Шомбал старшынның хандықтағы хан қызметкерлерінің арасындағы ықпалы айтарлықтай өсті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Сыздық сұлтанның өмірінің соңғы жылдары және оның ұрпақтары

Р. Е. Оразов

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері

Сыздық сұлтан Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын жаулап алуы кезінде, оларға табанды қарсылық көрсетіп, партизандық шабуылдаудың тамаша түрлерін көрсеткен аса ірі тарихи тұлға. Ресей империясы Бұхар хандығы мен Хиуаны отарлағаннан кейін, Сыздык, Қашқардағы Жақыпбек құрған Жетішар еліне кеткен болатын. Қашқарда Жақыпбек әскерінде қолбасшылық қызмет атқарды. Жақыпбек мемлекетін Қытай империясы басып алғаннан кейін, Сыздық амалсыз орыс билігін мойындап туған еліне оралады. 1878 жылы 10 ақпанда Ферғана облысының әкери губернаторының Түркістан генерал-губернаторына берген мәліметінде: «бұрынғы Қашқар иелігіндегі Сыздық Кенесарыұлы жараланып, біздің билігімізді мойындап Ошқа келді. Егер сіз рұқсат етсеңіз Сыздықты өз өтініші бойынша Шымкент қаласындағы туған інісі Ахмет Кенесаринге жібергеніміз дұрысболар»-деді [1] . Сондай-ақ, Қашқардан келгенде Сыздықтың қолында әкі стволды мылтық, қылыш және кавалериялық берден мылтығы болған, бұл қаруларды орыс әскерлері тәркілеп, Ташкент артиллериялық ведмоствасының қоймасына өткізеді [2] . Онан кейін Сыздық сұлтанан енді қолына қару ұстамайтындығы жөнінде құжат алынады. Патша үкіметінің Сыздык, сұлтанның қолындағы қаруын алуы ұзақ жылдарға созылған Хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы дүмпулерініңде сөне бастағанының белгісі еді. Сар далада жүйрік атпен желген қазақты атына түсіру арқылы рухынан айырса, қолындағы қаруын тартып алу арқылы тәуелсіздікке деген соңғы үмітін біржола тоқтатуға тырысты.

Ал енді, «Сыздық сұлтанның қолына ұстаған қарулары Ресей мұражайларына жіберілді ме, жоқ әлде жойылды ма?» - деген сауалдардың әлі күнге дейін нақты жауабы жоқ. Отарлаушылардың мұндай құнды жәдігерлерді лақтырыптастауы екіталай. Мұражайлардың шаң басқан қуыстарында жатыр ма, әлде аты-жөні белгісіз жеке қарулардың қатарын толықтырып тұр ма ол да беймәлім.

Түркістан генерал-губернаторы Сыздық сұлтанға дәрігер жіберіп, жарасын емдеп жазады, 1878 жылы 8 сәуірде Ош уезінің бастығы Сыздықты Ташкентке жібереді. 9 маусымда Шымкент уездінің бастығы өзінің кіші көмекшісі Ахметке ағасы Сыздықты қолына алар кезінде міндетті түрде жазбаша қолхат алуын тапсырады. Уезд бастығының мұңдағы мақсаты Сыздықтың көпжылдар бойы орыс әскеріне қарсы соғысқанын ескеріп, егер Сыздық бұдан кейінгі өмірін тыныштықпен өткізбесе онда заң арқылы жазалататынын ескертеді [3] . 1878 жылы 18 маусымда Сыздық сұлтан Түркістан генерал губернаторына өтініш хат жолдап, онда өзінің отбасын Бұхар әмірлігінен қайтару жайлы айтты. 1 шілдеде Түркістан генерал губернаторлығы Бұхар әмірлігінен Сыздықтың отбасын қайтаруды бұйырады. Сыздықтың Бұхар әмірлігінде екі ұлы бірінің аты Сопыбек 20 жаста, Екіншісі Мұхамед Керімбек 15 жаста және бір қызы болған, оның есімі Айша Бибі 4 жаста болды. Сондай-ақ, екі әйелі болған, бірінің аты Бекигүл Мәліктөренің қызы, екіншісі Күнімхан, Ақмола облысы Сарысу уезінің сұлтаны Көшектің қызы [4], - деп көрсетілген.

Сыздық сұлтан бұдан кейінгі өмірін Шымкент уезінде өткізді. Шымкент уезіне келген Сыздық 1878 жылы уезд бастығына өтініш хат жолдайды. Онда Ақмола облысындағы туыстарына барып қайтуы ушін бес айға рұқсат етуі туралы айтылған. Бұл өтінішке уез бастығы тек өлке бастығының рұқсаты керек екеңдігін ескертіп, генерал-губернатордың рұқсатын күтуін айты [5] . Сыздықтың Ақмола облысыңцағы туыстарына баруын патша жандармериясы бақылауда ұстады. Мұның себебі Сыздықтың ұзақжылдар империяға қарсы күресуі мен оның халық арасындағы беделінен қорықты.

Сыздық сұлтанды көзімен көріп, онымен сұхбаттас болған Е. Т. Смирнов Сыздықты былай суреттейді: «Бұл күнде Сыздық сұлтан Шымкент уезінде, Арыс өзенінің бойындағы Қарабұтақ деген сарт қыстағының теріскей жағында, алты шақырымдай жерде, бір кезде бабасы Абылай ханның ордасы болған Ханқорған харабасының (қираған орнының) қасында тұрып жатыр.

Сыздықтың малы бар, қыстауының маңында егін салады, қолы бос кездері кітап оқиды, намазын қаза қалдырмайды. Жасы елу бестер шамасында, орта бойлы, өте ширақ адам, қазаққа тән бидай өңді, аздап ақ шала бастаған шоқша сақалы бар, әсіресе көздері әдемі, жанарлы, сырт көрнісі аса келісімді жасалған, дене бітімі, әйелдерге тән нәзік саусақтары, өзін сабырлы, салмақты ұстауы кісімен сөйлескендегі ұяңдығы - бұл адамның Орта Азия хандарының сарай тұрмысын көрген, түрік халқының нағыз ақсүйек адамы екенін танытады, шынында да өзі де ақсүйектер нәсілінен ғой. Алғашқы көргенде осы ойшыл, келбетті келген сабырлы адамның сахараның ештеңеден тайсалмайтын баскесері атанған, жетпісінші жылдары біздің Түркістандағы алғы шебіміздегілердің үрейін ұшырған, күтпеген кезде және біздің осалдау жерімізден тап беріл, басқа қазақ, түрікпен топтарына қарағанда қайсарлықпен, өршелене шабуыл жасаған партизан, атақты шабандоз екеніне нанғың да келмейді. Ал енді өзі шешен, ағыза сөйлеп, кездері от шашып, қыза келгенде, алғашқы көрген сабырлы, момық адамды қайта тани алмай қаласыз, Алдыңызда сөз жоқ, құдай зерде берген дарынды, жаны жас, карапайым халыкқа жанғайын деген ойында, сөзінде жеткізе білетін шешен, қайраты тасыған қажырлы адам пайда бола қалады» -деп әділ сипаттаған[6] .

Сыздықтың Шымкент уезіндегі бейбіт күндегі өміріне қатысты деректерді Сыздық сұлтанның ағасы Әбубәкірдің шөбересі Файзолла ақсақалдан жазып алдық. Сыздық отырғанда малдас құрмай, шарт жүгініп отыратын. Ұйқысы келсе тізесінің үстіне жастық қойып маңдайын тіреп ұйықтайтын көрінеді. Дін жолына берілген тахуа аруақты кісі болған. Ел-жұрты сопы атам деп кеткен. Сыздық сөзге сараң, томаға тұйық сабырлы, салқын қанды кісі болған. Тек немере інісі Шәдіге ғана жауап беретін. Шәді Кенесарының үшінші әйелі Мәуітідеден туған бала. Мәуіті Кенесарыдан жастай жесір қалады. Осы Мәуітіні Есенгелдінің баласы Жәңгір жеңгедей алып, екеуінен алашқа әйгілі Шәді ақын туады [7] . Шәді: «Ата, сізді елжалғыз көзді дәуді өлтіргендеп дәріптейді. Сол рас па?» - деп сұрайды, Сыздық «қарақтарым ай, көптің бір атасы жиын деген. Көпшілік көргенін көпіртіп, естігенін ертек ететін әдеті. Жалғыз көзді дәудеп жүргені, тау паналап, ел тонап жүрген Назар деген қарақшы еді», -деп жауап берген. Шәді: «Ата, жазықсыз Саржан, Есенкелді әкелеріңізді өлтірген қоқандықтардан кек алу орнына, олармен бірлесіп орыстармен соғысқаныңыз қалай?» дегенде Сыздық сұлтан «балам, өзбек өз ағаң деген. Түптегіміз бір мұсылман елміз. Әкелерімді өлтірген халық емес, бақталас хандар». Шәді: «Ата, Әкеміз Кенесары он жыл, өзіңіз жиырма жыл соғысқан арыс патшасы сізге жаза қолданбай тілегіңізді беруі қалай?».

Сыздық сұлтан: «орыс патшасы алды-артын бірдей ойлайтын зымиян, айлалы халық. Ата-бабамыздан өзімізге дейін ұрпақтан-ұрпаққа хандық құрып, елімізге бедел-ықпалымыздың барын біледі. Қазақ елін отар етіп билеуде екіжүзді қулықпен біздің тыныштығымызды көздеп отыр. Менің алдына мойын ұсынып келгенімді желеу етіп, қаңдай тілегің бар деген соң, Бұхардағы бала-шағамды алдырып беруді, Кенесары ұрпағынан алым-салық алмауды, өзіме қоныс жайлау етуге Шілік бойын сұрадым. Осы үш тілегімді орындады».

Шәді: «Сіздің таңдап, сұрап алған жайлауыңыз шөл дала ғой?» - деген сұрағына, Сыздық сұлтан: «Суллы жер - нулы жер. Сулы, нулы жерге орыс қоныстанбай қоймайды. Кәпірлердің дидарын көрмей өлейін деп едім», -депті. Сыздық қартайғанда ұнжырғасы түсіп отыратын. Атқа мінсе, томағасын тартқан бұркіттей төңірекке саңлақтана қарап, өткен ісі есіне түсе ме, түсі сұрланып, көзі оттай жайнап, кірпігін қақпай қарап қалушы еді.

Файзулла ақсақалдың айтуынша: «Кенесары ұрпағынан салық алынбасын деген мөр басылған теріні 1935 жылы Сыздықтың қашқарлық әйелінен туған Мұсаның баласы Ысқақ әкеміз қоржыннан алып көрсетіп еді. Ол кісілер кеткен соң, біз мән бермедік, кейін ұшты-күйлі жоғалып кетті» - деп айтты [8] .

Сыздық сұлтан 1917жылы 80 жасында дүние салды. «Жерленген жері Шілік жері, өз өтініші бойынша жерленген жеріне еш белгі қойылмады. Сыздықты жерлеуге менін, әкем Үрмізде қатысқан» - деп Кенесары ұрпағы Созақ ауданының құрметті азаматы Файзулла Үрмізұлы есіне алады [9] . Сыздықтың -1910 жылы 73 жасында өмірден өтті деген ел аузындағы мәліметтер бойынша сол кезде жарық көріл тұрған «Туркестанский ведомост» газетінен қайткенде де бір мәлімет шығама деген үмітпен газет беттерін парақтағанымызбен еш мәлімет таппадық. Ал, Файзулла ақсақалдың 1917 жылы қайтыс 6олды деуінін астарыңда үлкен шындық жатқаны анық. 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес, оның артынан өлкеде қос үкіметтің орнауы, 1917 жылы большевиктердің билік басына келуі сияқты дүрбелендер кезінде Сыздықтың өмірден қайтуы, ол туралы мәліметтің сақталмауына себеп болды деген ойдамыз.

Бүгінде Кенесары ұрпақтарының негізгі шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы. Кенесарының үлкен баласы Жағыпардан тараған ұрпақ бүгінде Арыс бойында тұрса, Әбубәкірдің ұрпақтары Құмкент ауылында, ал Сыздықтың ұрпақтары Қызылкөл ауылында тұрады. Сыздықтың Сопыбек деген баласынан ұрпақ жоқ. Керімбек деген баласынан Мамеш, Әмзе. Мамештен Махамбет, Махамбеттен туған бір бала бүгіңде тұрады. Әмзеден Берік, Сарыбас, Бақыт деген балалар тарайды. Зайт төреден ұрпақ жоқ. Сыздықтың Муса атты баласынан Ысқақ. Ысқақ 1890 жылы туылған. Қарулы әрі палуан болған адам. 1955 жылы өмірден қайтқан. Жаманқытай деген жерде жерленген. Ысқақ Ұлы Отан соғысы кезінде шахтада жұмыс істеген. Ысқақтан Әбіл, Қабыл, Жақсылық деген үш ұл тарайды. Әбілден Рахметолла, Зейнулла, Файзолпа, Әбибулла, Әбілден тараған балалар бүгінде Жезқазғанда тұрады, Қабылдан ұрпақ жоқ. Жақсылықтың Ынтымақ, Нышанғали, Нұрғали атты балалары бар. Жақсылық 1942 жылы 5-ші мамырда туған. Жақсылык, бүгінде Созақ ауданының Қызылкөл ауылында тұрады. Он баланың әкесі. Үш қл, жеті қыз өсіріп тәрбиелеп отыр.

Жәңгір ханның серіктері Д. А. Рахымқұлов

тарих ғылымдарының кандидаты,

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих

және этнология институты

Осы мақалада Ішкі (Бөкей) ордасының ханы Жәңгірдің төңірегіне әртүрлі уақытта жиналған он бес старшынның қысқаша өмірбаяны мен саяси портреттері баяндалады. Олар: Шомбал Ниязов, Ақболат Саңғырықов, Жұлғыт Наурызбаев, Саламат Исекенов, Шолтыр Бекмұхамедов, Балқы Құдайбергенов, Қылыш Майкин, Насанбай Қожабеков, Жұмалы Жүсіпов, Қойбас Бекбаев, Сауғабай Үмбетов, Шөке Еділбаев, Сарықұл Жайлауов, Алтай Досмұхамедов және Жұлдыз Көпашаров.

Міне осы есімдері аталған старшындар Жәңгір ханның ең сенімді және адал серіктері болды деп нақты айтуға болады. Мұнда біз осы адамдардың старшын қызметіне сайланып және өздерінің саяси мансаптарын бастағаңдары туралы сөз етеміз. Олардың кейбіреулері Ішкі орданың алғашқы ханы Бөкейдің тірі кезінен старшын қызметін бастап, оны Жәңгір ханның билігі тұсында сәтті жалғастырған болатын, бірақ олар Жәңгірханның реформалық кезеңін бастарынан кешіріп Уақытша кеңестің белсенді саяси қызметкерлері болған еді. Бұл старшындардын барлығы Ішкі Бөкей ордасының тарихында өте маңызды рөл атқарды. Олардың төртеуі әр кезеңде орданың ең ірі руларын басқарды. (Шомбал Ниязов, Қарауылқожа Бабажанов, Балқы Құдайбергенов, Алтай Досмұхамедов), төртеуі хан кеңесінің (билер кеңесі) белсенді мүшелері (Шолтыр Бекмұхамедов, Шомбал Ниязов, Балқы Құдайбергенов, Алтай Досмұхамедов), екеуі Жәңгір ханмен жақын туыстық қатынаста болған. (Қарауылқожа Бабажанов, Шолтыр Бекмұхамедов), ал қалған старшындар өздеріне тікелей жүктелген міндеттерімен қоса ханның тапсырған күрделі тапсырмаларын орындаумен шұғылданатын. Мәселен Жәңгір хан Ішкі ордадағы сұлтан, қожа, төлеңгіт және ноғай руларының әр қайсысын жеке-жеке ру ретіңде біріктіріп олардың басшылығына өзіне сенімді деген адамдарын тағайындаған. Сұлтандар руын өзі тікелей бақылап отырды, ал қожа руын Қарауыл Бабажанов арқылы қадағалау жүргізді. Ішкі ордада халқы жағынан біршама тығыз қоныстанған және мал-мүлкі жағынан бай саналған Ноғай руының басшылығына өзіне өте сенімді Шомбал Ниязұлын тағайындайды. Ал Төлеңгіт руының билігін Шөке Еділбаев деген старшынға тапсырады.

Жоғарыда есімдері көрсетілген старшындардың барлығы узақ жылдар бойы Ішкі ордада старшын, рубасшылық және хан кеңесінде кеңесші қызметтерін бір уақытта-ақ атқара берді және олардың шешімі тікелей немесе жанама негізде Ішкі ордахалқының тағдырына әсер ететін. Бірақ та олардың тағдырына әртүрлі кезендердегі халықтың басынан өткен тарихы әсер етті. Міне осындай адамдарға Жәңгір хан сенім артты, олар оған ішкі Бөкей ордасында өзінің жаңа бағытта құрған басқару жүйесін енгізу үшін қажет болды, дегенмен ол да оларға орда жерінде өз биліктері мен ықпалдарын сақтап қалу үшін өте керек болды. Бұл оларды Жәңгір хан жұйесінің нағыз өкілдері ретінде көрсетеді.

Осы мақалада айтылатын старшындардың барлығы тек өздері ынталы және іскер қызметкерлер болып қоймады, сонымен қатар олар өздерінің қоластындағы адамдарды да ханға бағындырыл және оған қызмет етуге күштейтін, мұны алдымен сес көрсету және еріксіз көндіру әдістерін пайдалану арқылы жургізетін. Жәңгір ханға оның өтежақын старшындары оның тек қолдаушьшары мен қостаушылары болып үйренді және оның кезкелген бұйрықтары мен күрделі деген тапсырмаларын орындауға қабілетті болған. Егерде ханның тапсырмаларын орындауға қабілеттері келмегендері болса, онда ондай қызметкерді қызметінен бірден босататын. Бірақ ханның айналасына жиналған старшындардың барлығының қызметке деген ынталары жоғары болды және өздеріне тікелей жүктелген міндеттері уақытылы орындалып тұрды. Бұл ерекше таңдау болды және жоғарыда аталып керсетілген он бес старшын мұны басқалардан сәтті өтті. Жәңгірханның уақыты тұсында хандықтағы ру бөлімдері мен бөлімшелерін басқару үшін іріктелетін старшындар тек оның назы мен қалауына байланысты ғана болып қоймады. Бұл старшындар Жәңгір ханның алдында ерекше қырларымен көрінуге ұмтылды және оның көнілінен шығу үшін оған өздерінің сенімділіктері мен адалдықтарын білдірулері керек еді. Жәңгірханның айналасына топтасқан старшындар көп жағынан бір біреулеріне өте ұқсас болып келді. Бірақ көп жағынан олардың өздері әртүрлі еді. Олардың кейбірі кезкелген өте маңызды бұйрықтарды орыңдауға қабілетті болды. Басқалары біртіндеп қоластындағы халықты қанауға тартылып, күш көрсетіп басқаратын старшындарға айнала бастады. Үшіншілері болса, ордадағы хан билігін күшейту мен нығайту жолыңда қызмет етті. Егер мұның шынтуайтына келетін болсақ, онда олардың ордада орындаған қызметтері ханның алдында қызметімен ерекше көрініп онын көзіне жақсы қырларымен іліну еді. Негізінен Жәңгір ханның тұсына жиналған старшындар не мұрагерлік дәстүрмен, не туысқаңдық жолмен келді. Осындай жолмен келген старшындар әрине ханның мүддесін және оның жүргізген саясатын қолдап қызмет етті.

Ноғай руының жарлық старшыны әрі рубасшысы, Жәңгір ханның оң қолы-Шомбал Ниязов

Жәңгір ханның айналасына жиналған старшындардың бірі Шомбал Ниязов. Ол 1791 жылы Нияз старшынның отбасыңца дүниеге келді. Әкесі Нияз Ішкі орданың алғашқы ханы Бөкейдің тұсында старшыдық қызметті атқарып, оның өте жақын қызметкерлерінің бірі болды. Бұл жөніңде зерттеуші И. С. Иванов былай дейді: « В делах по управлению принимали участие некоторые приближенкые к Букею лица; из них назовем Бекмұхамеда, находившегооя в родстве с ним по женө, и Нияза сын қоторый Чумбал быя также один из близких людей хана Жзнгирз» [1 , 932-б]

1815 жылы Бөкейхан қайтыс болды. Осы кезде оның ұлы, яғни хаңдықтың занды мұрагері Жәңгір не бәрі 12 жаста болатын. Сол себептті Бөкейдің орнына Орданы уақытша оның інісі Шығай сұлтан басқарды. Жәңгір ер жеткеннен кейін патша өкіметі оны Ішкі орданың ханы етіп тағайындайды.

1824 жылы хан тағына отырған Жәңгір патша өкіметінің толық қолдауына сүйене отырып, хандықтағы жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін пәрменді түрде қайта құра бастады. Сөйтіп Жәңгір хан хандықтағы барлық билікті орталыққа шоғырландыра отырып және жаңа бағытта құрылған саяси-әқімшілік іс шараларды жергілікті жерде ешқандай кедергісіз жүргізуі үшін, өзіне саяси сенімді деген адамдарды төңірегіне жинай бастайды. Осылайша Жәңгір хан Ішкі ордадағы өзінің бір орталықтанған билігін нығайту үшін алғашқы «кадрлық саясатын» жүргізуді қолға алады. Алдымен ол ордадағы рулардың басшылығында тұрған адамдарды қайта тексеруден өткізіп, олардың жаңа мақсатта құрылған билік жүйесіне лайықтылықтарын саралап, жаңа енген жүйенің шенеуніктерін анықтайды.

Ханның мұндай қатаң іріктеуінен оның бауырлары, яғни сұлтандар және өзіне бір қадам жақын тұрған орданың ықпалды билері мен старшындары өтті. Хан рудың басшылығына сұлтандарды және өзінің сеніміне толық кірген старшын-билерді жіберді. Бөкей ордасындағы 16-әкімшілік бірліктің (16 рудың) төртеуінде сұлтандық титулы жоқ адамдар билік жүргізді. Олар: Қарауылқожа Бабажанов, Балқы Құдайбергенов, Алтай Досмұхамедов, және Шомбал Ниязов.

Жоғарыда есімдері аталған хан шенеуніктерінің ішіндегі ең беделдісі және ең ықпалдысы ол Шомбал Ниязов болатын. Жәңгір ханның өзі Шомбал Ниязовтың ордадағы қызметін жоғары бағалап, оны өзінің қадірлі және құрметті қызметкері ретінде көретін. Егер Шомбал Ниязовтың 1847 жылы Уақытша кеңеске берген мына рапортына қарайтын болсақ, онда Шомбалдың Жәңгір ханның нағыз сенімді кеңесшісі болғанын көреміз. Онда Шомбал Ниязов былай деп жазады: «При жизни хана я по усердию и ревности своей быллюбимцем хана. Доказательством этомулежить быт то, что хан; будучи в С. Петербурге, представил меня в 1839 году лично государю императору в лице депутата со стороны целого народа и исходотайствовал мне офицерский чин [2, 8-п] .

Жәңгір хан тағына келген кезден бастап Шомбалдың Ноғай руының ішіндегі ықпалды адам екенін аңғарады. Осылайша 1823-24 жылдары Шомбал Жәңгір ханның «ықпал ету аймағына» ене бастайды және Жәңгірдің хан тағына келгеннен кейін оның бірнеше маңызды деген тапсырмаларын орындайды. 1824 жылдың жаз айында Жәңгір ханның Орынбор шекаралық комиссияға ұсынуы бойынша Шомбал Ноғай руының Құяс бөліміне старшын болып тағайындалады. Ал сол жылдың 12-ші маусымында №1524-пен Орынбор шекралық комиссиясы Шомбал Ниязовты старшын қызметіне бекітіп, арнайы жарлық қағазын береді және атқаратын қызметіне лайықты атаулы мөрмен қамтамасыз етіледі [3, 78-п] . Көп ұзамай ол 1825 жылы ішкі ордадағы ең ірі Ноғай руын басқарады. Олхан қызметкерлерінің арасындағы ең жасы және ең жас рубасшы болып тағайындалған. Бұл рудың Ішінде туындаған күрделі мәсәлелерін енді жас Шомбалдың шешуі керек болды. Ноғай руының адамдары хандықтағы тыныштықты жиі бұзатын болғандықтанхан бұл рудың басшылығына өзінің шебер және тәжірибелі қызметкері Шомбал старшынды тағайындаған еді. Шомбал ханның осы сеніп тапсырған қызметін сеніммен орындауға тырысты. Ол қызметке араласа бастаған күннен бастап Ноғай руының ішіндегі тыныштық пен тәртіпті қалпына келтіріп қоластындағы халықты ханның орнатқан билігіне бағындыра білді. Оның жеке хатшысы қызметін Хафиз Юсупов деген адам атқарды. [3, 76-п] . Ол кезде Ноғай руы: Құяс, Қазанкұлақ, Қостамғаяы, Үйсін деп аталатын төрт бөлімге жіктелді [2, 5-п] .

Жарлық старшыны Шомбал Ниязов Ноғай руының рубасшылық қызметіне бекітілгеннен кейін Құяс бөліміне, оның жақын серіктерінің бірі Ақболат Саңғырықов старшын болып тағайындалады. Қазанқұлақ бөлімінің старшыны болып Жұлғыт Наурызбаев тағайындалса, Қостамғалы бөліміне старшын Жұмалы Жүсіпов сайланады. Ал Үйсін бөліміне старшын болып Саламат Исекенов келеді [4, 50-п] .

Бұл аталған старшындар Жәңгір ханның жеке келісімімен және оның Орынбор шекаралық комиссияға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір ханның саясаты
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету
Бөкей ордасы және Жәңгір хан
1836 – 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
Ордабасы кездесу және оның маңызы
Жәңгір ханның игілікті істері
Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті
Қасым хан ( 1518 – 1523 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz