тәрбиесі жас баланың ағзасы мен ішкі құрылысының жұмысын жақсартуға және аурулардың алдын алуға, дұрыс бой-бітімін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері жағдайында уақытылы және толыққанды физиологиялық дамыту үшін келесі факторларды ескеру қажет;
1) қолайлы эмоциялық ахуал және тиімді гигиеналық жағдайлар жасау;
2) нақты қалыптасқан күн тәртібімен қамтамасыз ету;
3) дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;
4) бала ағзасын жүйелі түрде шынықтырып отыру;
5) балалар өмірінде физикалық жаттығуларды кеңінен пайдаланып, күнделікті дағдыға айналдыру;
6) әртүрлі аурулардың алдын алу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар. Балалардың алғашында үйренген мәдени-гигиеналық дағдыларын өздігінен істеуін үйрету. Балалардың бойындағы дербестік дағдыларын және көңіл күйдің жақсаруына себеп болатын жағымды әдет-қылықтарды дамытуды қолдау. Әрдайым балаларға кеудесін тік ұстап жүруді ескертіп, естеріне салып отыру. Дастархан басында отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру.
Дене шынықтыру - қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл, қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды үйрету.
Бағытты түрде физикалық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл, қозғалыс координациясын дамыту. Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға еріп отыру.
Балалардың өзіндік әрекеттерінде қимыл, қозғалысқа негізделген сайыс пен жарыстың элементтері бар ойындар, спорттық ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастыру және оларды ынталандыру. Бірлесе, бірге әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және ұйымдастырушылық қабылеттілікті дамыту. Өзінің физиологиялық мүмкіндіктерін түсінуге және соған сәйкес әрекет етуге үйрету.
Баланың бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын ұғыну және зақымдық қауіпі бар заттармен қызмет барысында қажетті қағидаларды ұстануды қалыптастыру. Балаларды бейтаныс адамдармен және инфекциялы қауіпті науқастармен қарым-қатынасқа баруын шектеу ережелерімен таныстырып, қажет жағдайда полиция қызметкерлеріне көмек сұрап баруды үйрету.
Балаларға үйсіз, күйсіз жүрген жануарларға және өзіне бейтаныс өсімдік, жидек, саңырауқұлақ жинақтарына кезіккен жағдайда қауіпсіздік сақтау ережелер негіздеріне үйрету. Балаға өз ағзасының сауықтыруға деген қызығушылығын арттыру және валеологиялық алған білімдеріне сәйкес өз денсаулығын сақтау мен шынықтыру әдіс-тәсілдерін үйрету.
2. Тұлғамен валеологиялық жұмыс
Баланың кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Ендеше оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізілуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білімі мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүреміз. Мектепалды даярлық тобында баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Әрдайым жайдары көңіл-күйі жоғары болады. Денсаулық бұл баланың физикалық психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі.
Балалардың денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады.
- ата -ана денсаулығы;
- экология;
- өмір сүру жағдайы;
- баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары.
- дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының комплексінің жүйесін дамыту.
- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;
- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;
- жиі ауыратын балалармен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Медбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргіземіз. Шынықтырудың дәстүрлі формалары:
1. Шынықтырудың дәстүрлі формалары -ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу - ығалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну, тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.
2. Ұтымды -қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары
3. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:
- ауамен шынықтыру;
- психогимнастика;
-өзін-өзі сылау;
- денені босаңсыту жаттығулары.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде, біз ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету - бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз:
- балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;
- денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту;
- гигиеналық мәдениет қалыптастыру;
- салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу.
- дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау;
- дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру;
3. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
Жортақ жүгіріс. Бұл жүгірістің негізін қалаған Артурлияльяр деген қарапайым адам. - жаттықтырушы еді. «Өмір үшін жүріс» тәсілді ойлап тауып, оны өмірге енгізді. Осы әдісті пайдаланған адамдар өздерінің дерттерінен тез арада айыға бастады. Сондықтан да жортақ жүгіріс жер шары халықтарына кең көлемде тарап кетті. Тіпті «Өмір үшін күрес» деген кітапта Гартгиллор жазып шықты. Жортақ жүгіріс
ХХ-ғасырдың аяғындағы ғажайып құбылыстардың бірі еді.
Жортак жүгірістің үш тәсілі бар.
1) Жасыл өсімдік өскен тегіс жолмен 15-20 минут шамасында жәй жүгіру керек. 1 минут ішіндегі пульс 120 соғуы тиіс. Одан көп болмауы керек. Бір қалыпты сөйлесуге мүмкіндік беретін жүгіріс. Валеологиялық жаттығу жасаушылардың негізгі - түрі деп есептелінеді.
2) Жасыл өсімдік өскен жолмен 60-90 минут жүгіру 1 минут ішіндегі жүрек соғысы 132-144 аспауы керек. Бұл жүгірістің мақсаты - ағзаның төзімділік қасиетін арттырады, ағзадағы болатын әр түрлі тонусты көтеру үшін қолданылады.
3) Белгілі бір топпен бірлесіп жүгіру мерзімі 60-100 минуттай жүрек соғуы 144-156 мөлшерінде болуы керек. Бұл жүгіріс дайындығы жақсы оқушыларға пайдалануға болады.
Жүріспен алмастырылып тұратын жүгіріс. Валеологиялық жаттығудың бұл түрі жаңадан валеологиялық жаттығуларды бастайтын оқушыларға бағытталынған, оларға ұсынылады. Бұл тәсіл алғаш рет Москва қаласындағы Лужникидегі орталық стадиондағы сауықтыру топтарының қызметкерлері 1988 жылы 5-ұсынған болатын. Мұның негізгі мақсаты - межелі кездерде жүріс пен жүгірісті ауыстырып, алмастырып отырады. 50 метр жүгірістен соң, 150 мстр жер жүру керек, содан кейін тағы да 100 метр жер жүгіру керек, содан кейін тағы да 100 метр жүру керек. Сөйтіп бірталай уақыт жүгіру және жүру керек. Ағза әбден үйренгенге дейін бұл тәсілді қолдана берген жөн. Нәтижесі жаман болып шықпайтынын өмірдің өзі керсетіп келеді.
Шейпинг (түрлі валеологиялық жаттығулар қимылдарын біріктіретін тәсіл) . Бұл әдіс тек оттегі мол жерлерде - далада (аэробты) жағдайларда өткізіледі. Ауыр заттарды көтеру, созу-тарту, ритмикалық түрде билеу, Шейпинг жүйесі мен қимылдың неше түрлі қиын түрлерін жасауға болады. Өте үлкен денсаулық береді. Жүрек тамырлары қарқынды жұмыс істейді. Бұлшық ет топтары жетіле түседі. Ағзалардағы кездесетін кемістікті тез арада түзеуге мүмкіншілік береді. Шейпинг жүйесі валеологиялық денсаулықты арттырудың таңдалган тұтас жүйесі.
Шейпинг жүйесі арнаулы жаттығу орындарында жүргізіледі. Егер оған баруға уақытыңыз болмаса, үй жағдайында жүргізуге болады. Ол үшін айнаның алдына кішкене төсеніш төсеп, ырғақты музыканы қойып, билеп жаттыға беруіңізге болады. Гантельмен де жаттығуға болады. Жүктеме салмағын бірте-бірте өсіре беруге болады.
Степ-аэробика (ағылшын сөзі Stер - қадам деген мағына береді. ) . Бұл арнайы сатылы басқыш арқылы өткізілетін спорт-тық тәсіл. Би сабағын қүру идеясына негіздслген. Басқышты сатып алуға, немесе қолдан шеберлерге жасатуға болады. Бір жаттығу 30 минут шамасында өткізіледі. Қимылдары қарапйым болғандықтан кез келген адам жасай береді. Дайындық деңгейін қажет етпейді. Степ-аэробика қимыл сипатын керемет дамытады. Денені тез тазалайды. Стсп-аэробиканы игергеннен кейін жаттығу тиімділігі орасан зор болады.
Стрельникованың методикасы бойынша тыныс алу гимнастикасы. Бронхитпен ауыратын балаларға арналған валеоло-гиялық тәсіл.
Барлық патологиялық белгілерден құтылу үшін күніне 2 немесе 3 рет таңертең, түсте және кешке төрт апталық үдемелі валеологиялық жаттығулармен айналысса болғаны. Мысал ретінде сол жаттығулардың біріне тоқталайық.
1-жаттығу.
16-20 рет мұрынмен дем алу, 16-20 рет ауызбен дем алу. Сонымен 32-40 рет дем алу қозғалысы жасалады. Бұдан кейін 3-5 секундтай дем алмау керек. Бұл валеологиялық жаттығуды «насос» деп атайды. Бұл туралы («физкультура және спорт» журналы, 1996 ж., № 12) толық жазылған. Оқимын деушілерге осы аталған журналдан қарауға жол сілтейміз.
Қайталанатын (циклдік) өз еркімен жасалатын гимнастика.
Қаңқа бұлшық еттсрі, адам ағзасының 40 %-ін құрайды. Бұлшық еттсрдің кернеуі (жиырылуы) мен босаңсуы алмасқан кезде, олар жүректің мейірімді көмекшісі ретінде қан жүргізетін насос ретінде іске асады.
Ерікті гимнастика жатып, немесе отырып, тіпті тік тұрып та үйде, жұмыста, мектепте, кез келген транспортта (көлікте) де жасай беруге болады. Осы кездегі оқушы жастар тәулігіне 2 сағат телевизор алдында уақытын өткізеді. Ол кейбіреулер үшін эпидемия ауруы сияқты бағыт алған. Компьютерде ойнамаса меңіреу болып жүретін оқушыларды да байқаймыз. Компьютерге айналып сабақ оқымайтын болды. Ол дағдыға айналып кетті. Оқушылардың тыныс алуы терең бір қалыпта болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz