Түркі дәуірінің тас мүсіндері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Түркі дәуірінің тас мүсіндері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Жамбыл өңіріндегі көне түркі мүсіндері
1. 1. Ежелгі Түріктердің діни салтына байланысты орнатылған тас мүсіндер (VI-VIII ғ. ғ. ) . . 5
1. 2. Арғанаты тас мүсіндері9
1. 3. Шу өңірінен табылған түркілердің қасиетті ескерткіштері . . . 10
Қорытынды16
Пайдаланған әдебиеттер . . . 18
Қосымшалар . . . 19
Кіріспе
Түркілер б. з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Қазақ даласындағы түркілер дәуірінен сақталған ескерткіштер балбал тастар болып табылады. Сол кезден бастап бәдіз деген ұғым пайда болды. Бәдіз дегеніміз-тастан шауып, қашалып жасалған тас мүсін. Ал тас мүсін жасаушы адамды бәдізші деп атаған. Сондықтан бәдіз сөзінің төркіні Түрік қағанатты кезінде туындаған деген болжам бар. Б. з VI-VIII ғасырларында Алтай өңірінде ең алғаш рет балбал тастардың бір түрі кемпір-тастар пайда болған.
Кезінде Еуропа саяхатшысы В. Рубрук XI-XII ғасырларда пайда болған кемпіртастар қыпшақтар мұрасы деп дәлелдеді. Түрік қағандығы тұсындағы мүсіндер тобы VI-VIII ғасырларда пайда болған деп есептеледі. Тастан жасалған жұмыр мүсіндерді әскербасының алып денесі, бет-пішіні сомдалған. Бұл мүсіндер Арғанаты деп аталады.
Түркі халықтары мен көшпелі қазақ халқының мүсін өнеріндегі бастауы әріректе жатыр. Түркі халықтары мәдениетінің ортақ мұрасына айналған Күлтегін ескерткіші - асыл қазынамыз. Күлтегін ескерткіші - әлемдік өркениет мойындаған түркі халықтарының символдық белгісі.
Ал түркі халқына ортақ музыка өнерінің хас шебері Қорқытқа қойылған Қорқыт ата мазары шамамен IX-XI ғасырларда созылған.
Бабаша Қатын кесенесі X-XI ғасырларда Күн тәрізді өрнектеліп, қызыл кірпіштен өрілген.
Әулие Ата күмбезі XI ғасырда Тараз қаласының батысында тұрғызылған. Бұл күмбез сол замандағы сәулет өнерінің озық үлгісі болып табылады.
Ал XII ғасырда күйдірілген кірпіштен әсем әшекейленген Аяққайыр күмбезінің құрылысы өзінше бір әңгіме.
Арыстанбаб кесенесі XII ғасырда пайда болған. Қожа Ахмет Йасауидың ұстазы Арыстанбабтың кесенесі-күрделі әрі сәулетті құрылыс. Ол дәлізхана, мешіт, азан шақыратын орын, мұнара және жеке бөлмелерден тұрады.
Ал Айша бибі кесенесін XII ғасырда Қарахан салдырған. XII-XV ғасырлар аралығында шаршыланып салынған Қарашаш ана күмбезі, ал XIV ғасырда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі тұрғызылды. Әлемдік күмбезді құрылымдардың туындауына түрткі болған ұлттық тұрғын үйіміз-киіз үйдің алатын орны ерекше.
Қозы Көрпеш - Баян сұлу ескерткіші Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз өзенінің сол жағалауында орналасқан. VII ғасырда Қазақстан жерінде Қарахан мемлекетінің астанасы- Баласағұн өаласы бой көтерді. Ол түркі тілінде Беклік, Бекініс деп аталған.
Меркі тауындағы Түркілердің тас мүсіндерін алғашқы рет археолог- ғалым А. Досымбаева есепке алумен бірге археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Ежелгі заманнан бізге жеткен бұл тарихи мұралар қазақ жеріндегі өте сирек кездесетін біргей ескерткіш ретінде танылып, әлемдік тарихи, табиғи мұралардың қатарына енді. Бұл өңірдегі Түркілердің жазғы жайлауындағы тас мүсіндер негізінен үйілген тастарға орнатылған әйел- еркектердің көпшілігі қолдарына ыдыс ұстаса, ал кейбіреулерінде ыдыс кездеспейді. Бір жарым мың жылдық тарихы бар Меркі тауының төріндегі Түркілердің ертедегі ғұрыбы бойынша орналасқан ескерткіштердің бір аймақта тығыз топтаса орналасуы, сөз жоқ, бұл өңірді аруағы киелі деп, жылдың әр кезінде тасаттық беріп тұрған. Осы аймақтағы тас мүсіндердің ішіндегі әйел балаларының бейнесінің көп кездесуі Түріктердің ертеден-ананың бейнесіне бас иіп аса құрметтегені тарихтан белгілі. Олар ананы- ананың анасы, от басы мен бала шағаның қорғаушысы, жебеушісі деп қадір тұтқан. Міне, осындай Ұмай ананың тасқа салынған бейнесі Жуалы ауданы Билікөл көлінің түстік жағынан табылды. Демек ана бейнесі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мұра ретінде тастарға бейнеленіп, оның аруақтарына бас иіп құрметтеп отырған екен.
І. Жамбыл өңіріндегі көне түркі мүсіндері
1. 1. Ежелгі Түріктердің діни салтына байланысты орнатылған тас мүсіндер (VI-VIII ғ. ғ. )
Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді.
Тас мүсіндерге табыну ғұрпы VII-XII ғасырларда Түркі және Қарлұқ қағанаттарының, Оғыз, Қыпшақ және Қараханид мемлекеттерінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалардың арасында өріс алды. Көне тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында күні бүгінге дейін сақталған. Әсіресе Жамбыл облысының маңындағы жазық далаларда ұшырасады.
Қазақ жеріндегі көне тас мүсіндерді ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым- Ә. Х. Марғұлан. Оның Ұлытау төңірегіндегі осындай ескерткіштерге арналған еңбегі қазақ тілінде жазылғандықтан, көп ғалымдардың назарына ілікпеді.
Әлекей Марғұлан Түркі қағанаты дәуірінде орнатылған тас қоршаулардың біріне жазба жұмыстарын жүргізген кезде, бұл арадан адамның мүрдесі емес, мал сүйектері табылған. Осыған сүйене отырып, ғалым «Тас қоршаулар - адамдар жерленген қабір емес, оларды еске түсіру үшін ас беріп, ат шаптырған жерлерге қойылған белгілер» деген қорытынды жасады. Белгілі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғалымның бұл ойының дұрыс екендігіне біздің де көзіміз жетті. Көне заман тас безеушілерінің қолынан шыққан мүсіндерде сомдалған бейнелер сан қилы. Олар - батырлар мен билер, абыздар мен жыршылар және бақташылар. Бұл жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі пікір бар. Олардың - бірі тас мүсіндерде түркі батырларының ұрыс даласында өлтірген аса күшті жауларының тұрпаты кескінделген десе, екіншілері - бұлар қабірдің басына немесе сүйегі өртелген жерге орнатылған түркілердің өздерінің бейнесі деп санайды.
Түркі қағанаты дәуірінен мирас болған тас мүсін орнату дәстүрін қарлұқтардың далалық жерлерді мекен еткен көшпелілері жалғастырды. Қарлұқ заманының ескерткіштері көбіне олардың негізгі қоныстарынан шалғай жатқан жайлауларда, биік тау бөктерлері мен шатқалдарда, шөбі шүйгін жерлерде кездеседі. Осыған қарағанда, қайтыс болған адамның аруағын еске түсіру жоралары тек жаз кезінде ғана өткізіліп отырған тәрізді. Себебі әзірше тұрақты мекендердің жанына орнатылған мүсіндерді ұшыратқан емеспіз.
Көне түркілер өмірінен кең орын алған әдет - ғұрыптар ғасырлар көшін артқа тастап, олардың бүгінгі ұрпақтары арасында өз жалғасын тауып отыр. Қазіргі кезде ата - бабалардың аруағына бағыштап ас беру, халқымыздың ардақты ұлдарын қадірлеп - қастерлеп еске алу іргелі дәстүрге айналды.
Тарихта Түрік қағанаты 552 жыл Алтайда мемлекет ретінде іргесін қалаған соң ұлан-ғайыр жатқан қазақ жері осы қағанаттың қарамағына кірді. Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолын бақылау жасап, көрші елдермен сауда- саттық дипломатиялық қатынас жасап, беделі күшейе бастады. Өлкенің негізгі діңгегіне айналған ірілі-ұсақты қалалар пайда болып, қолөнершілік кәсіп пен егіншілік дамып, сәулет өнерінің ірі орталықтарына айналды. Осы кезде үлкен бекініс орындары мен қалаларда буддизм, манихейство, христиандық, зороастризм, бертін келе ислам діні тарайды, ал далалық жердегі көщпелі халықтың арасында бабалар әруағына сиыну күшті болды.
Ежелгі түріктер негізінен діни сенімдері Көкке (Тәңірге) табыну болды. Сол себептен оларға бұның жақсылық, жеңіс тек көк тәңірінің рақымшылығы арқылы қолдауы негізінде жетіп отырған деп түсінген.
Көне түріктердің діни нанымдарының бірі - отбасы мен балалардың қорғаушысы және жебеушісі- әйел құдайы Ұмай болды. Жалпы Ұмайға табыну Алтайдағы түркі халықтарының басына орнатылған ескерткіштерден көруге болады. Міне, мұндай басында үштік тажы киген тас мүсін Жуалы ауданы Билікөл көлінің маңынан табылған. Бұл тас облыстың тарихи- өлкетану «түріктердің тас мүсіндері» деген мұражайында сақтаулы тұр.
Соңғы кездердегі Қазақстан археологтарының зертеуі бойынша Жамбыл облысы Меркі мен Байзақ аудандарының аймақтарынан басында үштік тажы бар екі тас мүсін табылып, ежелгі көшпенді тайпалардың емдеушісі бақсылардың кейпін білдіретін тас мүсіндер деп дәлелденіп отыр.
Меркі тауындағы Түркілердің тас мүсіндерін алғашқы рет археолог- ғалым А. Досымбаева есепке алумен бірге археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Ежелгі заманнан бізге жеткен бұл тарихи мұралар қазақ жеріндегі өте сирек кездесетін біргей ескерткіш ретінде танылып, әлемдік тарихи, табиғи мұралардың қатарына енді. Бұл өңірдегі Түркілердің жазғы жайлауындағы тас мүсіндер негізінен үйілген тастарға орнатылған әйел- еркектердің көпшілігі қолдарына ыдыс ұстаса, ал кейбіреулерінде ыдыс кездеспейді. Бір жарым мың жылдық тарихы бар Меркі тауының төріндегі Түркілердің ертедегі ғұрыбы бойынша орналасқан ескерткіштердің бір аймақта тығыз топтаса орналасуы, сөз жоқ, бұл өңірді аруағы киелі деп, жылдың әр кезінде тасаттық беріп тұрған. Осы аймақтағы тас мүсіндердің ішіндегі әйел балаларының бейнесінің көп кездесуі Түріктердің ертеден-ананың бейнесіне бас иіп аса құрметтегені тарихтан белгілі. Олар ананы- ананың анасы, от басы мен бала шағаның қорғаушысы, жебеушісі деп қадір тұтқан. Міне, осындай Ұмай ананың тасқа салынған бейнесі Жуалы ауданы Билікөл көлінің түстік жағынан табылды. Демек ана бейнесі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мұра ретінде тастарға бейнеленіп, оның аруақтарына бас иіп құрметтеп отырған екен.
Бізге ғасырлар тереңінен жеткен тас мүсіндердің көбінесе жұмсақ тастарды үшкір құралмен ұру арқылы сызып түсірсе, ал гранит, басқа тастардағы бейнеленген бейнелерде көзді, мұрынды, ерінді шығыңқы етіп, бөлек етіп көрсету үшін тасты егеп, адамның өзін нәзіргідей етіп көрсетуі, көп еңбекті қажет ететіні өзінен-өзі белгілі, қайсы бір тас мүсінді алсақ та көпшілігінде міндетті түрде екі қолымен немесе бір қолымен ернеулі ыдыс ұстап тұрғаның көресіз. Олардың түрлері әрқалай, біреулері кішкентай сусын ыдыс ұстатып қойса, басқа біреулері ернеулі биіктеу, бүйірі шығыңқы құмыра- тостаған сияқты ыдыстар ұстатып қойған. Әсіресе Қордай ауданы Алыс Жайсаннан табылған тас мүсіндерде аяқтарын малдасқырып, қайқы етік киіп отырған адамдардың суреті өте тамаша шыққан. Шебер аса қатты сұр гранит тастан аяқ киімді тастың етіне шығыңқы етіп шауып, жылтыр етіп егеп жасағаны шеберлікті қажет ететін өнер иесі екені таң қалдырады. Сонымен бірге, бұл тастардың мойнына моншақ пен құлағына таққан сырғалары барлары да кездеседі.
1. 2. Арғанаты тас мүсіндері
Арғанаты тас мүсіндері - түркілердің орта ғасырдан қалған ғұрыптық ескерткіштері. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Арғанаты тауының Мық, Домбауыл, Айыршоқы қыраттарында орналасқан. 1950 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә. Х. Марғұлан) зерттеген. Мүсіндердің көбі қирап, қатты бүлінген, толық саны белгісіз. Мүсіндер жалпақ тастан қашалып, төртбұрыш, шаршы түрінде жасалған қоршаулардың шығыс жақ сыртына беті күншығысқа қаратыла тігінен орнатылған. Одан шығысқа қарай кішірек тас бағаналар немесе балбалдар тізбегі кездеседі. Тас қоршаулар астында адам жерленбеген. Ішіндегі тас-топырақ үйіндісінің арасынан мал сүйектері, ат әбзелі мен кейбір тұрмыстық бұйымдар, жағылған оттың табы мен күл қабаттары ашылды. Мық тауының етегіндегі жергілікті тұрғындар арасында “Алып тас”, “Мықтың алыбы” атанған мүсін сұр граниттен қашалған (биікт. 1, 5 м, ені 0, 4 м, қалынд. 0, 23 м) . Мүсіннен ер адамның бет әлпетінің, шоқша сақалының, үлкен көздерінің, ұзын мұртының және аяқ-қолдарының бедері айқын көрінеді. Оң қолына сусын ішетін тостаған, сол қолына қылыш ұстаған. Екінші мүсін бүдан 200 м қашықтықта орналасқан. Биікт. 2, 1 м, ені 0, 58 м. Осы екі мүсінді жергілікті қазақтар “Қос алып”, “Қос батыр” деп атайды. Бұл мүсіндер 6-8 ғасырларға жатады. Арғанатының Тұлпартас сілемінің баурайынан 8-12 ғасырларға жататын граниттен қашалып жасалған (биікт. 1, 25 м, ені 0, 35 м) адам мүсіні табылды. Мүсінде әдемі жас әйелдің бет әлпеті кескінделген, оның құрметіне өткізілген ас беру, қоштасу салтанатының белгілері, арналып сойылған малдың сүйектері мен қасиетті оттың орындары табылды. Мүндай тас мүсіндер негізінен елге сыйлы адамдарға қойылған. Осы тәріздес мүсін тастар Баянауыл, Қарқаралы, Жетісу өңірлерінде, Атасу өзен бойында жиі кездеседі.
1. 3. Шу өңірінен табылған түркілердің қасиетті ескерткіштері
Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында VІІ-VІІІ ғасырларда Батыс Түрік қағанатының орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жеткен, бай мәдени-тарихи мұралар - Жайсан және Мерке түрік ғибадатханалары бар. Жайсан және Мерке түрік ғибадатханалары Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде “Мәдени мұра” тізіміне ұсынылған. Қазірде Жайсан және Мерке түрік ғибадатханаларындағы түрік ескерткіштерін кешенді зерттеу жұмыстары түркі мұраларын зерттеу және сақтау бағдарламасы бойынша жүргізілуде.
Ата-бабаларымыздың тарихын бұрмаламай, қаз-қалпында бүгінгі ұрпаққа жеткізу тарихшы-археологтардың, этнографтардың алдында тұрған жауапкершілігі зор, үлкен міндет. Дегенмен, түріктердің мұрасын зерттеуде ұзақ жылдар бойы шындыққа қайшы келетін ғылыми пікірлер қалыптасты. Сондай пікірлердің бірі Қазақстанның ортағасырлық тарихына байланысты оқулықтар мен энциклопедияларда, ғылыми монографияларда орын алған. Аталған басылымдарда орта ғасыр кезеңінде, дәлірек айтсақ, 551-552 жылдары түрік этносы алғаш Алтай өңірінен келіп, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан территориясын жаулап алған деген мәліметтер әлі күнге дейін сақталған. Сонымен бірге түріктердің ежелгі отаны Алтай мен Монғолия деп көрсетіледі. Бірнеше жылдар бойына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бұл ғылыми пікірлердің шындыққа жанаспайтындығына дәлел болып отыр. Шындығында көшпелі түріктердің ірі мемлекеті - Түрік қағанаты 551 жылы құрылған. Көшпелі түріктердің алғашқы мемлекетінің құрылымы конфедерация болды. Яғни, мемлекет екі дербес қағанаттан тұрды. Бұлардың бірінің орталығы Алтайда орналасса, екіншісі Жетісуда еді.
Көптеген жылдар бойына Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының кешенді археологиялық экспедициясы Мерке өңірі мен Жайсан даласына археолог Айман Досымбаеваның басшылығымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы киелі өңірдің ескерткіштерін арнайы зерттеудің өзіндік үлкен себебі бар. Ортағасырлық жазба мәліметтерге сүйенсек, дәл осы аймақ Батыс Түрік қағанатының орталығы болған. Барлық түркі тайпалары он тайпа немесе он оқ тайпасына бөлінген. Ежелгі қытай деректері мен түркілердің руникалық жазбаларында “он оқ халқы” - “он оқ будун” деп аталады. Он оқ тайпаларының территориялық иеліктерінің орталығы Шу өзенінің алқабы болған. Бұл жерлерде жазба деректерге сүйенсек, Батыс Түрік қағанатының орталықтары: Суяб, Баласағұн, Мерке қалалары орналасқан. 630 жылы Шу өңіріне саяхатпен келген Сюань Цзань: “Суябтан батысқа қарай ондаған қоршалған қалалар орналасқан. Олар біріне-бірі тәуелсіз болғанымен, барлығы да түрік қағанына тәуелді болды” - дейді. Сондай-ақ, Шу өзені алқабында түркілердің киелі мекені Мыңбұлақтың орналасқандығы жайлы мәліметті Ю. Зуев та береді. Бұл мәліметті растайтын жазба деректер де бар. Солардың бірі кытай саяхатшысы Сюань Цзань түркі қағанының ордасы Мыңбұлақ жайында әңгіме қозғайды: “Жаздың аптап ыстығының өзінде бұл жердің ауа райы қоңырсалқындығымен ерекшеленіп тұрады. Түрік қағаны қалың елімен жаз айларында жайлауды елорда етті. Мұнда мойындарына қоңырау тағылған бұғылар өте көп. Бұғылардың адамдарға үйренгені соншалық, оларды көргенде селт етпейді де. Түрік қағаны бұғыларды бақылағанды ұнатады. Тіпті, осында мекендейтін бұғылардың барлығын санап, бұларды өлтіруге тыйым салған. Кімде-кім бұғыларды өлтірсе, аяусыз өлім жазасына кесілетіндігі жайында жарлық та шығарған”. Шу өзені өңірінде мұндай киелі қорық тәрізді мекеннің бар екендігін араб авторлары да мәлімдейді.
Мерке түрік ғибадатханасы - ортағасырлық түркілердің мәдени-ғұрыптық кешені. Бұл аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын - жерлеу орындары - қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды.
Мерке ғибадатханасына бірнеше жылдардан бері жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесі мұндағы тас мүсіндері бар ғұрыптық ескерткіштер негізінен мүсіндердің иконографиялық түріне жақындығын көрсетті. Ғибадатханадағы мүсіндерде жеке тұрған әйел немесе ер адам бейнесі бейнеленген. Меркелік тас мүсіндерде қолдарына ыдыс ұстаған әйел мүсіндері барынша мәнермен өңделген. Егер мүсінде егде әйел бейнесі сомдалса кимешегі, келіншек бейнесі сомдалса сәукелесі, әшекейлері анық көрсетілген. Мүсіндердегі бас киімдер мен көкірегіне тағылған әшекейлеріне қарап, әйел адамның жасын және қоғамдағы әлеуметтік статусын ажыратуға болады.
Мерке ғибадатханасындағы әйел адамдарына арналған тас мүсіндердің орналасуы, бейнелену ерекшеліктері көшпелі түрік қоғамында әйелдің ерлермен теңдей дәрежеде болғандығын аңғартады. Сонымен бірге мұнда түркілердің еркектік бастаумен бірге, Ананы - ұрпақ жалғастырушы ретінде тану сияқты, терең тамырлы көшпелілердің идеологиясы жатыр.
Түркілер мәдениетінің ерекше бір түріне руникалық жазба ескерткіштер жатады. Түркілердің құпия жазбаларының ашылуы орта ғасырдағы көшпенді түріктердің дүниетанымын тануға мүмкіндік береді. Көне түріктік ойма жазулар соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия территориясынан көптеп табылып отыр. Қазақстан жерінен табылған (Ертіс, Талас, Шу өзенінің аңғарлары) руникалық жазба ескерткіштерді Мерке ғибадатханасынан табылған қойтастардағы ойма жазулар толықтырады. Бұл руникалық жазулар түркі мемлекеттерінің өмір сүру дәуірімен тікелей байланысты.
Мерке өңірінен бүгінгі таңда үш ойма жазу табылып отыр. 2000 жылы шілде айында табылған бірінші ойма жазу - “Мұң тарқатар жазу” көне түрік кезеңіне жатады. Бес руникалық таңбадан тұратын бұл көне түрік жазуын профессор А. Аманжолов түрікше “бұ қыл йас” деп оқыды. Қазақша баламасы “Мұңым-күйзеліс” (күйреу), екінші баламасы “Мұңымды тарқат”, “Шерімді жаз!” деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл қойтастағы жазудың хронологиялық уақытын көне түркі заманының соңғы ширегі деп болжайды.
“Көне түріктердің көк тәңірге тасқа ойып жазған тілегі” 2004 жылы тамыз айында табылды. Ғажайып таңбалары бар қойтастың ұзындығы 4 м, ені 2 м. Жазудың өзі тасқа терең етіп ойылған ерекше үш таңбадан тұрады. Әр таңбаның биіктігінің өзі жарты метр шамасында. Таңбаларды зерттеу нәтижесінде түрік жазуының оңнан солға қарай оқылатыны анықталған. Бір ғажабы, жазу жоғарыдан, яғни көк аспаннан оқуға арналған тәрізді. Мұндағы жазу “абыну” немесе “абынғу” деп оқылды. Ол уану, жұбану деген мағына береді. Бұл сөздің түбірі - көне түрік етістігі абын-қазақ тілінде уан түрінде осы күнге дейін сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл қойтастағы көне руникалық жазу көк тәңірге арналған. Қойтастың жоғарғы жағындағы ойықтар мен тастың үлкендігін ескере отырып, бұл аймақты ғалымдар, осы өңірді мекен еткен көне түрік тайпаларының құрбандық шалуға арналған айрықша қасиетті де, киелі орны деп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz