Отбасының негізгі функциялары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Отбасы және әлеуметтану
Орындаған: топ студенті
Тексерген: оқытушы
Орал-2013
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы туралы тұжырымдамалар
1.1. Отбасылық тәрбие, оның тарихи
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Отбасының негізгі
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.12
ІІ. Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы және неке туралы зерттеулері
2.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип
қағидалары ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30
Кіріспе
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың,
құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың
және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз
пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше
жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау
жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір
әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады,
сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын
нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік
институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз төңірегіне жинақтаған
отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін
әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы әлеуметтануы қалыптасты.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында
болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан
өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну
үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы
қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру
керек.
Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы
ретінде негізделді. Тұлға отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын
игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы
айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын
мемлекетті құрайды. Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді
жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту
барысында, отбасы шағын мемлекет ретінде адамзаттың рухани қазынасы болып
табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен
адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның
негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Отбасы
кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес,
сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда
бағыт-бағдар береді және көмектеседі. Осыған орай, отбасы қоғам мен
мемлекет тарапынан көптеген ақпарат легін алады да, сол ақпаратты игеру
арқылы отбасында адам өмірінің негізгі процестері қалыптасады.
Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты
әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Тұлға осы айтылған әлеуметтік ортада
өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын
игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы
мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату
дағдыларын меңгереді. Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше
жағдайлар мен ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын
реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар,
атап өтер болсақ, А.Г. Харчев , А.Н. Антонов, З.И. Файнбург,
Д. Горборинко өзінің еңбектерінде оның маңызды функцияларының қатарына ата-
ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі хал-
ахуалы деген тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар, аталмыш ғалымдар отбасының
психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеттері мен мінез-құлқы, жақсы-
жаманды бағалай алу критерийлері қалыптаса отырып, жасаған қандай
қылықтары үшін сөгіс алып, не жағдайда жазаланатындығын, сондай-ақ, рухани
қазына әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

1.1. Отбасылық тәрбие, оның тарихи негіздері
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына
қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта
көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді отбасы
дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері –
бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі,
адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір
экономикалық қызметті іске асыру. Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол
шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және
әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы
бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.
Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық.
Әдебиеттерде көрсеткендей, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”,
яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы.
Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және психологиялық
тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның
сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде отбасылық
өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі
заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған
негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да
кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге
бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар жыныстық қарым-
қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы
(әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу.
Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық
шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-
ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді
болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды
кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы
мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі
болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, он
үште- отау иесі деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында қыз баланы 3-5
жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық,
мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір
тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-
қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі
болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық
жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып
жатқаны белгілі.
Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір
тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы
қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады.
Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан тұлға өмірін
әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-
анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер
бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі,
эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін
атқарады.
Ата-ананың махаббаты – адамның жан және тән саулығының, рухани
байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып
табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың
көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып
табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана
сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын
әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың табиғи
да ең керекті міндеттерінің бірі.
Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір
жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда өсе
келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек кездестіріп жүрміз.
Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп,
психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы
зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі маскүнемдік
пен нашақорлықтың астарында көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын
дәлелдеген. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар басым болып тұрған
уақытта отбасылық тәрбиеге негізгі психологиялық талап – махаббат болып
табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай,
сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар
туындатып отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін,
олардың оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек
осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс қалыптасып, сүйспеншілік
негізінде ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке
тек сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.
Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас
сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-
экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз
баласының қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-
ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл
жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін
сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін ұғыну болып табылады.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы
отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы әсерін және қайталанбастығымен,
даралығымен және жақындығымен анықталады. Шын мәнісінде ата-анадан жақсы
баланы ешкім біле алмайды. Жоғарыда атап өткендей біз жастарды отбасылық
өмірге психологиялық дайындауда балалық кезеңдегі отбасыішілік қарым-
қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап отырмыз.
Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары
қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу
мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т.б.
қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-
қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік,
қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман
қылықтар да дамитыны сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын
қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді
ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып,
шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.
Жалпы алғанда, әлемде мекендейтін тіршіліктің ішіндегі ең әдемі де
қорғансыз тіршілік иесі-бұл адамзат болып табылады. Адам баласы тұлғалық
дамып, әрі жетіліп өзіндік өмірге тән мен жан үйлесімдігіне жету үшін және
әлеуметтік күрделі қатынастарға дайындалуы үшін шамамен екі он жылдықтай
керек. Осы онжылдықтар адамға білім алып, тәжірибе жинап, мамандық алып,
еңбек әрекетіне қатысып, қоғамда өз орнын табу үшін маңызды болып келеді.
Сондықтан әрбір кезеңдегі тұлғалық дамуды ғылыми тұрғыда зерттеу маңызды
мәселелердің бірі. Біздің зерттеуіміздің басты мәселесі болып табылатын
студенттерді отбасылық өмірге дайындау өзінің құндылығымен алға шығады.
Белгілі ғалым, гуманистік психологияның негізін салушы А. Маслоу
тұлғаның сәтті дамуы үшін оның қажеттіліктері өтелуі тиіс деген тұжырым
жасайды. Бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі оның қалыпты
дамуына, құрдастарынан қалмай жетілуіне немесе оның қате жолға түсуіне әсер
етеді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамда өз
орнын табуына мүмкіндік береді. Айтылып отырған мәселе тікелей оның ата-
анасының қатынасына тәуелді болып келеді.
Бүгінгі күні отбасылық өмір сүру жағдайлары түрлі сипатта көрініс беріп
отырған жайы бар. Отбасында ерлі-зайыптылардың бірге тұруы, олардың ара
қатынасын айналасындағылардың жақсы деп бағалауы некеде де бақыттылығын
білдіре бермейді. Отбасы өмірінің астарында қитырқылардың әртүрі болады:
сырттай тату болып есептелетін отбасыларда ерлі-зайыптылардың бір-бірін жек
көріп, рухани салқындық байқалуы мүмкін.
Өз балаларының жан дүниесін ата-аналардың жақсы түсінуі, оларға
отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта туындату үшін, бала тәрбиесіне
қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттілігін өздері
түсінуі тиіс. Белгілі психолог Э. Фромм тұжырымдамасында көрсеткендей,
ананың және әкенің махаббаты табиғаты, генезисі және көріну формасы бойынша
бір-бірінен ерекшеленеді және баланың тұлғалық дамуында әртүрлі әсер етеді.
Ананың махаббаты- шексіз, нәзік және шарттанбайды. Әкенің махаббаты-
баладан көп нәрсені талап етеді және ол шарттанған болып келеді. Ол
махаббатқа бала лайықты болуы тиіс. Әке махаббатының туа берілетін
алғышарты болмайды, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады деп
тұжырымдайды кейбір зерттеулер бар. Бала әкенің махаббатына лайық болуы
үшін белгілі бір әлеуметтік жүйенің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Егер
бала анадан эмоциялық қолдауды және жақындықты сезінуді қалайтын болса,
әкеден бірлескен іс-әрекетте серіктесті және беделді болудың қайнар көзін
табады. Баланың ата-анаға деген қатынасы ерлі-зайыптылардың бірі-бірімен
қарым-қатынасынан туындайды.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның жалпы сипатымен
қатар, өзі өмір сүретін әлеуметтік қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше
белгілері де болатыны анық.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы
және т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жаза отырып, осы мәселенің
негізін қалаған. Айталық, әлеуметтанушылардың пікірінше, отбасы бұл
қоғамның ажырамас бөлігі, оны тар мағынада қолдану мүмкін емес десе, ал
психологтар отбасы бұл әлеуметтік институт, қоғамның бастауыш ұйымы,
бірігіп шаруашылық жүргізетін және өмір сүретін кіші топ деп қарастырады.
Әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының бала тәрбиесінде
рөлі төмендегідей:
• бала тәрбиесінде отбасы басқа әлеуметтік институттарда жүргізілетін
тәрбиелік ықпалдарға қарағанда басым болып келеді;
• жаһандану жағдайындағы өркениетті, зайырлы, құқықты мемлекеттің
азаматын тәрбиелеуде отбасы қоғамның негізгі буыны болып табылады;
• отбасы өскелең ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты әлеуметтік институт;
• отбасының ең басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Ол
өскелең ұрпақтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең
құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға,
еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші;
• отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар
сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
• отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған ҚР
мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
• отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.
Кез-келген отбасы оның мүшелері үшін аса маңызды қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қандай да болсын бұл қажеттіліктер
отбасылық қатынастардың дамуымен ортақ, топтық және қоғамдық
қажеттіліктермен толықтырылады. Отбасы мен тұлға және отбасы мен қоғам
арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі мен олардың мүшелерінің белгілі бір
қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген тіршілік ету сфераларымен
байланыс жүйесінің көрініс табуы отбасының функциясы деп аталады. Жоғарда
айтылған мәселелер төңірегінде отбасының негізгі функциясы анықталады.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола
отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды.
Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін
тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның
отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және
тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы
функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп
қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы
қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен
тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең
тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен
тығыз байланысты.
1.2. Отбасының негізгі функциялары
Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын
ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын
шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:
1.Ерлі–зайыптылар функциясы;
2. Ата–аналар функциясы.
Ерлі–зайыптылар функциясына рухани қарым–қатынас, күнделікті
шаруашылық, басқарушылық (ерлі–зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір
сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы
әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз
отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы
атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар
жатады.
Ата–аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын
еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету,
оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын
құрайды .
Рухани қарым–қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге
өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді
қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері:
отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат
құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі
отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта
мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады .
Некедегі ерлі–зайыптылардың арасындағы үйлесімді тұлғалық
келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой
алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы
жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай қалыптасқан
әдет–ғұрып ережелері мен қағидалар жүйесі болып табылады. Бұл функцияның
ең басты мақсаты – отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз
ету. Сондықтан рухани қатынастарды жетілдіру қарым–қатынас мәдениетінің
жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ерлі-зайыптылардың қарым–қатынасы – тұлғаның
өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.
Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым–қатынас мәдениетінің
негізі өзінің серіктесіне тең қарым–қатынаста қарау болып табылады. Мұндай
қарым–қатынас барысында ерлі–зайыптылар өздерінің рухани әлемін,
айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ерлі-
зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса,
онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар
қарым–қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін [39]. Осы орайда,
ерлі-зайыптылардың бірін–бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса
маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға
және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.
Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау,
психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі
қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы
эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын
жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға,
толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық
күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.
Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен,
әсіресе әртүрлі жағдайларға (жасерекшелігі, сырқаттануы және т.б)
байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз
бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік
ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір
мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің
қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы
шарт.
Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек
ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық, көршілік),
сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі
сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.
Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен
экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да
қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара байланысқа түсе
отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.
Қазіргі таңда аса маңызды және өзектілерінің қатарына күнделікті
тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция
материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім,
алғашқы қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық
мүшелерінің денсаулықтары мен физикалық күш-қуатының сақталуын қамтамасыз
етуі тиіс. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден
тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық
қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады.
Осы орайда, біздің ғылыми жұмысымыз нарық жағдайында жастарды отбасылық
өмірге психологиялық дайындау болып таңдалуының өзі осы функцияға
негізделіп отыр.

2.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері
Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті
мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар
отбасылық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән
берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз.
Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай
отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет
деген тұжырым жасайды. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, отбасы -
адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші
кішігірім бөлігі деп санаған.
Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты
қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі
Кант отбасындағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал,
Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен
некенің тарихи формаларын көрсеткен.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасы мәселесіне деген тарихи
көзқарастар мен зерттеулер толықтырыла түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877
жылы шыққан Ежелгі қоғам атты кітабында отбасының тарихы, оның некелі
қарым-қатынасы, экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметі қарастырылған.
Әлеуметтік және отбасылық тәрбиенің өзара байланысын дәлелдейтін зерттеулер
де бар (А.Н. Ганичева ). Бұл еңбектерде отбасын тарихи категория ретінде
қарастырып, оның формаларының байланысын және даму жолдары көрсетілді.
Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо, швейцарлық И.Г. Песталоцци, орыс
педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко т.б. еңбектерінде
өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.
Философиялық тұрғыда отбасы ұғымын қарастырсақ, қоғамның ажырамас
құрамдас бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп есептесе,
әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде
құрылған кішігірім топ ретінде көрсетілген. Отбасының мүшелері бір-бірімен
тұрмыстық және құлықтық жауапкершілікте бола отырып, өзара жәрдем көрсету
қарым-қатынас сипатына ие, сонымен қатар, әлеуметтік құрылым ретінде
қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей
дербестікке ие болады деп көрсетеді.
Педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы ұғымына сипаттама берсек,
ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да оның
мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасына - неке мен қандас туысқа
негізделген шағын топ деп анықтама берілген. Отбасының ерекшелігі мынада:
тұрмыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz