Жіп иіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тоқыма иірім жіптер, жіптер, мата және басқа материалдарды өндіруге қажет
жартылай өндірілген шикізат болып табылады. Қолданылатын материалдың түріне
байланысты жіптерді өндіру технологиясының сипаттамасы әртүрлі. Ұзындығы
шектелген (мақта, зығыр, жүн, штапельді химиялық талшық, табиғи жібек)
талшықтардан жіптерді иіру процесінде ширату жолымен алады. Тоқыма жібін
иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше қарапайым және құрама жіптерді
біріктірумен қалыптастырады. Қысқа талшықтардан иіру процессінде ширатумен
алынған тоқыма жіп иірілген немесе жәй жіп деп аталады. Бұл жіпке кең
тараған иірімжіп жатады. Жіптің қасиеттері талшықтың түріне, иіру
технологиясына және иіру үрдісінің сипатына байланысты болады. Жіп иіру
процесі негізінен келесі технологиялық операциялардан түрады: талшықтарды
қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне
паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету
немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген
таспаны үздіксіз жіпке айналдыру.
Жоғары сапалы жіп алу үшін басты шарттың бірі шикізатты дүрыс таңдау.
Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе ұзын
талшықтардан біркелкі және жіңішке жіптерді, ал қысқа талшықтардан - жуан,
үлпілдек және құрылымы бос (жеңіл) жіп алынады.
Жіп иіру үшін біртекті, бірақ әртүрлі сапалы (әртүрлі сортты) және
әртекті талшықтар қолданылады. Талшықтарды араластыру бірнеше мақсатпен
жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке және матаға
белгілі қасиеттерді қамтамасыз ету (жұмсақтықты, беріктігін жоғарлату,
серпімділік), дайын материалдың сапасын жоғалтпай бағасын төмендету қоспа
жіптің және тоқыма материалдың жалпы сапасын айқындайды. Сондықтан талшық
құрамы техникалық шарттар көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті
стандартта бекітіледі.
Дайындалған қоспа біркелкі болуы үшін араластырылады, өйткені
иірілетін жіптің қүрылымы және қасиеттік көрсеткіштері біркелкі болуы
қажет. Араластыру технологиясы процестің әртүрлі операцияларында орындалады
(қопсыту немесе таспа қосу).
Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және
дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған
бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар
жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау
нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады.
Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту
машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді.
Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір-бірінен ығысуын
жеңілдету үшін жүргізеді.
Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат -холстик түрінде шығады, яғни
талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады.
Тарау -процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының
әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе
қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі
жазықтардың арасынан өтеді.
Гарнитуралардың әртүрлі жылдамдық жүру (қозғалу) нәтижесінде талшық
жүйкелері ұсақ бөлшектерге бөлініп, кейіннен бөлек талшық ажыратылады.
Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер,
қоқыстар ажыратылады, талшық қабаты жұқаланады, холстиктің жылжу бағытымен
талшық паралель орналасады. Одан арнайы воронкадан өтіп таспа
қалыптастырылады.
Ұзын мақта, жүн талшығы жіңішке және біркелкі жіп иіру үшін кардалы
тарау машинасынан кейін қосымша тарақты тараудан өткізіледі. Ол үшін,
кардалы тарау машинасынан алынған 16-20 таспаларды біріктіріп, холстик
жасалынады. Осыдан кейін холстик тарақты тарау машинасында таралады,
түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады.
Тарау процесінен алынған таспа біркелкі болмайды, талшық жеткілікті
түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны
қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі
бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады, сондықтан
таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды.
Созба жасау.
Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп
алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының
көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы
созба дайындалады.
Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты
таспа 1-3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық
тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру.
Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін
жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды.
Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген
жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады.
Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе
сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.
Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше
түрлі болады.
Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бойынша
алынады. Тарақты жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа
және жіңішке 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі.
Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан
жіңішке, біртегіс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұршықпен жіп иіру
Тігін жіптері. Жіпті иіру
Жіптер
Иірімжіптердің қасиеттері
Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау жайлы ақпарат
Табиғи талшықтар
Жартылай иірім жүн жібінің сраптамасы
Шымкент мақтақағазды комбинаты
Үзілгіштік азайту жолдары Аулағыш (мычкоуловитель) пухообдуватель (түбіт ұшырған және автоматты тазалағыштар.)
Тоқыма материалдарын сынау тәсілі
Пәндер