XV-XVII ғ. өлшем бірліктері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«xv-xvii ғ. өлшем бірліктері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Ұзындық өлшемдері
2. Қалыңдық өлшемдері
3. Көлем өлшемдері
4. Салмақ өлшемдері
5. Қашықтық өлшемдері
Қорытынды
Әдебиет
Кіріспе
Өлшем - мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем - өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші, оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты оның қашықтық мөлшері бар. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол - тарихи тәлім, өнеге.
1. Ұзындық өлшемдері
Тұтам - бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзын- дық. Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы ара-лық. Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс - бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс - бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын - шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш - иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш - иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш - үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам - адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған.
2. Қалыңдық өлшемдері
Қыл елі. Пышақ сырты (қыры) . Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі. Сере. Қалыңдық өлшемге тұтам, сүйем, қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдала-нылған.
3. Көлем өлшемдері
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ - қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Ұлтарақтай - адам табаны-ның көлемі. Табақтай - жалпақ. Тулақтай - мал терісінің көлемі. Үй орнындай - киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер - гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер - жарты гектар. Бір айдам жер - бір гектар. Көлдей - өте көлемді, кең.
4. Салмақ өлшемдері
Титімдей, титтей.
Тинақтай, тырнақтай.
Оймақтай.
Шүйкедей - ұршыққа ыңғай-ланып шиыршықталған жүн-дей.
Бір жапырақ - бір жұлым.
Бір жұтым - ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т. б. ) .
Бір шайнам - ауызға бір салар (тағам) .
Бір тілім, үзім - өте жұқа, жарты бөлшек.
Бір тартым - 1. Бір рет шегуге жетер шылым. 2. Көлге, өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері.
Бір шөкім, бір шымшым, бір атым (насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір қайнатым (шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал (мысқал - 5 гр. ) .
Қадақ - 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр. ) .
Бір шелек (су, сүт) - 10 литр.
Бір торсық (айран) - 6-7 литр.
Бір саба (қымыз) - 10-15 литр.
Бір қап (ұн, қант) - 50-60 кг.
Бір арқа (жүк) - 45-50 кг.
Найза қап, қанар - 70-80 кг.
Пұт - 16 кг, жуық.
Бір құлақ су - 3- 4- текше метр.
Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.
5. Қашықтық өлшемдері
Қол созым жер.
Қарға адым жер.
Қамшы салым жер - тым жақын жер.
Таяқ тастам жер.
Иек астындағы жер - бір қыр асты, таяу жер.
Иек артпа жер.
Әудем жер - тиіп тұрған жер.
Шақырым - 1000 метр.
Дауыс жетер жер - 2- 3 шақырым.
Ит үргені естілер жер.
Қара көрінім жер.
Көз ұшындағы жер - 2, 5-3 шақырым (Кейбір қырағы кісілер 25-30 шақырымнан көреді) .
Қозы өрісіндей жер.
Бір бауыр (бой жазар) жер - 4-5 шақырым.
Қой өрісіндей жер - 5-6 шақырым.
Тай шаптырым жер.
Аяқ жетер жер.
Қозы көш жер - 6-7 шақырым.
Құнан шаптырым жер - 8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады) .
Бір көш жер 10-15 шақырым.
Ат шаптырым жер - 20-35 шақырым.
Бір лаң жер.
Түстік жер - 30-40 шақырым.
Күншік жер - 90-100 шақырым.
Ара қоным жер - 200-250 шақырым.
Ит өлген жер.
Ит арқасы қиянда - қашық, жырақ жер.
Жер аяғы қиянда.
Қиыр, өте алыс, шет жер.
Жан өтері жер.
Жер түбі.
Жер мойны қашық.
Түйенің табаны түсер жер.
Алты айшылық жер - Меккеге қажылыққа барар, тым шалғай жер.
Қорытынды
Байырғы қазақ өлшемдері - қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні үзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат. т. б. ) сақтайтын көнек, жанторсық, торсык, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті - сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым - үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдын қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17-20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (fооt - табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы - табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша - үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқынын байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары - кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80-85 см шамасы) тең ұзындык бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Қарыс - толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі - он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі - сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17-18 см) . Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем - шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі - сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см) . Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т. б
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz