Татардың дәстүрлі киімдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні: «Мәдениеттану»

реферат

Тақырыбы:

«Татар мәдениеті»

Орындаған:

Тексерген: Сабыргалиева Н.

Орал, 2013

Жоспары:

Кіріспе

1. Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті

2. Татар әдебие ті

3. Татардың дәстүрлі киімдері

4. Татарлардың дәстүрлі тағамдары

5. Ұлттық мейрамдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Татарлар - түркітілді халықтарының тобы, (татарлар Орта Поволжье мен Орал, Астрахань, Сібір, Қырым, Литва), дамуы мен қалыптасуы әртүрлі тарихи жағдайда өткен. Татар тілі түркі тобының алтайлық жеті тілдерінің біріне жатады. Қазіргі татарлар монғол тектес белгілерімен жерортатеңіздік нәсілдерге жатады. «Татар» этнонимі 6 - 8 ғасырларда Байкал көлінің оңтүстік - шығыс жақтарын мекендеген тайпалар. Башқұрт, өз атауы - башкорт. Олардың тарихи отаны Орта Азия болып табылады. «Татар» этнонимі біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырда Байкал өңірінде мекен еткен халық атауын береді. Қазіргі татар халқының ата - бабалары жер аударуға қатысқан, Орта Поволжье жерін иеленген. Б. э. д. 9 ғасырда Ұлы Бұлғария (Болгария) - Поволжье мен Прикамья халықтарының бірінші мемлекеттік бірлестігі таныла бастады. Түркітілді халықтарының мемлекетін құруда - болгарлар (бұлғарлар) маңызды рөл атқарды. Бұлғар хандығы төңірегінде ширин, арғын, барын, қыпшақ өкілдерінен мемлекеттік кеңес құрылды.

Күнделікті татар ер адамдарының киетін киіміне тік жағалы жейде жатады. Жейде сыртынан қамзол киеді. Ерлерінің сырт киіміне - жилен, ол гүлді біртүстес матадан тігіледі. Жылтыр қара түсті матадан тігілген киімді жилен чикмен деп аталады. Жилен мен чикмен татар шапанының бір түрі. Ерлердің бас киімі - тақия. Әйелдер киімінің ең көп тараған түрі - ұзын, кең етекті көйлек. Көйлек сыртынан қамзол киіледі. Әйелдердің бас киімі ретінде қалпақ қолданылады. Аяқ киімдерінің көп тараған түрі (ерлер мен әйелдерде) мәсі. Ұлттық тағамдары: пилав (палау), кебаб (шашлық), капучта ормама, қазы, қарта. Ашытылған немесе тұщы қамырдан самса дайындалады. Сусындары - шербет пен чарденка компоты. Ұлттық мейрамы - сабантой.


1. Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті

Татар тілі

Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Еділ бойы татарларының тілі түрлі түрік компоненттері нығаюының нәтижесінде қалыптасты және ежелгі түркі тілінің мұрагері болып табылады. Сонымен бірге оған угрофиндік, славян, араб және парсы тілдерінің тигізген әсерін де мойындау керек. «Түркі» әдеби тілі негізінде 15 ғ. қазандықтар, астрахандықтар, приокск қыпшақтары (мишарлар), башқұрттар, сібір татарлар, қазақтар мен қырғыздар қарым-қатынас құралы болған ежелгі татарлардың әдеби тілі қалыптасты. 19 ғ. халықтық сөйлеу тілі мен ежелгі татар әдеби тілінің байлығын игерген қазіргі татар тілінің қалыптасуы жүрді.

Ислам дінін жаппай қабылдағаннан бастап араб графикасына өтіп, 20 ғ. ол латын, кейін кириллицаға ауыстырылды.

Діни сенімдері

Діни сенімдері - ислам, сунит ағымы. Татарлардың аз бөлігі праволовиелік бағыттағы христиан дінін ұстанады. Қазіргі татарларды антропологтар моңғол нәсілінің аз белгілері (14%-ға дейін) бар жерорта теңізі нәсіліне жатқызады. Татар этнонимі Байкал көлінен оңтүстік-шығысқа қарай қоныстанған тайпалар арасында 6-9 ғғ. пайда болды. Бұл атау 13-14 ғғ. Алтын Орданың кейбір халықтарына таралды. 16-19 ғғ. Ресейдің шеткі аймақтарында өмір сүрген көптеген түркі тілді халықтарды татарлар деп атаған. Олардың кейбіреулері үшін татар атауы өзіндік атау (өзінше атауы) болып қалды.

Дәстүрлі кәсіптері

Дәстүрлі кәсіптері- жер өңдеу және мал шаруашылығы. Ежелден қолөнердің алуан түрі: сүйектен ойып бұйымдар жасау, металлургиялық өндіріс, мыс өңдеу, құмыра жасау, зергерлік өнер дамыды. Асыл металдардан, оларға көгілдір ақық, сердолик, топаз және інжу-маржан сияқты қымбат тастарды т. б орнатып зергерлік әшекейлер жасаған. Бұлғар-татарлардың шеберлері чеканка мен оймалауды, құю және қарайту, сонымен қатар күрделілік жағынан түрлі таспаны пайдаланған. Көркемдік жағынан безендендірілген мерекелік теріден жасалған етіктер, сонымен қатар күнделікті киетін өкшесі жоқ жұмсақ етіктер халық арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Татарлар мен башқұрлардың ең жақсы көретін мейрамы - көктемгі егіс жұмыстарынан кейін, маусымның алғашқы жартысында пішен шабуға дейін өтетін сабантой болып табылады. Мерекеде ұлттық ойындардың бір қатары - куряш бәйге, би ойындары. Ол уақытта дәмді тағамдар - чак - чак, кабартма, түрлі пирогтар, дәрә көжесі дайындалады. Сабантойда әрқашанда көп әндер айтылып, билер биленеді. Ептілік пен шапшаңдықты қажет ететін әзіл өлеңдер сайысы өтеді.

Татар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиеті бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, қазақ, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауысты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең-тақпақ араластырып орындалатын әзіл-сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қазақтың шаңқобызы іспетті қобыз аспабы, гармонь, мандолина, добра, гусли, скрипка жатады. Татарлар ерте кезден-ақ көп салалы шаруашылықпен: бидай, арпа, тары, сұлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора егумен айналысты. Сауда-саттықпен де шұғылданды. Халық отырықшы болып, қой, ешкі, сиырды қорада ұстады. Үй құстарын көбірек өсірді. Еділ бойы мен Орал өңірі орман-тоғайлы, шалғын-шөпті болғандықтан омарташылық дамыды. Татарлардың тағамында нан, картоп, көкөніс басым болады. Татарлар шеберлерінің тіккен әшекейлі етігі, бас киімі, аяқ киімі, кестелі шашақты шәлі орамалы, тоқыма бұйымдары, күмістен, алтыннан істеген зергерлік бұйымдары Ресей империясынан тыс жерлерде де жоғары бағаланып, сұранысқа ие болды. Тері, жүн өңдеу кәсібі дамыды.

2. Татар әдебиеті

Татар әдебиеті - туысқан татар халқы қазақ ақыны, ойшылы, ағартушысы Абайды өзінің Тоқайыңдай ардақтайды, құрмет тұтады. Абай мен Тоқайдың тікелей шығармашылық қатынаста болғанын растайтын дерек жоқ. Абайдан кейін тоғыз жыл өмір сүрген Тоқайдың қолына оның 1909 жылғы жинағы түсті ме, түспеді ме - жауабы жоқ сауалдың бірі осы. Әйтсе де, Қазақстанда, атап айтқанда Текеде (Орал) 12 жыл тұрған зерделі де алғыр ақынның қазақ поэзиясымен таныстығына шүбәсіз сенеміз. Екі түрлі аймақта, екі түрлі ортада ғұмыр кешкен бұл екі алыптың бірін-бірі көрмесе де, шығармашылық бағытында үндестік, сарындастық сезілмейді емес. Ол көбінесе, туындыларының халықтық сипатынан, гуманистік лебіздерінен, замандастарын өнер-білімге шақыру ниетінен өрбіген өлеңдерінен байқалады. «Жазғаным көпшілікке ұнар ма екен? Ұнаса, ұғынатын болар ма екен?. . » - деп келетін Тоқай тармақтары Абайдың бозбалаларға арналған сөздерімен астасып жатыр: «Мұны жаздым ойланып, Ойда бардан толғанып, Кірсе ішіңе оқи бер, Бозбалалар, қолға алып . . . » Абай мен Тоқайдың табиғат құбылыстары, өмір мен елім жайындағы тебіреністерінде біріне-бірі жуықтайтын, үндесетін кестелі тармақтар аз емес. Абайдың татар жұртшылығы алдындағы биік беделін біз Тоқайдың ізбасарлары айтқан пікірлерден, баспасыз бетінде жарияланған мақалаларынан айқын аңғара аламыз. Ол үшін Ғалымжан Ибрагимов тың, Шейх зада Бабичтің, Ғұмар Башировтық, Мұхамед Ғайнуллиннің, Сибғат Хакимнің, ХатипУсмановтың, басқада татар ақын-жазушыларының, ғалымдарының лебіздеріне құлақ тұру әбден жеткілікті. Тіпті, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының татар тіліне аударылуының езі ұлы ақын тұлғасын тереңірек ұғынуға үлкен әсерін тигізгені хақ. Абай туындыларының татар шалануына келсек, библиограф. көрсеткіштердегі деректерге қарағанда, Абай өлеңдерінің татар тіліне тәржімелеп, жеке кітапша болып басылуы 20- ғасырдың қырқыншы жылдарының екінші жартысына тұспа-тұс келеді. Мыс., «Абай өлеңдері мен поэмалары»деген жинақ Москва-Қазанда 1946 ж. 75 бет көлемінде басылып шыққан. Сонан соң келесі, 1947 ж. тағы да «Өлеңдері мен поэмалары» деген атпен 74 бет көлемінде Қазанда басылған. Аударған М. Мақсұт. Алпысыншы жылдарда татар әдебиетінің классигі Хасап Туфен Абайдан жасаған аудармасын «Социалистік Татарстан» газетінің 1962 жылғы 20 желтоқсанындағы санында жарияласа, «Совет әдәбияты»журналы өзінің 1963 жылғы бірінші санында Абайдың екі өлеңімен Зәки Нұри тәржімесі арқылы таныстырған. Татар қаламгерлері Абай мұрасын халыққа неғұрлым толық таныстыру бағытында, әсіресе, соңғы он шақты жылда айтарлықтай қызмет атқарды.

  1. Татардың дәстүрлі киімдері

Жағасында тігінен ойығы бар жейделер ерлердің күнделікті киім болып табылады. Жейделердің етегі ұзын, қарттар мен балалардың жейдесінің ұзындығы тізеге дейін жететін болған. Жейделер ашық түсті: ақшыл-қызғылт, сұрғылт маталардан тіккен. Ерлердің шалбарлары кең адым жасауға арнап жасалған. Шалбарлар қарт ер адамдар үшін ерекше кең түрде жасалады. Шалбардың жоғарғы бөлігі қысқа және тоқыма бау орнатылған. Жейденің сыртынан камзол киген, олардың астары бар және қара түсті материалдан тігіледі. Камзол белді толығымен қамтып, төмен жағы кең болып келеді. Түрлі бір түсті маталардан ерлердің ұзын сыртқы киімі жилэн (джилян) тігілген. Ол камзол немес казакиннің сыртынан киіледі. Қара түсті майда матадан тігілген джилян чикмэн (чикмень) деп аталады. Чикменді қалың матадан қайырма жаға салып тігеді. Джилян мен чикмень түркілердің кең тараған киім түрі - шапанның татарлық нұсқасы болып табылады. Мақтадан жасалған ұзын казакин -бишмэтті қысқы тонға көшер алдында киетін болған. Бишметті тігуге сонымен қатар аң терісін қой, түлік терілерін пайдаланған. Бұл киімдердің барлық түрлері белбеумен белденген. Белбеулер ұзындығы бес метрге дейін жететін түрлі түсті матадан тұрады, ұштары шашақпен безендендірілген.

Татар әйелдерінің кең тараған киім - етек жағы ұзын көйлек. Көйлек шашақтармен, шілтермен, кестелермен өрнектеліп тігіледі. Көйлектің сыртынан камзол киген. Әйелдердің камзолы ерлердікінен түрлі кестелермен ерекшеленеді. Әйелдердің камзолының жағасына, өңірлеріне, етегіне әдетте ұзын түрлі түсті мата, позументпен, аң терісі тігіледі. Әйелдердің камзолы жеңсіз болады. Әйелдер сонымен қатар тондар, бишметтер, джилян киеді, олар ерлердікінен сәнділігімен ерекшеленеді.

Ерлердің бас киімі тақия болып табылады. Тақиялар барқыттан, ши барқыт, парча, жібек және т. б. маталардан тігіліп, әшекейленеді, әсіресе балалардың тақиясы. Тақияның сыртынан киізден жасалған жазғы шляпа, аң терісінен салынған жұрыны бар құлақшын, мұнара түрінде жасалған қысқа бас киім және т. б бас киімдер киіледі. Әйелдердің күнделікті бас киімі орамала болған. Қажеттілігіне қарай ормаладың сыртынан шәлі жамылған. Бұрын татар әйелдері тастар деп аталатын байлам тәрізді түрлі кестемен, нақыштар салынған жамылғы орамалды бас киім ретінде әйелдердің ерекше бас киімі калфак болып табылады. Ол конус тәрізді жабық басына шашақ бекітілген ұзын тік шұлық түрінде болуы мүмкін. Байламның сыртынан түрлі бөріктер киген. Бөріктің төбесі кестелермен, шілтерлі металл элменттерімен безендендіріледі, бөріктің сыртынан шәлі жамылады. Кең таралған аяқ киім түрі табаны жұмсақ шұлық ұқсайтын ичиги (читек) болып табылады. Ерлердің ичигиі қонышы тізеге жетеді, түрлі түсті қайырмасы болады, оларды юфти немесе сафьяннан тігеді. Татарлардың дәстүрлі аяқ киім түріне туфли, етік, қысқа қоныш етік, сандал, пима және т. б атауға болады.

  1. Татарлардың дәстүрлі тағамдары

Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Жазғы уақытта қақталған және тұздалған ет, сонымен бірге құс етін әсіресе қаз етін дайындаған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т. б. қолданылады. Еттен, балықтан суық жеңіл тамақтар дайындаған. Жеңіл тамақ ретінде қуырылып, суытылған, қамыр қосылған ет, үйде жылқының немесе сиырдың етінен жасалатын шұжық түрі қазы, қарта дайындайды. Қақталған, тұздалған, сонымен қатар кептірілген қазы еті татарлардың сүйікті тағамы болып табылады. Кейбір жеңіл тағамдарды ыстық күйінде ұсынады. Мысалы, қалжа - бұл жеңіл қуырылып, кейін пісірілген ет орамасы. Сорпалар (ет, балық және т. б. ) кеңінен мәлім. Кең таралған тағам кеспе көже (аш) болып табылады. Ет сорпасынан клецк қосылған көже (сал-ма), куллама-аш (клецк қосылған пісірлген ет) .

Тағы да бір кеңінен таралған тағам - ол бәліш болып табылады. Қышқыл қамырдан бүктеменің бір түрі самса дайындалады. Тұзы жоқ қамырдан жасалған жұқа екі наннан кыстыбый, ет қосылған қабатталған бәліш - катлама, түшпара жасаған. Қамырдан түрлі қалаш, шелпек, тоқаш, бауырсақ, құймақ, жұқа құймақ және т. б. пісіреді. Қаймақты буландыру арқылы дайындалатын піскен қаймақ деп аталатын бірегей тағам жасаған.

Шайдан басқа түрлі компоттар, қою жидек және сүт киселдерін, сонымен қатар әр түрлі жеміс-жидектерден тәтті сусын - шербет дайындаған. Ашытылған жармадан боза деп аталатын тәтті сусын дайындаған. Кеңінен таралған әлсіз алкогольды сусын ачы бал деп аталған.

  1. Ұлттық мейрамдар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті
Татарстан Республикасы
Моңғол халқы
Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Қадырғали би Жалайыри
Құдайберген Жұбановтың Абай – қазақ әдебиетінің классигі мақаласы туралы
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz