Қыз балалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Оқушылардың дене дамуының морфофункционалдық және психологиялық
ерекшеліктері

Орындаған: Төлегенова А.М.
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және
психологиялық ерекшеліктері
2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері
3. Жоғары сынып оқушылары дене дамуының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте
ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн
тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі
жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін
дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс: оқушыларды
ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене
тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу,
жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне
қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру,
лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан
тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза
жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі
қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен
жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын
қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету.
Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс
орындай білу;
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
-жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек
сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі
жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде
мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда,
жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп
отыруымыз керек;
- оқушыларды Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге,
орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын
оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мақсаты: мектеп оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және
психологиялық ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.
Міндеттері. мектеп оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және
психологиялық ерекшеліктері және оқушылардың дене дамуының ерекшеліктері
туралы түсінік беру.

Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының морфофункционалдық және
психологиялық ерекшеліктері
Мектеп кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары
тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де
органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді,
созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін
ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар
жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру
жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы
шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады.
Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен
эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады.
Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар
14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда
қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа
қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің
сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып
келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының
27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады.
Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық
еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс
қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты
ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер,
қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық
еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды
үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең,
қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90
рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ
қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі
дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю,
зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу
жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін
қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін
жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына
байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы
мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).

1-кесте - Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі

Жасы Жүрегінің соғу жиілігі,Қанның систоликалық
ретминут көлемі, мл
Жаңа туған 120-168 2,5
1-2 ай 132-171 -
6 ай 120-150 -
1 жас 103-150 10,0
2 жас 96-135 10,2
5-6 жас 83-119 20,6
Ер балалар
8 жас 50-93 25,0
10-12 жас 53-86 33,4
15-16 50-77 41,4
Ересек 55-75 60 же одан көп
Қыз балалар
8 жас 67-99 27,0
10-12 жас 60-89 31,6
15-16 55-85 38,5
Ересек 60-75 55-65

Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді.
Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен
терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына
22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда
қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 млминут
болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 млминутқа дейін жетеді. Өкпенің
ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін
көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға
үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.

2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері

Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі.
Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7
см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез
өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың
бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге
өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа
сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте
жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді
де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап
бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың
бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің
дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста
басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері
жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға
лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста
сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста
- қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас
қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап
бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады,
етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың
етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене
тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына,
менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие
мәселерлерінен аулақ жүруге тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің
көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы сыпайы сауалдарына жауапты
ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана
мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар.
Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене
тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере
білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды.
11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу
көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады. Сіздер
физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның
жасына, жынысына, спорт түрлерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала асырап алудың нормалары
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері
Балалар жарақаты
Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері
Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтары жене оған қатысты әдет - ғұрыптар (оңтүстік Қазақстан материалдары негізінде)
Жыныстық жетілу
Бала тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу
Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие
Пәндер