Құқықтық билік
1 апта . бұрынғы өркениеттегі саясат
2. Ежелгі дүние дәуіріндегі саяси ойдың қалыптасуы.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы
Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен
көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан плотный Платон
атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.
Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз
академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”,
“Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу
егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады.
Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек
бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын
адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады.
Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім
бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті
қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда
әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал
еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды
мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет
түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері -
адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий
Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған.
Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері
бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір
сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси
қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
2 апта Саяси билік
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз
еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық
кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес,
сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси
жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Принциптері
Саяси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі,
ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.
Әдістері
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен
түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы
жүзеге асырылады.
Саяси биліктің легальдылығы
Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның
құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік
легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі
метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге
асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ
легальды емес.
Легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен немістің
көрнекті ғалымы Макс Вебер
Саяси биліктің легитимділігі
Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі
заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік
дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның
заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі
екі шарт орындалуы қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай
орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы
керек.
Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің
мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:
1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың
санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;
2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен,
адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды
басшы ету;
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси
құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына
негізделеді.
Саяси биліктің маңызды қырлары
Саяси биліктің маңызды қырлары:
адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер
мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату;
адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті;
нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру
мүмкіндігі;
түтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мүндай
мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.
Саяси билік ресурстары
Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне
ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық,
әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті
материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені
жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату:
ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы
дайындал5ан адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс
ретінде қызмет етеді.
Саяси билік субъектілері
Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке
адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге
асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік
береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі.
Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.
Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік
қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты
формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси
институттардың жиынтығы.
Қазақстанның саяси жүйесі институттарының конституциялық өріс аясындағы
қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық көз жеткізуге
болады.
қазіргі кезеңде еліміздің саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі
функцияларды атап көрсетуге болады:
– Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның
табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;
– қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес
бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;
– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;
– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін
анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске
алуына жетісу және тағы басқалары.
Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын
қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі
басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі
негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық
құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын
дәлелдеді.
Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша түбегейлі
анатомиялық түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын жиырма жыл деңгейінен
жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, негізінен мыналарға келіп саяды
– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік
институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент,
көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы
тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет
жасауы;
– қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен
пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік
бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;
– Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын
кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және
олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіздердің нығаюы;
– халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп
мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;
– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің
біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас
бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-
қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп,
қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге
байланысты үнемі жетілдірілуі.
Бұл – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік топтарды, мемлекеттік және
қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең де,
көп қырлы, сапалық өзгерістеp. Президент, Парламент институттары, әлсіз де
болса, көппартиялық жүйе осы өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі
бағалаған жөн.
Сөз жоқ, жаңа тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі ерекше орында,
бұрын болмаған жаңа құрылым – Президент институты тұр. Еліміздің
мемлекеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і
Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды.
Сол уақыттан бері халқымыз осы ең жоғарғы мемлекеттік саяси лауазымға Н.
Назарбаевты бірнеше мәрте сайлап келеді.
1995 жылы қабылданған Конституция, оған 1998 және 2007 жылдары
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде
Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі
басқару жүйесі Президенттік басқару нысанында деп сипатталады. 1995
жылғы Конституцияның жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын басқарған
академик Ғ.Сапарғалиевтың пікірінше, бұл белгілі бір деңгейде даулы түсінік
[2 ].
Ғылыми әдебиеттерде басқару нысаны деп республика немесе монархия
есептеледі. Осылай атау әбден қалыптасқан, ғылыми ортада бекіген
түсініктер. Ал президенттік басқару нысаны деген түсінікті Конституция
авторларының төл шығармашылдығы, қазақстандық конституциялық теориядағы
ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген
абзал. Бұған ресейлік белгілі мемлекеттанушы-ғалым В. Е. Чиркин кезінде
назар аударып, уақыттың басқару формалары туралы түсініктерге өзгеріс
енгізетіндігін, Қазақстан Конституциясы президенттік республика деп
ешқандай екіұштылықсыз, тура атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын
[3].
Конституцияда президентализмнің демократия институты ретіндегі саяси
жүйедегі орны, мәртебесі өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: Президент –
халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам
және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі, – деп нақты
көрсетілген.
Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік
институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз
жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді,
ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы
уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қызметті қажет етеді. Бұл
процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз,
эволюциялық жолмен өтті.
Президенттік институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық
партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол
бүкіл саяси жүйеге немесе оның басым көпшілігіне сүйенгенде ғана саяси
жүйеде топтастырушы, байланыстырушы рөл атқарады. Бұндай тірек-сүйенішсіз
президенттік институттың әлеуметтік-саяси базасы әлсіз болуы мүмкін.
Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек,
жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын
көрсетіп берді.
Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси
жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі
қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.
Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік
институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен
өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл
қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен
басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.
Осы жылдары жаңадан қалыптасқан, кеңестік жүйеде болмаған биліктің
маңызды тармағы – қос палатадан тұратын Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос
палаталы Парламент болды.
Қазақстанның кәсіби парламентаризмге келер жолы күрделі де қайшылықты,
саяси шиеленісті, бұралаңды болды. Осы тартысы көп, қиын жолда бұрынғы
Конституциялар бойынша (1978 және 1993 ж.) сайланған Республика Жоғарғы
Кеңесінің 1990 жылы сайланған он екінші, 1994 жылы сайланған он үшінші
құрамдары саяси себептерден өкілділік мерзімі аяқталмай, мерзімінен бұрын
таратылды. Соңғы құрамы бір жылдай ғана жұмыс істеді. Елімізде
парламенттік демократия, парламентаризм көптеген қиындықтармен, саяси
тартыспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасып келеді.
Ел Парламентінің 1995 жылғы Конституция және Қазақстан Республикасы
Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық
Заңының негізінде он бес жылдан астам уақыт ішіндегі белсенді заң
шығарушылық, өкілді және саяси қызметінен белгілі бір тарихи-саяси,
демократиялық қорытындылар шығаруға болады.
Біріншіден, Парламент негізгі саяси және әлеуметтік күштердің, ірі
этнос өкілдерінің мүддесі тоғысқан, белсенді қызмет жасаушы коллегиялық
органға айналып, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты.
Парламентсіз елімізде шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін
еместігіне бүкіл қоғамымыздың көзі жетті.
Екіншіден, конституционализм талаптарын сақтай отырып, өзінің сан-
салалы заң шығарушылық қызметі арқылы Парламент заңдардың күрделі
архитектоникасын анықтап, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық
нығайтудың әлеуетті кепіліне айналды. Қазақстан Парламенті он бес жылда
Конституция негізінде және оның қағидаттары мен талаптарын қоғамдық
қатынастардың түрлі салаларында жүзеге асыру және реттеу мақсатында 2
мыңға жуық заң қабылдап, еліміздің саяси экономикалық және әлеуметтік
рухани жаңаруын заңнамалық тұрғыдан кешенді де түбегейлі қамтамасыз етті.
Бүгінде Парламенттің заң шығарушылық қызметінен тыс қалған, мүдделері еске
алынбаған бірде-бір маңызды қоғамдық сала немесе әлеуметтік топтар жоқ
деп айтуға толық негіз бар.
Үшіншіден, Парламент пен парламентаризмнің демократиялық және
құқықтық-заңнамалық, бай танымдық, тәрбиелік ұлағатынан өткен депутаттар
корпусы ұлттық элитаның қатарын, жоғарғы мемлекеттік органдарды жаңа,
тың күштермен толықтырудың жемісті саяси мектебіне айнала бастады деуге
толық негіз бар. Әрине, Парламент саяси элитаны қалыптастырудың бірден-
бір мектебі емес. Олар Президент Әкімшілігі жүйесінде, ғылыми ұжымдарда,
Үкімет құрамында, облыстық әкімдіктердің жоғарғы буынында, саяси партиялар
жүйесінде де қалыптасады. Алайда, саяси жариялылық пен ашықтықтың, билік
легитімдігінің мектебі болып табылатын, бүкіл тіршілігі халықтың көз
алдындағы парламентшілердей басқа топтар әлеуетті, саны жағынан көп емес.
Парламенттің нығаюымен бірге, парламентшілердің өздері де өсіп, саяси,
демократиялық, интеллектуалдық құқықтық, рухани тұрғыдан толысып,
кемелденді. Олар парламентаризм мектебі аясында елдегі күрделі қоғамдық
қатынастардың табиғатына үңіліп, зерделеп, ондағы қайшылықтарды, заңмен
реттелмеген проблемаларды көріп, талдауды, елдегі кезек күттірмейтін,
халықты алаңдатып отырған әлеуметтік-экономикалық, рухани өзекті
мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді игерді.
Еліміздегі 1998 және 2007 жылдары өткен конституциялық өзгерістердің
екі толқыны да, ең алдымен, негізінен, Парламенттің Президентпен, Үкіметпен
өзара қарым-қатынасын, құзыреттерін және оның депутаттарын сайлаудың
ұйымдық-құқықтық мәселесін қамтыды
Соңғы конституциялық өзгерістердегі парламент институтының рөлін
көтеруге жасалған қадамдар белгілі бір мөлшерде парламентаризм институтын
нығайтуға бағытталғанымен, біздің пікірімізше, ол әлі жеткіліксіз. Ол
парламентаризм институты беделін нығайтудың түбегейлі мәселелерін шешкен
жоқ. Ал, өкілді органның пәрменді де, көпсалалы қызметінсіз қазақстандық
жаңаруға қажетті құқықтық өрісті қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылысты,
кадр саясатын жетілдіру, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресу,
елді демократиялық басқару стилін қалыптастыру мүмкін емес.
Бұл реттегі ең басты мәселелердің бірі – Парламенттің бақылау
функцияларын кеңейту. Парламентаризмнің мәні – мемлекеттік билік
жүйесіндегі Парламенттің белгілі бір үстемдігі және атқарушы билік
қызметіне оның тарапынан нақты бақылаудың болуы. Бұл екі талап тұрғысынан
келгенде де, еліміз Парламентінің қызметі шынайы толыққанды
парламентаризмге қойылатын талаптарға толық сай келмейтіндігі белгілі.
Конституциялық дамуымыздың келесі сатысында Парламентке бүгінгі
конституциялық өрісте белгілі бір бақылау функциялары берілуі керек деп
есептейміз. Нақты бақылау функциялары жоқ Парламент – халық өкілеттігі мен
билігін пәрменді жүзеге асыра алмайды.
Осы ретте конституциялық теория саласындағы белгілі неміс ғалымы В.
Гессеннің: Нағыз демократиялық мемлекеттің парламенттік болмауы мүмкін
емес, парламентаризм конституциялық режимнің тәжі болып табылады [4] деген
тұжырымын еске салғымыз келеді. Қазақстанның да конституциялық режим мен
конституциялық жетілуі жолындағы аса маңызды қажеттілік, ең алдымен,
Парламенттің, әсіресе, Мәжілістің құзыреттерін кеңейту.
Республика саяси жүйесіндегі келесі бір елеулі өзгеріс – әлжуаз, әлсіз
де болса, көппартиялылықтың қалыптасуы. Бұл үдеріс елімізде қайшылықты,
күрделі болды. Саяси партиялар да қалыптасудың, дамудың балалық ауруын өз
бастарынан кешті.
Олай болу табиғи да заңды еді. Біздің халқымыздың да, оның саяси
лидерлерінің де саяси және идеологиялық әр алуандықта өмір сүру, дербес
мемлекетті басқару тәжірибесі жоқтың, барлығы дерлік кешегі СОКП-ның саяси
мектебінен шыққан жандар еді. Оларға тәуелсіз, көпұлтты, халқының саяси
және әлеуметтік жіктелуі аяқталмаған мемлекеттің жаңа саяси жүйесінде жаңа
бағдарламаларға негізделген саяси партиялық құрылысты қалыптастыру оңайға
түспегені белгілі.
Қазақстанның партиялық жүйесінің қалыптасуына 1996 және 2002 жылдары
Парламент қабылдаған Саяси партиялар туралы Заң қажетті құқықтық-ұйымдық
өрісті қалыптастырды.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қалыптасқан жаңа саяси жүйесі
эволюциялық процестер, экономикалық реформалар мен дағдарыстар, қоғамдық-
саяси санадағы күрт өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар мен саяси
құндылықтардың, бағдарлар мен сенімдердің күрт өзгеруі жағдайында өтті.
Оның даму болашағы кең демократиялық өрісте болады деп есептейміз.
Саяси жүйе қызметін жетілдірудегі алдағы саяси кезеңдегі ең басты
проблема, біздің ойaaымызша, – он құрамындағы орталық және жергілікті
өкілді органдардың ролін нығайтып, билік тармақтары арасындағы шынайы,
тежемелік, әрі тепе-теңдік механизмді жетілдіру. Бұл ретте біз
Қазақстандағы саяси транзиттің және саяси жүйенің даму перспективаларына өз
зерттеулерінде сындарлы талдау жасаған М. Әшімбаевтың биліктің үш тармағы
арасындағы өзара қатынастардың келесі кезеңі, сірә, өкілді биліктің
күшеюімен сипатталатын болады. Басқа сөзбен айтқанда ел Парламенті орта
мерзімдік перспективада үлкен өкілетті және функционалдық толық салмаққа
ие болады деп күту керек [5, 28 б.] деген болжамы дұрыс және қоғамымыз
дамуының терең мүдделеріне сай келеді деп есептейміз.
2-апта
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д.
Уинстенли, Джон Локк.
Қайта өрлеу— әлемдік орта ғасырлық тарихтағы ең ірі жәнс маңызды
окиғалардын бірі. Европаның көптеген елдерін қамтыған бұл дәуір өзінің
әлеуметтік-тарихи мәні жөнінен ескі орта ғасырлық дүниенің шаңырағын
шайқалтқан антифеодалдық, ерте буржуазиялык құбылыс болып танылды.
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының
табиғи идеяларын негіздеу.
Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген
ұғымды енгізу.
Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын
тұжырымдау.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу
принципі туралы ілімнің қалыптасуы.
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы
сыншыл утопиялық социализм.
Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін
мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы
мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын
қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа
енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат
болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.
"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527)
болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар",
"Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.
Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді.
Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол
Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті
болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал
айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
Қайта өрлеу мен Реформация кайраткерлері өздерінің ілімдері мен
көзқарастарында антикалык кезеңнін рухани мұрасына сүйенді және оны үнемі
тиімді пайдалана білді. Бұл дәуірдін идеологтары өздері қажетсінген
мемлекет, құқық, саясат, заң туралы түсініктерді антикалық өркениеттің
бай қазынасынан сарқа пайдаланып қана қойған жоқ.ғОрта ғасырлық
консервативтік-зорлықшыл идеологиямен күресте әлеуметтік-философиялық
көзқарастын жаңа жүйесі қалыптасты. Оның басты мазмұны — адамның өзіндік
құндылығы туралы ойды қалыптастыру қажеттілігі, адамның өзін-өзі билеуі мен
кадір-қасиетін мойындауы, адамның еркін дамуына қажетті жағдай жасауы,
әркімге өз еңбегі мен күші арқьілы бақыттарын табуына мүмкіндік беруі
болды.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде еңбектің ролі атап корсетілді,
адамдардың іс-әрекет белсенділігі мен ақыл-ойдың тәуелсіздігі туралы
идеялар басым сипатқа ие болды.
Алдыңғы қатарлы философиялық және саяси-құқықтық ой өкілдері орта
ғасырлық схолостика мен дүниетанымға қарсы күрес жүргізе отырып саяси ойдың
одан әpi дамуындағы кедергілерді жоюды және қоғам туралы бұрынғы дәуіріне
қарағанда неғұрлым дұрыс жалпы теориялық ұғымдардың калыптасуына ықпал
етті. Бұның өзі схолостикалық ой-пікірден тазартып қоғам және адам
табиғатын танып-білуге жол ашты.
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта
дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы
жаңа көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси ілім (Н Макиавелли, Ж
Боден), екіншісі — католик шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік
идеялар (М Лютер, Т Мюнцср, Ж Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялық утопист
социалистердің саяси-құқықтық ойлары (Т Mop, T Кампанелла)
Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланын (156S—1639) "Күн қаласы"
шығармасында әлеуметтік теңсіздік пен жеке меншікті жою, өндіріс пен
болысты әділетті түрде қоғамдық негізде ұйымдастыру, еңбекті құрметті және
барлық адам үшін міндетті деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз
шығармасын солярийдің қала- мемлекеттік тұрмыс тіршілігін және қоғамдық
өмірін сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билік жүйесі үш тармақтан
тұрады. Бірінші —әскери іс, екіншісі — ғалым, үшіншісі — өндіріс саласы.
Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеуші (Күш, Даналык, Сүйіспеншілік)
басқарады, ал оларға өз кезегінде үш бастықтан бағанады. Ең жоғары билікте
— бас билеуші Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешім
шығару соның қолында.
Утопист—социалистердің шығармаларында адам бостандығы мен еркіндігі,
құқықтары, олардың кепілдігі туралы мардымды ештеңе айтылмайды. Және олар
өз шығармаларында көрсетілген қоғамдық өмірді қалай орнату керектігі,
басқару формасы мен саяси режим туралы ой қозғамайды. Дегенмен. олардың
мінсіз мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлерінің теориялық негізсіздігіне,
қиялилығына қарамастан одан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына
ықпалын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz