Қозғалыс кезінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015

Мазмұны

Кіріспе
1. Техника, тактика, тактикалық тәсілдер
2. Таңдалған спорт түрінің техникалық дайындығының құрылымдары
3. Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының құрылымдары
4. Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясы.
Таңдап алған спорт түрінің техника классификациясы
5.Таңдап алған спорт түрлерінің тактикалық классификациясы
6. Таңдап алған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздерінің
жалпы сипаттамасы.
7. Техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Таңдалған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы
пәні жоғарғы денешынықтыру білімі бойынша кәсіптік білім беру жүйесінде
негізгі кәсіби пәндердің бірі. Мазмұны арқылы студенттерге тиісті
теориялық, әдістемелік білім мен қатар денешынықтыруды оқытудың әдістері
мен тәсілдерін қамтамасыз ету мен осы жұмыстың құрылымы мен мазмұнын және
білім беру, тәрбиелік және денешынықтыру міндеттерін іске асыру жолдарын
үйрету.
Тәрбиенің әдістер жүйесінде әр әдісті басқалардан бөліп жеке қарауға
болмайды. Барлық әдістерді бірге бір мақсатта қолданса ғана арнайы бір
тәрбиелік мақсақа жетуге болады. Жеке бір алынған тәрбиелік әдіс еш уақытта
адам баласына жоғарғы саналық, моральдық сапаларды қалыптастыра алмайды.
Сонымен, жеке әдіс жалғыз өзі тәрбиенің ешбір міндетін шеше алмайды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің
жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы
биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге
белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді.
Демек, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-
ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік
қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған
басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын
нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті
мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-
өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
1. Техника, тактика, тактикалық тәсілдер
Белсенділік ұғымы оқушының интелектуалдылығын, күш – жігерін және дене
бітім – болмысын дамытуға бағытталған, осы мақсатқа оқытушы оқыту барысында
қол жеткізеді.
Дене шынықтыру жаттығулары кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру
негізгі үш бағытта жүргізіледі:
Біріншіден, оқытушы оқушылардың сабаққа деген қызығушыылығын оятуы
керек.
Ол үшін оқу мақсатының алғашқы мотивін зерттеп, оқушылардың
белсенділігін арттыру керек. Нәтижесінде қозғаушы мотив өзін -өзі жетілдіру
болуы керек. Оқушылар не нәрсеге керектігін анық білуі қажет, сонымен қатар
оны қалай істеу керектігін де нақты білуі керек.Ол, әсіресе, оқушылар
ынтасыз орындайтын дайындық жаттығуларына қатысты.Мысалы, ұлдардың барлығы
дерлік футбол ойынын қызығып ойнайды, бірақ осы ойынның ережелері мен
заңдылықтарын үйренуге ұмтылмайды, өйткені ол эмоционалды заряд бермейді.
Саналылық пен белсенділік принципінің екінші бағыты әр оқушыға өз
әрекетін саналы түрде бақылауға және сараптауға көмектеседі.
Оқу бағдарламасындағы жаттығуларды үйрету барысында оқытушы олардың
автоматты түрде орналасуына жағдай жасайды. Ол үшін оқылған материалды
механикалық түрде қайталамай, саналы мобилизациялауға жұмылдырады. Олай
болмаған жағдайда алынған машықтар қолданысқа жарамсыз болып, бала түрлі
ойламаған ситуацияларға ұшырауы мүмкін.
Өз әрекеттерін саналы бақылаудың сабақтарда қолданылатын бірнеше
әдістері бар, олардың ішінде рационалды әдістемелік амалдары келесі:
1. Алдын – ала көрсеткен оқыту. Оқу барысында бастауыш сыныптардан
бастап қарапайым жаттығулар жасау.
2. Арнайы тренажерларды қолдану, сол арқылы қозғалыс ритмін,
қозғалыс қарқындылығын байқау.
3. Идеомоторлы жаттығу әдістерін қолдану ол жаттығу жайлы түсінік
беріп қана қоймай, оқушылардың қозғалыс әрекеттерінің мәнін терең
сезінуге көмектеседі.
4. Өз әрекеттерін бақылау және өздеріне сараптама жасау, ол үшін
оқытушы тапсырмасымен өз бетінше жаттығулар таңдалып алынады,
жаттығудың орындалу сапасы, топпен қатаеліктердіанықтау,
жаттығудың орындалу техникасына баға беру.
5. Тапсырманың орындалу сапасы жайлы жайлы ақпарат алу, сол арқылы
оқушылар өздерінің қозғалыс әрекеттерін сараптап, жаттығуды
меңгеру дәрежесін анықтайды.
6. Арнайы қозғалысты дайындық. Мәселен, жаттығуды үйренуге кіріспес
бұрын бірқатар қыздыру жаттығулары орындалады. Бұл әдіс көбінесе
ұшқыштар мен космонавтарда дайындау кезінде қолданылады.
7. Балаларды күші мен жылдамдығын басқара білуге үйрету. Оқушыға
тапсырма берген кезде оның сол жаттығуды орындау барысында
жұмсайтын күшін, сол жаттығуды орындау барысында күшін
салмағандағы мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі. Мәселен,
белгілі бір қашықтықты белгілі бір адамдармен өтуін тексеру.
8. Музыкамен сүйемелдеу, ол дене шынықтыру жаттығуларының мәнін
түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаттығудың сапалы орындалуын
бақылап, әрекеттерін саралауға көмектеседі.
Оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға өзіндік дене
шынықтыру жаттығулары әсер етеді, олар мұғалімнің қатысынсыз өтеді:
Тәжірибеде қолданылатын белсенділікті арттыру әдістерінің ешқайсысын
аталған бөлімдерге жатқызуға келмейді. Олар сабақтың міндеттерін ескеріп,
өзіндік әрекеттерді сараптауға көмектесіп, дене шынықтыру сабақтарына
шығармашылықпен қорғауға бағытталады. Белсенділік әрекеттеріне жататындар:
жеткілікті мөлшердегі заттарды қолдану, жаңа материал мен бұрын өткен
материалмен байланысын оқу еңбегін пайдалануда, оқушы қызметін уақтылы
бақылау мен бағалау.
Оқушы белсендіоігін арттыратын амалдар мен құралдар сабақтың міндетін
оқу кезеңінде оқу материалының сипатына, оқушысының дайындық дәрежесіне,
олардың барынша оқу бағдарламасының игеруге жағдай жасауы керек, сонымен
қатар олардың оқу қызметін басқаратын рационалды формаларды қарастыру.
3. Оқытушының оқушылармен тіл табыса алуы өте маңызды, оқытушы мен оқушы
арасында өзара тұрақты байланыс орнаса, оқытушы оқушылардың уақытша
қиындықтарды жеңе білуге үйретуге, сонымен қатар, оқушының бойында
ашылмаған қасиеттерді ашуға көмектеседі.
Сонымен қатар, индивидуалияцияға қатысты мәселе көтерген жағдайда
оқытушы көбінесе нашар оқитын, қалып қойған оқушыларға көп көңіл бөлінетіні
анық, алайда оқытушы басқа әріптестерімен білімі алда келе жатқан
оқушылармен де жұмыс істеу керек. Өйткені ондай оқушылардың алдына үнемі
жаңа міндеттер қойып отырмаса, олардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп
кетуі мүмкін.

2. Таңдалған спорт түрінің техникалық дайындығының құрылымдары
Таңдалған спорт түрінің, яғни волейбол спорт түрінің қимыл-әрекеттерін
тиімді жолмен орындау-ойынның тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік
дегеніміз- жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (күшін өсіру, бұлшық ет
топтарын жаттықьыру) және әрекеттің нәтижелілігі (допты дұрыс беру т.б.
жаттығулардың техникасын дұрыс, тиімді орындау)
Ойынның техникасы әрқашанда дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа,
тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды
орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне
келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді.
Техникалық дайындықтың үш кезеңге бөлінеді:
Дайындық кезеңі- негізгі қозғалыс әрекеттеріне жақсы жағдай тудыруға
арналған қимыл қозғалыс.
Негізгі кезең- негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл қозғалыс.
Қорытынды кезеңі- қозғалыстың аяқталу кезі.
Ойынның қай жаттығуының орындалу техникасын алсақ та олар бір-біріне
кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда
болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің
тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық
және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы
мүмкін- тік тұру, ілініп тұру, тіреліп тұру және сүйену түрінде кездеседі.
Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы дененің қалпы
жаттығуларды орындау техникасында үлкен рө атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі
жағдайларда кездеседі:
- жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене
қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір
анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі.
- Қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау
спортта көп кездеседі.
- Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтау.
Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене
мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз-
кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі.
Волейбол техникасы шабуыл технкасы мен қорғаныс техникасына
бөлінеді.

3. Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының құрылымдары
Тактикалық дайындық дегеніміз-жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін
пайдаланылатын әдіс-амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері.
Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
- спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігінше, қарсыластарының
ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
- осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар
мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру
үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:
- қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер
негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
- мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;
- өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының
мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)
- жарыстың тактикалық жоспарн жасау;
- тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде
меңгеру;
- қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін
қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;
- өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әртүрлі жолдар қолданылады:
алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс
жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кіиапиар оқу, әңгіме өткізу;
бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.

4. Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясы.
Таңдап алған спорт түрінің техника классификациясы

Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары
деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі
негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қозғалыс тарауын оқыту әдістемесі
Алматы қаласының 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі
Қозғалыс есептерін шешуді үйретудің әдістемелік ерекшеліктері
Көлік ағыны
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Көлік және Көлік торабының атаулары нүктелерінің жүргіншілер
Автомобиль жолдары пәні оқу - әдістемелік кешен
Пәндер