Тіл дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Облыстық білім беру басқармасы

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: «Тіл дамытудың әдістемесі пәні мен міндеттері»

Пәні: «Тіл дамыту»

Мамандығы: «Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу»

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті 3 б КДО топ студенті

Жаншиева М.

Тапсырылған күні:

Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А. Б.

Бағасы: қолы:

Орал, 2016

Жоспары

Кіріспе

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәні мен міндеттері

2. Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.


1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәні мен міндеттері

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

19 ғасырда еңбек еткен педагогтар алғаш рет балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика және тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын дәріптей бастады. Атақты педагог К. Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.

Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцов тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан (1949) системогонез туралы ілімнің, мүшелер жүйелерінің гетехронды түрде даму принципінің жасқа байланысты физиологиялық дамуына ықпалы күшті болды. П. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмнің түрлі кезеңдерде дамуы, оның құрылымдарының бір-біріне уақытқа байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады.

И. П. Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н. К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, - ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес».

Балалар мен жас өспірім организмінде, органдарының құрлысы және қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану - әрбір мектеп маманының міндетті ісі.

Әсіресе, жас мамандардың педагогтік шеберлігінің дұрыс қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т. б. ) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т. б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша - балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз [3, 7] .

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол - жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.

Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.

Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.

Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.

«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен «Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту» деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.

Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.

3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік - қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға - 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі - затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.

Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты - әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді.

Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң «Күзде» деген суретті көрсетіп әңгімелесу. «Қияр мен капуста» деген ертегіні оқу, «Қызғаншақ» деген тақпақты жаттау, «Бұл не?» деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді.

2. Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі - топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы - 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.

Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы - мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.

Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.

Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты - үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.

Балаларға тілдің үштұғырлығын үйрету әдістемесі

Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте балалардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы - отбасының ерекшеліктері ескеріледі.

Негізгі тәсілдері:

а) балаларға таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;

б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка) ;

в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;

г) жұмбақтар;

д) өз ойын білдіріп, өзін-өзі бағалауды арттырудағы психологиялық кедергілерді болдырмайтын ертегілер мен шағын әдеби шығармаларды драмалау.

Жұмыс ұстанымдары:

1. Мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану, ауызша және материалдық.

2. Бала бойында баланың тілдік қабілетін арттыратын педагог пен балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.

3. оқыту үдерісінде педагогтің сөйлеу тілінің баланың жаңа үйреніп жатқан тілде 90% болуы.

4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды арттырып, біртіндеп бекіте отырып 3 сөзден бастау. Соңында күнделікті өмірде жинақталған сөздік қорын арттыру.

5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.

6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.

7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.

8. Педагогтің сұрақтары мен бұйрықтарына әсерінің жылдамдығын дамытады.

5-6 жастағы балалардың сөйлеу дағдысын сипаттау

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін еркін меңгереді. Тілдің белсенді сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілеттерінің дамуымен: көп бейнелі байланысын құру іскерлігімен, бар білімдерін жеңіл қолдану, жалпылап, қорытынды жасай білуімен байланысты.

Қарым-қатынас адамның көңіл күйі мен эмоционалдық күйін анықтауға, өзінің ішкі дүниесін түсіну тәсілдерімен өзін-өзі нормаларын меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы балаларға айналасындағы адамдардың тілдеріне сын көзбен бағалау қарым-қатынасы мен өз ойының нақтылығын қадағалау қабілеттерін дамыту тән.

Бұл жаста балалар сөздердің дыбысталуы мен мағынасына, оның дыбыстық түріне, тілдегі сөздердің тіркестері мен қабысуларын қызығушылықпен таниды.

Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:

- байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог) ;

- тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;

- сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты міндеті - монологтік және полилогтік тілін жетілдіру болып табылады. Балалар өзара қарым-қатынасты талдауды, адамдардың адамгершілік қырындағы қылықтарын дәлелді бағалай білудегі мәселелерін меңгере бастайды. Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу іскерліктерін меңгереді: қоршаған ортамен қуана тілдік қарым-қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, сыпайы түрде сөйлесудің қабылданған нормаларын: әңгімелесушіні мұқият тыңдау, сұрақты дұрыс қою, сұрақтарға жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, ортақ әңгімені қолдау, әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді қолдана алады.

Әңгімелесу барысында (тәрбиешінің көмегімен) қойылған сұрақтың сипатына қарай сөйлем түрлерін қолданады. Ересектер мен құрбыларына өтініш, алғыс, реніш, шағым түріндегі сыпайы қарым-қатынас үлгілерін үйренеді. Өзінің және құрбыларының тіліндегі қателер мен олқылықтарды анықтап, оларды түзей алады.

Сөздікті дамыту

Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.

Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т. б. ) . Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.

Балалар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т. б. ) .

Ересек топтағы сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.

Бұл жаста балалар заттарды салыстыруды, басты белгілерін табу, осылардың негізінде заттарды топтарға бөлу іскерліктерін меңгереді. Заттарды өздеріне тән белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, көкөністер, жемістер, көлік және т. б. түсініктерді біледі.

Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру балаларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz