Сармат мәдениеті


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Сармат мәдениеті»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Сармат мәдениеті
- Археологиялық ескерткіштері
- Сармат этнонимі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б. III - б. з. -дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б. з. б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б. з. б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батысқа қарай қоныс аударған. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) - массагет, исседондармен туыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған.
Сарматтар мәдениеті 3 кезеңді қамтиды: ерте сарматтар мәдениеті (прохор) ; орта сарматтар мәдениеті (суслов) ; кейінгі сарматтар мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.
Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси-экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.
Негізгі бөлім
- Сармат мәдениеті
Сармат мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңтүстік Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы “сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археологиялық зерттеулер сармат мәдениеті жайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғылыми қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б. з. б. VII - VI ғасырлар мен б. з. IV ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді “ерте сармат” (немесе прохоров мәдениеті), “орта сармат”, “соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М. И. Ростовцев, Б. Н. Граков, К. Ф. Смирнов, М. Г. Мошкова, Б. Ф. Железчиков, М. Қадырбаев, Ж. Құрманқұлов, А. Х. Пшеничнюк, С. Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. Сармат мәдениетінің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте С. м. (б. з. б. 7 - VI ғасырлар мен І ғасырлар аралығы) қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы (Батыс Қазақстан облысы) маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте Сарматтар мәдениетінің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, төменгі Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б. з. б. І ғасырдан бастап ІV ғасырға дейінгі аралықты орта және соңғы сармат мәдениеті ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. Сармат мәдениеті үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды (мысалы, Дықылтас, Бәйте қорымдары, Қызылүйік ғибадатханасы) . Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі - сармат мәдениеті мен “дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады.
Б. з. б. IV ғасырдың басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте - Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б. з. д. II-ғасырдың соңынан б. з. I-ғасырдың басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б. з. II-IV ғасырлар аралығы.
- Археологиялық ескерткіштері
Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан - жақты зерттелген мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна бөлінеді, атап айтқанда - а) Прохоровтық (ерте сарматтық) - б. з. б. 4 ғ. - б. з. б. 2 ғ. ; ә) Сусловтық (орта сарматтық) - б. з. б. 2 ғ. - 2 ғ. ; 3 ( соңғы сарматтық - 2 ғ. - 4ғ. Соңғы археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі зерттеу барысында олар б. з. 4 - 5 ғасырларындағы ғұндар заманына жатқызылады.
Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б. з. б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы кезеңді зерттеуші К. Ф. Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б. з. б. 8 ғасырда савромат ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін жасаушы тайпалар еді.
Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару - жарақты жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі - ірі жануарлар қаңқаралымен бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте қызғылықты ескерткіштердің бірі - Володарка селосы маңындағы фалларлы жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк - фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол уақытты сипаттайтындай сан - алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ, ына баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар, үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық мәдениеттің сыртқы бет - бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі қорымдардан тұрады. Көптеген қару - жарақ - ұғымалы қола және және мыс жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар ерте заманда - ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет алған көшке қосылды.
Б. з. б. 6-4 ғасырларда Еділ - Жайық бойы даласының ұлан - ғайыр аумағын бір -бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ - Жайық өзендері аралығында археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс - Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған, Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде, Жайықтың сол жағалауында кездеседі. Археологиялық ескерткіштер шартты түрде екі тарихи кезеңге: савромат мәдениеті (б. з. б. 7 -5 ғасырлар) мен сармат мәдениетіне (б. з. б. 4 - 2 ғасырлар бөлінеді. Соңғы сармат мәдениеті алғашқы жазба жұмыстарын жүргізген жердің атымен “прохоров ескерткіштері” деп те аталған.
Батыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары отқа табынушылар болғандықтан өлікті өртеудің бірнеше түрі қолданылған. Қорымдарда табыну ғұрыптары мен салт - жоралғыларына қатысты көптеген бұйымдар ұшырасады. Сол кездегі савромат қорымдарында көптеген қару - жарақ пен аттың әбзел тұрмандары, әсіресе жүген, жон ұштары, сондай - ақ, қола және темір семсерлер жиі кездеседі.
Б. з. б. 3 ғасырдың аяғында сармат әскері мен қару - жарағының реформасы аяқталып, қару - жарақты атты әскердің алғашқы отрядтары пайда болады. Б. з. б. 4 - 3 ғасырлардағы әскери саяси өзгерістер аймақтағы этно - саяси процеске айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Сарматтардың Орта Азия тұрғындарымен де, сондай - ақ Кавказ, Шығыс Европа және Қазақстанның тайпалық одақтарымен де қарым - қатынаста болғанын күмансыз.
Әсіресе, сармат мәдениетінің нышандары ерте орта ғасырлар кезеңіндегі жер рәсімдерінде, зират тұрғызу әдісінде айқын көрініс тапқан.
- Сармат этнонимі
"Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б. з. д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б. з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz