Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының жүргізу деңгейі»
Орындаған: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті Вебер Э. Г.
Тексерген: аға оқытушы Сидахмет С. Е.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту
2. Іс-қағаздарын рәсімдеумен ғана шектелеміз
3. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау
4. Тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру жеке-дара міндет ретінде анықталған. Осы арқылы қазақ тіліне деген мәртебені арттыру іске асырылып, тілдің қолданысын кеңейту көзделген.
Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы әлі күнге дейін өз деңгейінде емес. Бұған түрлі себептер іздеуге, пікірлер жинақтауға, уәждемелер келтіруге болады. Алайда қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген тіл туралы заңның қабылданғанына 16 жыл болғанын ескеретін болсақ, онда мұндай негіздемелердің жекелеген адамның әлсіз субъективті пікірі екеніне енді күмән қалған жоқ. Егемендік алғаннан бастап-ақ есептейтін болсақ, орта мектептердің 4-сыныбынан бастап мектеп бітіргенге дейін, одан соң жоғары оқу орындарының (ЖОО) 1, 2 курстарында қазақ тілі сабақтары жүргізіледі. Жекелеген мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметтің барлығында дерлік практикалық немесе іскери қазақ тілі сабақтары мен курстары тағы да тегін ұйымдастырады. Сондықтан, мен орыс сыныбында оқып едім, орыстілді топта ЖОО-ны бітіріп едім немесе орыстілді ортада өсіп едім деген негізсіз себептерді айту ендігі жерде ұяттау да болуы мүмкін. 2001 жылдан бері екі рет тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Екі бағдарламада да мемлекеттік тіл - қазақ тілінің дамуына ерекше мән берілген. Ол орынды да, өйткені кеңестік дәуірде тіліміздің қолданыс аясын әлсіретіп алғанымыз белгілі. Аталған мемлекеттік бағдарламалардың нә-тижелі көрсеткіштері арқылы тілдік саясаттың күрмеуі қиын мәселелері шешімін тауып келеді.
1. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту
Әрбір елдегі саяси шешімдер мен әр саланың стратегиялық даму бағыттары басқару вертикалі арқылы жоғарыдан төмен қарай жүріп отырып, іске асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызмет пен ондағы әр қызметшінің атқарылған іс-шарада өзіндік қолтаңбасы болатыны бесенеден белгілі жайт. Енді осы әр іс-шараның орындалу барысында мемлекеттік қызметшілердің хат алысу немесе бірлесіп ақылдасып, шешім қабылдап, ортақ мақсатқа қол жеткізуде бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы табиғи заңдылық. Коммуникациялық құзыреттілік мәселесі әр адамға байланысты тұрғыда өзін қоршаған қоғам өкілдерімен белгілі бір тілде сөйлесе алу қабілетіне келіп тіреледі. Қазақ тілінде жаза білу, қазақ тілінде айтылған немесе естіген ақпаратын түсіне білу, қазақша мәтіндерді, шығармалар мен мақалалардың мазмұнын түсініп, саралай білу және осының барлығының нәтижесі ретінде қазақ тілінде сөйлей білу қазақ тілін меңгеру болып табылады. Тілді меңгерудің өзіндік қалыптасқан тілдік дағдыларының көлеміне қарай деңгейлерге бөлу ертеден үрдіске айналғаны белгілі. Бір кездерде кеңестік кезеңдерде азаматтар өздерінің шетел тілдерін қаншалықты меңгергендіктері туралы мәліметтерді «читаю и перевожу со словарем», «могу объясниться» немесе «владею в совершенстве» деп көрсететін. Шетелдерде тілді меңгеру барлығына ортақ тұрғыда А, В, С деңгейлеріне бөліп, оны одан да нақтырақ А1, А2, В1, В2 және С1, С2 деңгейлері деп бөледі. Мұндағы А деңгейі қарапайым, В деңгейі еркін және С деңгейі жетік меңгеру ретінде жоғарыда аталған кеңестік кезеңдегі тіл меңгерудің сатыларына сәйкес келеді. Шетелдік тәжірибелерде тілді білу деңгейлері адамның күнделікті өмірде тілді қатынас құралы ретінде қажеттілігіне байланысты өте терең зерделеніп, әр деңгейге сәйкес тіл үйренушінің санасында қалыптасуы немесе жатталуы тиіс сөздер, оларды қолдануы мүмкін жағдаяттар, сол жағдаяттарға байланысты оқытылуы тиіс тілдің грамматикалық тақы-рыптары түгелімен дәл анықталып қойған. Осы аталған міндетті болуы тиіс минимальды талаптарды белгілі нормалық құжат немесе стандарт ретінде анықтап алады да, барлық тілді оқытудың тәсілдері осы талаптарға сәйкестендіріледі. Тілді оқыту талаптарына сәйкес тіл үйренуші әр деңгейдің тілдік курстарын аяқтаған соң қандай тілдік құзыреттіліктерінің қалыптасуы қажеттілігі де анықталған. Осы тілдік құзыреттіліктер қалыптасқанда ғана тілді қарапайым деңгейде меңгерген деп айтуға болады. Бұл талаптарға қол жеткізу үшін тілді оқыту барысында тілдің қандай грамматикалық тақырыптары қамтылуы қажеттілігі де анықталған. Енді осы грамматикалық тақырыптарды қалай тиімді үйретуге болады деген сұраққа әр оқу орталығы немесе жекелеген мамандар өздерінің әдістемелерін ұсынады. Міне, осылай жүйелі болғанда ғана тіл оқытудың сапасы қамтамасыз етіледі.
2. Іс-қағаздарын рәсімдеумен ғана шектелеміз
Қазір елде мемлекеттік қыз-меттегі мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолданылуы әлі де болса өз деңгейінде емес. Олай дейтініміз, барлық жиналыстар мен кеңестер қазақ тілінде басталғанымен, жұмыс тәртібінің барлығы да тек орыс тілінде жүргізіледі. Терминдер жоқ, өзге ұлт өкілдері түсінбейді, ойыңды толық жеткізе алмайсың және онан да басқа сылтауларды келтіретіндер тілімізге деген құрметтің онсыз да төмен дәрежесі одан да төмендетіліп жатқанын түсінбейтін де сияқты. Мемлекеттік органдар жыл бойы қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастырады және оның барлығы тілді үйренемін деген адамға тегін! Сабаққа мән беріп, тілді үйренбегендіктен, олардың нәтижесі де мардымсыз. Өйткені бүкіл саналы өмірінде тек қана орыс тілін пайдаланып келген қызметкер қазақ тілі сабақтарына келеді де, ісқағаздарын жазуға, рәсімдеуге үйренуге бағыт ұстанады. Алайда қазақ тілінде ісқағаздарын жазу мен рәсімдей білу қазақ тілін орта деңгейде немесе одан да жоғары деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болады. Айталық, қызметтік хаттың өзін жазуды алайық. Қызметтік хаттың мазмұнындағы қаншама сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдердің мазмұны мен олардың бір-бірімен байланысы, негізгі ойды анықтап тұруы - мұның барлығы қазақ тілін кем дегенде орта деңгейде меңгергенде ғана қолжетімді болады. Тіл оқыту орталықтары да сұранысты қанағаттандыру үшін сабақ бағдарламасын сұранысқа қарай бейімдей бастайды. Осы жерден бастап жүйе «бұзылады», яғни сұранысқа қарай бейімдеу арқылы ең қарапайым деңгейде қалыптасуы тиіс сөйлей білу дағдылары сабақ барысында қамтылмай, нәтижесінде тіл үйренуші әр тақырыптың «басын шалып», курсты аяқтап шығады. Өңірлерде орналасқан тіл оқыту орталықтары қазақ тілін оқыту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу үшін тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме талабына сәйкес қазақ тілін оқытудың жұмыс-оқу бағдарламаларын, Мемлекеттік басқару академиясының келісімін талап етеді. Мұндағы мамандар тілге тиек етілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету деген бағытты ұстанып, жоғарыда айтылғандай, сабақтың әлқиссасын ресми ісқағаздарынан бастайды. Осыдан барып, жүйесіздік туындайды, жүйесіздіктен нәтиже болмайды.
Қазақстанда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ арқылы қазіргі таңда алдын ала байқау сынақтары арқылы белгілі бір топтағы (мекеме қызметкерлері, басшылық, жекелеген тапсырыс берушілер және т. б. ) адамдардың қазақ тілін қандай деңгейге жақын меңгергендігі туралы мәліметті оперативті түрде анықтауға болады. Осының негізінде кімді қандай топта қазақ тілін оқыту қажеттігі анықталады. Одан әрі жүйелі түрде тілді оқытуды жалғастыру керек. Курс соңында тіл үйренуші қандай деңгейдің курстарын тәмамдаған болса, дәл сол деңгейдің тест тапсырмалары арқылы анықтап, сөйлеу әрекетінің тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежелері тестілеу нәтижесінде белгілі болады. Әр сөйлеу әрекетінің түрі бойынша ұсынылған тест тапсырмаларының жалпы санынан 60 пайызына дұрыс жауап беретін болса, тестіленуші сол деңгейде тілді меңгергендігі әлемде зерделеніп, дәлелденіп қойған. ҚАЗТЕСТ жүйесінде де осы талап орындалған жағдайда деңгейлік сертификаттар беріледі.
3. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2013 жылғы 27 наурыздағы №524 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу ережесі негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы бұйрығы бойынша «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервіне алу үшін үміткерлерге мемлекеттік тілді игеру деңгейіне талаптар қойылып, ол талап Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі - ҚАЗТЕСТ арқылы орындалатыны белгілі болды. «А корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» ережеде үміткерлерге «Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу нәтижелері бойынша анықталады. Қарапайым деңгейден төмен нәтиже алу үміткерді «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервіне алуға іріктеуге әрі қарай қатысудан алып тастауға негіз болмайды, бірақ кадр резервін қалыптастыру кезінде есепке алынады» деген «жұмсақ» 17-пунктпен енді. Әрине, әкімшілік мемлекеттік қызметіне үміткерге орта деңгей немесе бірден ортадан жоғары деңгейде меңгеруді талап етуге болады, алайда кейбір өңірлік ерекшеліктерді, тілдік саясатты ескеру арқылы осындай шешім қабылданған болар. Болашақта бұл ереженің талабы жоғарылайды деген үміт басым.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 16-28 мамыры аралығында «А» корпусына үміткерлер мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсырды. Мемлекеттік тілді білу деңгейі, жоғарыда айтылғандай, ҚАЗТЕСТ сынағы арқылы анықталды. Тіл меңгеру деңгейін анықтау сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша өткізілді. Ұсынылған 150 тест тапсырмасын орындауға 150 минут берілді. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы тыңдалым, 70 тапсырма лексика-грамматика, 50 тапсырма оқылым бөліктеріне тиесілі. Осыған байланысты тыңдап түсіну, оқыған материалды ұғыну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі анықталды.
Тестілеуге жалпы саны 1123 мемлекеттік қызметші қатысып, олардың ішінде 1072 тестіленуші - қазақ, 31 адам - орыс, 4 адам - украин, 7 адам - татар, 3 адам - ұйғыр, 2 адам - неміс, 3 адам - кәріс, 1 адам - армян ұлтының өкілдері болды. Сауалнама бойынша 1123 тестіленушінің 370-і бұған дейін ҚАЗТЕСТ байқау сынағын тапсырып көрген болса, 753 тестіленуші бірінші рет тапсырғандығын мәлімдеді.
Тестіленушілердің негізгі құрамы: орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, Конституциялық кеңес аппаратының, ҚР Президенті Іс басқармасының, ҚР Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджет атқарылуын қадағалаудың есеп комитетінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекшілері, ҚР Жоғарғы Сотындағы сот-тардың қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі, об-лыстардың, Астананың және рес-публикалық деңгейдегі қала әкімдік аппараттарының басшылары, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы мемлекеттік органдардың аппарат жетекшілері, Адам құқықтары бойынша Ұлттық орталық басшысы, ҚР Президентінің Іс басқарамасының сектор меңгерушілері, ҚР Парламент палаталары аппараттарының, ҚР Премьер-министр Кеңсесінің, ҚР Президентінің Іс басқарамасының, ҚР Орталық Сайлау комиссиясының, Республикалық бюджет атқарылуын қадағалаудың есеп комитетінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент-тігінің, ҚР Жоғарғы Сотындағы сот-тардың қызметтерін қамтамасыз ету департаментінің құрылымдық бөлімше жетекшілері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік органдарының басшылары, облыстардағы, Астанадағы жә-не республикалық деңгейдегі қа-ланың Тәртіптік кеңес төрағалары, барлық министрліктердегі Комитет төрағалары мен олардың орынбасарлары, ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасының басшысы және орынбасарлары, облыстық деңгейдегі қалалардың әкімдері, еліміздегі бар-лық облыстардағы аудандар әкім-дері, қалалардың аудан әкімдері; Облыстардың, Астананың және рес-публикалық деңгейдегі қаланың ре-визиялық комиссия төрағалары мен олардың қызметкерлері тапсырды.
Тестілеу нәтижесі бойынша жоғары деңгей дәрежесін 8 мемлекеттік қыз-метші көрсетсе, ортадан жоғары деңгейге жақын 209, орта деңгейге жақын 323 тестіленуші анықталды, базалық деңгейге жақын көрсеткішті 484 адам, ал 99 мемлекеттік қызметші қарапайым деңгейге жақын нәтиже көрсетті.
Алдағы уақытқа болжау жасап, мемлекеттік қызметтің басқа да лауазымдарына осындай талаптар қойыла бастаса, қажеттілікке қарай тілді үйрену де нәтижелі бола бастайды. Олай дейтініміз, алдыңғы іс-шара нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгеруге деген уәждеменің артқанын біз ғана емес, саяси шешім қабылдаушы басшылық та аңғарып, Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия жергілікті және орталық атқарушы органдардың стратегиялық жоспарына мемлекеттік қызметшілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау үшін сатылы түрде тест тапсырудың мақсатты индикаторын енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты келесі ұсынысты алдағы уақытқа меже ретінде анықтаса, мақсатқа лайық болар еді.
4. Тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау
Тіл комитеті 2011-2012 жылдар аралығында ересек тұрғындарға арналған үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқытудың стандарт-технологиясын, типтік оқу-әдістемелік кешенін, жауаптарымен берілген тапсырмаларын, компьютерлік бағ-дарламасын, қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтар, қазақ тілінің грамматикалық анық-тағышын және қазақ тілінің оқыту-шылары мен әдіскерлеріне арнап қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламасын әзірлеп, қазақ тілін оқыту курстары оқытушыларының біліктілік арттыру бағытында семинарларда олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырып, мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей қазақ тілін оқытуды халықаралық та-лаптарға сай стандарттау мен оқыту әдістемесін жетілдіру бағытында бірталай шаралар атқарды.
Бұл қалыптастырылған типтік оқу-әдістемелік кешеннің барлық кітаптары баспадан шығарылып, мемлекеттік тілді оқытудың мемлекеттік орталықтарына қажетті даналарда жеткізілді, мемлекеттік тілді оқыту мәселесі біршама жүйелене бастады. Қазақ тілін оқыту стандартталған түрде деңгейлік жүйе бойынша, әр деңгейдің қоммуникативтік құзырет-тілік талаптарына сәйкес оқытыла-тын болады. Барлық өңірлердегі қазақ тілінің оқытушылары бірыңғай әр деңгейді меңгерудің сағат санына байланысты сабақ барысында ортақ типтік бағдарламаны негізге алатын болды. Типтік бағдарламадағы қамтылуы тиіс тақырыптарға сәйкес типтік оқу-әдістемелік кешеннің оқу-лықтары, өзге де құралдары тілді меңгеруге тиімді көмекші болады. Бұл арқылы Мемлекеттік бағдарламаның «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау», біріздендіру мәселесі шешімін тауып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz