Балалардың сөздік қорларын дамытудың жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық коллджеі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Тіл дамытуда қолданылатын грамматикалық жаттығулар

Орындаған: 3КДО тобының студенті
Габдуалиева В.У.
Тапсырған күні___________________
Тексерген: Утегенова Н.А.

Орал 2015ж

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын
әдіс- тәсілдер
2. Балалардың сөздік қорларын дамытудың жолдары
3. Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
4. Орфография мен орфоэпияның тіл дамыту сабақтарында балалардың жас
ерекшелігіне қарай оқыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің
қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік
тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл
атқарады.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты
қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің
кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген
педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру,
кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай
курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына
деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне
деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де
сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас
ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге
арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін
тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді
түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға
жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру
сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер,
тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойынның негізгі
ерекшелігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де
сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі
ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері
мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер
ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының
жалпы анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшқыштар, Отбасы,
Балалар бақшасы болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топтажас ерекшелігіне
сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті
бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі
түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Сонымен қатар
баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі
дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің
негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер
ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын
күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның
үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту
әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының
молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай
жүрген мәселелердің бірі.

Негізгі бөлім

1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп
те аталады. Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап
қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға
итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды
қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады.
Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема
қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше
сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа
(мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат
есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап
беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой
жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер
қолданылады. Тәрбиеші бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан
жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп
аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң
нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен
ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады.мұндай жолмен
құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм,диафильм,
радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай
кез келген әдісте қолданыла береді.
Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш,
қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай
болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте
түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби
шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың
ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға
үйренеді.
Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағаларымен апайлары,
тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі
күн сайын жетілет береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды.
Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену,
үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады.
Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс
тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінң тәртібін, әлеуметтік өмір
тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың
әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету.
Жеткіншек ұрпақтың жан жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай,
яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін
ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста
қолданатын сөз байлығын молайту ьолып табылады.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, Пішіндер көрмесі, Өрнекті есіңде сақта, Қиын
жолдар, Суретті жалғастыр, Биші адамдар, Көңілді таяқшалар тәрізді
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды
даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

2. Балалардың сөздік қорларын дамытудың жолдары
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі
орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-
қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да
ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш
түрлі етіп өткізуіне болады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және
олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы
жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі
алдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын
арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Тақырыбы: Саусақ, кішкентайлар тобы.
Мақсаты: Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі
үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,
ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай
отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,
құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына
қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген
сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар
балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б.
түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде
саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде
ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр
қимылы көрсетіледі.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға
айтады. Мысалы, Моншақ.
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре
отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін
өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік
қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен
ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай
меңгеруіне дайындайды.
3. Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейнгі балалардың сөздік қорын байыту әдіс тәсілдері
Сөздік қорын байыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу
Әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің құрылымын өткізу ерекшеліктері
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің тілінің дамуына әсері
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
Пәндер