Динамикалы басқарылымды триггерлер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Триггерлер»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2012ж.


Жоспар

1. Триггерлер және олардың түрлері

2. Синхронды триггерлер

3. Динамикалы басқарылымды триггерлер

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Триггерлер және олардың түрлері

Тізбектеме құрылғылар. Шығыс сигналы (немесе сигналдары) кіріс сигналдарының кезекті мәндеріне және өзінің алдыңғы (кейде, одан бұрынғы да) жағдайына байланысты анықталатын құрылғылар тізбектеме құрылғылар деп аталады. Демек, бұндай құрылғылардың бұрынғы жағдайын есте сақтайтын мүмкіндігі, яғни оның құрамында жады элементтері болу керек. Сондықтан, алдымен жады элементтерінің (триггерлердің) түрлерімен және олардың құрылымы мен жұмыс принциптерімен танысайық.

Триггерлер - екі тиянақты жағдайы бар, бірразрядты екілік сан сақтауға арналған құрылғылар. Оның тиянақты жағдайларының біреуі лог. 1-ге, екіншісі лог. 0-ге сәйкес келеді. Әдетте, триггерлік құрылымның қарама-қарсы деңгейлі (тура және теріс деп аталатын) екі шығысы болады, триггердің жағдайы оның тура шығысындағы сигнал деңгейімен анықталады.

Информацияның енгізілу (жазылу) тәртібіне байланысты триггерлер асинхронды және синхронды болып бөлінеді.

Асинхронды RS-триггерлер

Асинхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы тікелей олардың кірісіне берілетін информациялық сигналдардың өзгерісімен ғана анықталады. Оларды НЕМЕСЕ-ЕМЕС немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтерінің негізінде құруға болады.

Бұл құрылымның жұмысын 1. 12-кестедегі жазылым ретімен талқылау арқылы қарастырайық.

Кестенің бірінші жолында - R = 0, S = 0; екі элементтің де бір кірісінде 0 тұр, ал олардың кері байланыстық кірістерінде қарастырылым басында қандай сигнал тұрғаны белгісіз, демек, құрылымның Q және Q’ шығыстарындағы сигнал деңгейлері де белгісіз.

К е с т е

R
S
Q
Q’
: 1
R: 0
S: 0
Q: ?
Q’: ?
: 2
R: 1
S: 0
Q: 1
: 3
R: 0
S: 1
Q: 1
: 4
R: 1
S: 1
Q: 0
: 5
R: 0
S: 1
Q: 0
: 6
R: 1
S: 1
Q: 0
Q’: 0
: 7
R: 0
S: 0
Q: ???
Q’: ???

Кестенің екінші жолында - R = 1, S = 0; жоғарғы элементтің бір кірісінде лог. 1 тұрғандықтан, бұл элементтің жұмыс логикасына сәйкесті, оның шығысында (Q) лог. 0 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы төменгі элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q’) лог. 1 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог. 0 жағдайына келтіріледі (яғни, оған 0 жазылады) .

Кестенің үшінші жолында - R = 0, S = 0; жоғарғы элементтің R кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен оның екінші кірісінде (құрылымның Q’ шығысына жалғанған) лог. 1 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог. 0 деңгейінде қалады, демек триггердің жағдайы өзгермейді.

Кестенің төртінші жолында - R = 0, S = 1; төменгі элементтің бір кірісінде лог. 1 тұрғандықтан, оның шығысында (Q’) лог. 0 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы жоғарғы элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q) лог. 1 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог. 1 жағдайына келтіріледі (яғни, оған 1 жазылады) .

Кестенің бесінші жолында - R = 0, S = 0; төменгі элементтің S кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен, оның құрылымның Q шығысына жалғанған кірісінде лог. 1 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог. 1 деңгейінде қалады, демек, триггердің алдыңғы жағдайы сақталады.

Құрылымның қарастырылған жағдайларынан келесі қорытынды шығаруға болады: R = 1, S = 0 берілу жағдайы триггердің 0 жазу режиміне, R = 0, S = 1 жағдайы триггердің 1 жазу режиміне, ал R = 0, S = 0 жағдайы триггердің жазылған санды сақтау режиміне сәйкес келеді.

Триггердің кірістеріне R = 1, S = 1 берілген кезде (алтыншы жол) екі элементтің де шығыстарында лог. 0 деңгейлі сигнал туады да, триггер сақтау режиміне ауыстырылғанда (жетінші жол), триггердің қай жағдайға тиянақталатындығы - кездейсоқ оқиға. Демек, бұндай жағдайды тудырмас үшін, қарастырылған триггердің кірістеріне R = 1, S = 1 берілмеуі керек; сондықтан, бұл жағдай триггердің тиым салынған режимі деп аталады.

Сонымен, қарастырылған триггердің жұмыс режимдерін кесте түрінде суреттеуге болады.

К е с т е

R
S
Q
Q’
Режим
R: 0
S: 0
Q: Q 0
Q’: Q 0
Режим: Сақтау режимі
R: 0
S: 1
Q: 1
Q’: 0
Режим: ‘1’ жазу режимі
R: 1
S: 0
Q: 0
Q’: 1
Режим: ‘0’ жазу режимі
R: 1
S: 1
Q: -
Q’: -
Режим: Тиым салынған режим

Қарастырылған триггердің жазу режимдері сәйкесті информациялық сигналдардың (S - Set, R - Reset) бірлік деңгейімен жүзеге асырылатын-дығына байланысты, бұндай триггер тура кірісті триггер деп аталады. Оның шартты сызба белгілемесі 1. 22, b -суретте келтірілген.

Теріс кірісті RS-триггер. ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтерінің негізінде құрылған асинхронды триггердің схемасы. Бұл құрылымның жұмысын кестедегі жазылым ретімен қарастыралық.

К е с т е

R
S
Q
Q’
: 1
R: 1
S: 1
Q: ?
Q’: ?
: 2
R: 0
S: 0
Q: 1
: 3
R: 1
S: 0
Q: 1
: 4
R: 0
S: 1
Q: 0
: 5
R: 1
S: 1
Q: 0
: 6
R: 0
S: 0
Q: 1
Q’: 1
: 7
R: 1
S: 1
Q: ???
Q’: ???

Кестенің бірінші жолында - R = 1, S = 1; екі элементтің де бір кірісінде 1 тұр, ал олардың кері байланыстық кірістерінде қарастырылым басында қандай сигнал тұрғаны белгісіз, демек, құрылымның Q және Q’ шығыстарындағы сигнал деңгейлері де белгісіз. Кестенің екінші жолында - R = 0, S = 1; төменгі элементтің бір кірісінде лог. 0 тұрғандықтан, бұл элементтің жұмыс логикасына сәйкесті, оның шығысында (Q’) лог. 1 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы жоғарғы элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q) лог. 0 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог. 0 жағдайына келтіріледі (яғни, оған 0 жазылады) . Кестенің үшінші жолында - R = 1, S = 1; төменгі элементтің R кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен, оның құрылымның Q шығысына жалғанған кірісінде лог. 0 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог. 1 деңгейінде қалады, демек триггердің жағдайы өзгермейді. Кестенің төртінші жолында - R = 1, S = 0; жоғарғы элементтің бір кірісінде лог. 0 тұрғандықтан, оның шығысында (Q) лог. 1 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы төменгі элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q’) лог. 0 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог. 1 жағдайына келтіріледі (яғни, оған 1 жазылады) . Кестенің бесінші жолында - R = 1, S = 1; жоғарғы элементтің S кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен, оның құрылымның Q’ шығысына жалғанған кірісінде лог. 0 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог. 1 деңгейінде қалады, демек, триггердің алдыңғы жағдайы сақталадыҚұрылымның қарастырылған жағдайларынан келесі қорытынды шығаруға болады: R = 0, S = 1 берілу жағдайы триггердің 0 жазу режиміне, R = 1, S = 0 жағдайы триггердің 1 жазу режиміне, ал R = 1, S = 1 жағдайы триггердің жазылған санды сақтау режиміне сәйкес келеді. Триггердің кірістеріне R = 0, S = 0 берілген кезде (кестенің алтыншы жолы) екі элементтің де шығыстарында лог. 1 деңгейлі сигнал туады да, триггер сақтау режиміне ауыстырылғанда (кестенің жетінші жолы), триггердің қай жағдайға тиянақталатындығы кездейсоқ оқиға. Демек, бұндай жағдайды тудырмас үшін, қарастырылған триггердің кірістеріне R = 0, S = 0 берілмеуі керек, сондықтан, бұл жағдай триггердің тиым салынған режимі болады. Сонымен, қарастырылған триггердің жұмыс режимдерін кесте түрінде суреттеуге болады.

К е с т е

R
S
Q
Q’
Режим
R: 0
S: 0
Q: -
Q’: -
Режим: Тиым салынған режим
R: 0
S: 1
Q: 1
Q’: 0
Режим: ‘0’ жазу режимі
R: 1
S: 0
Q: 0
Q’: 1
Режим: ‘1’ жазу режимі
R: 1
S: 1
Q: Q 0
Q’: Q 0
Режим: Сақтау режимі

Қарастырылған триггердің жазу режимдері сәйкесті информациялық сигналдардың (S - Set, R - Reset) нөлдік деңгейімен жүзеге асырылатын-дығына байланысты, бұндай триггер теріс кірісті триггер деп аталады.

  1. Синхронды триггерлер

Синхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы арнайы басқару сигналымен жүзеге асырылады, әрине, оның қай жағдайға ауысатындығы информациялық сигналдарға байланысты анықталады. Басқару сигналын қабылдау тәсіліне байланысты синхронды триггерлер статикалы басқарылымды және динамикалы басқарылымды түрлеріне ажыратылады.

Синхронды RS-триггер. Бұл триггердің жұмыс режимдері кестеде суреттелген.

Кесте

С
R
S
Q
Q’
Режим
С: 0
R: x
S: x
Q: Q 0
Q’: Q 0
Режим: Сақтау режимі
С: 1
R: 0
S: 0
Q: -
Q’: -
Режим: Сақтау режимі
С: 0
R: 1
S: 1
Q: 0
Q’: ‘1’ жазу режимі
С: 1
R: 0
S: 0
Q: 1
Q’: ‘0’ жазу режимі
С: 1
R: 1
S: Q 0
Q: Q 0
Q’: Тиым салынған режим

C = 0 кезінде триггер сақтау режимінде болады. Триггердің R мен S кірістеріндегі сигнал деңгейлеріне сәйкесті жағдайға ауысуы С = 1 кезінде жүзеге асырылады.

С
D
Q
Q’
Режим
С: 0
D: x
Q: Q 0
Q’: Q 0
Режим: Сақтау режимі
С: 1
D: 0
Q: 0
Q’: 1
Режим: ‘0’ жазу режимі
С: 1
D: 1
Q: 0
Q’: ‘1’ жазу режимі
С:
D:
Q:
Q’:
Режим:

  1. Динамикалы басқарылымды триггерлер

Динамикалы басқарылымды триггерлер жағдайының ауысуы статикалы басқарылымды триггерлердегі сияқты басқару сигналының деңгейімен емес, оның ауытқуымен жүзеге асырылады. Олар үштриггерлі құрылым деп аталатын схемамен құрылады.

Кесте

С
D
Q
Q’
С:
D: 0
Q: 0
Q’: 1
С: 1
D: 1
Q: 0

Бұл триггердің жағдайының информациялық сигналдың мәніне (D) сәйкесті ауысуы басқару сигналының тура ауытқу (0-ден 1-ге) мезетінде жүзеге асырылады. Оның шартты сызба белгілемесінде басқару сигналының ауытқу бағыты сәйкесті бағыттама түрінде бейнеленеді (1. 26, a -суретті қара) .

JK-триггер

JK-триггердің төрт түрлі жұмыс режимі бар (1. 19-кесте) : оның үш режимі (‘0’ жазу, ‘1’ жазу, сақтау) RS-триггердегі сияқты, ал төртінші режим санау режимі деп аталады; бұл режимде триггер кезекті жағдайынан қарсы жағдайға ауысады. JK-триггердің келтірілген жұмыс кестесінде және оның шартты сызба белгілемесінде (1. 26, b -сурет) оның жағдайын ауыстыруы басқару сигналының теріс ауытқу (1-ден 0-ге) мезетінде жүзеге асырылатындығы сәйкесті бағыттау белгілерімен суреттелді.

К е с т е

С
J
K
Q
Q’
Режим
С:
J: 0
K: 0
Q: Q 0
Q’: Q 0
Режим: Сақтау режимі
С: 0
J: 1
K: 0
Q: 1
Q’: ‘0’ жазу режимі
С: 1
J: 0
K: 1
Q: 0
Q’: ‘1’ жазу режимі
С: 1
J: 1
K: Q 0
Q: Q 0
Q’: Санау режимі

T-триггер. T-триггер - санау режимінде істейтін триггер.

Триггерлердің микросхемалары. Микросхема түрінде D-триггерлер мен JK-триггерлер шығарылады. Бұл микросхемаларда информациялық және басқару сигналдарын енгізу шықпаларымен қатар, бастапқы қойылым сигналдарының (R, S) шықпалары орналастырылады Бұл кірістерге берілетін асинхронды сигналдардың мәртебесі басқа сигналдарға қарағанда жоғары болады.

Регистр - көпразрядты екілік сан сақтауға арналған құрылғы. Олар триггерлердің (мысалы D-триггерлердің) негізінде құрылады. Әрине, регистр құрамындағы триггерлердің саны регистрдің разряд санымен анықталады. Регистрге санның енгізілу тәртібіне байланысты, олардың тізбекті немесе параллель регистр деп аталатын түрлері болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас сандық қондырғылар
Триггер туралы
Триггердің сипаттамасы
Триггерлер негізіндегі 4-разрядты әмбебап регистр
Биполярлы транзистор құрылғысы
Физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу
Микропроцессорлық жүйенің желілері
Триггерлерге сипаттама
Триггерлер. Триггерлердің топталуы.
Триггерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz