Талас жазу ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні: Мәдениеттану

Реферат
Тақырыбы:
Түркі халқының мәдениеті

Орындаған: 3 а КДО студенті
Құспанғалиева Р.
Тексерген: Сабырғалиева Н.Б.

Орал, 2013 жыл
Жоспары:

Кіріспе
1. Батыс түрік қағанаты мен Шығыс түрік қағанаты
2. Түрік халқының мәдениеті
3. Талас жазу ескерткіштері.
4. Орхон-Енесей жазбалары
5. Руна жазуларының сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды
–феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла
бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған
осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745
жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың
бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
“Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар
топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл
сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші,
яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші
тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап
кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери
істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім.
Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік
жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың
ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі
қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете
жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты
арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған
өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан
саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры
Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-
Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі – Батыс түрік қағандығы
(Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).
1. Батыс түрік қағанаты мен Шығыс түрік қағанаты

Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603
жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы
Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны
алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді.
Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.
Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі
Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен
Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы
ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен.
Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ
халқының құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық
мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ
қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап,
Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның
орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде
түркі халықтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз
мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы
Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ
отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ,
Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай
алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі
Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы
феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан
әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап,
шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді.
Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан
мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу
болды.
Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен
қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық
Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге
келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең
алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын
қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған.
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген
қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар,
қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық
құрамына негіз болып қаланды.
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-
жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер
сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
2. Түрік халқының мәдениеті

Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние
жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні
өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп
жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі
болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталы қ
Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни
сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер
айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму
тарихындағы Көне түрік дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір
сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде
сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон,
Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай
Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына
жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен
Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей
жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім
жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан
негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан
ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының
алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені,
одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке
таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба
ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар
түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен
айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес
халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау
Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының
қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік
Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде
батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып
жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі
қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай
бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-
ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне
түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон
өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған
3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі
Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі –
Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В.
Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон
жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш
ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында
Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан
үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі
жазбаларын кейде руна жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда
жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт
кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде
руна жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен
таралып кетті.
Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі
жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә,
халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай
сөйлемдер кездеседі: Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым,
жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа
бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері - дейді.
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде
бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл
бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі
бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: Менің өзімнің ханым
бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?
- дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті, ханның
халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп
отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті
деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және
қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште
империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп
түсіндерді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес,
күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп
отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз
заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі
кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы
түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы
болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі.
3. Талас жазу ескерткіштері.

Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер Талас ескерткіштері деп
аталып жүр. Талас өзенінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Қазақстандағы жазу тарихы
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Пәндер